Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2025 10:21

«Маймыл шешегі» жұқпасы туралы

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды, вирусты жұқпа. Ауру жануарлардан алынған өнімдерді (ет.т.б) қажетті термиялық өңдеуден өткізбестен тағамға пайдалану нәтижесінде қоздырғыш адам ағзасына енуі мүмкін.

Маймыл шешегі сирек кездесетін ауру саналады. Осы уақытқа дейін ол негізінен ылғалды, тропикалық ормандармен жабылған орталық және батыс Африканың шалғай аудандарында тіркелген.

Инфекцияны жұқтыру мен оның алғашқы белігілерінің көрініс бере басталуы арасындағы алшақтық 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін, бірақ әдетте 6-13 күнге созылады.

Жұқпаның белгілері: ерте кезеңде (алғашқы бес күн) маймыл шешегінің белгілері тұмауға ұқсас болады, адамның дене қызуы көтеріліп, лимфа түйіндері үлкейеді, басы мен бастың желке тұсы, бұлшық еттері ауырады, кейіннен қышу пайда болады. Науқастың басы айналуы және құсу мүмкін. Дене қызуы  пайда болған уақыттан бір - үш күн өткен соң бөртпе пайда болады. Алдымен ол бет, бас, қолдарда пайда болады, содан кейін дененің басқа бөліктеріне таралады. Ауыз қуысының шырышты қабаттары, жыныс мүшелері, конъюнктивалар, сондай-ақ көздің қабығында бөртпелер пайда болады.

Бөртпе дамудың бірнеше кезеңдерінен өтеді, алдымен диаметрі 6-10 мм болатын дақ пайда болады, біраз уақыттан кейін бұл жерде папула пайда болады, ол везикулаға (мөлдір сұйықтыққа толған көпіршік), содан кейін пустулаға (пустула) айналады. Шамамен 10 күннен кейін қотыр пайда болады, қотыр орнында тыртық қалуы мүмкін.

Инфекцияны жұқтырып алмау үшін эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтау ұсынылады:

  • Ауру белгілері бар адамдармен және жабайы жануарлармен (маймыл, егеуқұйрық) байланыста болудан аулақ болыңыз.
  • Жеке бас қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
  • Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.
  • Жеке бас гигиенасын сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану
  • Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес береміз.

 Егер, маймыл шешегі таралу мүмкіндігі жоғары, Африка елдерінде болуданы кейін аурға тән белігерлерді байқсаңыз дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

       Бүгінгі күнге Қазақстан Республикасының аумағында маймыл шешегін жұқтыру жағдайы болмады. Елімізде  инфекцияны  әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады, оларға: әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Ол жерлерде маймыл шешегі тіркелген мемлекеттерден келген азаматтарға ерешке назар аударылады.  

 

 

М.Азербаев, Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы.

Оқылды 498 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет