Бейсенбі, 17 Қазан 2024 12:09

Археологтар байланысы арта түсті

Жақында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Жібек жолы археологиялық бірлескен орталығының»
Есік филиалы ашылды. Іс-шараға Қытай Халық Республикасы Шэнси провинциясы Шиан қаласы, Жібек жолы археологиялық зерттеу орталығының директоры,
профессор Жао Роң, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Алматы облысы мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының орынбасары Гүлнұр Домбай және ұстаздар қауымы қатысты.
Іс-шарада «Жібек жолы ар-хеологиялық бірлескен зерттеу орталығының» Есік филиалын құру мақсатында екі ел арасында келісім-шартқа қол қою рәсімі өтті. Профессор Жао Роң барша қазақ халқын құттықтап, «Жібек жолы археологиялық бірлескен зерттеу орталығы-ның Есік филиалын тағайын-дау» куәлігін табыстады.
Филиалда болашақта Жібек жолы археологиясын зерттеу мақсатында археологиялық және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау, насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, келген қонақтарға қорғандар мен музей іші толық таныс-тырылды. Шара соңында қонақтарға қазақ халқының қонақжайлығын танытып, киіз үй ішінде ақ дастархан жайып, дәм ұсынды.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы алғаш құрылған күннен бастап шет-елдік әріптестермен тығыз қарым-қатынас орнатуға ба-са назар аударып келеді. Солардың қатарында 2017 жылдан бастап ғылыми-археологиялық зерттеу саласында ҚХР Шәнши проввинциясы Сиан қаласындағы Шәнши археологиялық институтымен жұмыс істеп келеді. «Есік» филиалының ашылуы осындай көп жылғы ғылыми байланыстардың жемісті нәтижесі.

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 418 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ауылым – алтын бесігім Жаңа автобус бағыты іске қосылды »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет