Жақында Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде аудан шаруаларының бас ауруына айналған бактериалды күйік дертінің алдын алу мен емдеу және ауылшаруашылығына қатысты өзге де өзекті мәселелер турасында кеңейтілген семинар кеңес өтті.
Жақында аудандық орталық мешітте облыстың бас имамы Нұржан Манапбаевтың қатысуымен жиын өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы, ауданның бас имамы Сапархан Төреқұлов пен ауылдық мешіттердің имамдары қатысты.
Түрген ауылындағы Құлан аян Құлманбет көшесі мен Д.А.Қонаев көшесінің қиылысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін аудандық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бағдаршам орнатты. Бірақ, бүгінгі таңда бағдаршамның сынып тұрғандығы көңілге мұң ұялатса, мектеп оқушыларының ата-аналары үшін үлкен үрейге айналған.
Қыс мезгілі ақ қары мен көк мұзы, қарып түсер ызғарымен ғажап. Шана немесе шаңғы тебу де жылдың өзге мезгілдері ұсына алмайтын кереметтер. Әсіресе, аталған кереметтерді Алатаудың етегін мекен еткен тұрғындар үш ай бойы қызықтайды. Өйткені, тау қойнауы қашан да қарға толы әрі тау үстінен шанамен сырғанап түсу рахаттың көкесі.
Ислам дінінің түсінігінде отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі – әке-шешеге айрықша мән-маңыз беріліп, Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғаны үнемі еске алынып, көптеген ізгі іс, ақыл-кеңес ата-ананы аялауға арналады. Хазреті Имам Нәсәфи былай деген: Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады. Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі.
Атан өлсе – сойылар,
Атам өлсе – қойылар.
Жыл айналып бір келген,
Қансонар қайдан табылар?
Иә, бір жылда бір-ақ рет болатын қансонар бүркітшілер ғана емес, қазақ қауымы үшін маңызды күн. Қоян мен түлкіге құс салған саятшылардың өнерін тамашалаудың өзі бір ғанибет емес пе? Көк Туымызда бейнеленген қасиетті құс көкке көтеріліп, жерге қарай құлдилағанда тебіренбейтін қаракөз кемде-кем. Жақында осы бір керемет сәтті тамашалаудың сәті түсті. Сөгеті ауылдық округіне қарасты Шеңгелсу-Илантау жерінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс, аудан әкімдіктері мен «Қыран» ұлттық спорт федерациясының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрінен «Саят» өнері бойынша «Сонар-2016» республикалық жарысы өтті.
Жақында Талдыбұлақ орта мектебінде мектеп ұжымының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жан шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Қозы көрпеш – Баян сұлу, Төлеген – Жібек, Қалқаман – Мамыр, Еңлік – Кебек. Осы есімдерді атағанда ойымызға қыз бен жігіт арасындағы махаббат сезімі еріксіз оралады. Ал 14-ші ақпан күні өзіміз танымайтын «әулие Валентин күнін» атап өтетініміз өкінішті.
Сағат кешкі 20.30. Әдеттегідей үй ішіндегілер бұл уақытта жаңалық тыңдайды. Ел ішіндегі, басқа елдердегі ақпараттардан сөйтіп хабардар болып отырады. Ал, әйел адамның күйбең тірлігі бітуші ме еді?! Әрі-бері өткенде бір көз салып қойғаның болмаса... Тіршілігімді тындырдым-ау деп теледидар алдына отыра қалғаным сол еді, жаңалық көрем деп жағамды ұстадым...
Ислам дінінің түсінігінде отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі – әке-шешеге айрықша мән-маңыз беріліп, Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғаны үнемі еске алынып, көптеген ізгі іс, ақыл-кеңес ата-ананы аялауға арналады. Хазреті Имам Нәсәфи былай деген: Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады. Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі. Дене мүшемен атқарылатын он ақысын газетіміздің алдыңғы санында кеңінен баян еттік. Ендігі тілмен өтелетін он ақысын ұсынып отырмыз.
Өнер әлемі өзінше бір өмір. Ондағы айналаға көзқарас, өзара достық шынайы өмірден өзгеше. Тіпті, бөлек десек те жалған айтпаспыз. Бұған ақиық ақын Мұқағали мен «Тянь-Шаньның диюы» атанған Еркін Ібітанов арасындағы шынайы достық, ағалы-інілі сыйластық дәлел. Жақында Еркін ағамыздың ұлы Ерлан Ібітанов сиясы кеппеген, жарыққа шықпаған «Мен білетін Мұқағали» деген әкесінің жазған дастанын әкелді. Онда Қарасаздың қос құлынының басынан өткен елеулі жәйттер, жыр шумақтардың уысына ұстатпаған өрелі ойлар әңгімеленген. Әттеген-айы, түйіндеуге автордың тағдыры мұрсат бермеді. «Хантәңірі қайдасың?» деген Еркіннің ағасын аңсап жазған өлеңі де қазақ поэзиясының қайталанбас туындысы боп қалғанын да көпшілік біледі. Хантәңірі мұзбалағының туғанына 85 жыл толуына орай оқырманға Еркін Ібітанов жазған естеліктерден үзінді жариялауды жөн көрдік.
Ал осындай құйтырқы әрекетті көксегендер заң алдында жауап береді, ар алдында жауап береді. Бұл турасында жақында өткен аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда кеңінен айтылды. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бәрі де өзекті: некесіз туылған бала, тірлік тізгініне тұсалып, қызына тәрбие бере алмаған ана, әлімжеттікпен есепке ілінген бозбаланың бар мұңы, оның болашақ тағдыры – бәр-бәрі өмірдің өзінен алған өкініштер. Ендеше толығырақ...
9 ақпанда Есік гуманитарлық-экономикалық коллледжінің акт залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХV конференциясы өтті. Оған партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық Саяси кеңесінің мүшесі Әсел Дайырбекова, партия белсенділері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері қатысты.
Көзбен көргенді, көңілге түйгенді айтамыз. Жексенбіде Есіктің төменгі жағындағы саяжайда Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысын «Газель» автокөлігі қағып кетті. Мән-жайды барласақ, өз жолымен жоғарыға жүйткіп келе жатқан жүргізушінің алдынан жеңіл автокөлік қарама-қарсы шыққан. Не істерін білмеген газель жүргізушісі жол жиегіне қарай рөлді бұра жөнелген. Сөйтіп, еш жазықсыз мектепке баруға бет алған қызды қағып, кейіннен ағашқа барып соғылған. Жүргізушінің оң жағында отырған 22 жасар азаматтың аяғы сынған. Басына қан құйылған қыз болса, аудандық емханада ауыр халде жатыр. Оқиғаның жай-жапсары тергелуде. Бұл сенсация емес, тек көңіл жабырқатар жайт. Осы жіпті өзіңізге қарай тартсаңыз, бірқатар мәселелердің ұшы көрінетіні тағы бар. Әңгімені әріден тарқатайық...