Жұма, 24 Желтоқсан 2021 20:55

Кредит тұзағына түспеу жолы қандай?

Кредит тұзағына түспеу жолы қандай? Сурет интернеттен алынды

Кредит алу қанағаттанудың жалған сезімін береді, ақша сізге тез және оңай келген сияқты болады. Сіз қалаған затыңызды оңай сатып ала аласыз: жаңа гаджет, автомобиль, жылжымайтын мүлік және басқа да артықшылықтар, мақсатқа қол жеткізілді. Сондықтан көп адам кредитті жоспарды жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде қарастырады.  

Алайда  кредит міндеттерін орындауға жауапсыздықпен қараған кезде, қарыз алушы «қарызға бату», невроз алуы және қорқыныш жай-күйіне түсуі  әбден мүмкін. Fingramota.kz бұл мәселені психология және коучинг саласындағы қазақстандық сарапшылармен бірге талқылайды.

   

 Ыңғайсыздықтың құрамдас бөліктері

Сонымен, егер қандай да бір себептермен төлем кестесі бұзылса, қарыз алушы сезінетін ыңғайсыздық неден тұрады? Психологтардың айтуынша, бірінші кезекте ар-ождан. Ол мезгіл-мезгіл өзін еске түсіреді. Екінші компонент, психологтардың пікірінше, қорқыныш және ол бірнеше түрден тұрады. Сатып алынған зат жеке меншікке теңестіріледі және оның жоғалуы қорқыныш тудырады. Психологтардың қорқыныштың тағы бір компоненті немесе түрі жазадан қорқуды талап ететін қол қойылған шарттардың бұзылуын атайды. Екі қорқыныш ай сайынғы қарызға тепе-тең түрде өседі. Міне, қызықты факт: сіз төлеуіңіз керек, бірақ мотивация жоқ. Және ол қалаған нәрсені алғаннан кейін дереу жоғалады.

«Адам, әлеуметтік болмыс ретінде, қандай да бір жолмен, қоғамдық пікірге байланысты. Сондықтан борышкердің «таңбасы» әсіресе сезімтал адамдардың жүйкесін үнемі жұқартуы мүмкін», - дейді бизнес-коуч Артем Мочалов.

Кейде борышкер алдыңғы кредитін жабу үшін тағы да кредит алады. Ол не үшін осындай қадамға барады? Психологтар түсіндіргендей, осылайша адам алдында алған кредитімнен құтылдым деп санайды екен. Алдыңғы кредит жабылды, мен әрекет жасадым деп ойлайды. Өкінішке орай, бұл әрекеттердің барлығы ол адамның борыш жүктемесінің одан әрі арта түсуіне әсерін тигізеді.

Борышкерлердің «кредит құмарлар» деген тобы кездеседі. Қарыз алған кезде олар эйфорияны сезінеді, бірақ олар бұл жағдайдың өткінші екенін түсінбейді, осылайша қарызды төлеу мерзімі келгенде, борышты бәрібір төлеу керектігін түсінеді.

 «Кредит құмарлар» депрессияға түспеу үшін жаңа кредиттер ресімдейді, мұның арты не болатынын болжау қиын емес.

 

    Адамдар кредитті қандай себеппен рәсімдейді?

Кредиттің мотивациялық бөлігі:

  • Болашақтағы белгісіздіктен қорқуды жояды, өйткені ол жылдар мен нақты сомаларға бөлінген.
  • Маңыздылық сезімін арттырады (өмір құнды және ол басқа біреуге, мысалы, кредиторға қажет).
  • Іс жүзінде тұрақтылық пен ай сайынғы белгілі бір табысқа міндеттейді.
  • Ажырасу процесін болдырмайды. Бірлескен борыш бір-бірінің қасында болуды міндеттейді және кейбір жұптардың пікірінше, оларды біріктіреді.

   

Кредиттің жағымсыз жақтары:

  • Өз-өзіңмен күрес. Сатып алған зат қуаныш әкелмейді, керісінше наразылық тудырады, өйткені сізге әлі ұзақ уақыт төлеуге тура келеді.
  • Жұмыстан немесе жұмыс істеу қабілетінен айырылу қорқынышы пайда болады.
  • Қиялдағы сән-салтанат пен байлықтың арқасында қарыз шырмауының туындауы.
  • Біраз уақыттан кейін «кредиттік қажу» пайда болады, тіпті үрей шабуылы өршуі мүмкін.

 

«Кредиттер мен қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда, қарыз алушыда пайда болатын алаңдаушылық тұрақты серіктесіне айналады, яғни әрқашан онымен бірге болады – жұмыс орнында, демалыс күндері, демалуға шыққанда. Осының бәрінің аясында адам бұл сезімін зиянды әдеттермен тұншықтырады, немесе ауыра бастайды». - дейді психолог Виктор Червяков.

 

Кредиттік берешек салдары

Борыштық міндеттемелер адам психикасына айтарлықтай әсерін тигізеді. Күтпеген борыштың туындауы, банкроттықтың алдында тұрған, сәтсіз құрылған бизнесті кредиттеу осының бәрі борышкердің мойнына жүктеледі. Ағза – өте күрделі механизм, және оның ұзақ уақыт бойы қатты күйзеліс жағдайында болуы үрей шабуылына ұласуы және ұзақ мерзімді депрессия пайда болуы мүмкін. Қарыз туралы ой үнемі ашуланшақтыққа және қорқыныш жағдайына алып келеді. Мұндай уайымнан жүрек талмасы,  бас ауыруы және қан қысымының жоғарылап не төмендеп кетуі мүмкін. 

Мұндай жағдайларда психолог маманның көмегіне, ал кейде психотерапевтің көмегіне жүгінген жөн.

«Мұндағы ең бастысы – сізге көмек керек екендігін түсіну. Мұндай жағдайға тап болған адамдар оларға басқа ешкім көмектесе алмайтындай есептейді. Немесе өз қажеттіліктерін мойындамайды. Тіпті маманмен немесе достарымен болған қарапайым әңгіме адамға қиын жағдайдан шығатын жол табуға көмектеседі», - деп есептейді психолог Шарапат Байбол. 

          

Кредитті ресімдеуге қалай дайындалған дұрыс?

 Бірінші кезекте кез келген кредит – үлкен жауапкершілік екенін есте сақтау қажет! Оны алмас бұрын, ол сізге расымен қажет пе, жоқ па соны ойлаңыз. Оны ресімдеу арқылы сіз кредитор алдында өзіңізге белгілі бір қаржылық міндеттерді артасыз. Жеке бюджетке қосымша жүктеме салудан бас тартқан жөн. Кредиторлардың қызықтыратын жарнамалары мен маркетингтік айлаларына алданбаңыз. Шарттары анағұрлым жақсы болмаса, ешқандай жағдайда «алдыңғы» кредитті өтеу үшін жаңа кредит алудың қажеті жоқ. 

Барлық тәуекелдерді саралаңыз. Мысалы, сіз жұмыссыз қалу немесе сырқат салдарынан уақытша еңбекке қабілетсіз болсаңыз, кредит бойынша төлемді уақытылы енгізе аласыз ба, тағы басқасы. 

Борыш жүктемесінің коэффициенті туралы ұмытпаңыз. Қарыз бойынша ай сайынғы төлем сіздің ресми табысыңыздың жартысынан (50%) аспауы тиіс. Кредит бойынша ай сайынғы төлемді төлегеннен кейін сізде отбасының әрбір ересек мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің сомасынан және әрбір кәмелетке толмаған мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің жарты сомасынан кем болмайтындай қаражат қалуы тиіс. Егер кредитті өтеуіңізге бүкіл дерлік табысыңыз жұмсалатын болса, онда сіз қарызға батып кетпеу үшін кредит туралы ұмытқаныңыз абзал.   

Қарызды рәсімдеу алдында бірнеше қаржы ұйымдарының ұсыныстарын мұқият зерделеңіз. Бұл ретте сізге қарыз берудің алдын ала шарттарын қамтитын жадынама көмектеседі. Шарт жасасқанға дейін қарыздың негізгі шарттары туралы толық ақпарат бар титул парағына ерекше назар аударыңыз.

Шартқа қол қоймас бұрын оның талаптарын мұқият оқып шығыңыз! Егер бір нәрсе түсініксіз болса, қаржы ұйымының менеджерінен сұраңыз. Шарттың талаптары бойынша, тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы, оның ішінде мерзімі өткен жағдайда салдары туралы кез келген нақтылайтын сұрақтар қойыңыз. Мүмкіндік болса, заңгермен кеңесіңіз.

Егер сіз ұзақ мерзімді кредиттен қорқу сезімін сезсеңіз, оның немен байланысты екенін анықтаңыз. Мүмкін, сіз жұмыс істейтін ұйымыңыз шығынға ұшырауы, штатты қысқарту жоспарлануы және т.б. себептерден сізде түпсаналық деңгейде ертеңгі күнге деген сенімсіздік сезімі артуда. Дәл осындай жағдайға қаржылық қауіпсіздік жастықшасы қарастырылған, яғни күтпеген жағдайларға ақша сақтау.

Қаржылық қолдаудың қосымша көздерін міндетті түрде қарастырыңыз: төтенше жағдай орын алса сізді туыстарыңыз, достарыңыз немесе жұбайыңыз/зайыбыңыз қаржылай сақтандыра ала ма. Қосымша табыс көздерін қалай табуға болатындығын ойланыңыз.

Қаржы ұйымдарынан қарыз алған достарыңызбен, таныстарыңызбен сөйлесіңіз. Олармен сөйлескеннен кейін иллюзия ықтималдығы азаяды.

Сіздің кредит туралы шешіміңіз, әсіресе ұзақ мерзімді, салмақты, ойластырылған және максималды шынайы болуы керек, тек осылайша орын алуы мүмкін кредит тұзағына байланысты психологиялық ыңғайсыздықты азайтуға және қаржылық тәуелділіктен қорқу сезімін жоюға болады.

 

Оқылды 897 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет