Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024 17:23

Қанды қақтығыстың қайсар қызы

1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы көшелерінен Л.И.Брежнев  атындағы орталық алаңға қарай халық топталып ағылып, келіп жатты.  Бұл бейбіт шеру – Қазақстанның басшысы Д.А.Қонаевты орнынан алып,  Ресейдің қайдағы бір облысындағы партия комитетінің бірінші хатшысы  Г.Колбинді Қазақстан КП ОК-ның бірінші хатшысы етіп тағайындаған Кремльдің шешіміне қарсылық еді. «Көлденең көк аттыны» алып келіп, республиканы  басқаруға  тағайындаудың себебін түсіндіруді талап еткен бейбіт шеру ақыры саяси көтеріліске ұласты.

Алайда қазақ жастарымен бұл мәселені келіссөз, бейбіт тәсілмен шешудің орнына, өздерін кінәлап, «нашақорлар мен маскүнемдер» деп, арандату әрекетіне бұрмалады. Қыстың қақаған аязды күндері жиналған шерушілерге суық су шашып, күштік құрылым органдарын оларға қарсы жұ-мылдырып, тіпті болмаған соң тәртіп сақшылары сапер күрегімен, темір таяқпен  ұрып- соға бастады. Итке талатты. Алаң қып-қызыл қанға боялды.

Демонстрацияға қарсы 50 мыңдай әскер, 20 мыңдай милиция қызметкерлері, 10-15 мыңдай темір таяқ ұстаған арнайы жасақ, 15 бронетранспортер мен 20 су шашқыш және өрт сөндіргіш машина шығарылды. Қақтығыстар кезінде 8,5 мың-дай адам ұсталды. Екі адам ату жазасына кесіліп, 103 адамды 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды. 52 адам партия, 787 жастар мен студенттер комсомол қатарынан шығарылды. 67 адам партиялық, 1138 жас комсомолдық жазаға тартылды, оқудан қуылды... Ақыр соңында республикада «ұлтшылдарды» іздестіріп, әшкерелеуді көздеген тұтас бір науқан басталды. Көп жастар ауылдарға қашып, осы күнге дейін шеруге қатысқаны жайлы ешкімге жақ аштай келді.

Демонстрацияға қатысқан-дардың арасында Алматыдағы полиграфия училищесінде оқып жүрген Шолпан Хотыбаевада бар еді. Бірге оқитын құрбыларымен  Шолпан  Тұр-ғынбайқызы да алаңға барған. Алайда халыққа мәселенің мәнін түсіндірудің орнына, қа-тыгездікпен қудалап, аяусыз соққының астына алатынын күткен жоқ болатын жиналған жұрт. Жоғары жақтан әділдік іздеп, «Менің Қазақстаным» әнін шырқап, жауап күткен-ді.

Кешкі сағат 19-20-ларшама-сы. У-шу, айқай, арпалыс, дүрбелең басталды да кетті. Жан-жақтан қоршаған әскери-лер. Қоршауды бұзып шығуға ұмтылған топ, жоғарыдан жал-жұлт етіп, прожекторлардың жарығы көзді ашқызбайды. Өрт сөндіргіш көліктермен суық су шашып, үстері мұз болып қа-тып, мұздағаннан жанталасқан халық.

Сол қалаймақан қақтығыста өзіне тап берген жасақтардан қашқан аласапыранда аяғы тайып құлаған Шолпан тұра бергенде, басынан соққы алып, қайта құлайды. Екінші соққы арқасын осып өтті. Сол жерде есінен айырылды. Есін еміс-еміс жиғанда, екі милиция екі қолынан сүйреп барады екен. Бір автобустың ішіне лақтыра салды. Көп кешікпей автобустың іші адамға толды. Олардың бірі сау емес, бет-ауыздары қан. Бәрі жаралы, ыңырсыған аянышты дауыстар.

Оларды милиция бөлімше-сіне апарып қамады. Шетінен сұрақтың астына алып, суретке түсіріп, тергеп болғандарын астыңғы қабаттағы камераға қамай бастады. Жауапқа тартылып, қамаудан босатылға-нымен, алда тағы бір жаза күтіп тұрыпты. Қамалып, соққыдан басы шайқалғаны аздай, енді Шолпанды оқудан шығарып жіберді. Сонда да Шолпанның жігерін жасыта алмады. Аяғы-нан қайта тұрған қайсар қыз болашақ өмірін ойлап, жігерін жани түсті.

«Ол кезде небәрі 18 жасқа жаңа толған Шолпан сіңілім ата-анасы мен етжақындары-на болған оқиғаны жасырып айтпаған ғой. Кейін қаншама жыл өткен соң, «кінәсінен» ақталып шығып, желтоқсан-шылардың қоғамдық ұйымдары шақырып, медальмен марапаттап, «Желтоқсан ардагері» деген мәртебе бергенде ғана бір-ақ білдік. Сол кезде Тұрғынбай әкеміз қатты науқас еді. Әке көңіліне қаяу түсіргісі келмей, әрі анасын аяғандықтан іштен тынып келген екен. Сол бір үш күн жанталаспен өткен желтоқсан айындағы азабы аз болғандай, соққының зардабынан сіңілім отыз жыл ауырумен арпалысып өтті. Алғашқы жылдары жас болған соң онша білінбеген. Денсаулығы кейінгі кезде сыр беріп, ауруы асқындай берді. Соңғы үш-төрт  жыл айықпас дерт меңдегеннен кейін екінші топтағы мүгедектік берілді. Сөйте жүріп, бір ұл, бір қызын жоғары білімді азамат етіп өсіріп, ел қатарына қосты. Балалары қазір ел экономикасын өркендетуге өз үлестерін қосып, еңбек етіп жүр. Ұрпағының өскендегі қуа-ныш, қызығын көру жазбады, сіңіліме. Ауруы асқынып, ақыры 2022 жылы 54 жасында өмірден озды», – деп еске алды, әпкесі Тұрымхан Тұрғынбайқызы.

«Шолпан Шелектегі Ы.Ал-тынсарин атындағы қазақ орта мектебінде оқыды.  Кішкентайынан бауырмал, көпшіл болатын. Өзі зерек, әдепті, сабақты да жақсы оқитын шәкірт еді. Мен география пәнінен сабақ бердім. Аудандық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, қуантатын. Ол кезде «Зарниса», «Орленок», «Жас өрт сөн-дірушілер»  атты жарыстарда санитар болып, «жаралыларға көмек»  көрсететін.  Елін, же-рін қастерлейтін, патриот қыз Желтоқсан оқиғасында да өз жанынан арын биік қойып, ұлт-жанды азамат екенін танытты. Менің өте жақсы көретін шәкіртім еді», – деп ұстазы Тұ-рар Қасқатаева де еске алды.

Иә, желтоқсанның ызғары-на шыдаған қайсар қыз ақыры жендеттердің қатігездігі салдарынан өмірден ерте өтті. Тек ерлігін еске алғаннан басқа амал жоқ. Бүгінде азаттыққа соқпақ салған желтоқсан оқиғасына – 38 жыл, ел арманы орындалған тәуелсіздігімізге – 33 жыл. Арайлап атқан ақ таң мен қызарып батқан әр күнімізге шүкіршілік етеміз. Бақытымыздың бастауы болған тарихымызда аттары алтын әріппен жазылған қаһармандарымыздың ішінде қазақтың қаншама қайсар қыз-дары да бар. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Кейінгі ұрпаққа ұран болып қала береді.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 445 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет