Жұма, 30 Наурыз 2018 09:51

Шелек спорт мектебі – үздік

Сонау 19 ғасырдың соңында Англияда пайда болған еркін күрес бүгінде әлемдік спорт түрінің санатында. Елімізде 1955 жылдан бері осы спорт түрінен жарыстар үздіксіз ұйымдастырылып келеді. 24-25 нау-рыз аралығында осындай ауқымды турнирдің куәгері болдық. Ашылуында округ әкімдігі мен мектеп басшылығы құттықтау сөз сөйледі.

Ащыбұлақ ауылындағы орта мектептің қабырғасында өткен 2003-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бәсекеге өз ауданымыздан бөлек Талғар, Алматы қалаларынан, Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласынан арнайы командалар қатысты. 25 салмақ дәрежесінде бас-аяғы 200-ден астам балуандар боз кілемде белдесті.

Пархад Әлімұлы Ашировтың демеушілігімен, бас төреші болған Еркеұлан Турапбаевтың ұйымдастыруымен жалауы желбіреген шара шымылдығын МС Сайлаубек, Думан Жармахан, Бауыржан Қоңыр, Дархан Абдраимов өздерінің әуезді әндерімен ашты.

Рухани жаңғыру бағдарла-масы аясында Елбасының «Туған жер» идеясын іске асыру мақсатында өткен турнир нәтижесінде 16 команда ішінен Шелек жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері үздік шығып, командалық есепте 103 балмен бірінші орынға тұрақтады. Ал Алмалы құрамасы 80 балмен екінші және 75 балмен Ащыбұлақ командасы үздік үштікті қорытындылады.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Жұма, 30 Наурыз 2018 09:31

Ұлылар ұрпағына тағзым

Жуырда Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезбен кездесу кеші өтті.

Салтанатты кешке кемеңгер ғалым Мұрат Әуез бен тілші, филолог Қалдыгүл Жаныбаева арнайы шақырылып, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара басында колледж директоры Гүлнар Сағатқызы Мұрат Мұхтарұлына 50 жылдық тарихы бар қара шаңыраққа арнайы табан тіреп, кездесуге уақыт бөліп келгені үшін алғысын білдірді. Кейіннен студенттер Мұхтар Әуезов шығармаларынан үзінділер оқып, сахналық қойылымдар қойып, әннен шашу шашты. Кештің бел ортасында қазақтың Мұрат Мұхтарұлы мен журналист Қалдыгүл Жаныбаева сахна төріне шақырту алып, әкесі Мұхтар Әуезов пен өз естеліктерін еске түсіріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ сұхбат барысында ұстаздар мен студенттер тарапынан жазушыға бірнеше сауалдар қойылып, жауаптар алынды. Кездесу соңында колледж ұжымы Мұрат Әуезді 75 жылдық мерейтойымен құттықтап,арнайы сыйлық пен құрмет гүлін ұсынды. Сонымен қатар кеш қонағы Қалдыгүл Жаныбаеваға да колледж директоры шығармашылық табыс тілеп, колледж атынан арнайы сыйлықты табыстады. Кездесу өз мәресіне жетіп, ұстаздар мен студенттер қонақтармен бірге естелік суреттерге түсті.

Зина ЕРЛЕНОВА.

 

ХХІ ғасырда өмірдің барлық ресурстарының зерттеу салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдерге үздіксіз еңбек ету керек.Осыған орай Елбасы биылғы Жолдауында жаңартылған білім беру бағдарламасына көшкен мұғалімдердің лауазымдық еңбекақысын,сонымен қатар жалпы мұғалімдердің жалақысын біліктілігін растауына байланысты 30%-50% дейін көтеру міндетін қойды.

Иә, білім сапасына қойыла-тын жаңа талаптар білім маз-мұнын игеруде мұғалімнің оқу-шымен қатар тұруын қажет етеді.Сол себепті жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар» – деп айтқан. Осы ұстанымды мұғалімдер басшылыққа алып, білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүр. Аталған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының Алматы облысы бойынша филиалы еліміздегі орта білім мазмұнын жаңарту аясында арнайы көшпелі курстар өткізді. Ауданымыздағы. әл-Фараби атындағы орта мектебінің базасында өткен курсқа бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Оны «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Г.Фазлыева жүргізді. Гүлжауһар Кәкішқызы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына терең тоқтала отырып, Қазақстан әрқашан өркениетті елдермен иық тірестіруде, дамудың жаңа сатысына көтерілуде жаһандық өзгерістерге сай болуы үшін ең алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз керектігі аясында кеңінен әңгіме өрбітті.

Осы тұста «Туған жер» бағ-дарламасының маңызының арта түсетіні белгілі. Сол себепті мектеп оқушыларын ұлтжан-дылық пен патриоттыққа тәр-биелеуде өз халқының терең тарихына бойлай отырып, оның халық үшін қаншалықты ма-ңызға ие екендігін бала бойына сіңіру мұғалімнің айнытпас жауапкершілігі екені белгілі. Яғни, дамудың жаңа кезеңінде алдымен ұлттық болмысымыз бен құндылығымызды сақтауда Ақши ауылында орналасқан Ұста Дәркенбай атындағы қол-өнер мұражайы мен Есік қаласындағы «Алтын адам» мұражайының орны ерекше. Мұнда оқушылар сонау тарих қойнауынан сыр шертіп, мәдениетіміз бен өнерімізге, шеберлігімізге тәнті болады.

Қорыта айтқанда рухани жаңғыру – ұлт өркениетін өсіретін қозғаушы күш. Ал жаңартылған бағ-дарлама негізінде атал-ған, азаматтақ ұстанымға, өзгелермен ынтымақ-тастыққа өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандану мен жаң-ғыртудың әсерінен білім алудың бастау бұлағы.

Динара КАСЫМБЕКОВА,

Ақши ауылы «Бөлек батыр атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

 

 

Осыдан 20 жыл бұрын ұлы көш Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасын орталыққа орналас-тыру мақсатында Арқа төсіне бет түзеген еді. Ол кезде дәл осындай зәулім ғимараттары аспанмен таласқан жаңа Астана саламыз дегенге біреулер сенсе, біреулер күмәнмен қарағаны анық. Елбасының көреген саясаты арқасында еліміздің мақтанышына айналған жаңа Астана күн санап құлпыра түсті. Бүгінде қазақстандықтар үшін ортақ қуанышқа айналған Елордамыздың туған күні жыл сайын өзіне лайық сән-салтанатымен аталып өтуде. Биылғы аталым ерекше.

Шелек ауылдық орталық кітапхана мен мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесе отырып «Еңселі Елордам» атты тарихи калейдоскоп, әңгіме-саяхат ұйымдастырып, кездесу кешін өткізді. Кешке «Жас әдебиетшілер» клубының мүшелері, мамандандырылған күзет қыз-меті саптық бөлімшесінің қызметкерлері, Абай атындағы қазақ орта мектебінің ұстаздары мен осы мектеп жанындағы интернат қызметкерлері елордамыздың мерейлі тойына қатысты жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.

Кітапхана директоры Мадина Үм-бетова ел болашағы жастарымызға Астананың кешегісі мен бүгінгісі жайлы мағлұмат бере отырып, егемен еліміздің әлем таныған Елордасын мақтан тұту сезімдерін қалыптастырып, жастарды отаншылдыққа,патриотизмге,адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу екендігін атап өтті. Тарихи «калейдоскоп» кезінде 3 аялдама жасалынды. Берілген мәліметтер, айтылған әңгімелер арнайы дайындалған слайдттар көрсету арқылы өрбіді. Бірінші аялдама – Ақмола атауының төңірегінде болды.

Бүгінгі Арқа төрінде бой көтеріп келе жатқан елордамыздың тарихы патша заманынан,сонау 1830 жылдан бастау алды. Нақ осы жылы Батыс Сібір губернаторы Вельяминовтың Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі бұйрығын орындау үшін қасында екі жүз адамы бар Федор Шубин келіп, қаланың қазіргі орнына қазық қақты. Екінші аялдама – Целиноград. 50-ші жылдары астық өндірісін дамыту үшін Қазақстанның солтүстік өңірлерінде тың жерлерді игеру ойластырылды.

Тарихи саяхат 3 аялдамаға келіп жетті. Ақын Махмұтпай Әміреұлының «Астана – арман қала» өлең жолдарымен айтқанда:

Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала – Бас қала

Астана өсуде.

Астана ақ қала,

Ақ мәрмәр пәк қала.

Шарықтап, қарыштап,

Шалқи бер, шаттана.

Астананы көшіру қажеттілігі әрі сая-си, әрі экономикалық себептермен дәлелденді. Астана – қазақ елінің жүрегі, тынысы, айнасы. Есілдің жағасында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп атайды. 2001 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Резиденциясы салына бас-тады. Осы сынды Астанамызды ажарландырып тұрған әдемі ғимараттар көп.2017 жыл қазақстандықтар үшін маңызды жыл болды. Маңызды жоба «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түпкір-түпкірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналды. Саяхат барысында лэд-экраннан «ЭКСПО тарихы» және «Вся красота ЭКСПО» бейнебаяндары көрсетілді. Кітапхана залында «Еңсесі биік Елорда» көрмесі ұйымдастырылып, «Ел сүйсінген Елорда» слайд-шоу жасалынды. Астана мерейтойына орай жас таланттар Нұрлан Дидар, республикалық «Ақ көгершін» байқауының лауреаты Жансая Қанатқызы, республикалық «Ғұмыр Дария» байқауының лауреаты Қарақат Аршын Отан, туған жер туралы әндер орындап, көпшілікті тәнті етті. Ал «Жас әдебиетшілер» клубының мүшелері бірінен кейін бірі елордамыз жайлы өлеңдерін шабыттана оқыды. Кешті Абай атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Дастан Бейсенбай мен кітапхана директоры Мадина Умбетова жүргізіп отырды.

 

Айжан СЫЗДЫҚОВА,

Шелек ауылы.

Жұма, 16 Наурыз 2018 15:29

Право выбора есть у каждого

Республиканская информационная кампания «Скажи жизни Да!» в средней школе с.Байтерек прошла под девизом «Жизнь прекрасна!». В течение месяца были проведены психологические тренинги для учащихся старших и средних классов, конкурсы рисунков «Мир глазами детей», акции «Не держите зла, держите шарики!» и «Я выбираю жизнь!». Активное участие в них принимали классные руководители и родители.

Проблема детского подросткового деструктивного поведения в настоящий момент актуальна. Плохая успеваемость, ссоры с родителями, первая любовь — это всего лишь несколько причин деструктивного поведения. был организован совет мальчиков и девочек, где обсуждались актуальные вопросы проблем молодежи. Показ мотивирующих видеороликов, создание памяток с рекомендациями родителям, проведение круглого стола — это вклад педагогов в общее дело психологического оздоровления наших детей. Их задача – помочь ребятам сделать выбор – быть счастливыми, добрыми и милосердными, искренними, мягкими и гибкими, наполнить каждый день смыслом, убедить, что время не стоит на месте. Оно не будет ждать, когда мы захотим жить.

Учителя и психологи в ходе акции постарались довести до учеников мысль, что каждый новый день – это прекрасная возможность изменить себя и свою жизнь, повод стать счастливее, чем вчера.

 

Педколлектив СШ с.Байтерек.

Жұма, 16 Наурыз 2018 15:24

Өмірге «иә» деп айт!

 

Қырбалтабай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте республика көлемінде жүргізілген «Өмірге ИӘ деп айт!» науқаны аясында «Өмір тамаша!» атты ұранымен айлық өтті. Ондағы мақсат:өмірге деген бейімділік, оның құндылығын ұрпақ санасында түбегейлі қалыптастыру, түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, айналасымен қарым-қатынасты нығайту. Науқанға ата-аналар, сынып жетекшілер мен оқушылар белсене қатысты.

Ең алдымен, ата-аналар мен балаларға арналған пси-хологиялық көмек көрсету мақсатында, ақпараттық-та-қырыптық бұрыш жасалды. Мектеп оқушыларына жас ерек-шеліктеріне байланысты, ата-аналар, мұғалімдерге "Интернетте қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?", "Балаларды бірге сақтайық!" деген жадынамалар, "Біз өмірді таңдаймыз!", "Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?" тақырыптарында ақпараттық парақшалар таратылды.

"Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!" тақырыбында 5 сынып оқушыларымен дөңгелек үстелдер өткізілді. "Қауіпсіз интернет" тақырыбында 6-8 сыныптарында суреттер байқауы ұйымдастырылды. Онда оқушы-лардың интернеттің адамға зияны туралы дұрыс көзқарастары байқалды.

2-5, 8-11 сыныптар арасында "Ғаламтордың балаларға пайдасы мен зияны" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Жоспар бойынша 2-3 сынып арасында "Өмір тамаша!" тақырыбында суреттер байқауы өтті. Байқау кезінде оқушылардың салған суреттерінің мәніне қарап, эстетикалық жағынан да ескеріліп орындар тағайындалды. Бұ-рышқа ең үздік суреттер ілінді. Кйіннен "Өмір туралы менің түсігінім" тақырыбында 7-8 сынып арасында шығарма бай-қауы өткізілді. 85 оқушының ішінен 6 "А" сынып оқушысы Аяулым Амантай, Ермек Даулетбек (6 "Ә" сынып), Орынбек Асхат (7 "А"сынып), Бағдаулет Ұлар, Тұрсынғазы Гина (8 "А" сынып оқушылары) шығармалары үздік деп танылды.

Алдағы уақытта ата-аналарымен "Балалардың Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс-әрекетіне ата-аналардың бақы-лауын күшейту мәселелері" тақы-рыбында жиналыстар, оқуылар арасында түрлі тренингтер өткізу жоспарлануда.

 

Гүлсім ӘМІРХАНОВА,

әлеуметтік педагог.

1917 ЖЫЛҒЫ БОЛҒАН ТӨҢКЕРІСТІҢ ЖЕЛІ РЕСЕЙ ЖЕРІН ҒАНА ЕМЕС ОНЫҢ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ КӨРШІ ЖАТҚАН ЕЛДЕРДІ ШАРЛАП, БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДІҢ ДЕ ТАРИХЫ МЕН ТІЛІНДЕ ӨШПЕС ІЗ ҚАЛДЫРДЫ. 1920 ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДА СОЛ КЕЗДЕГІ БИЛІКТІҢ БАСТАМАСЫМЕН АРАБ ӘРПІМЕН ЖАЗЫП КЕЛГЕН ТҮРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ЖАППАЙ БАСҚА ӘЛІПБИГЕ КӨШІРУ САЯСАТЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. СОНЫМЕН БІРГЕ БҰЛ САЯСАТТЫҢ АСТАРЫНДА ӘЛІПБИІН ЖОҒАЛТУ АРҚЫЛЫ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЫҚПАЛЫН ЖОЮ ДА КӨЗДЕЛГЕНІ АНЫҚ.

1925 жылы латын әрпіне көшіру туралы конференцияда сөз алған А.Микоян: «Бұл әліпбиге көшу арқылы еуропалық және мұсылмандық өркениеттің арасына қабырға қойылып, Батыс пен Шығыстың арасында жаңа қарым-қатынас орнайды» – деп, болжам жасады. Басында араб әліпбиінің негізінде жаңа заманға лайықты әліпби дайындау туралы ұсыныстарды талқыға салғанымен де, осы жиыннан кейін латын әліпбиіне көшуді жақтаушылар белсенді әрекет ете бастады.

Латын әліпбиіне көшірудің ең алғашқы қадамы Әзірбайжан елінде жүргізілді. Осы тәжірибе негізінде бүкіл Кеңес елдерінде латын әліпбиіне көшіру жүйесі пайда болды. 1926 жылы 26 ақпан мен 6 наурыз аралығында Баку қаласында тұңғыш рет Бүкілкеңестік Түркологияның съезі өтті. Бұл жиынға шешім шығару мақсатында 131 делегат жиылды. Қазақтар, қырғыздар, татарлар мен өзбектер, чуваштар, Солтүстік Кавказ және Саха елінің азаматтары қатысты. Бұл съезде олармен бірге орыстың академиктері мен профессорлары, шетелдік ғалымдар, соның ішінде Түркияның екі ғалымы, неміс, парсы, венгр ғалымдары да болды. Бұл жиында негізгі үш мәселе қаралды. Терминология, орфография және әліпби. Ол кездегі барлық түркітілдес елдерді қызықтырған ортақ бір ғана мәселе – ол әліпбидің тағдыры еді. Себебі әліпбидің тек жазу ретінде ғана емес, мәдени және қоғамдық маңызы бар екенін қатысушылар жақсы түсінді. Түбі бір түркі халқының келешек тағдыры осы қадамға байланысты екенін түсінген жанашырлардың бір бөлігі араб әліпбиін сақтап қалудың жолдарын ұсынды. Бірақ Кеңес үкіметінің көздегені ол емес еді. Ислам дінінің негізін жоюдың басты көздерінің бірі жазуды алмастыру арқылы араб тілі мен әліпбиін жетік меңгерген молдалардың сабақ беруін тоқтату яғни сол арқылы дін насихатын әлсірету және Құранды оқу мүмкіндігінен ажырату болатын. Мұсылман емес елдердің көпшілігі латынға оңай ауысып жатты.

Кеңес одағының құрамына кірген өзге түркі тілдес елдер тәрізді 1929 жылдары Қазақстанды да ескі жазудан жаңа әліпбиге көшіру қарқынды жүргізіле бас-тады. Басылымдардың барлығы дерлік латын әліпбиіне көшірілді. Ауылдарда жаппай сауаттандыру мақсатында қызыл отаулар тігіліп, ол жерде латын әліпбиі насихаттала басталды. 1940 жылдары латын әліпбиі кириллицаға ауыстырылды.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле басталды.

2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де, латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек» – деген болатын. Латын әліпбиіне көшірілген көршілес мемлекеттердің тәжірибесін назардан тыс қалдырмауды да осы жиында тапсырған еді.

Әліпби ауыстырудың саясатқа да, басқаға да қатысы жоқ, ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етіп отыр. Тілдің ішкі-сыртқы жағдайы қазіргі жазудың (орфография) айтылымға (орфоэпияға) кері әсер етіп, өзге тілден кірген сөздердің салмағы арта түсіп, кірме дыбыстардың төл сөздеріміздің фонетика-грамматикалық талаптарын бұза бастауы секілді түрлі жағдайлар әліпби өзгерту мәселесін алға тартып отыр. Себебі біз бүгінде орыс тілін өз ана тіліміздей еркін меңгерген, сөздерді араластырып айта беруге де үйренген, тіпті кейде қай тілде сөйлеп, қай тілде тыңдап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалатын дәрежеге жеттік.

Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.

Бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз. Сонымен қатар, ЛАтын әліпбиіне көшу емес, қайта оралу дегеніміз жөн секілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ-қа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында және қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығын негізге ала отырып, Алматы облысы бойынша мәдениет және мемлекеттік архив мекемелерінде басқарманың игі бастамасымен «Архив шежіресі» жобасы аясында 2017 жылдың қараша айында Талдықорған қаласында латын графикасына арналған аса құнды құжаттар мен сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар көшпелі көрмесі 2017 жылдың қараша айында Талдықорған қаласынан бастау алып, аудандарда жалғасын табуда.

Көрмеде латын графикасымен басылған 1928-1941 жылдар аралығында-ғы архивтік құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмесі, қолжазбалар, газеттер кітапхана мекемелерінің қызметкерлерінің назарына ұсынылып, таныстыру жұмыста-ры жүргізілудe.

Жастар атынан латын әліпбиіне көшу реформасына қолдау көрсету мақсатында Еңбекшшіқазақ филиалының архивисті Динара Омингалиева өз баяндамасын оқыды.

Іс-шарада архивист Розбуви Розахунова кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарды ұйымдастырылған көрме құжаттарымен шақырылған жұртшылықты таныстырды.

Р.ТОХМАМБЕТОВА,

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры.

Жұма, 16 Наурыз 2018 15:12

Облыста өнер көрсетті

Алматы облысының жастар саясаты мәсе-лелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдас-тыруымен Елбасымыз-дың Жолдауын насихаттау, мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылықтарына қолдау көрсету мақса-тында жақында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Талдықорған қаласында облыстық «Жүректен жү-рекке» байқауы өткен болатын.

Аталған сайысқа Есік қаласының зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыс-тық арнайы мектеп-интернатынан «Жас қыран» командасы, Есік қаласындағы облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатынан «Лидер» командасы қатысты. Өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсеткен ауданымыздың балалары көрер-мендердің көзайымы болды. Олар спорт, сурет салу, қолөнер, би, ән сайыстары бойынша сынға түсті.

Байқауға жастарымыздың қатысуына мүмкіндік жасап, қаржылай қолдағаны үшін «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мұхамедовке аудан жастары атынан шексіз алғыс айтамыз.

 

Аудандық жастар ресурстық орталығы.

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:12

Тілегіміз – тыныштық

Бейбітсүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған хандар мен батырлар, билердің ел амандығы мен тыныштығын сақтауға зор үлес қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан өзін мойындатып келеді. Аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды», – деп, халықты бірлікке шақырған. Татаулық, ынтымақтастық мәселесі Елбасының барлық Жолдауларында айтылған. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге мәлім мемлекет. Жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында жиналып, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Діні, ділі мен тілі, түсінігі бөлек халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Ел ішіндегі татулықты күшейту мақсатында талай ауқымды шаралар мен беделді бастамалар қолға алынып келеді. Қазақ елінің

тектілігі мен Елбасымыздың сұңғыла саясаткерлігі мен сындарлы қадамдарының арқасында күллі халық татулықты тайдырмай, көк аспан астында бейбіт күн кешуде. Бүгінде тәуелсіз елімізде этносаралық достық пен бірліктің негізі берік қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамытып, Отанымыздың баянды болашағы үшін адал қызмет ету. Сағыныш

САБЫР, Абылай хан атындағы орта мектеп оқушысы. 

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 15:58

Рухани тәрбиенің қайнар көзі

Рухани тәрбиенің қайнар көзі Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрді, адамгершілікке толы асыл қасиеттерді жастардың бойында қалыптастыру аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондықтан, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.

«Естілердің сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады», – демекші, жақында Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте «Абайдың нақыл сөздері – рухани-адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Ұлы Абайдың даналық сөздерін талдап, мағынасына көңіл бөліп, есте сақтап, насихаттау және сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада оқушылар дара данышпанның өміріне шолу жасап, шығармаларын талқылап, өлеңдерін оқыды. Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдап, қандай бес асыл істі жанына серік етіп, қандай жаман қылықтардан арылу керегін анықтады. Абайдың «Қара сөздеріндегі» адамгершілік идеялармен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Арнайы кабинетте өте қызықты өткен сабақ балалардың білім алуға деген ынтасын арттыра түсті. Шара соңында оқушылар ақынның әндерін орындап, «Әлем таныған Абай» атты кітап көрмесін тамашалады. С.САДЫҚОВА, кітапханашы.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет