Сәрсенбі, 19 Наурыз 2025 12:22

Туляремия - жұғу жолдары мен сақтық шаралары

Туляремия – адам ағзасындағы лимфа жүйесінің, тері шырышты қабық және ішкі ағзалардың зақымдануымен өтетін,  жедел жұқпалы,табиғи ошақты ауру.

  Ауру қоздырғышы- «Francisell tularensis» деп аталатын өте ұсақ бактерия.

Жұқпа көзі- жабайы кеміргіштер, соның ішінде су және қарапайым сұр тышқандар, үй тышқандары, аламандар, қоян.

 Тасымалдаушы- қан сорғыш буынаяқтылар, соның ішінде иксод кенелері және кейбір масалар мен соналар.  Кейде ауру қоздырғышымен ластанған су пайдаланғанда жұқтыру мүмкін.

         Туляремия - адамнан адамға жұқпайды.

      Адам ағзасына ауру қоздырғышы тері мен сілекей қабаты арқылы енеді. Кейбір жағдайда қоздырғыш бүтіндігі бұзылмаған тері арқылы өте алады.     Аурудың жасырын кезеңі орташа 3-7 күн болып келеді, кейде 12 күнге де жетеді. Кейіннен науқастың дене қызуы +38+40С0 дейін көтеріледі, басы  айналып, қатты ауырып, құсу пайда болады. Аяқ, арқа, бел бұлшық еттері қақсап ауырып, қалтырау, тоңу сияқты белгілер пайда болып, жақ асты, мойын, қолтық, шап бездері ісініп, құрғақ жөтел басталады.

        Туляремияның бірнеше түрі белгілі: тері-бубонды; жара-бубонды; көздің- бубонды түрі; тамақтың-бубонды түрі, кеуде –бубонды; абдоминалды және ішектің-бубонды түрлері.

      Туляремияның басты белгілері – әртүрлі лимфа бездерінің ұлғаюы, яғни, көлемі ас бұршағынан грек жаңғағының көлеміне дейін жетеді.

      Аурудың алдын алу шараларының ең тиімдісі – осы ауруға қарсы профилактикалық егу болып табылады.

       Адамдарды туляремияға қарсы профилактикалық егу ҚР Үкіметінің № 612 қаулысына және Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-114 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Профилактикалық егуге жататын контингенттерге:

      - МЗПТ (табиғи ошақтарда қоздырғыштардың айналымын бақылауды жүргізетін мобильді зоологиялық-паразитологиялық топтар), филиалдар мен обаға қарсы күрес станцияларының туляремия қоздырғышының болуына сынамалар алу, зерттеу жүргізетін зертханалары мамандары;

      - жайылмалы-батпақты, тау бөктеріндегі бұлақ типтеріндегі табиғи ошақтар мен тұрақты резервация аймағының аумағындағы 7 жасқа дейінгі балаларды, 55 жастан асқан және вакцинаға қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, халықтың барлығы;

      - туляремияның нақты шектелген жергілікті ошақтарының жеке аудандары аумағындағы табиғи ошақта тұратын адамдар;

      -тәуекел тобына жататын адамдарға: аңшылар, балықшылар, олардың отбасы мүшелері, бақташылар, егіншілер, мелиораторлар, сонымен бірге маусымдық немесе вахталық тәртіппен тоғай, дала типіндегі табиғи ошақтарда жұмыс істейтін адамдарға жүргізеді.

       Қайта вакцинациялау (ревакцинация) әрбір 5 жыл сайын жүргізіледі.

      Біздің ауданда туляремияның табиғи ошағы бар екі елді мекен анықталған: Қорам және Лавар ауылдары.  Осы елді мекен тұрғындарына жыл сайын егу жұмыстары жүргізіледі. Екпе жеңіл және еш ауырсынусыз өтеді.

        Аурудың  сақтық шараларына:  жеке бас тазалығын сақтау, өте маңыздысы  аңшылық кезінде жабайы жануарларды ұстап, одан алынған өнімді өңдеу кезінде жеке бас тазалығы. Жабайы аңдардан алынған өнімдерді дұрыс термиялық өңдеуден кейін ғана пайдалану қажет. Сол сияқты сапалы ауыз суды пайдалану, азық-түліктерді зиянкесті кеміргіштерден қорғау, тұрғын үйлердің, қора қопсылардың маңайларын қоқыс қалдықтарынан тазалап отыру керек.  

 

 

                                                   Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

                                                          басшысының орынбасары Д.Бақберген

                                                                Жетекші маманы Г.Илякова      

Оқылды 576 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет