Аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында 6 мәселе қаралды: аудандық қаржы бөлімінің 2018-2019 жылдарға жоспарланған жұмыстары, ауылшаруашылық өндірісіндегі субсидиялау және көктемгі егіс, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылға қойылған міндеттер, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2018 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстарының қорытындысы және бірқатар ауыл аттарын өзгерту. Өз кезегінде жауапты бөлім басшылары депутаттар алдында есебін берді.

Комиссия отырысында халық қалаулылары ең алдымен ұзын-сонар сандар мен қорытылмаған ойларды жүйесіз оқи беретін басшыларға шамданды. Оның орнына түйінді сөз, түйткілді мәселелерді айтсын! – деген бірауыздан талап қойды. Комиссия алдында баяндама оқыған аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Алмас Найзабековке «Қазіргі уақытта ауданымызда көптеген жерлер өз мақсатында пайдаланылмай келеді. Айталық, егістік жерлерімізге көпжылдық алма-бақтар отырғызылуда. Бұған қалай жауап бересіз?» деген аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметовтың сұрағына бөлім басшысы: «Бұл біздің де қабырғамызға батып жүрген мәселе. Алайда, жердің иелері «өзім білемге» салынып келеді. Қанша мәрте түсіндіріп айттық, әркім өз білгенін істеуде» деді. Кейіннен Алмас Тынышбекұлына ауылдық округ әкімдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу керектігін ескертті.

Мал ауруларының алдын алу мақсатында егілетін екпелер бойынша да аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бейсенғали Бименовқа сауалдар толассыз беріліп жатты. Әсіресе, депутат Айдар Даутқұлов: – Екпе жұмыстарын наурыз айының бірінен бастау керек еді. Себебі, наурыз айының ортасынан ары қарай ірі-қаралар жайлауға шыға бастайды. Ал Сіздер 19 наурызда қолымызға дәрілер тиді деп отырсыз. Енді әр екпенің арасына берілетін екі апта уақытты есептегенде, малдардың бәрі тауға шығып кетпей ме?» – деген сұрағына тендердің әлегімен кешіккенін айтты бөлім басшысы. «Үлгереміз!» деп уәде етті.

Кезекті сөз алған аудандық жұмыспен қамту және әлеумет-тік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдыгүл Айсина 2018 жылдың есепті кезеңінде атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Кейіннен кадрлық саясатқа қатаң бақылау жүргізуді ескертті депутаттар. – Қазір аудандық жұмыспен қамту орталығына басшы орынбасары қызметіне бұл салада тәжірибесі жоқ азаматты отырғыздыңыздар. Өз ішінен бірнеше жыл жұмыс істеп келе жатқан тәжірибесі бар мамандарды өсіруге мүмкіндік болмағаны ма сонда?– деді Бекет Төлегенұлы.

Сондай-ақ, Малыбай ауыл-дық округіне қарасты «МТФ» бөлімшесінің атауын тарихи атауы «Көктерек», Сөгеті округіне қарасты «Нұра» ауылын «Сағы-ныш Еспергенов» ауылы деп өзгерту туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Беспавеваның ұсынысын депутаттар бірауыздан қолдады.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Жұма, 20 Сәуір 2018 10:50

Сақтансаң сақтайды...

Атын бірнеше рет өзгерткен бұрынғы санитарлық-эпидемиологиялық станса, қазіргі қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының есебін оқып берді бөлім басшысы Ұлмекен Қанаға-това әкім аппаратының жиынында. Гепатит ауруының деңгейі, оның алдын алу туралы сұрақ түсті ауылшаруашылығы және мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының аудандық комите-тінің жетекшісі И.Ж.Жәкеевтен. Жауап жоқ десе болғандай. Ал аудан әкімі Б.Ә.Ысқақ берілген есепке көңіл толмайтынын, келтірілген көрсеткіш-цифрлар тасасында нақты жұмыс жоқ екенін айтып, азық-түлік саудасы төңірегіндегі келеңсіздіктердің басын ашып берді.

Шымкент өңіріндегі сапасыз балмұздақтан уланған балалардың, басқа да тексерусіз, тазаланусыз жұмыс істеп жатқан нысандардың кесірінен қоғам денсаулығы зардап шегіп жатса, оны қорғауға міндетті қызметіміз не қарап отыр деген сұрақ туындайды. Неге басқаның қателігі қалғандарға ескерту болмайды? – деген сұрақ та, талап та әкім тарапынан қойылды. Жауап пен нақты әрекет сол қоғам денсаулығын қорғаушылардан болу керек. Әрине, Елбасының талап етіп отырғаны кәсіпкерлерді заңсыз, жөнсіз тексеруден қорғау керек. Оның үстіне жоспарлы тексеру деген бар. Әсіресе, балаларды оқыту, тәрбиелеу мекемелерін, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтану, демалыс аумақтарын дегендей.

Осы жолдардың авторына жоғарыда аталған қоғам денсаулығын сақтау басқармасының қызметкерлері әртүрлі аурулар, одан сақтану туралы мақалалар әкеліп тұрады. Газет редакциясы ол қызметкерлерден жоспарлы тексерулердің нәтижесін беруді өтінеді газетке. Жақсы болса жақсы деп, кемшілігі болса оны да атап дегендей. Жауап жоқ. Бәрі дұрыс болғаны ғой. Бірақ «Сақтансаң сақтар Жаратушы» деген қазақи сөзге орыстың «Күн күркіремей мұжық шоқынбайдысын» да ескерткенді жөн санадым. Сақтану керек-ақ.

Х.Ахметжанов.

Жұма, 20 Сәуір 2018 10:44

Тазалық – қоғам айнасы

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жол- дауында қоғамдық тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділікті» қолданып, ұсақ құқықбұзушылықтың, мәдениетсіздік пен бассыздықтың жазасыз қалмау керектігін айтқан болатын. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «нөлдік төзімділік» қағидаларын қалыптастыру жөніндегі жауапты міндеттерді жүктеді. Нәтижесінде, қоғамдық орындарда болатын ұсақ құқықбұзушылықтар айтарлықтай азайды. Алайда, заңға бағынбай, мәдениетсіздікке жол беретін азаматтарымыз әлі күнге арамызда жүр.

Аудандық ішкі істер басқар-масына қарасты Жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы Қайрат Балабековтың берген мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың 3 айында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 бабына сәйкес (ұсақ бұзақылық) 166 хаттама толтырылған. Оның төртеуі автокөлік терезесінен қоқыс лақтырған жүргізушілерге тиесілі.

Бүгінде зиянды әдетке әуес адамдар да қоғамдық орында тазалық сақтап, мәдениетті болуға тиіс. Яғни, темекі шегіп, шемішке шағып қалдығын тастағандар да жазасыз қал-майды. Үш айдың ішінде улы түтінге әуес 94 адам темекі тұқылын жерге тастағаны үшін айыппұл арқалаған. Кейбірі тіпті, бірнеше тәулікке қамалған. Шемішке шағып, айналасын ластаған 28 азаматқа да хаттама жазылған.

Ауданымыз, әсіресе қала-мыз күннен-күнге көркейіп келеді. Гүлдену алдымен тазалықтан басталатындығы баршамызға мәлім. Сондықтан, өткен жылы қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын жерлерге арнайы қоқыс жәшік-тері орнатылған болатын. Бірақ, кейбір аудан тұрғындары қол созым жердегі жәшікке жетуге ерініп, қоқысын жол бойына лақтырып жүре береді. Нәтижесінде, жазаланады. Осындай 40 адамды тәртіп сақ-шылары құрықтады.

Жоғарыда аталған барлық құқық бұзушылардың істері Еңбекшіқазақ аудандық №1 және №2 сотына жолданған. Сот шешімімен 121 ластаушы 10 тәулікке дейін қамауға алынған. 41 адамға 5 АЕК көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салынып, 4 іс медиация тәртібімен қысқартылған.

Қазіргі таңда ауланы ластап, өзінің есік алдын таза ұстамаған тұрғындар да жазасыз қалмайды. Осындай ластануға жол берген 268 үй ауласына ҚР ӘҚБТК-нің 505 бабы бойынша (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырылған жерлерді ластау) ескерту жасалып, хаттама толтырылған. Айталық, Әймен ауылы Школьная көшесіндегі Исмаил Ахмедовтың ауласы күл-қоқысқа толған. «Ауыл ғой» деп жауапсыздыққа жол берген Исмаил ағаның үйіне барған полиция қызметкерлері сәуір айының 12-сі күні хаттама толтырған. Сондай-ақ, аз уақыттың ішінде олқылықтың орнын толтыруды тапсырған.

Біздің қоғамның түсінігі миға қонымсыз. Біреу сөмкемен немесе қаппен жол бойына қоқыс тастап кетсе, оны тазалаудың орнына үстіне тағы апарып төгеміз. Осылайша өзімізді қоршаған ортаны қоқыс полигонына айналдырамыз. Кейіннен, қаңғыбас ит-мысықтар мен егеуқұйрықтар қап-тап, мазамызды алды деп шағымданамыз. Ит-терінің артын тазалап жүретін шетелдіктердің жақсы әдеттерін үйреніп, жақсылыққа қарай ұмты-луымыз керек. Сонда ғана Мәңгілік елдің тәуелсіздігі ғұмырлы болмақ.

Сардарбек НҰРАДИН

Жұма, 20 Сәуір 2018 09:17

Талап бар жерде табыс бар

Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы сессия жұмысымен жалғасты. Оған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Жұбаныш Ноғайбеков қатысып отырды. Күн тәртібінде төрт мәселе: «Еңбекшіқазақ ауданының 2017 жылғы бюджетінің орындалуы», аудандық денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылғы атқарған жұмыстары» және тұрақты комиссияда қаралған ауыл аттарын өзгерту мәселелері.

Алғаш боп мінберге көтеріл-ген Жұбаныш Ноғайбеков 2017 жылғы бюджеттің орындалуы турасында тексеру нәтижесін назарға ұсынды. Ауданға инвестиция тарту, ауылшаруашы-лығы өнімдерін өндіру көрсет-кіштері еселеп өскендігін, аудан экономикасының қарқынды даму көрсеткіші жайында сөз қозғады әрі мемлекет қаржысын игеруде заңсыздық орын алмағандығын атады.

Кезекті есебімен жұмыс сапарына байланысты келе алмаған аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Мәнкеевтің орнына бөлім басшысы Ұлмекен Қанағатова баяндама оқыды. Алайда, аудан басшысы есебіне қанағаттанбағанын айтты: – Қазір шыны керек, не ішіп, не жейтінімізді білмейміз. Тіпті, базардың өзінде санитарлық тазалық мүлдем сақталмаған. Оларға қой деуге Сіздердің шамаларыңыз келмей отыр. Сіздерді қозғалту үшін бір адам улану керек! Көмір жоқ деп шуылдап едік, қазір жол бойы толған көмір. Оның жанында жеміс-жидектер сатылып жатыр. Денсаулықты бақылайтын басқарма бұны неге қадағаламайсыздар? Қазір депутаттардың алдына келіп есеп беріп отырсыз. Мұнда сылдыр сандарды айта бермей, нақты ұсыныспен шықпайсыз ба? Әр нәрсенің шегі болады. Керек пе, 23 депутат қол қойып, облысқа ұсыныспен шығады, Сіздердің құзіреттеріңізді қайта қарасын! Бұндай шектеумен біздің қауіпсіздігімізді қалай қадағалай аласыздар? – деп ашынды.

Сондай-ақ, ауыл, көше аттарын өзгертуде де депутаттармен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды Бинәлі Әбдіқапасұлы басшыларға.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Жұма, 13 Сәуір 2018 16:35

Туған жер шақырады

Елбасы Н.Назарбаевтың бас-тамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай шешім болып отыр. ала бойына игі қасиеттерді сіңіру мақсатында Қызылжар ауылы О.Жандосов атындағы орта мектебінде көктемгі демалыс кезінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ұрпақ тәрбиесінде ең бас-ты құралдардың бірі – тарих тағылымдарын үйрету бол-ғандықтан, патриоттық сана-сезімімізді серпілтіп, туған өлкемізге деген махаббатымызды мақтанышпен жеткізетін «Туған жер» тақырыбына арналған түрлі пікір-талас, дөңгелек үстелдер өткізілді. Еліміздің тарихын тереңірек танып білу мақсатында Есік қаласындағы «Алтын адам» мұражайына, Алматы қаласына Ә.Қастеев атындағы мұражайға, М.Әуезов атындағы драма театрына саяхат жасады оқушылар. Оқушыларымыздың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық кітапханаға саяхат жасадық. Дені сау, салауатты өмір салтын ұстанған өрендерді тәрбиелеу мақсатында волейбол, пионербол және баскетболдан жарыс-тар өтті. Оқушылардың өнерін шыңдау мақсатында «Айгөлек», «Қыз сыны», «Мәнерлеп оқу» сияқты түрлі сайыстар өткізу барысында балалар өнерге деген қызығушылықтарын танытты. Мектеп ұжымымен бірлесе сенбілік те жасалды.

 

Н.Джилгельдиева,

мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі

орынбасары.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасы бағыты бойынша Малыбай ауылында «Туған жер шақырады» атты кездесу кеші өтті.

Жиынға ауылда туып-өскен, қазір басқа елді мекендерде тұратын ауылдастары шақырылып, ой-пікірлерімен бөлісті. Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Жансерік Аянбек, Малыбай орта мектеп директоры Клара Садықанова, ауылдық «Алуа» балабақшасының меңгерушісі Гүлнәр Заи-рова, дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі Айтигүл Имашева, О.Жандосов атындағы орта мектебінің директоры Ысқақ Салманов, ауылдық ұйғыр этно-мәдени орталықтың төрағасы Пархат Дулятов сөз алып, ыстық лебіздерін білдірді. Кездесу концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Мықтыбек Шыныбеков,

Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Ұлттың рухани жаңғыруына бастайтын «Туған жер» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру мақсатында аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия орталығы да келелі істер атқаруда.

Атап айтсақ, орталықтың қосымша білім беру педагогы Жанатгүл Бүтімбаева «Туған жер. Алтын ұя – мектебім!» атты патриоттық зерттеу жобасын әзірледі. Зерттеу нысаны – Қаракемер ауылындағы Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп. Мектеп тарихын зерттеп, болашақ жас патриоттармен жұмыс істеуге негізделген жобаның мақсаты –патриотизм арқылы әлеуметтік жауапкершілік, болашақта өз мектебін қамқорлыққа алу, ұрпақтар сабақтастығы өнегесін көрсету. Талай ел ағаларын, дүлдүлдерді тәрбиелеп шығарған қасиетті қара шаңырақ тарихқа бай. Мектеп түлектері кең байтақ еліміздің түпкір-түпкірінде қарқынды еңбек етуде. Жоба аясында «Туған жерге тағзым» атты мектептің әр жылғы түлектерімен кездесу өткізілді. Кездесуге ҚР Білім министрлігі жанындағы «Жас патриоттар» Академиясының Президенті Тілдаш Битуова, «Балдәурен» РОСО Қапшағай қаласындағы филиалының директоры Берік Баржақсымов сынды түлектері қатысты.

Ә.Өтегенова,

қосымша білім беру педагогы.

 

Іс-шарада Мемлекет басшысына рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында аударылып, басып шығарылған 18 оқулық таныстырылды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала қазақстандықтар тарапынан кең қолдауға ие болғанын айтып, оның жекелеген бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

– Барлық өңір «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобаларына атсалысып жатыр. Бір жыл ішінде меценаттар қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінді. 700-ден астам мәдениет ескерткіштері жөнделіп, қайта қалпына келтірілді. Жүздеген ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиін талқылау үдерісі біртұтас қоғамымыздың кемелденгенін танытатын тарихи қадамға айналғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы рухани жаңғыру аясындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор екенін айтты.

– Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптың таныстырылымына жиналып отырмыз, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті бұл шараның бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық сала үшін маңызды екенін айтып, оның бірқатар ерекшеліктерін атап өтті.

– Бүгінгі алғашқы зияткерлік транш АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің ең үздік ғылыми еңбектерін қамтиды. Бұл кітаптармен танысуға мүмкіндік алған жастарымыз көп емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ұсынылған кітаптар қазақ тіліне түпнұсқадан аударылғанын айтты.

Елбасы бүгінгі іс-шара рухани жаңғыру бағдарламасының жаңа кезеңін бастайтынын атап өтті.

– Бұл – ауқымды энциклопедиялық ізденіс арқылы адамзат дамуының көкжиегіне жол ашатын кезең. Бүгінде зияткерлік даму үдерісінен туындаған тың серпіннің арқасында рухани революция бастау алып келеді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда әлемнің дамуы көбіне инженерлік ғылымның әлеуетімен анықталатынына назар аударып, озық технологияларды пайдаланудың мақсаттарын ұғыну маңызды екенін айтты.

– Ғылыми таным – заманауи ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты шарты. Жаңа оқулықтар білімнің нағыз энциклопедиясы болып саналады. Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оның мазмұны да маңызды. Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бес жылға арналған жалпыұлттық білім беру ісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы әлемдік тәжірибеде мұндай кешенді бағдарламаның іске асырылуы сирек кездесетінін атап өтті.

– Жаңа оқулықтар – эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қол жетімді болмақ. Кітаптар латын қарпінде басып шығарылғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жобаны іске асырудың арқасында Қазақстанда аударма ісінің жаңа мәдениеті қалыптасқанын атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті еліміз бен қоғамымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторының маңыздылығы жөнінде айтты.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылуда. Осы орайда, өскелең ұрпақтың оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқаны аса маңызды. Біз бүгін тәуелсіздік жылдары қалыптасқан ғылыми-кадрлық әлеуметіміздің зор екеніне тағы да көз жеткіздік, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы үштілділік қағидатын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, биыл бірнеше шетелдік оқулықты орыс тіліне де аудару мәселесін қарастыруды тапсырды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық аударма бюросына бірқатар нақты тапсырма берді.

– Біріншіден, 2018 жылға жоспарланған 30 кітаптың әрі қарай сапалы аударылуын және басылып шығуын қамтамасыз ету керек. Қаржыландыру уақтылы әрі толық бөлінуге тиіс. Келесі жылы аударылады деп жоспарланған оқулықтар өз уақытында іріктеліп, талдаудан өткізілуі керек. Екіншіден, бұл оқулықтарды білім беру үдерісіне тиімді түрде енгізу – маңызды міндеттердің бірі. Осы оқулықтар бойынша оқытылатын пәндер жаңа оқу жылының білім беру бағдарламаларына енгізілуі қажет. Үшіншіден, ғылыми тәжірибеде қолданылатын барлық терминдерді жүйелендіріп, гуманитарлық және экономикалық лексиканың жаңа түсіндірме сөздігін шығаруды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Үкіметі тарапынан жобаның сапалы жүзеге асырылуына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

– Төртіншіден, оқулықтар кәдімгі кітаптар сияқты басылып шығуы керек. Сонымен қатар онлайн білім беру ісін дамыту қажет. Қазір дамыған елдерде виртуалды университеттер бар. «Қазақстанның ашық университеті» жан-жақты қолдау табуы керек. Ашық лекциялар видеотекаларының және солардың негізінде дайындалатын оқулықтардың сапасын қадағалауға ерекше назар аудару қажет. Бесіншіден, «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми аударма мектептерін дамыту ісінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан аударма саласында тәжірибенің, білімнің және кәсіби дағдының жүйелі дамуын қамтамасыз ету керек, – деді Мемлекет басшысы.

 

www.akorda.kz

Мемлекет басшысы елорданы абаттандыру жөніндегі жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарының құрылыс жос-парымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа сәулет және логистика ғамараттарын салу кезінде қалақұрылысы саласындағы әлемдік жетістіктерді зерттеп, оларды қолдану қажеттігін атап өтті.

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық инс-титуты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

Қазақстан Президенті қала-дағы өмір сүру сапасы мен жайлы тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданың 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу мәселесіне баса назар аударды.

Біз 20 жыл ішінде Ұлы Даланың дәл ортасында бүкіл әлемге танылған жаңа әсем қала тұрғыздық. Бұл қала халқымыз-дың мақтанышына айналды. Әрине, бұл – қала әкімшілігінің, құрылысшылардың, сәулетшілер мен осы үдеріске атсалысқан көптеген адамның маңдай терінің жемісі. Біз биыл елордамыздың 20 жылдығын тойлаймыз. Қонақ-тарымыздың бәріне елорданың жиырма жылда қол жеткізген тартымдылығын, әсемдігін және тыныс-тіршілігінің жоғары дең-гейде екенін көрсетуіміз қажет, – деді Елбасы. Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі елорданы одан әрі дамыту және қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

 

«Егемен қазақстан» газетінен алынды.

 

Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» көңілге жаңа үміт бүршік жарғызып, сенімімізді сергіте түсті. Елбасы бас-тамаларының біріншісі «Әр-бір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» делінген.

Шелек ауылында заманауи үлгіде бой көтерген біздің мектеп ұжымының 80%-ын жас-тар құрайды. Жастар мен жас отбасылардың табыс деңгейін көтеріп, баспана алудың қолжетімділігі арттырылса, онда жастардың жұмысқа деген ынта-жігері өсіп, талаптана түсер еді, – дейді жас ұстаздардың бірі Шыңғыс Өтежанов. Сондықтан, бұл бастама, әсіресе, жастарға жағымды жаңалық болды.

Екінші бастамада жалақысы төмен жұмысшылардың еңбека-қысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту көздел-ген. Мектебімізде аз қамтылған отбасынан 215 бала оқытылуда, олардың ата-аналары барлығы дерлік жалақысы төмен жалдамалы жұмысшылар. Шынында олардың еңбекақысынан алынатын салық төмендетілсе, жағдайлары жақсарып, еңбека-қылары нақты көбейе түсер еді.

Үшінші бастама халықтың жоғары білім алуына жағдай жасап, сапалы мамандық иелерін дайындау мен студенттердің жатақханадағы жағдайын жақ-сартуға бағытталды. Келер оқу жылында мемлекеттен қосымша 20 мың грант бөлуді президент тапсырып отыр. Бұл да жастарға мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі. Қазіргі таңда сұранысқа ие болып отырған инженер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласындағы жетіспейтін мамандардың грантының көбейтілуі, мекте-біміздің алғашқы түлектеріне үміт отын ұялатып отыр. Төртінші бастама шағын несие беру мәселесіне арналған. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несиеге бөлінетін қаржы көлемі 20 миллиардқа артып отыр. Жеңілдетілген шағын несие ауылдық жерлерде жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етіп, ауыл тұрғындарын серпілтіп, халықтың материалдық жағдайы жақсаратын болды.

Президент ұсынған бесінші бастама елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру делінген, ауылымызда газ құбырлары тартылып, көгілдір отын - газдың келуі осы бастаманың жарқын көрінісі.

Елбасының бастамаларын ұстаздар қауымы, ауыл тұрғын-дары үлкен қуанышпен қарсы алдық. Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін осы істер игі қадам болары анық.

 

 

Б.Толегенова,

тарих және музыка пәнінің мұғалімі.

 

 

2018 жылы ҰБТ-ның қазіргі форматы сақталады. Былтырғы жылы енгізілген ҰБТ форматының басты ерекшелігі – емтиханның екіге бөлінуінде: Қорытынды аттестация және ҰБТ. Қорытынды аттестация мектеп түлектеріне, ал ҰБТ жоғары оқу орнына түсушілерге арналған.

Қорытынды аттестаттауды мектеп түлектерінің барлығы тапсырады. Ол 5 пәннен тұрады. 4-еуі міндетті, 1-еуі таңдау пәні. Олар: ана тілі және әдебиет – эссе (жазбаша) берілетін уақыт – 3 сағат; алгебра және анализ бастамалары – жазбаша, берілетін уақыт – 5 сағат; Қазақстан тарихы – ауызша, билеттерге жауап беру арқылы; Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінде – Қазақ тілінен, қазақ мектептерінде – орыс тілінен тестілеу түрінде; Таңдау пәндеріне: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тестілеу (оқу бейініне байланысты: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық). Мектеп бітіру емтихандарының бәрі түлектердің өз мектептерінде өтеді. Қорытынды аттестат-таудың материалдарын ҚР Білім және ғылым министрлі-гінің Ұлттық тестілеу орталығы облыстық білім басқармала-рына жеткізеді. Ауызша, жазбаша емтихандарды мектептер-дегі емтихан комиссиялары бағалайды. Тестілеудің жауап парақшасындағы дұрыс жауаптар кодын да аталған комиссия тексереді.

ҰБТ тапсыру пәндерінің саны – 5 (3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән). Олар: Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма; Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма; Қазақстан тарихы – 20 тапсырма; 2 бейіндік пән – 30 тапсырмадан.

«Алтын белгі» иелері, ғылыми жобалардың, республи-калық және халықаралық олим-пиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға ортақ тәртіпте тапсырады. «Алтын белгі» иелерінің артықшылық-тары тек қатардағы талапкермен баллдары бірдей болғанда ғана ескерілетіні туралы Заң жобасы Парламентте қарастырылуда. Жалпы 120 тапсырма бар. Бірақ, максималды балл 140. Шекті деңгей – 50 балл. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минут.

Тестілеу өткізілетін уақыты ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы арқылы бекітіледі. Шамамен, мерзімдері: Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 нау-рыздан 10 мамырға дейін (ТКТ 1 маусымға дейін); Тестілеуді өткізу: ҰБТ – 20 маусым мен 1 шілде аралығында, ТКТ шілденің 17 мен 23 аралығында; Шығармашылық емтихандар: шілденің 8 мен 13 аралығында; Арнайы емтихандар 20 маусым мен 18 тамыз аралығында өткізіледі (педагогикалық қызмет-ке бейімділігін анықтау үшін педагогикалық мамандықтарға тапсырушылар); Қайта тапсыру 19-24 тамыз аралығында (ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар) және 20-24 қаңтар аралығында (ҚР жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданғандар және шетелдік оқу орнынан ауысып келушілер).

Биыл тест тапсырмалары-ның базасы 50 пайызға жаңарды. Былтыр 80 мың тест тапсырмасы болса, биыл – 120 мың. 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға бағыт-талған. 37 пайызының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Бұл пәнді терең түсінуге ықпал етіп, жауаптарды жаттап алудан сақтайды. Биылғы жылы енгізілген жаңалық – мектеп бітірушілердің ҰБТ-ді ағылшын тілінде тапсыруына мүмкіндік бар. ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысқысы келетіндер емтиханға дайын-дық барысында байқау-сынақ-тарынан онлайн және бланк арқылы тестілеу бойынша өтуіне болады. Бланк арқылы тестілеу түріндегі байқау-сынақтарынан ҰТО филиалдарында, ал онлайн режимдегі байқау-сынақтарынан ҰТО сайтында өтуге болады. www.https://prob-ent.testcenter.kz, www.testcenter.kz.

Барлық мектеп бітірушілерге сәттілік!

 

Қ.Қасымова,

ҰТО-ның №107 филиал жетекшісі.

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мектепте жүзеге асуда. Көктемгі демалыс күндерінде оқушылардың демалысы мағы-налы да мәнді өтуіне мектеп ұжымы зор үлес қосуда. 5 сынып оқушылары мен сынып жетекші С.Ильясова «Фольклор әлемінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Балаларға халқымыздың ауыз әдебиеті туралы толық түсінік берілді. Сонымен қатар, балалардың ізденуіне ықпал ететін сұрақтар арқылы өз халқының ауыз әдебиетіне құрмет сезімін оятты. Оқушылар мақал-мәтелдерді, олардың қолдану ерекшелігін айтып, танымдық қабілеттерін арттырды. Оқушылар ауыз әдебиетінің тарихи мәнін ашып, ерте заманнан келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы екенін сезінді. Жаңылтпаш, жұмбақ айтып, өз білімдерін дөңгелек үстел барысында көрсете алды.

Эльвира ОМАРБАЕВА,

Төле би мектебі директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары.


Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет