Бейсенбі, 03 Сәуір 2025 15:12

Балалар ойыншығын қалай таңдау керек

Әрбір ата-ана үшін бала денсаулығы бәрінен де жоғары. Балаға ойыншық таңдау ата-аналардан барынша ұқыптылықты, жауапкершілікті талап ететіні анық. Ойыншық түрлері өте көп және оларды өндіретін кәсіпорындар да жетерлік. Ойыншық таңдауда мейілінше мұқият болған дұрыс.

    Жалпы, балалар ойыншығын сатып алу кезінде не нәрсеге назар аудару қажет:

      -Бірінші кезекте өнімнің қауіпсіздігін растайтын «сәйкестік сертификатын» талап етіңіз. Сертификаттың болуы ойыншықтың химиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштері бойынша зертханалық тексеруден өткендігін көрсетеді.

   -Ойыншықты мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз. Әдетте, олар өнімнің сапасын растайтын құжаттардың болуын бақылайды.

    -Міндетті түрде жас шектеулерін сақтаңыз.

     -Беріктігін тексеріңіз. Ойыншықтардың қызмет ету мерзімі жоқ. Егер ойыншық жақсы сақталған болса, оларды кейінгілерге беруге болады. Бірақ оларды балаға бермес бұрын тексеріп алыңыз, өйткені сенімсіз бекітілген бөлшектер түсіп қалуы мүмкін.

     -Ойыншық жасалған материалдардың сапасын бағалау. Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтардың қорғаныш жабыны ылғалды өңдеуге, сілекейдің әсеріне төзімді болуы тиіс. Баланың аузымен жанасатын ойыншықтарды үстіңгі жағынан бояуға жол берілмейді. Эмаль қабығының түсуі, беткі қабатының бүлінуі дұрыс емес.

    -Таңбалауды зерттеу: ойыншықтарды сатып алу кезінде ата-аналар, ең алдымен, қаптаманы тексеруі керек. Заңға сәйкес, ол белгілі бір ақпарат жиынтығымен таңбалануы қажет:

* Ойыншықтың атауы

* Өндіруші ел

* Ойыншық арналған баланың жасы

* Дайындалған күні

* Жарамдылық мерзімі

* Күтіп-ұстау талаптары

         Әдетте, егер ойыншық сапасыз болса, онда ойыншықтарда бұл мәліметтер жоқ, өндірушімен қапталған орам да болмайды.

       Сондай-ақ, қолға ұстағанда иісі шамадан тыс шығатын ойыншықтарды сатып алмағандарыңыз дұрыс. Ойыншықты сатып аларда қаптамасына назар аударыңыз. Қорабында мынадай ақпараттар міндетті түрде болуға тиіс: өнімнің атауы, Қазақстан Республикасының нарығында өнімді орналастыратын дайындаушының және тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы, ойыншықтың функционалдық мақсаты немесе оның қолданылу аясы, негізгі тұтынушылық қасиеттері және сипаттамалары, сәйкестік белгісі, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ойыншықты пайдалану кезінде ықтимал қатерлер және жасына қарай шек қою туралы ескертулер, анық үш жастан кіші балаларға арналмағандардан басқа, ойыншықтарға берілетін ақпаратта жасына қарай шек қоюды енгізу қажеттілігі түсіндірілуге тиіс, өндірілген күні, сақтау мерзімі мен шарттары қамтылады.

     Елімізде балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі Кеден одағының 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бойынша қадағаланады. Аталған техникалық регламент балалардың және оларға күтім жасайтын адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ ойыншықтарды сатып алушыларды (тұтынушыларды) олардың мақсаты мен қауіпсізді туралы жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында ойыншықтарға қойылатын талаптарды белгілейді.

     Сатып алуды көздеген өнімнің сапасына күмән туындаған жағдайда оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етіңіз.

     Егер сатып алған жағдайда, оны растау үшін Сізде түбіртегінің болуы керек екенін ескеріңіз.

 

 

 Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

 басшысы М.Азербаев

Оқылды 472 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет