Дүйсенбі, 18 Қаңтар 2021 16:50

Жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделуде

Алматы облысында экономиканың тұрақты дамуын жыл сайын орта есеппен 4%-ке қамтамасыз ету шаралары көзделіп отыр. Сөйтіп, жалпы өңірлік өнім 2025 жылға қарай 5 трлн. теңгеге жетпек. Облыстық мәслихаттың жаңадан сайланған депутаттары бүгін 1-сессияда осы және өзге де мақсат-міндеттер белгіленген өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бірауыздан қолдады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сессия барысында аймақтың бес жылға арналған даму бағдарламасы жайлы облыс әкімінің орынбасары Ж. Тұяқов баяндады. Оның айтуынша, өңір экономикасын көтеру – Бағдарламаның бірінші және негізгі бағыты. Ол үшін өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты алға қойылған. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфеліне 5,4 трлн. теңгеге 546 жоба енгізілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 2021-2025 жылдары төрт жарым мың жұмыс орнын құра отырып, инвестициялар көлемі 690 млрд.теңге болатын 37 жоба іске асырылады. Олардың арасында Трансұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылатын Іле ауданында ұсақ малды терең өңдейтін «Жетісу қой», Қапшағай қаласында ірі қара мал етін өңдейтін «Тайсон фудс», Кербұлақ және Ұйғыр аудандарында «Прима құс», «Кәусарагро» құс фабрикалары, Еңбекшіқазақ ауданында «Жетісу вольфрамы» кен өңдеу зауыты, Сарқан ауданында «Kunkuat» жел электр станциясының құрылысы сияқты жобалар бар. Соның нәтижесінде шикізаттық емес экспорт көлемі жыл сайын 8%-ке, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 6%-ке артады.
Ж. Тұяқовтың айтуынша, ауыл шаруашылығында басымды дақылдар егістігінің көлемі ұлғайтылады. Он үш ауданда 30 мал бордақылау алаңы мен 22 сүт-тауарлы фермасын құру жоспарланып отыр. Осының бәрі 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 1,3 трлн. теңгеге, еңбек өнімділігін 2,5 есе өсіріп, 6 млн. теңгеге жеткізуге мүмкіндік береді.
Облыста шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 38%-ке дейін жеткізу жоспарлануда. Ол үшін «Бизнестің жол картасы» аясында жыл сайын 265 кәсіпкерге қолдау көрсетіліп, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам адам шағын несиелер мен гранттар алатын болады.
Өңір экономикасындағы локомотивтердің бірі ретінде туризмге де Бағдарламада зор мән берілген. Қолдау шараларының арқасында туристік ағын 2025 жылға қарай 3,5 млн. адамға жетеді, бұл бюджеттің кіріс бөлігіне қомақты үлес қосатын болады.
Атап өтсек, Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыруға 3,5 трлн. теңге қарастырылған, оның 2 трлн. 300 млрд. теңгесі – бюджеттік, 1 трлн. 200 млрд. теңгесі - жеке қаражат.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылды 1916 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет