Бейсенбі, 13 Ақпан 2025 11:12

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмаудың сақтық шаралары

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен өтетін ауру. Сырқаттанушылық деңгейінің көтерілуі жылдың суық мерзіміне (күз-қыс-көктем) келеді.

       Таралу жолдары: ауа тамшылы жолмен, адамнан адамға жөтелген немесе түшкірген кезде және науқаспен қарым-қатынас (қол алысу, құшақтасу, сөйлесу т.б) арқылы беріледі.  Ауруды шақырушы вирус болып табылады. Жіті респираторлық вирустық инфекция мен тұмауды көп жағдайда иммунитеті қалыптасып болмаған балалар мен иммунитеті төмендеген, жасы ұлғайған және созылмалы аурулары бар адамдар жиі жұқтырады.

        ЖРВИ - жұқтырғанда жиі кездесетін көріністерге: мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел, дене қызуының көтеріліп, бас ауруы, әлсіздік.

        ЖРВИ/тұмауға тән белгілер болған жағдайда үйден шықпай (жұмысқа, оқу орнына, бала бақшаға бармай) дәрігерді үйге шақыртып көріну қажет. Жөтелгенде, түшкіргенде бір рет пайдаланатын қағаз сүлгілерді, қолданыңыз. Сыртқа шықсаңыз бетперде пайдаланыңыз. Бетперде айналадағы қоршаған ортаға вирустың түспеуін қамтамасыз етеді. Бетпердені мүмкіндігінше  әр 4 сағат сайын ауыстырып отыру керек. Ауырған адамға жеке ыдыс аяқ бөліну қажет, жеке заттарды пайдаланғаннан кейін тазалап жуып, залалсыздандырып, мүмкіндік болса науқасты жеке бөлмеге оқшаулаған жөн.

      ЖРВИ/ тұмаудың мауысымы кезінде созылмалы аурулармен есепте тұрған егде жастағы адамдар мен балаларды адамдар көп шоғырланған орындарға шығуды шектеуі қажет.

       ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңінде келесі талаптарды сақтаңыздар: күнделікті таза ауада жаттығу жасауды, міндетті түрде еңбек пен демалу режимін орындауды, толыққанды ұйқы, тамақтану, бөлмені желдету. Жабық тұрғын үй жайлардың ауасының қарқынды алмасуы вирус санын азайтады, сонымен қатар, науқастанып қалу мүмкіндігін жояды. Бөлмелерде күнделікті ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізген дұрыс. Адам көп шоғырланған ортаға бармауға тырысыңыз. Қоғамдық орындарда бетперде киюді, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, үйге оралған бойда қолды жақсылап сабынды сумен жуып, спирттік антисептиктермен өңдеуге кеңес береміз.

        Жіті респираторлық вирустық инфекциялар қатарындағы тұмауға қарсы екпе алу ауру қоздырғышын жұқтырған жағдайда науқаста сырқаттың жеңіл өтуін  және тұмау шақыратын асқынулардан сақтайды. Жыл сайын еліміздің барлық аумағында эпидемиялық кезеңнің алдында тұмауға қарсы егу жүргізіледі. Екпені жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, медициналық қызметкерлер, жасы 65-тен асқан созылмалы аурулары бар қарт адамдар қабылдайды. Тұмауға қарсы егуге қолданылатын вакцина дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мақұлданған, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігімен тексеруден өткен және тіркелген. Бүгінгі күні тұмауға қарсы вакцина жер бетіндегі 59 пайыз елдердің Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген.  

     Осы қарапайым шараларды орындау, сіздің және отбасыңыздың мүшелерінің түрлі маусымдық вирустық ауа-тамшылы жұқпалы аурулардан сақтануға көмектеседі.

        

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ  

басшысының орыбасары Д.Бақберген

 

 

 

 

Оқылды 726 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет