Сәрсенбі, 09 Наурыз 2022 15:04

Көпсалалы кәсіптегі көпбалалы ана

Қазақтың даңқты қолбасшысы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда «қу бас» деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз – сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат «жемісі» ешқашанда болмайды» деген. Рас, қыз баласы – әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі. Әйел заты өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілдіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімнің айнасы. Сондықтан ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді. Қазіргі қоғамда әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ол – өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Осындай ізгі қасиеттер бойынан табылатын Бәйтерек ауылының тұрғыны Жазира Отарбаева бүгінде асыл жар, 8 баланың ардақты анасы және қабілетті кәсіпкер.

Сұлулық пен мейірімділіктің символы болған қыз-келіншектердің төл мейрамы қарсаңында өмірі мен кәсібін бала тәрбиесіне арнаған Жазира Жеңісбайқызымен жүздесіп, мерекемен құттықтаған едік.

Жолдасы Азамат Құдайбергеновпен 2 ұл 6 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана 1986 жылы дүниеге келген. Орта мектепті Түрген ауылында тәмамдаған.

– Түрген ауылындағы Қазақ орта мектебін бітірдім. 18 жасымда тұрмысқа шығып, үлкен өмірге қадам бастым. Алматыдағы Д.Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алдым, – дейді Жазира Отарбаева.

Қазақта «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген даналық бар. Бүгінде өмірлік серігімен балаларына саналы тәрбие берумен қатар, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, ауданымыздың балаларын сапалы біліммен сусындатып отыр. 2017 жылы «Нұр жолы» балабақшасының іргетасын қалаған кәсіпкер кейіннен «Мейірімді періште» балабақшасын, 2019 жылы «Мейірімді періште» мектеп-гимназиясын, спорт-өнер мектебін және биыл «Мед-Фараби» медициналық оңалту орталығын ашқан. Қазіргі таңда мемлекетпен бірлескен серіктестік нәтижесінде балаларды өнер мен білімге, спортқа баулуда. Қазіргі уақытта мектеп гимназиясында 600 бала білім алады. Балабақшаларда 190 бүлдіршін тәрбиеленеді. Жақында ғана ашылған медициналық оңалту орталығы 120 адамға арналған, оның ішінде 40 орын күндізгі стационар.

«Ер – елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей, отбасындағы береке-бірліктің ұйытқысы – ана екені даусыз. Осыншама мекемелерді басқара жүріп, әрдайым өз балаларының жанынан табылатын Жазира Жеңісбайқызы жұмыстан тыс уақытта ұл-қыздарының қасында болады.

– «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деген Мұхтар Әуезовтің жақсы сөзі бар. Расында, бала тәрбиесі – өте нәзік дүние, оған асқан жауапкершілікпен қарау керек. Сондықтан жұмыстан кейінгі уақытымды және демалыс күндерін отбасымның жанында өткізуге тырысамын. Балаларымның үлкені 17 жасқа толады, ал кенжем 1 жаста. Бір-біріне қамқор болып, өсіп жатыр, – деген көпбалалы ана жас отбасыларға өзінің кеңесін берді.

– Бала – өмірдің мәні. Қалай асыраймын, қалай бағып-қағамын деген сұрақ мазаламауы тиіс. «Қой егіз тапса, бір түп жусан артық шығады» деген жақсы сөз бар. Алла бала берсе, несібесімен береді. Сондай-ақ мемлекетіміз көпбалалы аналарға барынша қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше жағдай жасауда. Одан бөлек, еңбек етемін деп ниеттенген азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндік берілуде. Кәсіп ашамын десеңіз, тегін оқытады, құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдеседі және қаржылай көмек те қарастырады. Оның сыртында жеңілдетілген несие тағы бар. Мемлекет көрсеткен осындай қамқорлықтың арқасында бүгінде кәсібімізді дөңгелетіп отырмыз, – дейді кәсіпкер ана.

 

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 1026 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет