Сәрсенбі, 29 Қаңтар 2025 14:37

Үсік шалу – белгілері, алғашқы көмек

      Күн қатты суытып, қоршаған ортада төменгі температура қалыптасқан жағдайында көптеген адамдар гипотермия мен үсікке  ұшырайды, бұл денсаулыққа ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.

     Үсік шалу – бұл төмен температураның әсерінен дененің кез-келген бөлігіне (қайғылы жағдайға дейін) зақым келтіру.

Адамда үсіктің пайда болудың негізгі себептері:

-дененің мәжбүрлі түрде  ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз және ыңғайсыз жағдайда болуы;

-түрлі аурулар нәтижесінде ағзаның әлсіреуі;

-аяқ - қол тамырларының және жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары;

-көп мөлшерде қан жоғалту, адам ағзасына келтірілген ауыр механикалық зақымданулар;

      - өлшемі кіші және тығыз, дымқыл киім мен аяқ киім кию;

      - физикалық шамадан тыс жұмыс, аштық;

-темекі шегу, алкогольдік масаңдық және т.б.

Үсік шалу мен жалпы гипотермияның белгілері:

-терінің бозғылт көкшіл түстес болуы;

-дене температурасының төмендеуі, тактильді және ауырсыну сезімталдығының төмендеуі не жоқ болуы;

-жұмсақ тіндердің қатты ауру сезімі, қызаруы және ісінуің пайда болуы;

-12-24 сағаттан кейін терең зақымдану кезінде қанды құрамы бар көпіршіктердің пайда болуы мүмкін;

-жалпы үсік шалғанда адам әлсіз, қоршаған ортада болып жатқан заттарға назарын аудармайды, терісі бозғылттанады, дене температурасы  +36С0 градустан төмендейді, жүрек қағысы жиілейді, қан қысымы төмендейді.  

Үсік шалған кездегі алғашқы көмек:

Үсік шалудың алғашқы белгілері анықталғанда бірінші кезекте зардап шегушіні жақын маңдағы жылы бөлмеге жеткізіп, аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешіп тастау қажет. Дененің зардап шеккен аймақтарын біртіндеп, баяу, негізінен пассивті түрде жылыту керек. Дененің үсіген жерлерін қолмен, матамен, спиртпен, қармен сүртуге болмайды.

Зардап шеккен адамды жылы көрпеге орап немесе дененің зардап шеккен бөлігіне жылу оқшаулағыш мақта - дәке таңғышыпен орау, таңу  керек.

Жоғарыдағы алғашқы көмек шараларын өткізумен қатар жедел медициналық көмек көрсету үшін дәрігерді, жедел жәрдемді шақыру қажет.

 Ең бастысы, құзырлы мекемелерден қатты аяз болатындығы туралы ескерту берілген жағдайда қажеттіксіз далаға және ұзақ  сапарға шықпаған жөн.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысы М.Азербаев

Оқылды 712 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет