Дүйсенбі, 05 Желтоқсан 2022 10:58

Білікті әрекет – бұйырған берекет

«Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» ҚҚ (ЖҚҚ) «Филип Моррис Қазақстан» (ФМҚ) ЖШС-нің қолдауымен «Ауылдық аймақтарды дамыту» жобасын 2013 жылдан бастап жүзеге асыруда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді.  Ауыл тұрғындарына көкөністерді өсірудің заманауи әдістерімен қатар маркетинг, логистика және сату негіздерін оқыту есебінен еңбектерін бизнес ретінде қарастыруды, шаруа қожалықтарын тиімді басқаруды үйретті.  Бес мыңдай ауыл тұрғындарын бағдарлама шеңберінде арнайы ашылған Шелек ауылындағы Агробизнес орталығында оқытты. Өз шаруашылықтарында ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған үздік практикаларды көрсету арқылы 25 озық агротехникалар енгізілді.

Еңбекшіқазақ ауданының ЖҚҚ-ның директоры Бақытгүл Елшібаева серіктес ФМҚ компаниясының арқасында фермерлерге қолдау көрсетіліп, қол байлау болып жүрген проблемаларды оңтайлы шешіп, жетістіктерге жеткізіп жүргенін тілге тиек етті. Осындай ауқымды істердің арқасында ауыл фермерлері жылыжайларды тамшылатып суару, талапқа сай баптап өсіру сияқты заманауи тірлік етудің арқасында «егістіктен сөреге дейін», яғни өндірген өнімдерін тұтынушыға бірден жеткізу деңгейіне қол жеткізген. Жоба жүзеге асырылып жатқан жылдар ішінде жылыжайлардағы көкөніс дақылдарын өңдеу алаңы 25 есеге артып, олар делдалдарсыз тікелей сауда орындарына өткізіледі. Осындай ұтымды іскерліктің нәтижесі сол – фермерлер табысы орта есеппен 30%- ға артқан.

Ауылдық аймақтарды дамыту мақсатында құрылған «Шелек фермерлері» облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына үлкен үлес қосуда. Фермерлерге жергілікті қауымдастық қоры жоба жоспарлаған кезден бастап, дақыл тұқымдарын отырғызу кезеңінен түпкілікті нәтижеге дейінгі атқарған жұмыстарына қолдау көрсетті. Осындай өнімді еңбектің арқасында «Шелек фермерлері» жобасы Лондонда халықаралық CSR Excellence Award cыйлығын «Үздік әлеуметтік-экономикалық жыл жобасы» атағын жеңіп алды. «Ауылдық аймақтарды дамыту» жобасына үш жыл бағдарламалық үйлестірушісі болған, «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастық қоры» ҚҚ-ның бағдарламашы маманы Зумрад Исмайлованың айтуынша, 5618 ауыл тұрғындары көкөніс шаруашылығымен айналысуда жаңа технологияларды түпкілікті меңгерген. Аудандағы көкөніс шаруашылығында 25 агротехнология енгізілген. Қорғалған жерлерде көкөніс дақылдарын өсіру 25 есеге ұлғайған. Басталған жобалар бойынша 145 жеке кәсіпкер мен шаруа қожалықтарына ауылда өз ісін ашуға көмектесу үшін 131 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша көкөністер мен жемістерді кептіруге арналған құрал-жабдықтар алуға 21 әйел оқытылып, грантқа ие болған.

«Шелек фермерлері» ауыл шаруашылық өндіріс кооперативі құрамындағы 35 шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылық өсірген дақылдарын «МЕТРО Кэш энд Керри», «Цинказ», «СД и КО» ЖШС және басқа да супермаркеттерге, мейрамханаларға делдалсыз өткізу тетігі құрылған. Құны 130 млн теңгеден асатын 1000 тоннадан аса өнім сатылған.

«Шелек фермерлері» АӨК-нің бес жер теліміне «Муса», «Джантор», «Акбар», «Юлтуз» шаруа қожалықтарында, сондай-ақ Агробизнес орталығында қызанақ, тәтті бұрыш, қияр және жемістер өсірудің органикалық технологиялары бойынша 0,5 га жабық жерде (жылыжайларда), 9 га ашық жерде жидектер өсіретін демонстрациялық телімдер құрылған. Екі жылдан бері ауыл шаруашылық өнімдерін химиялық тыңайтқыштар мен инсекциттерді қолданбай, табиғи тыңайтқыштармен таза өнім өсіруде. Фермерлер Қазақстанның органикалық егіншілік қозғалысы федерациясы – ҚазFОАМ және Ж.Жиенбаев атындағы қазақ карантин және өсімдіктерді қорғау ғылыми зерттеу инстутымен бірлесіп жұмыс істейді. Негізінен шаруа қожалықтары қызанақ, тәтті бұрыш, қияр, баклажаннан басқа құлпынай және  әртүрлі салаттар өсірумен айналысады. Маусымдық жұмыстарға 400-ден аса ауыл тұрғындары көмекке тартылады.

«Қазіргі таңда тәжірибелі жер телімдерінде органикалық егіншілікті игеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл тәсіл жақсы нәтижелер беруде. Органикалық таза өнімдер табиғи  дәмімен ерекшеленіп, экологиялығына да әсер етіп қоймайды, ол болашақ саулығына да мол үлес қосады», – дейді «Шелек фермерлері» АӨК-нің агрономы Павел Кавунов. Сондай-ақ, Павел Михайлович «Джантор» ШҚ-ын басқарып, 18 сотық  жылыжайда қызанақ, бұрыш өсіреді. 10 гектар жерге соя өсірумен айналысып, жақсы нәтижеге жетуде.

Қызылшарықтық «Юлтуз» ағайынды Қайымбек пен Шакир Алаевтар 30 сотық жылыжайда  және 5 гектар алқапқа қызанақ пен тәтті бұрыш өсірумен айналысып келеді. Ал Қайрат ауылының тұрғыны, «Расул» ШҚ-ның басшысы Хумабуби Ибрагимова 5 сотық жылыжайда тек қызанақ егеді. Сонымен бірге күн панелін  орнатып, «жасыл» энергияны тиімді пайдалануда. 15 гектар алқапқа жүгері, жоңышқа өсіріп, мал ұстап, сүт өткізумен айналысады. Бұл аты аталған фермерлер алғашқылардың бірі болып, жобаға қатысып, төккен тердің берекесін көруде. Биылғы өнім де мол болыпты.

Көкөніс өнімдерін сату маусымында – шілде мен қазан айларында сұрыптау және қоймаға сақтау кезінде, сондай-ақ жақын маңдағы шаруашылықтардың дақыл қалдықтарын қайта өңдеу мақсатында Агробизнес орталығында үлгілі жоба ретінде биогаз қондырғысы іске қосылды. Жарамсыз дақылдар – ашытудың жанама өнімі  (қалдық шлам) тамаша органикалық тыңайтқыш болып табылады және ол шаруа қожалықтарының алқаптарында, жылыжай кешендерінде қолданылады.

Ауданның ЖҚҚ-ы ауылдық жерлерде жұмыссыз немесе ісін дамытуға қаржыдан қиналып жүрген әйелдерге де ерекше назар аударып келеді. Сөйтіп, фермер әйелдерді сату орындарына шығаруға мүмкіндіктерді іздеу мақсатында ресурстарды біріктіру жобасына бастама болды. Осылайша, 2020 жылдың көктемінен бастап ЖҚҚ жобаны 520 мың теңгеге қаржыландыра отырып, тұқым, тамшылатып суару құралдары, шымтезек және көшет өсіруге арналған жәшіктер сатып алып, ашық жерде қатысушыларға қызанақ өсіруге сәтті жағдай жасаған. Енді «Шелек фермерлері» АӨК-і жаңа бағытты таңдап, көкөністер мен жемістерді кептіру ісін қолға алған. Супермаркеттердің талаптарына сәйкес келмеген көкөністер мен жидектердің бір бөлігін кептіріп, көтерме және бөлшек саудаға шығара алады. Кептірілген көкөніс, жемістер ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда «Шелек фермерлері» кооперативі ауыл тұрғындарына заманауи әдістермен дақылдарды өсіруде үлгі болуда. Заманауи агротехнологияларды пайдалануды  үйренуді және органикалық өнім өндіруді жетік меңгеруге бетбұрды. Сонымен қатар, олардың табысты болуын мақсат ету болғандықтан, біз оларға мүмкіндікті пайдаланып өз бизнесін дамытуда жаңа бағыт алғанын қалаймыз», – дейді Еңбекшіқазақ ауданының ЖҚҚ-ның атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаева.

Жақында қайта сайланған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде №1 жарлығы ауылды көтеруге арналған «Қазақстан республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына» қол қойды. Бұл аса қажетті құжатта ауыл шаруашылығының өркендеуіне баса назар аударылған.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Суретте: 1. П.Кавунов жылыжайда.

               2. Хумабуби Ибрагимова ұлымен.

               3. Ағайынды Алаевтар «Юлтуз» ШҚ-да еңбек етеді.

 

Оқылды 9608 рет

Кескіндер галлереясы

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет