Сейсенбі, 01 Наурыз 2022 15:19

Заман талабына сай

Уақыт бір орында тұрмайды. Сәт сайын жаңарып жатқан уақытта көштен кейін қалмай, заман талабы мен халық сұранысын ескеру және соған орай икемделудің маңызы мол. Бұл – алға жылжудың, жаңалыққа ұмтылудың жолы. Бүгін  «Nur Otan» партиясының кезектен тыс 22-Съезі өтіп, мұнда да болашаққа батыл қадам жасалды.

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың партияны модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында дайындалған бағдарлама 28 қаңтарда өткен Съезде талқыланып, Съезд делегаттары бірауыздан мақұлдады. Партияны қайта құру – елдегі жаңғырып-жаңарып жатқан барлық саяси институттар сынды «Жаңа Қазақстанды» құру жолында жасалынуы тиіс істің бірі екені сөзсіз.

Партияның қайта құру бағдарламасын дайындай отырып, партия өз қызметінің барлық бағытын – құрылымын, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың жұмысын, халықпен кері байланысты, жастар саясатын, партиялық бақылауды, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруды, ішкі партиялық тәртіпті, азаматтық қоғам институттарымен жұмысты өзгертуге мүдделі. Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нақты тәсілдер, құралдар мен жобалар ұсынылған. Ең бастысы, «Жаңа Қазақстанды» құруда билік, партия мен азаматтық қоғам арасындағы жан-жақты диалогтің жаңа мәдениетін қалыптастыруға ден қойып, халықпен жұмысты жандандыру, кері байланысты күшейту, халық үнін ести білетін билік құру.

Осы орайда Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсынысына Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та, Съезд делегаттары да қолдау білдірді. Осыған орай Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді.

Жалпы, қазақ халқы үшін «аманат» деген сөздің орны бөлек, мағынасы да терең. «Аманатқа қиянат қылма» дейтін қазақ үшін «AMANAT» партиясы да халықтың мұрасын, мемлекеттің мүддесін қорғап, келер ұрпаққа аманаттайтын болады деп сенемін. Сондықтан да «Жаңа Қазақстанды» құруда партияны модернизациялаудың заман талабына сай жасалған батыл қадам екенін айтқанымыз жөн деп білемін.

Ерік АБИТОВ,

Алматы облыстық мәслихат депутаты

Оқылды 1446 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Президент жолдауы талқыланды Жастарға мол мүмкіндік »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет