Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 11:51

Сұлулар сынға түсті

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Иә, қазақ халқы үшін қыздың орны ерекше. Қызды қырық үйден тыйып, оған болашақ ана ретінде қараған жұртымыз бүгінде де сол дәстүрінен жаңылған емес. Оның бір дәлелі, жақында Бәйдібек би ауылдық округінде өткен «Бәрінен де сен сұлу» байқауы. Гүлнұр Назарбаева және Райхан Тұрсынбаеваның идеясымен өмірге келген жоба аудандық білім, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен       жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан әкімінің қолдауымен өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Бекет Ахметов пен бөлім басшылары, округ әкімдері қатысты.

Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2015 11:07

Ел болашағына қамқорлық

Ең  алдымен кез-келген жарияланымның тақырыбына назар  аудару – редакторлық қызметімде қалыптасқан  әдетім. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, реформалар, даму» – деген ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауының  тақырыбының өзі әлемдегі күрделі кезеңге қарамай әлеуметтік  саладағы мемлекет міндеттері толығынан атқарылатынын паш еткендей көңілге сенімділік ұялатады. Нақтылап айтсақ: «Біз бұған дейін  қабылданған  бағдарламаларға сәйкес,  білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды  жалғастыруымыз керек» – делінген Жолдауда. Сонымен қатар, «Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба «Баршаға арналған тегін кәсіби – техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын», – деді Елбасы. Бұның өзі ел болашағына бүгінгі, ертеңгі жас жеткіншектерге деген аса  зор қамқорлық деп бағалау керек.

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

облыстық  мәслихат депутаты.

Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2015 11:04

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Жүз жылдығын бұрын ойлаған елдің болашағы жарқын болатынын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ел басқарудағы іс-тәжірибесімен айқын дәлелдеп келеді. Президентіміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясы-ның қабылданғанына осы жолғы Жолдауында айтылғандай екі жыл толады. Міне, бұл меженің де негізгі бағыттары жүзеге асырылып, қазіргі Қазақстан бәсекеге қабілетті, алдыңғы қатардағы 42 елдің қатарынан көрінді. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаңа стратегиялық маңызды ойлары мен тапсырмаларын қамтыған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.

Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2015 10:54

Заңның орындалуы қатаң бақылауда

Қоғам болған соң, онда өмір сүретін адамдардың да әртүрлі болатындығы белгілі. «Бармақ басты көз қыстылыққа» салып немесе мәжбүр болғандықтан заң шеңберінен шығып кететін адамдар да осы қоғамның мүшесі. Ал осындай азаматтарды жөнге салып, Қазақстан      Республикасы заңдарының орындалуын қадағалайтын орган – прокуратура. Прокурорлар кез-келген салада заңның орындалуын қатал бақылап, құқық бұзушылықтарды анықтайды. Айыптылардың тиісті жазасын беруге ықпал етеді.

Ел мерейін асқақтатып, татулықты ту еткен Тұңғыш Президент күні республика көлемінде жоғарғы деңгейде аталып өтті. Бірі флешмоб ұйымдастырса, енді бірі концерт өткізді. Ал ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері бұл күнде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтқан саламатты өмір салтын насихаттап, өздерінің спорт жанашыры екендіктерін тағы бір көрсетті.

Бейсенбі, 26 Қараша 2015 16:15

Елбасына арнау

Парасатты  адамдық танымымен,

Қысылғанның  қасынан  табылып  ең.

Ел мен жердің  тағдыры  алаңдатқан,

Азаматсың халқыңның  қамын  жеген.

Бейсенбі, 26 Қараша 2015 16:12

Жаңа федерация жұмысы қарқынды

Жайдарман жаңалық! Ауданымызда баскетбол мен волейболды дамыту қолға алынды. Бұл турасында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков мәлімдеді. Оның айтуынша, былтырдан бері ауданымызда Спорт ойындары федерациясы құрылған. Оның мақсаты да осы: кенжелеп қалған спорт түрі баскетбол мен волейболдың «тамырына қан жүгірту».

Бейсенбі, 26 Қараша 2015 16:04

Жүлдемен оралды

Нұра – Елмұрат  Қайыпжанов, тағы басқа да елге танымал балуандарды түлеткен ауыл. Алысқанды алып ұратын Елмұраттай жас ізбасарлар ауылда көптеп өсіп келеді. Оған облыстық жарыста түгел жүлдемен оралған жас нұралықтардың жеңісі дәлел.

Бейсенбі, 26 Қараша 2015 15:58

Атаулы мерекелер аталып өтті

Бүгінгі күні Керей мен Жәнібек хандардың Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа қоныстанып, қазақтың туын көкке көтергеніне бес жарым ғасырдың жүзі болды. Бұл қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға. Ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, этникалық аймағын біріктіруде бұл кезең шешуші рөл атқарды. Ата-бабаларымыздың көрегендігі мен даналығының арқасында бүгінде біз – Ұлы Дала төсіндегі Тәуелсіз Қазақ еліміз. Биыл сол тарихымызды ұлықтау мен қайта жаңғыртудың жылы. Осыған орай  республика көлемінде мерейлі мерекелер жоғарғы дәрежеде атап өтілуде.

Бейсенбі, 26 Қараша 2015 15:44

Әр бала бақытты болуға лайықты!

«Бала – бауыр етің». Осынау тәмсіл жылдар тізбегімен жадымызда жаңғырып келгені ақиқат. Алайда, тасбауыр аналар мен безбүйрек әкелердің қоғамымызда кездесіп жататыны шындық. Оған жақында өткен аудандық кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының отырысында тағы бір мәрте көзіміз жетті. Бәрі де жауапкершіліктің жоқтығынан. Яғни, екі жас отау құрар алдында некеге жауапсыз қараудың салдары – кейінгі ұрпағының тірі жетім атануына әкеп соқтырады. Бұндай жағдай көз алдымыздан күнде өтуде.

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет