Бейсенбі, 23 Қыркүйек 2021 11:09

Партиялық бақылауда

Өткен аптада Еңбекшіқазақ ауданына Nur Otan партиясы Алматы облыстық мәслихат депутаты, облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қуат Баймырзаев пен Nur Otan партиясы Алматы облыстық мәслихат депутаты Дамир Дегай іссапармен келді.

Ондағы мақсат – ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, партияның сайлауалды бағдарламасына енген жолбалардың жүзеге асырылу деңгейін көріп, бақылау, баға беру. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының ай сайын болатын кезекті отырысына қатысу болды. Қызмет бабымен келген қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Асыл Ваисов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әділжан Смағұлов, «Nur Otan» партиясы аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асыл Байтулақов пен аудандық мәслихат депутаты Бағдат Рахимов қарсы алып, бірнеше нысанмен таныстырды.

Бірінші барған нысан – Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі. Мұнда оқу ордасының жай-күйімен танысып, қазіргі карантин шектеулері жағдайында оқушылардың қалай білім алып жатқаны сөз болды. Балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі үшін бар жағдай жасалған, дәліздер мен сыныптарда коронавирус және одан қорғануға қатысты ақпараттық тақтайшалар ілінген. Кіреберісте дене температурасы тексеріледі, дезинфекциялық тоннель де орнатылып, антисептикті санитайзерлер қойылған. Ғимаратқа барлығы тек бетпердемен кіреді. Өкінішке қарай, соңғы кездері коронавирус жұқтырған мұғалімдер мен оқушылар анықталып, облыс көлемінде кейбір сыныптардың карантинге жабылып жатқанын айтқан Қуат Маратұлы ондай жағдайдың бұл оқу орнында тіркелген-тіркелмегенін сұрады. Бүгінде 1519 оқушы білім алып, 118 қызметкер еңбек етіп жатқан Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінде мұғалімдер де, оқушылар да бұл пәледен дін аман екен. Коронавирусқа қарсы вакцинаны қызметкерлер түгел дерлік алған. Бастапқыда 600 орынға есептеліп салынған мектепте саяжайлардағы тұр-ғындар санының жылдан-жылға артуына байланысты балалар үш ауысыммен білім алуда. Кездесу барысында бұл мәселе де көтерілді. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына мектептің дайындығы пысықталды. Бір жылда жағылатын отын 90 тоннадан асса, бүгінде соның 25 тоннасы жеткізіліп, қыстың қамы жасалып қойыпты. Қалған сұйық отын тиісті  орындарда сақталып тұр екен.

Қазандық демекші, биыл жазда Еңбекшіқазақ ауданында блокты-модульді қазандықтардың құрылысы басталғанды. Демек, көп ұзамай, Есік қаласы мен Шелек ауылында орталық жылу жүйесіне қосылмаған көппәтерлі үйлердің мәселесі де шешілмек. Бұл жоба мелекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылып жатыр. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша, жалпы, 79 көпқабатты үйді қамтитын 21 БМҚ салу жоспарда. Шелек ауылында 7 көпқабатты үйді қамтитын 4 БМҚ, ал Есік қаласында 72 көпқабатты үйді қамтитын 17 БМҚ салу көзделуде. Комиссия солардың бірімен арнайы барып танысты. 1-ықшам ауданда салынып жатқан БМҚ ондағы №1-4 үйлерді жылумен қамтиды. Жобаны келесі жылдың көктеміне дейін аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасымен Есік қаласында салынып жатқан 1500 орындық орта мектептің құрылыс-монтаж жұмыстарымен танысты. Келісім-шарт бойынша бұл жобаның құны – 4 312,7 млрд. тенге. Мердігер мекеме – «Bi Grоup» ЖШС-і. Тапсырыс беруші – Алматы облыстық құрылыс басқармасы. Құрылыстың аяқталу мерзімі – келесі жылдың 18 тамызы.

Іссапар «Nur Otan» партиясы аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының ай сайын болатын кезекті отырысымен жалғасты. Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның бірі – ішкі партиялық тәртіпті күшейту және партия жарғысына сәйкес мүшелік жарнаның төлемдерін уақытылы төлеу туралы Көктөбе, Саймасай бастауыш партиялық ұйымдары төрағаларының есебін тыңдау. Аталған БПҰ төрағалары партиялық тәртіп, жарна, партия құрамына кеңінен тоқталып, бүгінде жасалып жатқан жұмыстар жайлы да баяндады. Оның ішінде партиялық бағдарламалардың, сайлауалды бағдарламаға енген жобалардың жүзеге асу қарқынын да сөз етті. Отырыста қаралған келесі мәселе – жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ауданымыздағы мемлекеттік бағдарламалар аясында және жоспарға сәйкес жасалып жатқан жолдардың сапасы мен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы бойынша бөлім басшысының есебін тыңдау. Аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Искаков Еңбекшіқазақ ауданында жол инфраструктурасы саласында 2021 жылдың басынан бері атқарылған жұмыстармен таныстырды. Ауданда, жалпы, автомобиль жолдарының ұзындығы 2555 км құраса, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 391 км, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 627,3 км, ал аудандық маңызы бар жолдар 1329,9 км және ішкі шаруашылық жолдар 206,8 км. Ағымдағы жылы барлық санаттағы жолдарды жөндеп, күтіп ұстауға бөлінген қаражат 2 млрд. 653 млн. теңгені құрапты. Аудан бойынша жөндеу жұмыстарымен 589,7 км жол қамтылған. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2021-2025 жылдарға ауданның жолдарын жақсартуды негізге алып, Ашыбұлақ, Ақши, Өрікті, Қайназар, Бөлек, Ават, Балтабай, Қ.Ұлтарақов, Шелек, Әймен, Қарасай ауылдарының көшелерін орташа жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 15 млн теңге бөлініп, бүгінде конкурстық рәсімдер өтуде. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы ауданда 4 жаңа бағдаршам, 7 аялдама, 12 жарықтандырылатын жаяу жүргіншілер өткелдері, 7000 шаршы метр жолақтар, 650 дана жол белгілері, 300 шаршы метр шулы жолақтар, 30 дана стробоскоп (қызыл-көк жарықтары) орнату көзделген. Қазіргі таңда бұл жұмыстардың 60 %-ы орындалды, қазан айының соңына дейін толығымен аяқталады», – деген бөлім басшысы комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, жолаушы тасымалдау қызметіне қатысты ұсынысымен де бөлісті.

Баяндамашыларды толық тыңдаған «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қуат Баймырзаев комиссия мүшелерінің жұмысын бағалап, сайлауалды бағдарламаға енген әр жобаның уақытылы халық игілігіне берілуі үшін ауданда партиялық бақылауды күшейту керектігін айтты.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 1106 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 04, 2026

9. Конституциялық өзгерістер…

Конституциялық өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жол ашады. Бұл…
Ақп 04, 2026

7. Жаңа Конституция заң үстемдігін…

Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтып, барлық азаматтың заң алдында тең екенін нақты…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Конституциялық реформалар әлеуметтік мемлекет қағидатын нақтылай түсті. Мемлекет…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Жаңа Конституция әділ сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды нормаларды қамтиды.…
Ақп 04, 2026

4. Реформалар адам құқықтарын…

Реформалар адам құқықтарын қорғауды мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция билік тармақтары…

Жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ерекше мән береді.…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституцияға енгізілген…

Жаңа Конституцияға енгізілген реформалар елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет