Бейсенбі, 13 Ақпан 2025 11:37

Вирустық «А» гепатитінің алдын алудағы вакцинацияның маңыздылығы

Вирустық гепатит «А» – бауырды зақымдайтын, вирустан туындайтын жіті жұқпалы аурушаңдық. Жұқпа көзі - науқас.

Вирустық гепатит «А» - терінің түсі мен көздің шырышты қабығының сарғаю белгілерімен сипатталады.  Балаларда бұл белгілердің болмауы да мүмкін. Оң жақ қабырға асты ауырсынады, бауырдың көлемі үлғайып, зақымданады. Науқас адам ауру қоздырғыш вирусты қоршаған ортаға негізінен үлкен дәрет, сирек жағдайда кіші дәрет арқылы бөледі.

Вирус адам ағзасына кір қол арқылы, ластанған, жуылмаған жеміс-жидектер, көкөністер арқылы да беріледі. Вируспен ластанған суға шомылу кезінде де жұғады.

Вирус адам ағзасына енгеннен кейін жасырын немесе инкубациялық кезеңі басталады. «А» вирусты гепатит кезінде инкубациялық кезең 14 тен 35 күнге дейін созылады. Кейіннен аурудың келесідей белгілері біліне бастайды: дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, әлсіреу, құсу, тамаққа тәбеті болмайды, көздің ақ қабыршығы мен тері жабындысы сарғаяды. Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәреті ақшыл түстес болады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Ауданда өткен 2024 жылы жіті вирустық «А»  гепатитімен 64 науқас анықталған, оның 23 жағдайында 14 жасқа дейінгі балалар, 11 жасөспірімдер.  Науқастардың  23 мектеп оқушылары, 11 студент,  15 жұмыс істейтін ересек адамдар,  9 жұмыссыздар,  6 ұйымдасапаған балалар.      

Ағымдағы 2025 жыл басынан бүгінгі күнге дейін   жіті вирустық  гепатит «А» жұқпасының 4 жағдайы тіркелді.  Оның ішінде 1 жағдайда науқас 14 жасқа дейінгі бала,  1 жасөспірім, 2 ересек. Науқастардың кәсіптік құрамы бойынша: оқушы 1 жағдайда, студент – 2 жағдай,  1 жұмыссыз. 

Вирустық «А» гепатитінің алдын алу шаралары:

Вирустық «А»  гепатитінен қорғанудың ұтымды жолы -вакцинация. ҚР Үкіметінің №612 қаулысымен бекітілген жоспарлы егу күнтізбесіне сәйкес, вирустық «А» гепатитіне қарсы вакцинация 2 екпеден тұрады,  ол баланың 2 және 2,5 жасында жасалады.  Өткен 2024 жылы аудан бойынша 2 жастағы егумен 8932 бала, 2,5 жастағы екпе 8556 балаға жасалды. Вакцинацияны қабылдаған балалар арасында вирустық «А» гепатиті сырқаттанушылығы тіркелмеді.

Вакцинациядан кейін қалыптасқан имунитет 20 және одан да көп жылға сақталады.

Сонымен қатар, жалпыға бірдей алдын алу шараларын сақтауды да ұмытпау қажет, ол күнделікті жеке бас гигенасын сақтау, тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен  жуу, жеміс- жидектерді, көкөністерді пайдаланар алдында мұқият таза сумен жуу керектігі.  Ауыз суды тек орталықтандырылған көзден не болмаса қайнатылған және бөтелкеге құйылған (өндірісте) таза суды ғана қолдану қажет.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 809 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет