Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021 14:03

Алар асу көп

Қарамағына Қызылшарық, Асысаға, Жаңашаруа, Қайрат, Диқан, Таусүгір, Сарытау сынды елді мекендер кіретін Асы ауылдық округі  – төрт түлігі төсінде өріп, алқабынан алтын дән өнген, ауданымыздың экономикалық дамуына зор үлес қосып жатқан ірі елді мекендердің бірі. Ауданымыздың шығысындағы іргелі округтің тыныс-тіршілігі  тоқырау жылдарында біраз саябырлады. Содан бері Асыдағы  жүдеу көңіл  күй кешкен жұрттың  жақын жылдардан бері жаны жадырай түскедей. Өйткені ондағы жаңғырған және жаңарған әлеуметтік нысандар өңірдің түлеуі мен түрленуіне жол ашуда. Округті аралаған сапарымызда өңір аумағындағы оң өзгерістердің куәсі болып қайттық.

 

Ел қонысы, мал өрісі кеңеюде

Ең әуелі өңірдің  әлеуметтік әлеуетін таныстырмаққа сөз алған округ әкімі Ұлан Сағынбеков елді мекеннің қанаты кеңге жайлып келе жатқандығын айтты. Бүгінде округ тұрғындарының саны 9607 адамға жеткен. Ауыл шараушылығы округ экономикасының қан тамыры есептеледі. Өйткені жергілікті жердің климаттық  жағдайы  төрт түлікті бағу мен түрлі ауыл шараушылық өнімдерінің  жайқала өсуіне мол мүмкіндік береді. Жалпы, округ бойынша жер көлемі – 63 400 гектар, оның ішінде 32 117 гектар  – жайылымдық, 325 гектар – шабындық, 3 297 гектар – суармалы егістік жер. Округ ауылдары маңында тағы 10 270 гектар ортақ жайылым бар. Мұнда мал шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Жалпы, округ бойынша 7 568 ірі қара, 39 447 қой-ешкі, 2 411 жылқы, 7 түйе, 1 200 құс бар. Сонымен қоса  21 ірі қожалық мал шаруашылығымен айналысады. Малды ауылды мазалайтын сұрақтың бірі – жайылымдық жер. Сондықтан округ әкімдігі мал өрісін кеңейтуге  күш салып келеді. Бұл ретте округ әкім Ұлан Мәлікұлы:

– 2019 жылы жалпы көлемі 642 гектар болатын 4 жайылымдық жер учаскесі Асы ауылдық округіндегі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Қазіргі таңда осы  көрсетілген жайылымдық жерлерді заңдастыру үшін округ әкімі аппаратынан аудан әкімдігіне сұраныс жолданды. Аталған аумақ окуг жұртшылығына ортақ жайылым ретінде беріледі, – дейді.

 

Шағын және орта бизнес өркендеуде

Округ әкімдігінің мәліметіне сүйенер болсақ, бүгінде өңірдегі   шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 701-ге  жеткен. Соның ішінде 1 акционерлік қоғам, 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік кооператив, 1 әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация және 104 жеке кәсіпкер бар. Сондай-ақ сауда саласында 9 нысан, 2 тұрмыстық және сервистік нысан мен 1  қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істейді. Аталған нысандарда 733 адам жұмыспен қамтылған. Қазір округке қарасты түрлі кәсіпорындар өңір  тіршілігінің бойына  қан жүгірте түскен. Мәселен, Қызылшарық ауылындағы «ТТKZ» ЖШС-нің кірпіш заводы күніне 2000 дана кірпіш шығарса, пластикалық стакан зауыт күніне 5000 дана өнім әзірлейді  екен.

 

Жылыжай жақсы табыс әкелуде

Қазір еліміздегі шаруалар халықты көкөніспен, жеміспен толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан Өзбекстан мен Қытайдан әкелінген өнім нарықты жаулап алды. Дегенмен, елімізде  соңғы жылдары жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Асы округін аралаған сапарымызда ондағы жылыжай шаруашылығының өркендеп келе жатқанын байқадық. Шелек өңіріндегі жергілікті қауымдастықтар қоры жылыжай шаруашылығын шалқытуға барынша қолдау көрсетуде. Қызылшарық ауылында жылжай салып, табысын еселеген кәсіпкерлердің бірі Марат Мәнсұров.

Жергілікті қауымдастықтар қорының қолдауымен кәсіби біліктілікті жетілдіретін курсқа қатысып, жылыжай салудың технологиясын үйрендім. Содан кейін жылыжай салдық. Биыл мұнда отырғызылған қияр мен қызанақтан жақсы өнім алдық. Қазір жаңа жылыжайға құлпынайдың көшетін отырғызып жатырмыз. Оны желтоқсан айында нарыққа шығарамыз. «Magnum»  және «Метро» сауда орталықтарымен келісімшарт жасасып, жылыжайдағы көкөністерімізді соларға сатамыз, – дейді кәсіпкер.

 

Интенсивті бақ көлемі ұлғаймақ

Сарапшылар әр аймақтың экономикалық әлеуетіне өң беру  үшін инвестиция тартудың маңызы зор екенін айтады.

– Қазір ауыл шаруашылығын өркендету – округіміздің басты экономикалық бағыттарының бірі. Айталық, округіміздегі «Alma Moter Fields» ЖШС-і аграрлық несие корпорациясы арқылы 6 млрд теңге қаржы алып, 126 гектар жерге голландиялық технологиямен, тамшылатып суару әдісімен алма бағын өсіруде. Биылғы жылы 90 гектарды игеру жоспарлануда. Сонымен қоса «Alma Moter Fields» ЖШС-і өткен жылы сыйымдылығы 3600 тонна болатын жеміс-жидек сақтау қоймасын салды. Қазіргі таңда тағы бір мұздатқыштың  құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Alma Moter Fields» ЖШС-інде  40 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Ал  науқан кезінде 400-ге жуық адам маусымдық жұмыс істейді. Аталған серіктестік 2017 жылы алғашқы көшеттерін 126 гектар жерге еккен болатын, 2019 жылы бақ көлемін тағы да 90,5 гектарға ұлғайтты. Голландық интенсивті технологияны қолдану арқылы олар көшеттерді түрлі зиянды жәндіктерден  қорғай алады. Біз алда интенсивті бақ көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, – дейді  округ әкімі Ұлан Сағынбеков.

 

Білім мен руханият ордасы

Асы ауылдық округіндегі  іргелі оқу орындарының бірі  Жаңашаруа орта мектебінің  ғимараты 2018 жылы қолданысқа берілген. Мектепте 24 ұстаз және 17 кіші қызметкер еңбек етуде. Қазіргі таңда 120 оқушы осы мектепте білім алады. Бұл оқу ордасының жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай.

– Мектепте  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да үнемі іс-шаралар жүргізіледі. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Абайды оқы, таңырқа» дөңгелек үстелі, «Ы.Алтынсариннің шығармаларын зерттеу»  танымдық конференция-сы, «Бес арыс» тарихи-шежірелер жинағы әлеуметтік желілердегі мақалаларды зерттеу, «А.Байтұрсынов – ұлт ұстазы» танымдық конференциясы,  10-11 сыныптарға «Білім мақсаты межеге жету жолы» дөңгелек үстелі, «М.Мақатаев өлеңдерінің шығу тарихы» туралы 8-9 сыныптар арасында пікір алмасу, 9-11 сыныптарға «Бесік жырының тәрбиелік мәні» тақырыбында ғылыми-зерттеу дебаты өткізілді, – дейді  мектеп директоры Әлия Әділбекқызы.

 

Күрделі жөндеуді күткен ескі мектептер

Асы ауылдық округіне қарасты 5 орта мектеп бар. Қызылшарық ауылындағы М. Әуезов атындағы орта мектептің іргетасы 1973 жылы қаланған. Оқу ордасында 2 ауысымда 744 оқушы білім алады. Ал Диқан орта мектебі 2006 жылы салынған,  онда 88 оқушы 2 ауысымда оқиды. Қайраттағы И.Саттаров атындағы мектептің жылу жүйесі 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен, қазір 640 орынды типті ғимаратта 340 оқушыға тәлім алады. Сонымен ауылдық округте 5 орта мектеп бар дедік. Олардың  4-еуі жөндеуді қажет етіп отыр. Атап айтсақ, М.Ауезов атындағы орта мектеп, Диқан орта мектебі, И.Саттаров және Т.Қабылов атындағы орта мектептерінің ғимараты ескірген.

 

Жаңа балабақша салынды

Бүгінде округтегі мектеп жасына дейінгі балаларды біліммен қамту көрсеткіші артып келеді. Қазір  өңір аумағындағы «Балдәурен», «Рауан» балабақшалары балдырғандардың базарлы өміріне шуақ шашып келеді. «Балдәурен» балабақшасының  ғимараты 1975 жылы бой көтерген. Қазіргі күні 100 бүлдіршін тәрбиеленуде. Асы-саға ауылына арнайы бюджеттен қаражат бөлініп, «Рауан» балабақшасы күрделі жөндеуден өткізілді. Ал Қайрат ауылындағы 120 орынға арналған  су жаңа балабақшаның ашылу салтанаты жақын арада өткізіледі. Алайда Жаңашаруа және Диқан ауылдарында әлі күнге дейін балабақша мүлдем жоқ.

 

Стадиондар күрделі жөндеу жүргізудіқажет етеді

Асысаға ауылындағы 1976 жылы салынған мәдениет үйі 2011 жылы күрделі жөндеуден өтіп, 340 орынға жабдықталған. Дегенмен, ауылдарда әлі де саябақтар мен мәдениет үйлерінің қатарын көбейтуді жолға қою керек. Қазіргі уақытта округ бойынша жалғыз Асысаға ауылындағы мәдениет үйі ғана қызмет көрсетіп отыр. Мектептерде 6 спорт нысаны бар. Округте 9 футбол командасы, 3 волейбол командасы және мектеп жасына қарай 2 еркін күрес клубы мен 1 бокс клубы жұмыс істейді. Алайда бір ескерерлігі – Диқан  және Асысаға ауылдарындағы стадиондар күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді.

 

Ауызсу жүйесі ескірген

Округ әкімдігінің мәліметінше, округ бойынша су құбыры желілерінің ұзындығы 62 шақырымды құрайды, оның ішінде 47 шақырым құбыр тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етуде. Қазір Асысаға ауылында су құбыры желілері мұнарасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Дегенмен, тақырып төңірегінде түйіні тарқатылуы тиіс түйіткілдер де бар. Мәселен, Қызылшарық ауылының жаңа құрылыс бөлігіне (3,4 шақырым) ауызсу жүйесін жүргізу қажет. Қайрат ауылының ескіріп тозған ауызсу жүйесін күрделі жөндеуден өткізу де – кезек күттірмейтін мәселе.

ТҮЙІН: Окургті  аралаған сапарымызда  ауылдастардың қауымдасып істеген тұщымды тірліктеріне куә болдық. Өңірдің керемет келешегін жарататын кешенді жобалардың қолға алынып жатқанына көзіміз жетті.  Бүгінгі заман көшінен қалмай, ілесіп келе жатқан өңір  тіршілігінің табысы толыға бергей.

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 739 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет