Бейсенбі, 13 Ақпан 2025 11:30

Темір тапшылығы ауруларының алдын-алу

Темір тапшылық анемиясы - ең көп тараған және әлеуметтік маңызды аурулардың бірі болып табылады. Кез келген ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай.  Адам көбінесе өзінде темір тапшылықты ауру дамығанын ұзақ мерзімге дейін байқамайды. Теміртапшылық анемия нашар тамақтану мен нашар денсаулықтың индикаторы. Бұл анемия ағзаның темірді аз сіңіруінен  болатын түрі.

       Анемияның белгілері: шаршағыштық, бас айналуы, шаштың түсуі, терінің бозаруы және тырнақтың сынғыштығы, кейде тіл ұшының шаншуы және ашу сезімі.    

       Адамда бұл элементсіз шаш пен тырнақтың дұрыс өсуі мүмкін емес.

        Қазіргі таңда тұрғындар арасында темір жетіспеушілік анемиясының алдын-алу жолдарының бірі витаминді-минералды кешенді қоспалармен байытылған (фортификацияланған) жоғарғы және бірінші сұрыптағы бидай ұнын пайдалану болып табылады, себебі ұн тұрғындардың барлық әлеументтік тобы жаппай тұтынатын тағам екені белгілі.

      Фортификация дегеніміз- бұл ұн тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көпшілік тұтынатын өнімдерді темір мен фолий қышқылымен байыту болып табылады.

      Темір тапшылығы адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, эмоциялық тонусы пен көңіл күй түседі, жылауықтық, ашуланшықтық, қыңырлық туындайды. Қоршаған ортаға,  өмірге деген қызығушылық жоғалады. Анемияның алдын-алу үшін дұрыс тамақтанудың принциптерін сақтау қажет. Адамның күнделікті рационында кем дегенде 20 мг темір, ал жүкті әйелдер үшін бұл көрсеткіш 30 мг болуы керек. Әйелдер ай сайын еркектерге қарағанда темірді 2 есе көп жоғалтады және олар ағзадағы бұл элементті толтыруды ұмытпағаны абзал.

      Анемиямен ауыратын науқастардың мәзіріне алма, сәбіз және анарды көбірек енгізу ұсынылады. Жаңа піскен көкөністерді тек ет тағамдарымен бірге тұтыну қажет. Сондай-ақ темірге бай тағамды жегеннен кейін бір стакан апельсин шырынын ішу пайдалы және сіңірілген темірдің мөлшері екі еселенуі мүмкін. Балдың  құрамында жеткілікті мөлшерде болатын  темір фруктозаның сіңуін жақсартады. Балдың қара сорттарын қолданған дұрыс, себебі олар пайдалы микроэлементтерге бай.

      Темір тапшылықты анемия қан сарысуында, сүйек кемігінде темір мөлшерінің төмендеуімен сипатталатын ауру. Бұл эритроцидтердің (қызыл қан жасушалары) бөлігі болып табылатын және біздің органдар мен тіндерге оттегінің жеткізілуіне жауап береді. Қандағы гемоглобин деңгейі біздің денсаулығымыздың маңызды көрсеткіштерінің бірі. Гемоглобиннің төмендігімен ауыратын адамдарда әлсіздік, шаршау, бас айналуы мүмкін, сонымен қатар бозғылт және құрғақ тері болады, яғни дене жеткілікті оттегімен  қамтамасыз етілмейді. Гемоглобин деңгейін қан анализі арқылы анықтауға болады. Әйелдер үшін норма- 120 г/л, ерлер үшін – 130 г/л және одан жоғары, өмірдің бірінші  жылындағы балалар мен жүкті әйелдер үшін -110 г/л.   

      Темір тапшылығы анемиясының  белгілері туындаған кезде уақытында дәрігерге жүгініп, білікті көмек алу қажет. 

    Дәрі-дәрмек, дәрумендер тек дәрігердің бақылауымен тағайындалады.

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысының орынбасары Д. Бақберген

 

 

 

 

Оқылды 674 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет