Бейсенбі, 14 Қараша 2024 15:21

Бекзада өнер бәйгесі

Қазақ халқының ежелден келе жатқан аңшылық, саятшылық кәсібі бүгінде ұлттық спорт түріне айналып, бекзада өнермен айналысушылардың қатары жыл санап артып келеді. Оның бірден бір дәлелі, ауданымызда жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Сонар» халықаралық турнирі. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп хакім Абай жырлағандай, алғашқы қарда құсбегі-саятшылар

Төле би ауылының маңындағы «Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығында бас қосты.

Турнирге Моңғолия, Қытай және Қырғызстан мемлекеттерінен және еліміздің 13 облысынан 80-нен аса құсбегі қатысты. Ұлттық өнерді тамашалауға келгендердің де қарасы қалың. Аудан әкімі Талғат Байеділов те жарысқа арнайы қатысып, қолына құс қондырған құсбегілерге сәттілік тіледі.

– Бұл турнир – ұлттық мұрамызды дәріптеп, құсбегілік өнерін жаңғыртуға бағытталған ерекше шара. Құсбегілік – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, ол тек спорт қана емес, табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің ерекше үлгісі. Бүгін мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен және шет елдерден келген ең мықты құсбегілер бас қосып отыр. Бұл жарыс жастарды ұлттық құндылықтарға баулып, шеберлікті шыңдауға мүмкіндік бере-ді. Мұндай шаралар ұлттық спорттың халықаралық деңгейде танылуына да ықпал етеді, – деді Талғат Ескендір-ұлы.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы облысы әкімдігі, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Құсбегілік» федерациясы және «Самұрық-Қазына» қоры ұйымдастырған турнир 3 күнге созылды. Шараның салтанатты жабылуында Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев жеңімпаздарға марапаттарын табыстады.

– Құсбегілік – қазақ халқының даналығы мен шеберлігінің көрінісі. Құсты қолға үйрету, аңшылыққа бейімдеу – үлкен еңбекті қажет ететін өнер. Осындай турнирлер бұл мұраны сақтап, дамытуға үлкен үлес қосады. Ұлттық спортты насихаттау – болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз, – деп атап өтті Болат Күреңбеков.

Жарыс нәтижесі бойынша, бүркіт баптаған астаналық Ерасыл Серікбекұлы «Ақбас» бүркітімен І орынды, Жетісу облысынан келген Жасұлан Бүркітбай «Ақбөрте» қыранымен ІІ орынды, Абай облысынан келген Ринат Алимғазин «Қарадауыл» бүркітімен ІІІ орынды иеленді.

Аңға ителгі салған қарағандылық Таңат Оспанқұлов І, ІІ орынды, павлодарлық Ермек Иманзаип «Шолақ» атты ителгісімен ІІІ орынды қанжығалады.

Алматы облысының құсбегісі Бексұлтан Сейітжан «Ақниет» атты қаршығасымен І орынға, Сағыныш Баетбай «Көкжендет» қаршығасымен ІІ орынға, Жамбыл облысынан келген Берікболсын Бабажан «Қаңжар» қаршығасымен ІІІ орынға жайғасты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлде-герлері диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.                                  

  С.НҰРАДИН.

 

Оқылды 844 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұрпаққа тарту Eлянұр – әлем чемпионы »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет