Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021 12:02

Алматы облысының орталығында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды

Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай, қаланың көркіне-көрік қосатын тағы бір жер орын тепті. Бұл мекенде ақ халатты абзал жандарға деген алғыстың нышаны ретінде «Аяулы алақан» мүсіні қойылған. Жоба авторы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.
Мүсінде адамзаттың қос алақаны бейнеленген. Ал екі уыстың арасында жапырағы жайқалған жас ағаш өсіп тұр. Бұл жан жылуының әр тіршілік иесіне өмір сыйлай алатынын бейнелеп тұрған ерекше сәулет өнері.
Аймақ басшысы Амандық Баталов, аталған ескерткіш адам өмірінің арашасы болған жандарға деген шексіз ризашылықтың белгісі ретінде мәңгіге өзінің маңызыдылығын жоғалтпайтынын алға тартуда.
«Пандемияның алғашқы күндерінен-ақ Елбасы үндеуімен еліміз бірігіп, індетті жеңуге жұмылды. Қиын жағдайда алдыңғы қатарда күрескен – медицина қызметкерлері болды. Бүгінгі ашылған «Аяулы алақан» ескерткіш – аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген медицина саласы қызметкерлерінің құрметіне арналады. Бұл – жаһандық дертке қарсы күрескен ақ халатты жандарға деген ел құрметінің белгісі. Сондай-ақ, халықтың адал перзенттеріне ыстық ықыласының көрінісі. Ескерткіш ел басына қиындық туған сәтте қаһармандық көрсеткен жандардың рухына тағзым ету орнына айналады»,-деді Амандық Ғаббасұлы.


Аллеяның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Жетісу өлкесінде пандемия кезінде атқарылған жұмыстардың бірқатарына шолу жасады.
Баршаға мәлім, облысының Денсаулық сақтау жүйесі бірнеше айдан бері дамылсыз жұмыс істеп келеді. Пандемиямен күреске 31 медициналық ұйым жұмылдырылды, оның ішінде 4-і Талдықорған қаласында орналасқан. Амбулаториялық және стационарлық деңгейде үш жарым мыңға жуық (3455) медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер және 2604 кіші және орта буын дәрігерлері тартылды. Пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен барлығы 13,8 млрд. теңге бөлінді, медициналық жабдықтармен жарақтандыру 79-дан 90 пайызға дейін өсті. Ал, пандемия басталғаннан бері коронавирус пен пневмониядан 51 мыңнан астам адам жазылып шықты.
Негізі мүсін "Шығыс" шағын ауданында, модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының жанында орнатылды. Мүсіннің биіктігі 1,2 м, ұзындығы 3,8 м, ені 2,8 м, ол қоладан жасалған.
Айта кетейік, облыстық "Jetisy Media" КММ Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай ерлік істерімнен ерекшеленген Талдықорғанның батырлары туралы бейнеролик түсірді, Видеода өз өмірін қатерге тігіп, өзгенің өмірін сақтап қалған адамдар бейнеленген.

 

"Jetisy Media" КММ

Оқылды 860 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қажеттілік туындату қажет Алар асу көп »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет