Бейсенбі, 06 Ақпан 2025 15:49

Менингококк инфекциясының алдын алу

 Менингококк инфекциясы –бактерия тудыратын,  жіті жұқпалы ауру.  Науқас адам не болмаса тасымалдушы жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға қоздырғышты белсенді түрде бөледі.  Эпидемиялық тұрғыдан  қауіпті болып аурудың клиникалық белгілері жоқ,  менингококк тасымалдаушылары саналады.

     Аурдың жасырын, инкубациялық кезеңі орташа есеппен 2-4 күн, жұқтырған сәттен бастап аурудың басталуына дейін, кейде бір күннен он күнге дейін жетуі мүмкін.

       Менингококкты менингит кезінде ауру кенеттен басталып, бас ауруы, құсу, денеде жұлдызша секілді бөртпелердің пайда болуы, дене қызуының +39+40С0 қа дейін көтерілуі,  дененің  қалтырауы пайда болады. Науқастың терісі бозарып, жалпы әлсіздік, денесінде және аяқ қолдарында ауырсыну байқалады. Ауру айқын белгілерсіз, бактерия тасымалдаушылықпен және жіті менингококк назофарингит түрінде, әлсіз көрінетін уыттану және ринофарингит түрінде өтуі де мүмкін. Аурудың белгілері жиі жағдайда жіті респираторлық вирустық инфекциялардың белгілеріне ұқсас өтеді.

      Менингококкты менингит  кезінде бірінші кезекте назар аударатын белгі, ол – бөртпе.

       Менингит нақтамасы науқастың мұрын - жұтқыншағының шырышты қабатынан алынған жағындыны бактериологиялық зерттеуден оң нәтиже шыққанда қана расталады. Менингит өкінішке орай асқынған, жайылмалы (генерализацияланған) түріндегі менингит және менингококцемия (менингококты сепсис) түрінде өтуі мүмкін.

      Менингококк инфекциясы кезінде келесі асқынулар болуы мүмкін:

-инфекциялық-токсикалық шок;

-жіті бүйрек үсті безі жетіспеушілігі;

-жіті бүйрек жетіспеушілігі;

-мидың ісінуі;

-және екіншілік инфекция қосылуы мүмкін;

      Менингококк инфекциясы циклділігімен және маусымдылығымен сипатталады. Сырқаттанушылық қыс және көктем айларында (желтоқсан-мамыр) жоғарылауы байқалады, себебі бұл кезде  мұрын – жұтқыншақтың шырышты қабығының төзімділігінің төмендеуімен, вирустық аурулардың жоғары жиілігімен түсіндіріледі.

      Науқастың медициналық ұйымға ерте қаралып, емі уақытында басталмаса  менингококк инфекциясы өлімге әкелуі мүмкін.

      Аурудың жұқтыру және өршу қаупін болдырмау үшін мынадай қарапайым алдын-алу шараларын ұстану қажет:

  • Қол жуу- бұл қағиданы өзіңіз сақтаңыз және балаларға үйретіңіз. Тамақтанар алдында, дәретханаға, қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз.
  • Жеке гигиена қағидаларын сақтаңыз -басқа адамдармен бір стақаннан ішпеңіз, жеке асхана аспаптарын қолданыңыз, гигиеналық ерін далабын, тіс щеткасын ешкіммен бөліспеңіз.
  • Жиі демалыңыз, жеткілікті ұйықтаңыз, жаттығулар жасаңыз, дұрыс тамақтаныңыз: көкеністер, жемістер, дәнді дақылдарды пайдаланыңыз.
  • Маусымдық сырқаттанушылық көтерілуі кезеңінде адамдар көптеп жиналатын шараларға баруды шектеуге тырысыңыз. Барған күннің өзінде бетперде киіңіз.
  • Түшкіргенде немесе жөтелгенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз.

 

Есіңізде болсын! Менингококк инфекциясы кезінде үй жағдайында өз бетінше ем жасауға болмайды!

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысы М.Азербаев

Оқылды 761 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет