Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2025 10:15

Парентеральды вирустық гепатиттер

         Парентеральді жұқпалар,  ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей, қан сары суы, шәуіт т.б.) арқылы жұғатын жұқпалы аурулар тобы. Оның ішінде эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті саналатыны адам иммунитеті тапшылығы вирусы (АИТВ) мен вирустық В және С гепатитттер саналады.

      Парентеральды жолмен жұғатын вирустық гепатиттер  (В, С, D  және басқа гепатит) ол бауырдың қабынуымен өтетін жұқпалы ауруы.

                                Аурудың негізі белгілері:

-әлсіздік, тез шаршағыштық;

-жүрек айну, құсу;

-үлкен дәреттің бұзылуы (іш өту);

-оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі;

-тәбеттің болмауы;

-қызба (лихорадка);

-кіші дәреттің түсінің қараюы;

-көз бен тері жабындысының сарғаюы;

-үлкен дәреттің түссізденуі (ағаруы);

          Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше әлемде 400 млн адам созылмалы вирустық гепатит вирусымен инфицирленген. Гепатит вирусымен шақыртылған бауыр ауруынан  жыл сайын әлемде 1 ден 2 млн - ға дейін адам көз жұмады.        Әлемдегі барлық өлімдердің арасында гепатит вирусымен шақырылатын өлім жағдайлары 9-шы орын алады.

        Инфекция адамның қан және басқа дене сұйықтықтары (қан сары суы, жыныстық бөлінділері) арқылы тері мен шырышты қабаттардың тұтастығы бұзылған кезде жұғады.

        Ауру шақыратын вирус - инфекция  көзінің (науқас адам не тасымалдаушы) барлық биологиялық сұйықтықтарында кездеседі: қан, ұрық, қынап секрециясы. Аз мөлшерде - сілекейде, несепте, ананың емшек сүтінде, теріде, өтте болады. Инфекцияны жұқтыру үшін кейде тіпті көзге көрінбейтін қанның ең кішкентай тамшысы жеткілікті.

         Қоршаған ортадағы вирустардың тұрақтылығы өте жоғары – бөлме температурасында түрлі заттардың беттерінде вирус 3 айдан 6 айға дейін, мұздатылған күйде – 15 тен 25 жылға дейін тіршілік қабылетін сақтай алады.

        Парентеральды вирустық гепатит инфекциясының көзі - жедел, созылмалы гепатитпен ауыратын адам немесе аурудың клиникалық көріністері жоқ вирус тасымалдаушы адам саналады.

         Парентеральды вирустық инфекциялар – көп рет қолданылатын құралдарды өңдеуде (дезинфекция, стерильдеу т.б.) бұзушылықтар болса және осы рәсімдерді жүргізу кезінде санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралары сақталмай адамның тері жабындысы мен сілемейлі қабықтың тұтастығын бұза отырып жүргізілетін  емдеу-диагностикалық шаралар (инъекциялар, стоматологиялық және гинекологиялық емшаралар т.б.) мен түрлі косметологиялық шараларды (татуировка, құлақ тесу, маникюр мен педикюр т.б.) жүргізу нәтижесінде жұғуы мүмкін.    

          Инфекцияны жұқтырудың негізгі жолдары:

-вирус жұқтырған анадан балаға жүктілік және босану кезінде;

-кездейсоқ жыныстық қатынас арқылы;

- тұрмыстық қарым - қатынас арқылы: оның ішінде науқаспен ортақ сүлгілер, ұстара және маникюр керек-жарақтарын және басқа да жеке гигиена заттарын бірлесіп пайдаланған кезде;

- емдеу-алдын алу ұйымдарында әртүрлі медициналық манипуляциялар мен операциялар және стоматологиялық қызметтерді алу кезінде  медициналық жабдықты зарарсыздандыру (стерильдеу) режимі бұзылған жағдайда;

- тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінде косметикалық процедуралар жүргізу, қырыну, маникюр, педикюр, пирсинг, татуировка салу және тері жамылғысы мен шырышты қабықтарға зақым келтірумен байланысты басқа да манипуляциялар жасау, пирсинг (көбінесе арнайы бекітілмеген, бейімделмеген жерлерде – қызмет көрсететін орындарда жеке үйлерде т.б);

   - қан мен қан алмастырғыштарды құю кезінде, ағзалар - мүшелер мен тіндерді алмастыру (трансплантациялау) кезінде;

  -  есірткі және психотроптық заттарды парентеральді енгізу кезінде бұл берілу жолы С гепатитінің таралуында ең үлкен қауіп болып табылады;

     Осы инфекциялардан сақтану үшін алдын-алу бойынша жалпы ұсыныстарды сақтау қажет: Алдын-алу шараларының маңыздылығы аз емес шаттарға мінез-құлықтық шаралар саналады:

-oл кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу

- тамыр ішілік есірткіні қолданудан сақтану 

-косметикалық процедураларды (татуировкалар, пирсингтер, маникюр, педикюр) осындай шараларды жүргізуге рұқсаты мен лицензиясы бар арнайы мекемелерде алу,

 - әр адамның өзіне тиесілі қана жеке гигиена заттарын пайдалану: ұстара және маникюр құралдарын, қайшыларда, тарақтарды, жөкелерді, сүлгілер.

«В» гепатиті вирусын жұқтырудың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың негізі «вакцинация» болып табылады.  Вакцинацияның толық курсы 3 екпеден тұрады. Бірінші вакцина нәрестенің туыла салысымен  өмірінің алғашқы 12 сағатында жасаласа  (ол вирустың анадан балаға берілуінің алдын алу мақсатында)  екінші егу баланың 2 айында және 4 айында жасалады.  Вакцинация курсы үш екпеден тұрады, ол вакцина  «В» вирустық гепатитін жұқтырудан сенімді қорғаныс береді.

 С, D вирустық гепатиттеріне және парентеральды гепатиттің басқа түрлеріне қарсы вакциналар бүгінгі күнге әзірленбеген.

  Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығына сақ болыңыздар! 

М.Азербаев, 

Еңбекшіқазақ аудандық

                                                    СЭББ басшысы.

Оқылды 553 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет