Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 09:37

Мал баққанға бітеді

Ата-бабамыз ежелден мал бағып, соның ырыздық-несібесіне кенелген. Шопан ата түлігін өсіру – ешқашан сұраныстан шықпайтын, құнсыздабайтын, әрдайым өнім беріп тұратын кәсіп. Қазақта бағзы заманнан мал өсіруде, оның өнімін пайдалануда тәжірибе жетерлік. Яғни, «түгін тартсаң майы шығатын» құнарлы жеріміздің шұрайлылығына, кеңдігіне, табиғи-климаттық ерекшелігіне, керек болса, әр өңірдің жер ыңғайына, табиғатына бейімделген қой тұқымы қалыптасқан. Бүгінде ауданымыз шопан ата түлігін өсіруге ынталы кәсіпкерлердің саны артып келеді.

Жыл он екі ай бойы тынымсыз тірлікті қажет ететін мал шаруашылығы мол еңбек пен жауапкершілікті талап етеді. Ал қара жердің арқасы сөгіліп, көк шыға бастағанда малшылар қауымының иығына түсер салмақ та еселенеді. Біз ата кәсіпті нәсіп еткен ағайынның  жағдайын  білмекке Ақши ауылына ат басын бұрдық. Көгі қаулап тебіндеп келе жатқан дала төсінде жамырай өрген төрт түлік бұл өңірде мал шаруашылығының тыңнан серпін алып келе жатқандығын аңғаратады. Округтегі қой шаруашылығын мықтап қолға алғандардың бірі – Еркін Тіккелдиев. Еңбекқор шопан 2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтіп, 4 млн теңге мөлшерінде несие алып қой шаруашылығымен айналысыпты. Алғашында  қорасына 120 тұяқ қой салған шопанымыз бүгінде мал басын 350-ге  жеткізіпті. «Мал баққанға бітеді», демекші  қой өсіру үшін оның  күтімі мен бейнетіне шыдау қажет. Бұл ретте Еркін Тіккелдиев: «Қой өте төзімді келетіндіктен, құлазыған шөл де, шыңы биік тау да қойдың жайылымына жарай береді. Сондықтан малды дала жайылымына сүйеніп бағып келемін. Дала жайлымында жайылған мал сергек әрі ауру- сырқаудан аман болды. Сонымен бірге тез тойынатыны тағы бар. «Мал шелді болмай, төлді болмайды», – деп жатамыз. Қой семіз болса, төл жақсы қатарға қосылады. Қазақ төлін санамаған, мен де саған төл санын айтпай-ақ қояйын. Бірақ биылғы төлімздің қатарға қосылуы көңіл қуантады. Бұйыртса күзде өнімін көрерміз. Қазір елде  етке деген сұраныс  жоғары. Болашақта Қазақстанның ет экспорты  артады деген ойдамын. Сондықтан мал басын көбейтуді жоспарлап отырмын. Тек елді мекендерден шеткері ірге тепкен шаруа қожалықтарына электр желілерін жеткі-зуге мүмкіндік жасалса»,  –  дейді.

Өңірімізде  қой басының көбеюі, аудан экономикасының дамуына жол ашатындығын экономистер де растап отыр. Ақши ауылдық округінде шопан ата түлігін өсіруге ден қойғандардың  бірі  «Нұр Баракат» шаруа қожалығы. Аталған шаруа қожалғында  2016 жылы 40 бас сиыр және 30 тұяқ қой  болыпты. Басында  өзіне тисті жер телімі болмаған шаруа қожалығы біраз шатқаяқтапты. Оның үстінде малға жөнді қарайтын бақташы табу да қиынға соққан. Қиындықты еңсереген жан  ғана табысқа жетеді. Бес жылғы  берекелі еңбектің арқасында бүгінде шаруа қожалығында қой саны 900 тұяқтан асса, ірі қара 300 басқа жетіпті. Сонымен қоса, «Нұр Баракат» шаруа қожалығы жылқы түлігін өсіруді де қолға ала бастапты. Аталған шаруа қожалығының иесі Дастан Ғалымұлы сан  жылдар бойы төккен терінің енді жемісін көріп жатқандығын тіліне тиек етті. Кәсіпкер 2022 жылға қарай қой санынын 2000, ірі қара санын 500, ал жылқы санын 150 басқа жеткізуді жоспарлап отырғандығын айтты. Сонымен  қоса, ол  мемлекеттен қолдау болса, жоңышқа өңдейтін зауыт салуды ойға алып жүргендігін жасырмады. Төрт түлкті  ырысына балаған  баба жолын жалғап, оны заман талабына сай жаңғыртқысы келетін азаматтардың алған бағыты оң болсын деп тіледік.

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1455 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет