Сейсенбі, 21 Қыркүйек 2021 16:48

Қажеттілік туындату қажет

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан еліміз қабылданған бағдарламалармен қатар жаңа өзгерістер, жаңа бағыттар күтеді. «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді» – деді Қ.Тоқаев жетінші басымдыққа кірген елдігіміздің басты белгісі мемлекеттік тіл жайында. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында кейбір сарапшылар, саясаткерлер, ақпарат құрал-дары жариялап жазғандай отыз жыл бойы мемлекеттік тілдің кеңінен де сапалы қолданысқа енуі үшін күресудеміз. Анығын айтсақ, ұлт тілі үшін күрес тоқтаусыз жүріп келген Тәуелсіздіктен бұрынғы кезеңдерде-ақ. Бірақ ол кезеңдерде билік одақ органдарында болды да, сол орталыққа жалтақтаумен жүргенде қазақ мектептерінің жабылуына дейін жетті кеңестік білім жүйесіндегі Қазақ Республикасы. Алысқа бармай-ақ өз басымның тәжірибесіне жүгінсем, туып-өскен ауылымдағы жеті жылдық қазақ мектебін бітірген соң, орта білім алу үшін ауданымыздағы жалғыз қазақ орта мектебіне барып оқу керек болды. Мүмкіндік болмаған соң, он бес жастан жұмысқа кірдім. Кейіннен сол туған ауылымдағы сегізжылдық мектеп онжылдық мектеп-интернат болды. Аудандағы екінші қазақ орта мектебі еді. Қатты өкінішке қарай сол орта мектепті де жауып тастапты. Тәуелсіздік кезеңінде. Бұл енді бөлек тақырып. Бірақ мемлекет тілі отбасынан, балабақша мен мектептен басталатынын ұмытпайық. Бұл жерде де өкініш бар. Немерелер үш тілді қатарынан игере бастады бастауыш сыныптарда. Ана тіліне басымдық беріп, алдымен қазақша сөйлетпесек, балаларымыздың тілі «қойыртпаққа» ұқсап кетпес пе екен? Ең болмаса бастауыш сыныптарында ана тілін дарытуымыз керек-ау балғындар бойына. Жапондардан неге үлгі алмасқа, бесінші, алтыншы сыныптарға дейін өз тілімен оқытып, одан кейін ғана шет тілін оқытатын.

Оңтүстік өңірдегі емдеу-сауықтыру мекемесінде ем қабылдадым. Емшара бөлмелерінің бәрінде де, процедура жабдықтарында да тек орыс тіліндегі маңдайшалар мен түсініктерді көреміз. Неге олай десек, «әр ұлт өкілдері келеді, соларға түсінікті болсын» – дейді оңтүстіктегі ағайындар. Қытайдан, Түркиядан, тағы басқа орыс тілін оқытпайтын елдерден келген қандастарға не айтасыңдар, ағайындар?

Заң да бар, Заңнамалар да жеткілікті, тек соларды мұқият орын-дасақ қана тілдің беделін көтереміз. Ол үшін сұраныс та керек мемлекеттік тілге, заң аясында мәжбүрлік те туындатқан артық емес. Менің орыс тілді кәсіпкер грек танысым: «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары «Еңбекшіқазақ» газетінің беттерінде тек қазақ тілінде жарияланған кәсіпкерлікке байланысты аудандық басқару жүйесінің шешім-қаулыларын сөздіктің көмегімен, қазақ тілін игеріп жүрген оқушы балаларымның көмегімен оқып жүріп-ақ біраз қазақ-шаға үйреніп алдым», – дейтін еді. Зейнеткерлікке шыққан көп жыл-дар бойы мемлекеттік қызметте болған Василий танысым да сөйлей алмағанымен қазақ тіліндегі құжаттарды оқып, түсіне алатын деңгейге жеткен еді. Міне, қажеттілік туындату дегеніміздің бір-екі ғана мысалы.

Жалпы әрбір қазақстандық, әрбір қазақ мемлекеттік тілдің – ана тіліміздің жанашыры болмай, көп сөзден нақты іске көшпей мақсатқа жету мүмкін емес.

 

Х.АХМЕТЖАНОВ.

Оқылды 1150 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет