Мемлекет Басшысы «Цифрландыру біз үшін ұлттық деңгейдегі басымдыққа айналды» – дей отырып, өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында оны еліміздің дамуындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде ерекше атап өтеді.
Қазіргі уақытта облыста IT саласында 246 компания жұмыс істейді. Олардың өз қызметтерінің негізінде жүзеге асырып жатқан іс-шаралары облыстың «Ақпарат және байланыс» көрсеткіші бойынша нақты көлем индексінің тұрақты өсімін қамтамасыз етуде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша аталған көрсеткіштің өсімі алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 111%-ды құраса, 2024 жылдың 1 жарты-жылдығында 124%-ды құрап, бюджетке 1 млрд.теңге көлеміндегі кіріс әкелді.
Соңғы жыл ішінде цифрлық технологиялар басқармасымен бірнеше ма-ңызды бастамалар жүзеге асырылды.
Атап айтсақ, Қонаев қаласында «109 – бірыңғай байланыс орталығы» жобасы жүзеге асырылды. Бұл тұрғындар мен облыс қонақтарының өтініштерін қабылдау, орын алған инциденттерді, апаттық жағдайларды шешу кезінде коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру, инциденттердің уақтылы орындалуын бақылау, құқық бұзушылықтарды анықтау және өңдеу болып табылады. Байланыс орталы-ғына облыстың кез келген азаматы 109 қысқа номері арқылы хабарласып, өтінім қалдыра алады.
Байланыс орталығы ашылғаннан бері облыс тұрғындарынан 9118 қоңы-рау келіп түсті, солардың негізінде олар-дың 9033 мәселесі шешіліп, 85 мәселе бойынша құзіретті мекемелер жұмыс жүргізуде.
109 – бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық қызмет диспетчерлерінің жүктемесін едәуір жеңілдетіп, облыс тұрғындарының өтінімдерін жедел өңдеу құралына айналды. Алдағы жылдары мемлекеттік мекемелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметіне қатысты бюджетті жоспарлауда 109 қызметінің талдама ақпаратына сүйеніп, халық көп шағымданған салаларды қаржыландыруды күшейтетін болады.
Жүзеге асырылған ауқымды жоба-лардың тағы бірі – 15 мамырда Қонаев қаласында іске қосылған Астана hub филиалы – аймақтық «Алатау hub»-тың ашылуы. Бұл технологиялық инфра-құрылымды дамытуда және өңірдегі инновациялық идеяларды қолдауда, сондай-ақ білім мен тәжірибе алмасуда маңызды қадам болып табылады. Басты міндет – жас стартаперлер, инвесторлар, тәлімгерлер және цифрлық жобаларды жоғары деңгейге шығаруға мүдделі барлық мамандар бірігетін жергілікті IT қауымдастығын құру. Осы орталықтың базасында Қонаев қала-сында IT саласын дамытуға бағыттал-ған Aqyl Battle, IT Quiz, Speaker Talks, Workshop, Bootcamp сияқты іс-шаралар өткізіледі.
«Алатау hub»-та өңірде технология-лық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында еліміздің ірі IT-компанияларының көр-месі ұйымдастырылды, онда аймақтың үздік стартаптары өз жобаларын таныстырды.
Сонымен қатар, орталықта робототехника және бағдарламалау бойынша сабақтар жүргізіледі. Бұл балаларға технология әлеміне енуге ерекше мүмкіндік береді. «Алатау hub»-та өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты Instagram әлеуметтік желісіндегі @alatau.hub парақшасынан алуға болады.
Басқарма екінші жыл қатарынан IT - жобалар бойынша оқушылар арасында конкурс өткізуде. Ағымдағы жылдың наурыз айында Алматы облысының 8-10 сынып оқушылары арасында конкурс өткізілді. Барлық аудандар мен қалалар қатысып, 10 үздік IT-жоба анықталды. Облыстық байқау 2024 жылдың 4 тоқ-санына жоспарланған. Жүлде қоры де-меушілер есебінен ұйымдастырылады.
Басқарма облыстық білім басқар-масымен және «R:ED Fest» ЖШС-мен бірлесіп, Қазақстандық оқушылар арасында робототехника мен ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу шеңберінде ағымдағы жылдың сәуір айында Қонаев қаласындағы №10 мектеп алаңында робототехника және бағдарламалау бойынша ашық халықаралық фестивальдің облыстық кезеңін өткізді. Фестиваль гибридті форматта өтті (онлайн және офлайн). Халықаралық фестиваль 2024 жылдың 4 тоқсанында Әзірбайжан, Өзбек-стан, Беларусь және т.б. елдердің командаларының қатысуымен Астана қаласында жоспарланған.
Сонымен қатар, биылғы жылы алғаш рет басқарманың бастамасымен болашақта облыста цифрландыру саласында қызмет ететін мамандарды даярлау мақсатында Сүлеймен Демирель атындағы университеттің екі ректорлық гранты облыстың мектеп бітіруші түлектеріне берілді. Грантқа үміткерлер ретінде ұлттық бірыңғай тестілеуде «Математика-Информатика» бағытында кемінде 85 балл жинаған оқушылар іріктеліп, өздерінің болашақтарын ІТ саласымен байланыстыратын, ағылшын тілін жақсы меңгерген, бағдарламалау бойынша әртүрлі деңгейлердегі олимпиадаларға қатысқан екі түлек грант иегері атанды.
Цифрлық технологиялар басқар-масы және «KazAeroSpace» ЖШС 2022 жылдың желтоқсанынан бастап Алматы облысының цифрлық көшірмесі жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты – әкімдіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішкі процесстерін, аналитикалық және бағдарламалық түрде визуализациялау мүмкіндігі бар кеңістікте облыстың Цифрлық көшірмесін жасау арқылы өзара іс-қимыл процестерін оңтайландыру болып табылады.
Бүгінгі күнге цифрлық көшірмеде визуализация, модельдеу және деректерді талдау мүмкіндігі бар 24 тақырыптық карта жасалған. Тақырыптық карталардың ішінде автомобиль жолдарының карталары, 3D картасы, бас жоспар және басқалары бар.
Цифрлық көшірме карталарының дәлдігі 10-15 см-ге дейін жетеді, бұл жобалау, салу және басқару кезінде тиімді әрі жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Жалпы жобаның берер мүмкіндіктері:
– инфрақұрылымды геокеңістіктік талдау арқылы жобалық құжаттаманы әзірлеу бөлігінде бюджеттік шығыстарды оңтайландыру;
– төтенше және басқа жағдайларда жедел шешім қабылдау уақытын қысқарту;
– автомобиль жолдарының интерак-тивті картасындағы талдау арқылы жол қауіпсіздігін арттыру;
– инженерлік желілердің цифрлық карталары негізінде коммуналдық қыз-меттердің үйлесімділігі арқылы төтенше жағдайларды азайту;
– әртүрлі даму сценарийлерін модельдеу арқылы инвесторларға ықти-мал тәуекелдер мен кірістерді бағалау.
Осы мысалдардың барлығы өмір сапасын жақсартуға, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайтуға және тиісті салаларда тұрақты және интеллектуалды дамуды қамтамасыз етуге көмектеседі.
Цифрландыруды дамыту сәйкес инфрақұрылымды – тұрақты интернет байланысын қамтамасыз етуді талап етеді.
Бүгінгі таңда облыста 368 ауылдық елді мекеннің 344-і (93,5%) интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамта-масыз етілген.
Облыста байланыс пен интернет сапасын арттыру «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының және «Алматы облысының елді мекендерін сапалы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етудің 2023-2027 жж. арналған жол кар-тасының» негізінде жүзеге асырылуда.
Соңғы жылдың ішінде «КаР-Тел» ЖШС (Билайн сауда белгісімен) Ұйғыр ауданының Кепебұлақ ауылын, Балқаш ауданының Орақты батыр, Қараөзек ауылдарын, Кеген ауданының Темірлік ауылын мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті. Жыл соңына дейін «КаР-Тел» ЖШС Балқаш ауданының Қоскүмбез, Арқар ауылдарына, ал «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2/Алтел сауда белгісімен) Жамбыл ауданының Шилібастау, Ұйғыр ауданының Рахат ауылдарына 4G стан-дартындағы интернет қосуды көздеп отыр.
Бүгінгі күні Қонаев қаласында орна-тылған «Кселл» АҚ-ның 10, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің 6 базалық станциясы облыс орталығының тұрғын-дарына жоғары жылдамдықты 5G стан-дартындағы мобильді интернетті пайдалану мүмкіндігін берді.
Ауыл мектептерін Starlink спутниктік технологиясына негізделген жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба шеңберінде облыстың 73 мектебіне жылдамдығы 200 Мбит/с-ке дейін жететін интернет қосылды.
Облыс халқын тұрақты жоғары жыл-дамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен шағын байланыс операторларына электр беру желілерінің тіректерін өтеусіз негізде беру жөнінде келісімге қол жеткізілді. Бүгінгі күні цифрлық технологиялар басқармасы 28 шағын байланыс операторларымен облыстың 134 елді мекенінде талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясына негізделген жоғары жылдамдықты интернет жүргізу бойынша меморандумдар жасасып, тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы іс-шараның негізінде облыста 70-ке жуық тұрақты жұмыс орындары ашылып, интернет қызметтерін ұсынатын компаниялардың көбеюі бұл салада қоғамға пайдалы бәсекелестіктің орын алуына жол ашты.
«Freedom Telecom» ЖШС Қонаев қаласының 65 әлеуметтік объектісін тегін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында 104 км талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізді.
Басқарманың бастамасымен биылғы жылы Қонаев қалалық әкімшілігіне қарасты Шеңгелді ауылына және Ұйғыр ауданындағы Рахат ауылына талшықты-оптикалық байланыс желісі жеткізіліп, осы ауылдардағы 150-ге жуық үй жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Ауыл тұрғындарын осындай сапалы интернетке қосу цифрлық теңсіздікті жоя отырып, азаматтардың мемлекеттік қызметтер алуына, әр түрлі онлайн сервистерді пайдалануына қолайлы жағдай туғызады.
Тұрғындарға осындай технологияға негізделген интернет жеткізу «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының іс-шараларында да көзделген. Ұлттық жоба аясында облысымыздың 98 ауылы жоғары жылдамдықты интернетпен, сонымен қатар республикалық және бірінші кезектегі облыстық автомобиль жолдары мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етіледі.
Басқарма цифрландыру арқылы облыс халқының күнделікті өмірін ыңғайлы ету мақсатында да бірнеше жобаларды жүзеге асыруда, атап айтсақ:
– Қонаев қаласының тұрғындарына қалалық қызметтер мен сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Smart Qonaev» мобильді қосымшасын іске қосу;
– Қоқыс контейнерлерін цифрландыру;
– Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік-ті арттыру үшін жедел басқару орталы-ғына бейнебақылау камераларын қосу;
– Қонаев қаласының мектептерінде өрт дабылы жүйелерін орнатып, оларды төтенше жағдайлар департаментіне тікелей қосу;
– Алматы облысының барлық мектепке дейінгі мекемелерінде қар-жыландыруды бақылауды жүзеге асыру мақсатында биометриялық сәйкес-тендіру жүйесін қолданысқа енгізу.
Алға қойған жоспарлар да аз емес. Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы «Алматы облысында жол және қоғамдық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесі тіркеген деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жоба жол қауіп-сіздігі деңгейін арттыруға, жол-көлік апаты мен олардың құрбандар санын азайтуға, заманауи технологиялық шешімдер арқылы қоғамдық қауіпсіздікті жақсартуға, жол қозғалысы мен инфра-құрылымды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Жоба толығымен 2025 жылы жүзеге асады деп күтілуде.
Цифрландыру біртіндеп адам өмі-рінің барлық салаларына еніп келеді. Осы ретте, цифрлық технологиялар басқармасының облыста осы саланы дамытуға қосатын үлесі арта береді деп сенеміз.
Цифровизация басқармасы.
Суреттерді түсірген: Асылан Қажеке.