Жұма, 14 Қараша 2025 17:33

Шаруа еңбегі – елдің ырысы

Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының артуы және  ауданның дамуы, жалпы тұрмыстың түзелуі ауыл шаруашылығының өркендеуіне байланысты. Бұрыннан халық ауылда егін егіп, мал бағып, солардың өнімін өткізіп, күнелтіп келген. Ал бүгінгі таңда әр өңірдегі ауыл шаруашылығын одан әрі тиімді дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, шаруалардың қолын ұзарту – жергілікті атқару органдары мен салалық бөлімнің тікелей міндетіне айналды.

 

 

Қазіргі таңда әр ауылдарда өз бетінше шаруашылық құрып, оның жұмысын жүйелі жүргізіп, отбасы мүшелері мен жерлестерін жұмысқа тартып, жүрген шаруа қожалықтарының еңбектері ерен. Мұндай шаруашылықтар Шелек ауылдық округінде жетіп-артылады. Олар округтің ғана емес, ауданның ауыл шаруашылық саласының дамуына өз үлестерін қосып  келеді. Солардың қатарында егін егудің қыр-сырын жақсы меңгерген, білікті, тәжірибелі  маман Шаймұхамед Кавашев басшылық етіп  отырған «Прогресс» шаруа қожалығын атап өткен жөн.

Шаймұхамед 1995 жылы  алғашқылардың бірі болып, шаруа қожалығын ашып, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруді қолға алды. Оның қарамағында 40 гектар суармалы жері бар. Ол жерлерге жүгері, басқа да дәнді дақылдар, көкөніс түрлерін өсіріп,  жақсы жетістіктерге жетіп келеді.

Басында қиыншылықтар да көп кездесті. Жер өңдеп, тұқым себетін, тырмалайтын, орып, жинайтын техникалар ескі әрі тапшы болғаны да рас. Әсіресе, су тапшылығы үлкен мәселеге айналды. Бұрынғыдай, Кеңес кезіндегідей тегін  емес, ақылы болды әрі су жеткізу жүйесі әбден тозып, қираған еді. Алқапқа су жеткізу көп шығынға ұшыратты. Бұл мәселені шешу үшін жылда жиын болып, талқылап, әуре-сарсаңға түсетін кездер көп еді.

Бірте-бірте жағдай да жақсарып, жоғары жақтан жеңілдіктерге қолжетімділік артты.  Қыс шанасын жаз сайлайтын шаруа қожалықтың мүшелері жауапты науқанға алдын ала дайындалып, қолдағы бар техникасын жөндеп, кейінірек жаңасын алуға қол жеткізіп, жылдан-жылға шаруасын дөңгелетіп, мол өнім алудың негізін қалады. Тиісті тыңайтқыштар, басқа да мәселелерді  шешуге қолжетімді жағдай туды.

Шаймухамед Кавашев биыл да жақсы өнім жинап, өткізді. Атап айтар болсақ, 40 гектар жердің 35 гектарына жүгері өсірді. Жаздай баптап, күзде оның гектардан 10 тоннадан өнім жинап алды. Ал қалған 5 гектар жерге қызанақ, бұрыш, тағы басқа да көкөніс түрлерін өсіріп, көңіл толатын өнім жиды. Шаруаны жалғыз өзі емес, отбасымен қолға алған. Отбасының ұйытқысы болған ол шаруаның да білікті маманы болып, барлық жұмысты басқарып келеді.

– «Прогресс» шаруа қожалығында жұмысқа қажетті қандай техника  керек болса, соның барлығы бар. Комбаин, трактор, культиватор, соқа, тұқым себетін, дәрілейтін, бүркіп шашатын агрегаттың бәрі бар, – дейді Шаймухамед.

Сонымен қатар, Шаймухамедтің баласы Камалидин  еліміздегі ауыл шаруашылық жұмысымен айналысатын «Феникис» компаниясына мүше болып кіріп, өзіне тиесілі 8 гектар жерді ұтымды игеріп, жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Былтыр ғана осы компания қатарына кіріп, іс бастаған Камалидин Кавшев 8 гектар жердің 2 гектарына тұқымдық жүгері өсіріп, әр гектарынан 5 тоннадан өнім алды. Ал 6 гектар жерге күнбағыс еккен ол, оның әр гектарынан 2,5 тоннадан өнім жинаған. Ол басқаратын шаруа қожалығында екі адам еңбекке тартылған.

Жұмысын жаңадан бастаған Камалидин әзірше техникамен қамтамасыз етіле қоймаған. Алайда, алдағы уақытта жермен айналысып, өнім өндіретін техниканың бәрімен қамтамасыз етілетініне компания тарапынан кепілдік берілген. Алдағы уақытта тек жақсы еңбек ету, жетістікке жету – басты мақсат.

 

 

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ

Оқылды 399 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет