Жұма, 30 Сәуір 2021 11:52

Төртеу түгел болса...

Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «бірлік болмай тірлік болмас», «бірлік түбі – береке», «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш – күншілдік, іштарлық, араздық. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі.

Бірлік түбі – береке. Иә, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің ұлтаралық және дінаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Қазақстанның көпэтносты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің баға жетпес байлығы.

Қазақстан ауылдық округі де этностар арасындағы достықты, келісімді, татулықты сақтап, дамып келе жатқан округтер қатарында. Тұрғындар санының басым көпшілігі қазақтар болғанымен де өзге ұлт өкілдерімен арадағы байланыс өте тығыз. Қазіргі уақытта округімізде қоғамдық-саяси, діни ахуал тұрақты. Ауыл тұрғындары мекемелерде, ұйымдарда ешқандай қақтығыстарынсыз, мемлекет саясатына оң көзқарас танытып, еңбек етуде. Бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбірлік, тұ-рақтылық пен туысқандық қарым-қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз.

 

А.Оспан,

Қазақстан ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы

Оқылды 1555 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тұрақтылық кепілі Әлемге үлгі болған Қазақстан »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет