Жексенбі, 09 Мамыр 2021 21:33

Бір әулеттен 23 адам соғысқа аттанған

Жеңіс мерекесі жақындаған сайын Екінші дүниежүзілік соғысы майданында қан кешіп жүріп, асқан ерліктің үлгісін көрсеткен тарихи миссияны орындаған Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлеріне  бас ию, ерлікке, еңбекке тағзым ету – бүгінгі қауымның ең қастерлі борышы.

«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» деген, уақыт зымыраған сайын Екінші дүниежүзілік соғысқа куә болғандар бүгінгі күні санаулы ғана қалды. Олардың майдандағы ерліктерін, бастан кешкен оқиғаларын жария етіп, кейінгі ұрпаққа жеткізу – міндетіміз.

Әкем Ердәулет марқұм: «Соғыста өлімді көріп бойың үйренеді екен. Ал 15 минуттағы қан жоса оқиға өмір бойы есімнен кетер емес. 22 шілде 1942 жылы Ржев қаласы маңында әскери бөлімдерге бөлуге жаңа  жеткізілген, Ташкент қала-сында курстан өткен 220 қызды (жан-жаққа қашудың орнына топтала берген)  немістің 2 самолеті бомбаның астына алып,бөлектенген дене мүшелері аспанға ұшып,қан шашырағанын қинала айта келе, билік құлағын ұстағандар қыздарды неге майданға аттандырды, соғыс әйелдің ісі емес қой» – деп назаланып отырушы еді.

Бүгінде сол заманның құжаты – сарғайған  хаттар  сөйлейді. Ұлы Жеңіске арналып ашылған сайттан кездестіреміз. Ұлы Жеңістің 76 жылдығы 3 ұрпақ алмасқан кезең. Соғыста қаза тапқан,  майдан шебінен туған жерге оралмаған  әр азаматты сағынышпен еске аламыз.  Әр отбасы соғыс зардабын тартты.

Құжаттар бойынша, Бәйдібек би (бұрынғы Евгеньевка) ауылынан соғысқа аттанған Жанұзақтан тарайтын әулеттен  23 азаматтың 5-еуі  елге аман-есен қайтқан. Жасы үлкені, 1911 жылы туылған Қалиахмет Бакизов майданға Еңбекшіқазақ аудандық әскери комиссариаты арқылы 1942 жылы 11 желтоқсанда шақырылған. Қалекең майданнан 1944 жылы 10 мамырда жазған хатында ел амандығын сұрап, өзінің майдандағы жағдайын төте жазумен жазған хаты сақтаулы. Қалекеңнің сүйегінің жерленуі туралы екі түрлі мәлімет бар. 1943 жылдың шілдесінде Белград қырғынында ерлікпен қаза тапқандар қабірінде есімі жазылған. Екінші деректе Польша жеріндегі бауырластар қабірінде мәңгі дамылдап қалған қазақстандық сарбаздардың жерленгендігі, оның ішінде Қалиахмет Бакизовтың да аты-жөні көрсетіліп, 1944 жылдың 5 тамызында  қаза тапқаны жазылған.

Талғар ауылшаруашылық техникумын үздік аяқтаған Қалиахметтің інісі Махмет қанды соғыста хабар-ошарсыз кеткен. Қалекеңе немере Иманберді, Иманбек, Нүгірбек, Бағланбектер соғысқа аттанып, қан майданнан тек Бағланбек аман қайтып, Қаскелең аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарып, 1967 жылы  дүниеден өткен. Иманберді 1943 жылы қыркүйек айында ерлікпен қаза тауып, Смоленск қаласындағы бауырластар зиратына жерленген. Иманберді соғысқа дейін Қаскелең аудандық баспаханасында  теруші болып еңбек еткен. Академик Ісмет Кеңесбаевпен бірге қазақ алфавитін тұңғыш шығарушы азаматтың санатында болған. Имекеңнің Рима мен Зима атты қыздары білім саласында қызмет атқарған. Иманбек пен Нұрбектен еш хабар болмаған.

Еділбай Сүлейменов 4 сәуір 1945 жылы майданнан жазған хатында жағдайды айтып, ел-жұртына аманшылық тілеген. 21 жастағы Еділбай бірнеше күннен кейін Кенисбергте қаза болған.

Қалиахмет Бакизовтың туысқан бауыры Әбілқас балалары Кінәрбек, Орынбек, Анарбек сынды азаматтар неміс фашистерімен соғыстан аман-есен жеңіспен елге оралған. Кінәрбек 1939 жылы фин соғысына, одан Беларус майданына қатысып, Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алып, Берлинде Кеңес әскері комендатурасында капитан шенінде жауапты  қызмет атқарған.

Қалекеңнің немере бауыры Тоғанбек отбасынан үш азамат, Қатпар Жакупов, арыстай азамат  Қарағанды облысы Шет ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жаңаарқа аудандық партия комитетінің хатшысы, аудандық газеттің редакторы қызметтерін атқарған Сағындық Күйінов те 1942 жылы Есік қаласынан соғысқа аттанған. Бұл боздақтар  майданда қаза болып, туған жерден бір уыс топырақ бұйырмаған жандар қатарында.

Теледидардан ардагерлердің сапта ақырын жүріп бара жатқанын көргенде жарқын болаша қүшін жанын пида еткен әрбіреуінің кеудесінде әскери марапат 2-3 орден мен медальдары жарқыраған Жанұзақ ұрпақтарының 23 азаматынан құрылған взвод Бәйдібек би ауылы көшелерінен шеруде сап түзеп өтіп бара жатқан елесі көз алдыңнан көлденеңдеп өте беретіні де заңдылық. Жарық дүниеге келген әр адамның  өз орны бар. Қалекең Бакизов замандастары өмір алдына қойған миссияны абыроймен орындады. Еуропада өріс алған фашизмді тоқтатты. Олардың ерліктеріне тағзым – Ұлы Жеңіске жеткізген, бүгінгі күнге жол ашқан боздақтарға құрмет.

 

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ,

Журналистер Одағының  мүшесі

Оқылды 1182 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет