Сәрсенбі, 19 Қараша 2025 15:54

Еңбек елеусіз қалмайды

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІ форумында «MG» шаруа қожалығының балықшысы Мамырханов Бекзат Айдарұлы «Құрмет» орденімен наградталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен форумда аграрлық саланың дамуына айрықша үлес қосқан азаматтар марапатталды. Солардың бірі жерлесіміз, балық өсіру ісінің нағыз маманы Бекзат Айдарұлы. Ол ауданның балық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы саласын ілгерілетуге қосқан зор еңбегі, заманауи технологияларды өндіріске енгізуі және жоғары сапалы өнім өндірудегі үздік көрсеткіштері үшін «Құрмет» орденін кеудесіне тақты.

Бүгінде «MG» шаруа қожалығы форель өсіру ісін жүйелі дамытып келеді. Шаруашылықтың жұмысы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге үлкен үлес қосуда.

Бекзат Мамырханов балық өсірудің барлық кезеңін – тоғандарды әзірлеуден бастап өнімді жинауға дейін мұқият бақылап, әрбір процесте жоғарғы жауапкершілік, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік танытып келеді. Оның тәжірибесі мен еңбегі балық шаруашылығы саласының дамуына, сонымен қатар аудан экономикасының нығаюына айтарлықтай үлес болып отыр.

Еңбек форумы аясында көрсетілген бұл марапат ауыл шаруашылығына адал қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегіне деген жоғары құрметтің белгісі болды.

 

Өз тілшіміз.

Оқылды 349 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет