Дүйсенбі, 18 Қаңтар 2021 16:59

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекітілді

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясы өтіп, онда өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 3,5 трлн. теңге қарастырылып отыр. Ең бастысы, бұл құжат әкімдердің есеп беру жиындарында, жеке қабылдауларда, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында айтылған, әкімнің жеке блогына келіп түскен өтініш-тілектерді ескере отырып дайындалған, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сессияны ашқан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов мәслихат депутаттығына сайланған депутаттарды құттықтап, биылғы жылдың 10 қаңтарында өткен Парламенті Мәжілісінің және жергілікті өкілді органдары депутаттары сайлауының қорытындысымен таныстырды.
Осы жиында сессияның төрағасы болып Әсет Қыдырманов сайланып, облыстық мәслихаттың хатшылығына ұсынылған Жанболат Жөргенбаевтың кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады. Сол сияқты облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының тізімі мен сан құрамы белгіленіп, тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері сайланды. Және «Nur Otan» саяси партиясының депутаттық фракциясы тіркелсін деген шешім қабылданды.
Ал Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасын депутаттарға облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов таныстырды. Бұл өңір экономикасының алдағы 5 жылдағы сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталған құжат болмақ.
Ж.Тұяқов өз сөзінде 2016-2020 жылдарға арналған алдыңғы бағдарламаның орындалуына қысқаша тоқталып, өткен жылы мемлекет қолдауымен экономикалық жағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенімізді атап өтті. Биылғы жылы да сол өсім қарқынын сақтауға бағытталған шаралар қабылданбақ.
Халықпен кері байланыс орнату барысында айтылған өтініштердегі мәселелерді қамти отырып әзірленген Бағдарлама «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен үндес. Онда негізгі үш бағыт айқындалған: «Өңір экономикасын көтеру», «Өмір сүруге жайлы және қауіпсіз өңір», «Өмір сүрудің жаңа сапасын қамтамасыз ету». Барлығы 16 мақсат, 25 мақсатты индикатор белгіленген. Оның ішінде тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, спорт және басқа да маңызды нысандар салу, ауыз су, газ, жылу жүйелерінің, жолдардың құрылысы, жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ететін шаралар толықтай қамтылған.
Жалпы Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыруға 3,5 трлн. теңге қарастырылған, оның 2 трлн. 300 млрд. теңгесі – бюджеттік, 1 трлн. 200 млрд. теңгесі - жеке қаражат.
Құжатты облыс депутаттары бірауыздан қолдады.
Сессияда сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов:
- Құрметті депутаттар! Баршаңызды жетінші шақырылған Алматы облыстық мәслихатының бірінші сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының кеңейтілген отырысына қатысып, жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарын құттықтады. Өз сөзінде Мемлекет басшысы саяси реформалардың негізгі бағыттарын атап өтті. Басты назар - тиімді әлеуметтік саясатты жүргізуге, оның ішінде денсаулық сақтау саласын жаңғырту, аурудың алдын алу мақсатында бұқаралық спортты дамыту, зейнетақы жүйесіне әрі қарай енгізілетін өзгерістерді пысықтау қажеттілігін көрсетті, - деді А. Баталов. Өткен сайлау барысы, ондағы халықтың белсенділігі, сайлаудың демократияны дамытуға қосатын үлесі туралы айта келе, бүгінгі мәслихат депутаттарының жаңа құрамында «Nur Otan» париясынан - 37, ал «Ауыл» және «ҚХП» партияларының әрқайсысынан 4 депутаттан кіргенін атап өтті. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, шағын және орта бизнес сияқты маңызды салалардың өкілдері де жаңа құрамға енгізілген. Әйелдерге берілетін орынның 30%-дық квотасы талабы да сақталған. Жаңа құрамда жастардың өкілдері де бар, олар 16,6% құрап отыр.
- Өткен жылы дер кезінде қабылданған дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында облыс экономикасының негізгі салаларында оң серпін сақталды. Жаңа қабылданған Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасында осы көрсеткіштерімізді одан әрі еселеп, өңірді әрі қарай өркендетудің нақты қадамдары белгіленіп отыр. Елбасы мен Президент алдыға қойған, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ауқымды міндеттерді атқаруға жаңа құрамдағы мәлихат белсене атсалысады деген сенімдемін, - деді А. Баталов.
Мұнан соң алтыншы шақырылымда белсенді депутаттық қызмет атқарғаны үшін бірқатар азаматқа Құрмет грамотасын тапсырып, марапаттады.
Сол сияқты алдыңғы шақырылым құрамында болған Жамал Құлахметова мен осы 7-ші шақырылым депутаттарының атынан Жалғасхан Донбаев сөз алып, әріптестеріне игі тілектерін білдірді.
Атап өтсек, осыған дейінгі алтыншы шақырылым депутаттары 2016 - 2021 жылдар аралығында бюджет, әкімшілік-аумақтық құрылым, табиғи ресурстарды пайдалану, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша 341 шешім қабылдаған. 2016-2020 жылдарға арналған облыс бюджетіне 21 өзгеріс пен толықтыру енгізген. Алматы облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына 6 рет қажетті өзгерістер мен толықтырулар жасаған. Жергілікті атқарушы органдарға облыс тұрғындарының проблемаларына қатысты 86 депутаттық сұрау жіберіп, оларға қатысты оң шешім қабылдануына ықпал еткен.



Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылды 1985 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет