Дүйсенбі, 21 Маусым 2021 20:24

Қазақстандық «Сафаридің» келбеті тым басқа

Іле Алатауының бөктері, Текес пен Құтырған өзендерінің түйіскен жері - Алматы облысындағы таңғажайып мекеннің бірі. Ресми атауы - «Сафари Тау Шелек» демалыс аймағы.
Атауы естіген құлақты елең еткізерлік. Жабайы табиғатты жаны сүйетін жандар үшін таптырмас мекен Райымбек ауданында орналасқан. Жеке аудан мәртебесін алған өңірдің келбеті 3 жыл ішінде айтарлықтай өзгерген. Оның ішінде өлкенің ішкі туризмін ерекше атап өткен жөн.
Аудан таулы аймақ болғандықтан туризмді дамытуға қолайлы. Бұл маңда 5 демалыс орны нақты жұмыс жасап жатыр. Олар: «Сафари Тау Шелек» ЖШС, «Қарасай» жайлауы, «Үшқақбақ», «Шоған сай», «Ақкөл». Осылардың қатарында өзгеден дараланып тұрған, туристердің қызығушылығын тудырып отырған орын - «Сафари Тау Шелек».
2018 жылдан бастап жұмысын бастаған демалыс орны енді ғана аяғынан тұрып келе жатыр. Тау шатқалдары қоршаған мекеннің тұмса табиғаты таңқаларлық. Деседе, бұл маңды туристер келетін орынға айналдыру оңайға соқпаған.
Жер телімін рәсімдеу, Сафариға апаратын жолды жөндеу, 12, 8, 6 қанатты қазақ үйлерді орнату тілге жеңіл болғанымен іс жүзінде бір атанға артар жүкке тең еді. Туған топырақтың төсінде маңдай терім қалсын дегендер белсене кірісті, нәтижесінде мәселенің түйінін тарқатты.
Алғашқыда, аса танымалдыққа ие боламыз деген ой азаматтарда болмаған. Әлем желіде тараған ақпараттың арқасында кәсіптің тасы бір сәтте өрге домалай түскен. Демалыс аумағында ақ шаңқан қазақ үйлер тігілген, екі қабатты тұрғын үйде салынған. Барлығы келушілердің көңілін табуға бағытталған.


Сондай-ақ, бұл маңда «Күркілдек» сарқырамасы бар. 10 метр биіктіктен құлап ағатын ағын судың арыны қатты. Тау шатқалында орналасқан жерге көлікпен және атпен жетуге болады. Таңдау келушілердің өз қалауында. «Сафари Тау Шелекте» этноауыл, интераңшылық, атпен және жаяу серуендеу жолға қойылған.
«Осы жер менің аталарымның табаны тиген мекен. Меніңде балалық шағым осында өтті. Этонауыл ашып, туристерді шақырып, неге қонақ күтпеске деген ой келді. Сол арманды жүзеге асырдық. Орта есеппен мұнда аптасына 25-30 көлік келеді. Сонда 100 адамнан асады келушілер саны.Әлі де маңайымызды кеңітіп, жатар орындардың санын көбейту жоспарланған. Алдағы уақытта 6,8 қанатты қазақ үйлер әр апта сайын алып келінеді деп күтіп отырмыз»,-дейді «Сафари Тау Шелек» ЖШС директоры Азат Саматұлы.
Демалыс аймағының басшысының сөзіне сүйенсек, ендігіде 50 бас қодас Қырғызстаннан алып келінбек. Қазіргі кезде олардың күтімі, өсіру тәсілі, жерсіндіруіне қатысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр екен. Демек, алдағы 2 жылда Қырғызстан мен Тибетте мекен ететін жануарды Іле Алатауының бөктерінен көруге мүмкіндік тумақ. Азат Саматұлының айтуынша, қодастардың санын 2000-3000-ға дейін жеткізу көзделген.

«Сафари Тау Шелек» Райымбек ауданының орталығына 80 шақырым жерде орналасқан. Бүгінгі таңда аталған орынға жеткізер жолдың сапасын жақсарту жұмыстары бойынша жоспарлар қарастырылуда. Жеке кәсіпкерлер мен әкімшіліктің бірлескен қызметінің нәтижесінде көркем өлкеге қатынар жолдың жайы жақсарады»,- дейді Райымбек ауданы әкімдігі ММ кәсіпкерлер бөлімінің басышысы Абылай Бақытжан.

Оқылды 938 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет