Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024 09:34

Биыл вольфрам өндіру қолға алынбақшы

Баршаға аян, 2019 жылдан бастап Сөгеті ауылдық округіндегі Бұғыты жерінде вольфрам кендерін өндіру әрі қайта өңдеу зауытының құрылысы басталған болатын.  Бұл орташа шамадағы тау-кен байыту  орнынан  «Кәсіпорынның жобалық қуаты  65%  вольфрам концентратын шығарумен 3,3 млн тонна вольфрам кендерін өндіру және өңдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Кәсіпорынды құрылыс-монтаждау және тау-кен дайындау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Іске қосу 2024 жылдың соңына жоспарланған. Кен байыту фабрикасы 1000 адамды жұмыспен қамтиды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қыркүйек айының басында ауданымызда орналасқан осы «Жетісу Вольфрам» ЖШС-нің  қарқынмен жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен  Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен облыстық мәслихаттың төраға-сы Қуат Байгоджаев  мән-жай-ды білуге барып, жұмыс барысымен танысып,  компания басшыларымен жобалардың қазіргі жағдайын талқылады. Компанияның алдағы жоспарлары мен инвестициялық мүм-кіндіктерін пайымдап, құрылыс жұмыстарының сапасына да баса көңіл бөліп, жұмыстың уақтысында аяқталуы жолында қажетті шараларға жүгіну  атап өтілді.

«Қытай азаматтық инженер-лік-құрылыс корпорациясы» ЖШС бас мердігер ұйым ретін-де танылды. Жалпы инвестиция көлемі  135 млрд теңгені құрады. «Жетісу  Вольфрамы» ЖШС-де 216 адам жұмыспен қамтылған. Оның 175 адамы қазақстандық азаматтар. Қазіргі таңда 13 ауданнан тартылған жастар Қытайда арнайы тау-кен мамандығы бойынша оқытылуда екен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлығы түсті металлургия саласында 1,8 трлн теңгеге 49 жоба жүзеге асырылмақ. Оларды жүзеге асыру негізінде 11 мыңнан астам азаматты жұмыс орындарымен қамту мүмкіндігі туындайтын көрінеді. Ол жұмыс орындарының 7400-ге жуығы ауылдық жерлерден, 377-сі мо-ноқалалардан ашылмақшы.

Барлық 49 жобаның жоба-лық қуатына шаққандағы өн-дірістік көлем шамамен 2,3 трлн теңгенің өнімін шығару жоспарланған. Осыған орай ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Jiaxinq International Resour-ces investment LTD» бас ком-паниясының өкілдерімен кездесіп, тараптар алматы облысындағы Бұғыты кен ор-нының вольфрам өндіру жобасын іске асыру барысын тал-қылаған.

Бұғыты кен орынының құрылысын жүргізіп жатқан «Жетісу Вольфрам» ЖШС-нің құрылтайшылары – «Арал-Кеген» ЖШС-і мен  Ever Trillion International Singapore PTE7 LTD. Ал «Арал-Кеген» ЖШС-інің құрылтайшысы осы жоға-рыда аталған Сингапурда тір-келген компания.

Жобаның іске асуы аудан-ның әлеуметтік-экономика-лық дамуына да қосар үлесі қомақты болмақ. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын ашу-ға да мүмкіндік туғызады. 2021 жылдан бастап осы уақыт-қа дейін аталған инвестор Сөгеті ауылдық округі мен оның тұрғындарына 200  млн теңгеге жуық демеушілік көмек көрсеткен. Оның ішінде қо-мақты қаржыға арнайы ауыл шаруашылық техникалары алынып берілген. Сондай-ақ, бұл компания Шелек политех-никалық колледж дуалды оқыту жүйесі арқылы да байланыс нығайып келеді. Жобаның аяқталу мерзімі 2024 жылдың қараша айы деп жоспарлануда.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 219 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет