Бейсенбі, 27 Ақпан 2025 10:19

Ауа тамшылы жұқпалардың алдын алу

Ауа тамшылы жұқпалар - бұл ауада қоздырғыштармен (микроорганизмдермен)  ластанған кішкентай тамшылар арқылы тарайтын инфекциялар. Бұл тамшылар әдетте науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде немес сөйлегенде ауаға тарайды, осы кезде сау адамға жұғуы мүмкін. Мысалға ауа тамшылы жұқпаларға: тұмау,  жіті респираторлы вирустық инфекция, COVID 19 коронавирустық инфекция, көкжөтел, қызылша т.б. инфекцияларды жатқызуға болады.

      Ауа тамшылы жұқпалардың алдын алу үшін бірнеше шараларды қолдануға болады.  Оның ішінде:

  1. Қолды жиі жуу: Күнделікті қолды сабындап, ағынды сумен кем дегенде 20 секунд бойы жуып отыру қажет.
  2. Маска тағу: жұқпалы аурулар таралмауы үшін маска тағу, әсіресе қоғамдық орындарда, өте маңызды.
  3. Әлеуметтік арақашықтық сақтау: Адамдар арасындағы қашықтықты кем дегенде 1 метр ұстап тұру, жұқпалы аурулардың таралу мүмкіндігін азайтады.
  4. Науқас адамдармен қарым қатынас жасамау: Суық тиюдің немесе басқа да жұқпалы аурулардың белгілері бар адамдармен тікелей қарым-қатынас жасамау.
  5. Ауа алмастыру: Өзіңіз тұратын бөлмелерді жиі желдетіп тұру ауада бактериялар мен вирустардың таралауын азайтады.
  6. Дезинфекция: Тұрмыста жиі қолданатын есік тұтқалары, телефон, тұрмыстық техниканың қашықтықтан басқару тетіктерін және басқа да заттардың бетін дезинфекциялаушы заттармен зарасыздандырып отыруды.
  7. Иммундық жүйені нығайту: Вакцина арқылы басқарылатын жұқпалардан (көкжөтел, қызылша, тұмау т.б.) осы ауруға қарсы арнайы вакцинаны қолдануды. Сол сияқты, саламатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және жұмыс пен демалыс ережесін сақтау, таза ауада жиі серуендеу адамның иммунитетін жақсартады.

 

          Бұл шаралар жалпы ауа тамшылы жұқпалардан қорғануға көмектеседі.

  

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысы М.Азербаев.

Оқылды 426 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет