Жұма, 28 Тамыз 2020 00:29

Ата заң - мемлекет тірегі

30 тамызда тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толғалы отыр. Бұл жылдар ішінде мемлекетіміз демократиялық даму жолымен жүріп келеді, экономикада, әлеуметтік салада зор жеттістіктерге жеттік.

Қазақстан Республикасы азаматтарында ертеңгі күнге деген сенімділік пайда болды. Мемлекеттік институттың дамуы басқарудың бірыңғай жүйесіне алып келді, қоғамның дамуы саяси белсенділікті оятты, Қазақстан халқы мемлекетті басқару ісіне араласып, өзінің құқығын толық меңгерді.

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум өткізіліп, жаңа Конституция өз күшіне енді. Бұл Конституция бойынша Қазақстан өзінің президенттік басқару түріндегі зайырлы, құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітіп отыр.

Негізгі Заң – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қарғаудағы ең басты тетік болып саналады. Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасының ең басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы делінген. Осыған сәйкес ешкі де адам өмірін, бостандығын шектей алмайды. Қазіргі уақытта айтылып жүрген өлім жазасына мараторий жариялау, оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру осы қағиданы қолдау болмақ.

Еліміздегі және шетелдік сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстан Республикасының Конституциясы алдыңғы үлгідегі, демократиялық принциптерге сай жаңашыл Конституция.

Мемлекетіміздің негізгі заңы Қазақстан халқының бірлігін нығайтып, тарихи тағдыры тамырлас көптеген ұлт өкілдерін қазақ жерінде ынтымаққа ұйытып отыр. Ата Заңымызға аса ыждаһаттықпен қарау, оны құрметтеу - өз елімізді, төл тарихымызды, барша жетістігімізді қадірлеу.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабында прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыратыны анық көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Ата Заңы – ел Конституциясы бойынша тек қана ҚР Президентіне есеп беретін бірден-бір қадағалау органы ретінде прокуратураның қызмет аясы аса кең де ауқымды.

Осы орайда аудандық прокуратура қызметкерлері Президент Жолдауларын зор қанағат сезіммен қабылдап, ондағы атап көрсетілген  міндеттерді қалтықсыз жүзеге асыру барысында бағыттары айқын, ісі ілгері, жетістіктері елеулі екендігін білдіреміз.

Мемлекет мүддесін жоғары қоя отырып, заңдылықты нығайту мен оның орындалуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерге қарсы күрес, сондай-ақ азаматтардың  конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау жолында аудандық прокуратураның атқарып отырған прокуратураның күнделікті қызметі өте ауқымды әрі күрделі.

Азаматтардың құқығын сақтауда прокуратура органының мақсаты – әділдік, заңдылық, құқықтық тәртіптің халық көңілінен шығуын қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасының қызметкерлері де осы конституциялық міндетті темірқазық етіп, бұрыннан қалыптасқан озық дәстүрлерді сақтай және оны қазіргі заман талабына сай байыта отырып, мемлекетімізде баршаға ортақ заңдылықтың бұлжытпай орындалуын қадағалап келеді. Алдағы уақытта да осынау ауыр да абыройлы борышымызды орындау мақсатында аянбай күш жігерімізді жұмсай бермекпіз.

 

 

Азамат КҮРЕНКЕЙ,

Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры   

 

Оқылды 4422 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Туризм – тәрбие кепілі Біріңді қазақ бірің дос... »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет