Жұма, 01 Қыркүйек 2023 16:14

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқындалған

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты маңызды құжатта осыған дейін жүзеге асқан жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа мақсат-міндеттер нақтыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен  еліміздегі   ауқымды саяси жаңғыруларға  тоқталып өтті. «Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік Республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттері ретімен нәтиже беріп келеді. Биылғы Жолдауда да Мемлекет басшысы бірнеше тапсырма берді. Оның ішінде,  ел экономикасына  қатысты,  отандық өнім өндірушілерді қорғау, инфрақұрылымды дамыту, заманауи технология трансфертін жасау, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту, агроөнеркәсіп кешенін өркендету сынды бастамалары көңіл қуантады.

Бүгінде  өңіріміздегі күрделі мәселе – егіс алқаптарын суландыру. бұл проблема бойынша қазір ауданымызда бұрынғы су арналарын қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Президент өз Жолдауында су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі екендігін айтты. «Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек»,  – деді ел Президенті. Су тапшылығы  ел экономикасы мен халық тұрмысына да едәуір кері әсерін тигізгені анық. Осы ретте, Президент бұл мәселеге де назар қойып, нақты тапсырмалар беріп өтті. Жоғарыда аталған маңызды міндеттермен қоса Жолдауда еңбек нарығы, кәсіпкерлікті қолдау, өңірлердің даму бағыты, салық саясаты сынды  бастамаға ерекше маңыз берілді. Президент Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты.  Ел азаматтары Президент Жолдауының маңызын ұғына отырып, ондағы тапсырмалардың жүйелі түрде  іске асуына жұмыла   тер төгуі  тиіс.

 

Бағдат РАХИМОВ,

«AMANAT» партиясы  Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы.

Оқылды 658 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сайлау – болашаққа сенім Ауыл әкімдері сайланды »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 06, 2026

ЖИ – мұғалім тәжірибесін жетілдіру…

Жасанды интеллект бүгінде өмірдің барлық саласында қолданылып, қоғам дамуының ажырамас…
Ақп 06, 2026

Сайлау мәдениеті – қоғам…

Демократиялық мемлекет үшін сайлау – тек саяси рәсім емес, қоғамның жетілу деңгейін…
Ақп 06, 2026

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың…

Жалпы алғанда, жаңа Конституциядағы реформалар Қазақстанда құқықтық мемлекетті…
Ақп 06, 2026

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты…

Конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық тұрақтылығын сақтауға бағытталған…
Ақп 06, 2026

Азаматтық қоғам институттарының…

Жаңа Конституция азаматтық қоғам институттарының дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.…
Ақп 06, 2026

Қоғамдық сенімді арттыруға…

Конституциялық өзгерістер мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға…
Ақп 06, 2026

Құқық қорғау институттарының…

Жаңа Конституция құқық қорғау институттарының тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған…
Ақп 06, 2026

Әлеуметтік міндеттемелердің нақты…

Конституциялық реформаларда мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі нақты нормалар арқылы…
Ақп 06, 2026

Адам құқықтарын қорғаудың жаңа…

Жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғаудың заманауи стандарттары бекітіліп, мемлекет…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет