Бейсенбі, 26 Мамыр 2022 11:28

«Жайылым» жобасы жаңа мүмкіндікке жол ашады

Қазіргі таңда табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану – өте өзекті мәселе. Бүгінде үкіметтің алдына қойған мақсаттарына сай ет экспортын жүзеге асырудың алғышарты еліміздегі жайылымдарды барынша игеру арқылы мал басын өсіріп, экологиялық таза өнім өндіруге ұмтылу маңызды бағыт болып тұр.

Аудан әкімдігінің үлкен залында өңіріміздің жайылымдарын тұрақты пайдалануға мүмкіндік беретін, көпжақты серіктестік пен инновацияны негіз еткен «Жайылым» жобасы аясында арнайы конференция өтті. Аталған конференцияға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов, Еуроодақтың Қазақстандағы Ынтымақтастық департаментінің басшысы Йоханнес Стенбек, «Қазақстан АгроОдақ» қауымдастығының президенті Алик Сағындықов, «Қазақстан фермерлер» қауымдастығының бас директоры Владимир Левин, округ әкімдері, бірқатар шетелдік мамандар мен кәсіпкерлер қатысты.

Ең әуелі, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов өңіріміздегі жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мен оны пайдаланудың жаңа механизмі жасалып жатқандығын айтып, Еуроодақ пен Қазақстаның  ынтымақтастық аясында қолға алына бастаған игі жобаның сәтті жүруіне барынша қолдау білдіретінін жеткізді. Жоба ауданымыздағы жайылымдық жерлерді пайдалану, мал шаруашылығының тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында мал шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыруды ұйымдастыру, климаттың өзгеруінен туындайтын қауіптердің алдын алу және оған бейімделу мүмкіндіктері бойынша оқытумен қатар, туындаған қиындықтарға техникалық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, жоба аясында Ақши, Қаражота, Асы, Қырбалтабай және Сөгеті сынды бес ауылдық округте жайылымдық жерлерді тұрақты басқару мен пайдалану жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесі мен жайылым пайдаланушылар қауымдастығы құрылады.

Жоба шеңберінде мамандар жайылымдарды басқарудың тұрақты жоспарларын әзірлеп, оны нақты  жүзеге асырудың сынағын өткізбек. Ол үшін Еуропалық мамандар Сөгеті ауылдық округінде жайылымды басқарудың пилоттық компьютерленген жүйесін енгізбек. Кездесуде Еуроодақтың Қазақстандағы Ынтымақтастық департаментінің басшысы Йоханнес Стенбек Мадсен климаттың өзгеруінің алдын алу мақсатында ресурсты үнемдейтін экономиканы құруға бағытталған жаңа өсу стратегиясы – «ЕО Жасыл» келісімі, сондай-ақ ынтымақтас-тықтың жаңа мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қоса, департамент басшысы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген серіктестік еліміз ауылшаруашылығының  экономикалық тиімділігін арттыруға  серпін  беретіндігіне сенім білдірді.

Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Талғат Өмірханұлы екі тарап арасындағы селбестіктің  алғашқы күнінен бастап барлық жобаларында қатысып келе жақандығын, оның өзіндік артықшылықтарға ие екендігін баяндады. Айтар болсақ, «Жайылым» жобасына  Еуроодақтың еліміздегі өкілдігі қаржылық қолдау көрсеіп отыр. Ауданымыз аясында атқырылып, 274 981 еуро қаржы қарастырылған жобаны жүзеге асыруға «FELCOS-Umbria» қауымдастығы (Италия, жетекші серіктес), «IsMed-CNR» Ұлттық зерттеу кеңесі (Италия), «Қазақстан АгроОдақ» қауымдастығы, «Қазақстан фермерлер» қауымдастығы мен аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі атсалысатын болады. Конференциядан соң шетелдік мамандар«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ат басын бұрып, өлекеміздің сан мың жылдық терең тарихы мен өркениетіне де зер салды. Еуроодақтың Қазақстандағы Ынтымақтастық департаменті ауданымыздағы бірқатар  кәсіпкерлерге қаржылай және техникалық қолдау көрсетіп келеді. Еуроодақ мамандары ауданымыз аумағындағы қаржылай көмек берген кәсіпкерлік нысандарға да арнайы барды.Олардың нақты жағдайын көзбен көрген шетелдік мамандар кәсіпкерлердің іскерлігін жоғары бағалады.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 3469 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет