Сәрсенбі, 29 Қаңтар 2025 14:35

Ұмытылған инфекциялар: вакциналардың арқасында адамзат қандай аурулардан арыла алды?

Вакцинация - бұл адамдарда кездесетін жұқпалы аурулармен күресте ең ұтымды, үнемді, және қолжетімді шаралардың бірі болып табылады. Вакцинацияның арқасында бірқатар жұқпалы аурулардан  болатын балалар арасындағы өлім, өмір бойына қалатын мүгедектіктің саны азайды.

     Вакцинациямен тұрақты және жоғары қамту – бұл көптеген жұқпалы аурулардың алдын алу мен болашақта көзін жоюдың мүмкіншілігі.

     Бүгінгі күнге дейін вакцинацияның арқасында көзі жойылған не болмаса сирек кездесетіндерге мына ауруларды жатқызуға болады:

  1. Шешек - бұл жұқпалы ауру  соңғы 100 жылдықта жер бетіндегі 300 млн адамның өлімінің себепкері болды. Адамзат тарихындағы ең алғашқы вакцинацияланған аурулардың бірі. Бұл жұқпалылығы өте жоғары вирусты ауру, бірақ вакцинаның арқасында 1977 жылы оны жер шарынан толықтай жою мүмкін болды.
  2. Полиомиелит – бұл аурудан болатын өлім жітім шешекке қарағанда төмен, бірақ аурудың салдары өте ауыр. Ауруыдың нәтижесі -салдануға (параличке) әкеледі. Қоздырғышы -вирус

   Вирус, адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, аяқ - қолдың салдануына – мүгедектікке әкеледі. Осы аурудың аяғы өліммен аяқталуы тыныс алу бұлшық еттердің салдануына байланысты. Вакцинаны кеңінен қолдану ауруды әлемнің көптеген бөліктерінен жоюға көмектесті.

  1. Дифтерия - бұл ауруды қоздыратын бактериялар тыныс алу жолдарын зақымдап, тұншығуға әкелуі мүмкін. Вакцинацияның нәтижесінде әлемдегі сырқаттанушылық деңгейін 90% астам жағдайға дейін азайды.  Көп елдерде бұл ауру толық жойылды.
  2. Сіреспе (столбняк) - 90% жағдайда өлімге әкелетін, өте ауыр жұқпалы аурулардың бірі. Ауру бүтіндігі бұзылған тері жабындысы (кесілген, тырналған, күйген, үсік шалған) арқылы сіреспе таяқшасы енген кезде пайда болады. Ауру қоздырғышы жарақатқа түскеннен кейін, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
  3. Көкжөтел (коклюш) - бұл ауру көбінесе балалар арасында кездесіп, қатты жөтелге әкеледі. Сәбилердегі көкжөтел тыныс алудың тоқтауына себеп болатын, мыйдың қанайналымының бұзылуы, бронхопневмония мен аяғы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін ауру.

     Вакцина кеңінен қолжетімді болғанға дейін әлемдегі балалар арасындағы кең таралған жұқпалы аурулардың бірі саналатын. 1950-1960 жылдары кең ауқымды егу жұмыстарының арқасында, сырқаттанушылық пен өлім жағдайлары күрт төмендеді. Бірақ соңғы жылдары сырқаттанушылықтың өсуі орын байқалуда, науқастардың көпшілігі вакцинаниция алмаған балалар құрап отыр.

Вакцинация көкжөтелдің таралуын айтарлықтай төмендеді және аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.

  1.   Қызылша (корь) - вирустық инфекция, адамда жоғары температура, бөртпе мен жөтелге ұшырататын ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше 2000 - 2017 жыл аралығында қызылшадан болатын өлім-жітім 80% төмендеген. Вакцина табылғанша орташа есеппен қызылшадан 2 млн астам адам көз жұмып отырған. Вакцинацияның арқасында бұл ауру да біршама аймақтарда жойылды. Әсіресе қызылшаға қарсы вакцинация сәбилердің арасындағы өлімнің азаюына әсер еткен.
  2. Паротит - балалардағы жүре пайда болған нейросенсорлы кереңдіктің негізгі себептерінің бір болып табылады. Вакцинаны қолдануға дейін эпидемиялық паротит әлемнің барлық елдерінде тіркелетін. Сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 100-1000 жағдайды құраған, әр 2-5 жылда сырқаттанушылықтың көтерілуі орын алған. Вакцинацияны енгізудің арқасында бұл жұқпалы аурушаңдық саны азайды.
  3. Қызамық (краснуха) – жүктілік кезіндегі анасының қызамықты жұқтыруы, шаранаға ауруды жатырішілік жұғуының салдары қауіпті саналады. Шарананы зақымдау жиілігі жүктіліктің мерзіміне байланысты.  Жүктіліктің 3-4 аптасында қызамықты жұқтырған жағдайда туа біткен патологиялар  60 % жағдайда дамиды,  9-12 аптада жұқтырғанда 15% жағдайда және 13-16- аптада жұқтырғанда 7%  жағдайда дамиды.

     Бүгінгі күні қызамыққа қарсы вакцина комбинирленеген түрде қызылшаға  және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинамен бірге жасалады. Вакицанация нәтижесінде әлемде қызамықпен сырқаттанушылық  97% ға төмендеген.

     Бұлардан басқа да инфекциялық аурулармен сырқаттанушылықтың деңгейін вакцинациялау арқылы азайтуға және сырқттанушылық деңгейін басқарып, адамның денсаулығын сақтауға үлкен үлес қосып келеді.         

     Вакцинацияның арқасында адамзаттың өмір сүру деңгейі мен өмір ұзақтығы айтарлықтай артты.

 

 

 

Д.Бақберген, Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары.

Оқылды 485 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет