Сәрсенбі, 16 Наурыз 2022 13:56

Депутаттарға мол жауапкершілік жүктелмек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жасап, көптің көңіліндегі сұрақтарға жауап берді. Әрі «Жаңа Қазақстанды» құрып, дамудың жаңа деңгейіне көтерілу жолындағы нақты қадамдарды анықтап, жан-жақты жеткізді.

 «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыру үшін Парламенттің рөлін күшейту керектігін айтқан Мемлекет басшысы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алу жайын жеткізді. Осы орайда алдымен Президенттің өкілдігі туралы сөз қозғап, «Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынамын. ...Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңестің төрағалары және мүшелері міндетті түрде партиядан шығуы керек деген норманы да заңнамаға енгізген жөн» деді. Сондай-ақ әкімдер мен олардың орынбасарларына да партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салынбақ. Осылайша саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасалу көзделіп отыр.

«Барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік берілетініне Мемлекет басшысы мызғымас кепіл болуға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынады» деген Мемлекет басшысы мұндай норманы Конституцияға енгізу де артық еместігін ескертіп, Президентті тым көп өкілеттігінен айыру еліміздегі саяси жаңғыру үдерісінің тек ілгері басуын қамтамасыз ететінін айтты.

Осылайша Парламенттің рөлін арттыра отырып, өкілді билік тармағын нығайтып, халық сенім артып сайлаған депутаттарға мол жауапкершілік жүктеу керектігі де Жолдауда анық айтылды. Сондай-ақ Президент саяси жүйедегі тепе-теңдік және тежемелік механизмдерін елеулі түрде нығайта түсу, заң шығару үдерісін едәуір жеңілдету, тепе-тең парламенттік жүйе қалыптастыру үшін Сенат пен Мәжіліске де бірқатар реформа қажеттігін жан-жақты түсіндіріп берді. Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән беріп, олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізу керектігі айтылды.

Сайлау жүйесін жетілдіру жайында Президент: «Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру», – деп, бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы да жүзеге асыру туралы сөз қозғады. Осы орайда халықтың сайлауға деген теріс пікірі қалыптасқанын айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселені шешу үшін «Пропорционалды-мажоритарлы үлгіде  сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болады», – деп аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды. Аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастыру, әрі ел алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашу үшін аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынды.

Сонымен қатар «Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек» деген Президент Қ.Тоқаев кез келген мәселені ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздеу керектігін жеткізіп, депутаттардың сайлаушылармен өзара байланысын нығайтуға көңіл бөліп, «...сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтаруға болады», – деді.

Осы орайда депутаттарға айтылатын «халық қалаулысы» деген тіркестің қаншалық маңызды екенін әр деңгейдегі депутат тереңнен түсініп, сол атқа сай болуы, халық алдындағы жауапкершілік пен жүктелген міндетін абыроймен атқаруы өте маңызды екені анық көрінеді.

Президент Жаңа Қазақстанды құру үшін «Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту», «Сайлау үдерісін жаңғырту», «Құқық қорғау институттарын күшейту», «Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту», «Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру», «Дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы» жан-жақты баяндап берді. Осы орайда көптеген оң өзгерістермен қатар елімізде жаңадан үш облыстың құрылатыны халықтың қуанышын еселей түсті. Ұлтымыздың тұңғыш құрылтайы өткен ұлы мекенде Ұлытау облысының, қазақтың ұлы ақыны Абайдың кіндік қаны тамған өңірде Абай облысының құрылатыны, жер жәннаты Жетісудың бөлек облыс болуы, әрі халқымыз үшін аянбай тер төккен Д.Қонаевтың іргетасын өзі қалаған қаласы – Қапшағайға есімі берілетіні – шынымен, үлкен қуаныш.

«Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік», – деп сөзін бастаған Президенттің бүгінгі Жолдауы жүректерге сенім ұялатып, болашаққа нық қадам жасауға жігер бергендей. Өйткені жоғарыда аталған реформалар ел экономикасы мен ішкі-сыртқы саясатына, идеологиясына, тұрақтылығы мен алға қарыштап дамуына тек оң әсерін тигізбек.

 

Ерік АБИТОВ,

Алматы облыстық мәслихат депутаты

Оқылды 879 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Партиялық бақылауда Аудан тазалығы ауладан басталады »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет