Бейсенбі, 03 Сәуір 2025 15:23

«А» вируыстық гепатиті, жұғу жолдары және алдын алу

Вирустық  гепатит «А» – бауырды зақымдайтын, вирустан туындайтын жіті жұқпалы сырқаттанушылық. Жұқпа көзі – науқас адам. Вирус адам ағзасына кір қол арқылы, ластанған, жуылмаған жеміс-жидектер, көкөністер арқылы да беріледі. Вируспен ластанған суға шомылу кезінде де жұғады.

       Вирустық гепатит «А» - кезіндегі өзіне тән терінің түсі мен көздің шырышты қабығының сарғаю белгілерімен сипатталады.  Балаларда бұл белгілердің болмауы да мүмкін.  Науқаста оң жақ қабырға асты ауырсынады, бауырдың көлемі үлғайып, зақымданады.

     Науқас адам ауру қоздырғыш вирусты қоршаған ортаға негізінен үлкен дәрет, сирек жағдайда кіші дәрет арқылы бөледі.

     Вирус адам ағзасына енгеннен кейін жасырын немесе инкубациялық кезеңі басталады. «А» вирусты гепатит кезінде инкубациялық кезең орташа есеппен 14 тен 35 күнге дейін созылады.

     Аурудың белгілеріне: дене қызуы көтерілуі, бас ауыруы, әлсіздік, құсу, тамаққа тәбеттің болмауы, көздің ақ қабыршығы мен тері жабындысы сарғаяды.  Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет ақшыл болады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Өзіңізден осы белгілерді байқасаңыз тез арада дәрігерге қаралу қажет.

         Ауданда өткен 2024 жылы жіті вирустық «А»  гепатитімен 64 науқас анықталған, оның 23 жағдайында 14 жасқа дейінгі балалар, 11 жасөспірімдер.  Науқастардың  23 мектеп оқушылары, 11 студент,  15 жұмыс істейтін ересек адамдар,  9 жұмыссыздар,  6 ұйымдасапаған балалар.

       Үстіміздегі 2025 жылдың 1 ші тоқсанында жіті вирустық  гепатит «А» жұқпасының 14 жағдайы тіркелді.  Оның ішінде 1 науқас 14 жасқа дейінгі бала,  1 жасөспірім. Науқастардың кәсіптік құрамы бойынша: оқушы 1, студент 4,  9 жұмыссыз.  Науқастанған 1 бала вирустық «А» гепатитіне қарсы егуін толық алған.

         Вирустық гепатит «А»-ның алдын алу шаралары:

      Жұқпалы «А» вирустық гепатитінен қорғанудың ұтымды жолы -вакцинация. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №612 қаулысымен бекітілген жоспарлы егу күнтізбесіне сәйкес, вирустық «А» гепатитіне қарсы вакцинация 2 екпеден тұрады,  2 және 2,5 жаста жасалады. 2011 жылы елімізде жоспарлы вакцинация енгізілгелі балалар арасындағы жұқпалы вирустық «А» гепатиті сырқаттанушылығын азайту мүмкін болып отыр.

        Өткен 2024 жылы аудан бойынша 2 жастағы егумен 8932 бала, 2,5 жастағы екпе 8556 балаға жасалды.

      Вакцинациядан кейін қалыптасқан имунитет 20 және одан да көп жылға сақталады.

        Сонымен қатар, жалпыға бірдей алдын алу шараларын ұстануды да ұмытпау қажет, ол күнделікті жеке бас гигенасын сақтау, тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен  жуу, жеміс- жидектерді, көкөністерді пайдаланар алдында мұқият таза сумен жуу керектігі.  Ауыз суды тек орталықтандырылған көзден не болмаса қайнатылған және бөтелкеге құйылған (өндірісте) таза суды ғана қолдану қажет.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы  М.Азербаев

Оқылды 634 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет