Бейсенбі, 03 Қазан 2024 10:54

Жұлдызы жанған жан

 

Мамырдың мамыражай мақпал түні. Салқын, самалды, май тоңғысыз. Алты ай қыстың ызғары кеткенімен, түннің салқын ауасынан дене тітіркейді. Ауыл ортасында орналасқан Жеткербай отбасының еңселі үйінің шам жарығы сөнбеген. Бұл күнделікті үйреншікті көрініс.

Ортаңғы бөлмеде қалам-қарындашын қолға алып, география, биология оқулықтарымен түрлі әдебиеттерге шұқшиған қаршадай қыз отыр. Керекті деректерді дәптерге түртіп алады да, ойға шомады. Бұл бармақтай қыздың бойына жастай, ойын баласы емес, ой тұңғиығының тереңіне бойлайтын үйреншікті әдеті. Қалыптасқан қадірлі қасиеті.

Жатын бөлмесінен шыққан Дәмегүл ана:

– Құлыным-ау, түннің жарымы ауып барады. Көзмайыңды тауыспай жат-саңшы, – деп қызының желбегей жамылып отырған сырт киімін түзеп, аналық ақ алғысқа толы мейірімін төгіп, жатын бөлмесіне кіріп бара жатып.

– Қазір, қазір, ана. Аз қалды. Ойымды қорыта салайын, – деп анасының мейіріміне, балалық мейіріммен еркелей тіл қатып, оқулықтарды аударыстыра бастады.

Арада біршама уақыт өтті. Мамыр-дың мақпал түні де түтіндігін түретін мезгіл де таяу. Бөлмесінен жөткеріне шыққан әкесі Жеткербай да:

– Қарғашым, таңғы торғай шырылдайтын мезгіл болды. Демалсаңшы. Ағзаға мұнша күш түсіруге болмайды, – деп өмірлік дағдысына айналған, таң самалымен салқын суға шайынып, ертеңге бой жазуға бет алды.

– Иә, әкешім. Бітірдім. Өзім де демалуға жиналып жатырмын, – деп жатын бөлмесіне бет алды.

Таңғы тәтті ұйқы құшағына енер алдында да ой тұңғиығының тереңінен бірден «малтығып» шыға қойған жоқ.

Асқар таудай әкесі мен тоғыз ай көтеріп, түн ұйқысын төрт бөліп, мәпе-леп өсіріп келе жатқан аяулы анасы – адам жанының арашасы – ақ халатты абзал жан болса, әкесі – мал дәрігері. Екеуі де жоғары білімді, ғалым мамандар. Мектеп бітіруге таяқ тастам уақыт қалған. Мамандық таңдаудағы отбасылық талқылауда Жеткербай аға мен Дәмегүл ана:

– Қызым, бой жетіп қалдың. Адамға әлімсақтан, жар таңдау мен мамандық таңдаудан қателесуге болмайды деген өмірлік тәжірибе, қарапайым, қағидалы пәлсапа бар. Таңдауыңды айт. Қайсымыздың ізімізді жалғайсың. Са-бақтастық болсын, – деген қолқа салған. Сонда қаршадай қыз:

– Мен бала жанының бағбаны – ұстаз болам. Бірде ұлы Мағжан Жұмабаев атамыздың «Үш жүздің басы қосылғанда, төр ұстаздікі» деген ұлағатты сөзін оқығаным бар. Содан бері «Ұстазым менің ұстазым, өзің-мен өткен қыс-жазым», – деген өлең шумақтары, қос құлағымда сылдырлап, сыр шертіп тұрады, – деп нық сенімін айтқанда, әке мен ана үнсіз бас изеп, іштей ақ батасын жаудырған еді.

«Батамен ел, жаңбырмен жар көге-реді», – деген рас екен. Тұлымшағы желбіреген қаршадай қыз орта мектепті үздік бітірді. Еткен еңбек, білім жолында төккен тер ақталды. Ұстаздардың «ұстаханасы» атанған қарт «ҚазПИ»-ге қиналмай-ақ түсті.

Болашақ географ-биолог факульте-тінің студенті атанды. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін жалындаған жастық шақ. Аспан тау, жасыл желекке оранған Алматы. Әртараптан бас қосқан, білім қуған қыз-жігіттер. Алып ұшып, ала бұртқан көңіл-күй. Білім қуам, қызық қуам десең де өз еркіңде. Тамара алғашқы күннен-ақ кітапхана мен студенттік аудиторияны таңдады. Бала жастан қалыптасқан дәстүрлі әдеті инемен білім құдығын қазу. Санада «Тәрбиесіз берілген білім – қасірет» деген отбасында берілген, қарапайым қазақы тәрбие іздері сара жолдай сайрап жатты. Іздеген жетер мұратқа. Арман алдамайды. Ата-ананың ақыл-парасатын тыңдаған жан – бақытты. Әрі жұлдызы қашан да жоғары жарқырап, бағдаршам болып тұрады. Ақыры арман қуған Тамара жоғары оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, бесаспап географ-биолог мамандығының дипломын алды.

Уақыт шіркінде дауа жоқ. Ұшқыр уақыт өте шықты. Міне, Ещанова Тамара Жеткербайқызының ұстаздық еңбек жолы бүгінде үш ондықты құрап отыр. Аттай желіп 30 жыл өте шықты. Жылдар жемісті болды. Кешегі құлыншақтай құлдыраңдаған Тамара бүгінде тәжіри-бесі толысқан, ортасына сыйлы, әріп-тестерінен оқ бойы озық маман.

Тамара Ещанованың «А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында» ге-ография пәнінен ұстаздық етіп келе жатқанына 20 жылдың жүзіне ауды.

Кешегі ұяң, инабатты, қаршадай қыз бүгінде жұлдызы жанған, ұстаздық шыңына шыққан, шеберлігі шыңдалған, ұлағатты ұстаз. Үлгілі ана. Төрт бала тәрбиелеп, мыңдаған дарынды шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздардың ұстазы.

Тамара Жеткербайқызының еңбегі еленді. Ұстаз 2018 жылы «Білім-иннова-ция» ХҚҚ-ның, ҚРБҒМ-нің Алғыс хатын, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының құрмет грамотасының, Алматы облысы білім басқармасы облыстық «Үздік география пәні мұғалімі» байқауында «Зерттеуші мұғалім» номинациясының жеңімпазы атанды. Ал, 2019 жылы «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, Алматы облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды. Ізденістің ізі мен жаңалықтың жаршысы  бола жүріп, 2021 жылы облыстық «Үздік педагог-2020-2021» конкурсының жеңімпазы ретінде танылды. Тізе берсек марапаттар тізімі жалғаса береді. Алайда ұстаз үшін ең жоғарғы марапат – шәкірттері мен ата-ана қауымының ақ тілегі мен мейірім-шапағаты.

Т. Жеткербайқызының үлгі тұтар істері – шәкірттерін облыстық, республикалық, халықаралық пән олимпиадаларына дайындауы. Атап айтсақ, ұстаздың 2012 жылдардан бері республикалық пән олимпиадасында І орынмен 20, ІІ орынмен 49, жүлделі ІІІ орынмен 48 шәкірттерінің жұлдыздары жоғары болды. Ал Канададағы 2018 жылы халықаралық олимпиадада Нұрғазы Айдос, Тимур Мирхакимов сертификат иеленсе, Оңтүстік Кореядағы халық-аралық ғылыми жоба жарысында Әлім Шыңғыс ІІІ орын иеленді. Бұл ұстаз бен шәкірттердің үздіксіз ізденісінің жемісі, төккен тердің төлемі.

– Соңғы 3 жылда білім ордасы Алматы облысы бойынша өткізілетін пәнаралық олимпиада да үнемі І орыннан түскен емес. Мұның басты себебі, жас ұрпаққа білім берудің озық инновациялық әлемдік білім беру стандарттарын енгізіп, ұстаздардың білімділігі мен біліктіліктердің арқасы. Оны тиімді ұйымдастырып отырған лицей директоры Нұрболат Алтынбекұлының, педа-гогикалық шеберлігі мен білім ордасын жаңаша басқаруының нәтижесі. Атап айтсам, соңғы 3 жыл аралығында лицей түлектерінің ҰБТ-ғы орташа көрсеткіші 107-110 балдан түскен емес, – дейді ұстаз сөз арасында.

Дөңгеленген дүниенің төрт бұры-шындағы ең абзал, қиын, қызық, құрмет тұтуға лайықты мамандық – ол ұстаз. Ұстаздықтың ұлы жолы, көк күмбезіндегі құс жолындай жарқырап тұрады. Себебі ұстаз тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын білімнің кәусар шырынымен сусындатады.

Тәуелсіз еліміздің көгілдір аспанында көк туымыз желбіреп жол көрсетіп тұр. Балаң сезімнің бүршік жарған жарқын жұлдыздарын ерлік, қайсарлық, білімділік, имандылыққа баулып жүрген Т.Ещанованың арман-мақсаты да көк тудай желбіреп, асқақтауда. Қазақ көгінде жарық жұлдыздар жарқырап тұр. Тамараның жұлдыздары да ерекше көзге ұрады. Ол – ұстаз, ардақты ана жаққан жарық жұлдыздар. Тамара – жұлдызы жанған жан.

Мұндайда дана қазақ, баба-қазақ қашан да жұлдызың жоғары болсын дейді. Осы ұлттық ұлағатты ұғымға біздің де алып, қосарымыз жоқ. Жұлдызың жарық болсын, Тамара!

Аманқожа ЖҰМАБАЕВ,

ауданның құрметті азаматы.

Оқылды 56 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Цифрландыру саясаты – даму тетігі Қарттарға құрмет »

Соңғы жаңалықтар

Қар 28, 2024

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық…

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі (Нұр-Сұлтан қаласы) Ұлы Отан, екінші дүниежүзілік…
Қар 28, 2024

2. ОО «Atamnyn amanaty», Астана,…

https://atamnyn-amanaty.kz/, Здравствуйте! Для подачи заявки в ОО «ATAMNYN AMANATY»…
Қар 28, 2024

Ұлт саулығы — маңызды мәселе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қар 28, 2024

Алматы облыстық мәслихатының № 15…

Мен Галиев Бақытжан Карлұлы, 1974 жылы 5 қараша күні Есік қаласында дүниеге келдім. Ұлтым…
Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет