Жұма, 30 Сәуір 2021 11:49

Тұрақтылық кепілі

Қазақстан құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлкесінде 130 астам ұлт өкілінің бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келе жатқанын бәрімізге де мәлім. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкілі  бірге тұрып, бірге жасап, бір мақсатқа жұмылып өмір сүргені Елбасымыздың дана саясатының нәтижесі болса керек.

Достық пен татулықты ту еткен Қазақстан халқы қашанда түрлі ұлт өкілдеріне құшағын аша білген.  Қазақ даласындай көңілі дархан, пейілі кең болғандықтан, ешбір ұлтты алаламай, қазақ ұлтынан кем көрмеген. Ырыс төгетін ынтымақтың кілті – ауызбіршілікте екені белгілі. Бір үйдің адамдарындай араласып-құраласып, үйлесім таба білген халықтар жарасымдылығына не жетсін?! Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсіресе, Қазақстан сияқты көп-ұлттың өкілі топтасқан, демократиялық жолмен дамып келе жатқан еліміз үшін өте қажет. Бұл бағытта еліміз егемендік алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермек. Солардың ең негізгісі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. Ассамблеяның негізгі бағыты – еліміздің тарихына терең үңіліп, ұлттық дәстүр мен мәдениетті, ана тілімізді сақтау және дамыту, ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлінше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз екенін айтып кеткен жөн. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап, әр ұлт өкілдерінің міндеттерін айқындап берген болатын. Ал Ассамблея  ұлттар достығының алтын көпіріне айналып отыр. Бүкіл дүние жүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚХА-ның республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі ҚХА дуниежүзілік деңгейде, біріккен ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алған болатын.

Қазақстанда этносаяси, саяси, рухани жəне ұлттық саладағы жүргізілген реформалардың дұрыстығына əлем қызыға қарайды. Сол себепті, көрші республикалардың қоғам жəне мемлекет қайраткерлері ұлтаралық келісімді сақтауда жəне оны дамытуда Қазақстандық тəжірибені қолдануға көптеп қызығушылық танытуда. Осы Қазақстандық ұлтаралық қатынас үлгісін одан əрі дамыту жəне жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қыруар жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы өз болмысы арқылы барлық ұлттар мен ұлыстардың басқа кез-келген халықпен терезесінің тең екендігін көрсетіп отыр. Бүгінде елімізде 500-ге тарта ұлттық-мəдени орталық бар. Олар көпұлтты халқымыздың саяси сана-сезімін байыту, ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігін күшейту, ұлттық салт-дəстүрлерді дамыту жолында халықтар сеніміне ие болды. Бұл – жүйелі, жемісті саясат болғанын өмір өзі дəлелдеді. Қазақстанды Отаным дейтін көкірегінде сəуле бар адамдардың бұған көзі толық жетті.

Еңбекшіқазақ ауданында Күрд мәдени орталығы 1997 жылы құрылған. Ол облыстық күрд орталығының филиалы болып табылады, орталықтың жұмысын Азиз Байларович Надыров басқарды. 2010 жылдан бастап күрд этно-мәдени орталығының төрағасы Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі Надыров Надо Азизович болып табылады. Күрд мәдени орталығы қызметінің басым бағыты бірлікті, ұлтаралық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизмді дамыту, егемен демократиялық мемлекеттің аумағында тұратын басқа адамдардың өмірі мен тұрмысын зерделеу болып қала береді.

Ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында аудандық деңгейде 5 этномәдени орталық пен 3 клуб, ауылдық округтердің, сондай-ақ Есік қаласының әкімдіктері тығыз және өзара байланысты жұмыс істейді. Оның құрамына мемлекеттік қызметшілер, жергілікті учаскелік полиция, аудандық білім бөлімі, қоғамдық пікір көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері және т.б. ауданның беделді адамдары, ақсақалдар кірді. Аудан әкімдігі мен ішкі саясат бөлімінің басшылығымен ҚР Президентінің барлық алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырамыз.

Облыстық күрд орталығымен және Қазақстан күрдтері қоғамдық бірлестігінің «Барбанг» қауымдастығымен бірлесіп жұмыс жасаймыз.

Бекітілген жоспарға сәйкес коронавирусқа байланысты барлық жоспарланған жұмыстар қашықтан жүргізіледі. Облыс Ассамблеясымен және Достық үйімен конференциялар өтуде.

 

Надо НАДЫРОВ,

күрд этно-мәдени орталығының төрағасы, қоғамдық келісім мүшесі

Оқылды 1155 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Балалар туризмінің қара нары еді... Төртеу түгел болса... »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет