Жұма, 20 Сәуір 2018 10:44

Тазалық – қоғам айнасы

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жол- дауында қоғамдық тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділікті» қолданып, ұсақ құқықбұзушылықтың, мәдениетсіздік пен бассыздықтың жазасыз қалмау керектігін айтқан болатын. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «нөлдік төзімділік» қағидаларын қалыптастыру жөніндегі жауапты міндеттерді жүктеді. Нәтижесінде, қоғамдық орындарда болатын ұсақ құқықбұзушылықтар айтарлықтай азайды. Алайда, заңға бағынбай, мәдениетсіздікке жол беретін азаматтарымыз әлі күнге арамызда жүр.

Аудандық ішкі істер басқар-масына қарасты Жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы Қайрат Балабековтың берген мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың 3 айында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 бабына сәйкес (ұсақ бұзақылық) 166 хаттама толтырылған. Оның төртеуі автокөлік терезесінен қоқыс лақтырған жүргізушілерге тиесілі.

Бүгінде зиянды әдетке әуес адамдар да қоғамдық орында тазалық сақтап, мәдениетті болуға тиіс. Яғни, темекі шегіп, шемішке шағып қалдығын тастағандар да жазасыз қал-майды. Үш айдың ішінде улы түтінге әуес 94 адам темекі тұқылын жерге тастағаны үшін айыппұл арқалаған. Кейбірі тіпті, бірнеше тәулікке қамалған. Шемішке шағып, айналасын ластаған 28 азаматқа да хаттама жазылған.

Ауданымыз, әсіресе қала-мыз күннен-күнге көркейіп келеді. Гүлдену алдымен тазалықтан басталатындығы баршамызға мәлім. Сондықтан, өткен жылы қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын жерлерге арнайы қоқыс жәшік-тері орнатылған болатын. Бірақ, кейбір аудан тұрғындары қол созым жердегі жәшікке жетуге ерініп, қоқысын жол бойына лақтырып жүре береді. Нәтижесінде, жазаланады. Осындай 40 адамды тәртіп сақ-шылары құрықтады.

Жоғарыда аталған барлық құқық бұзушылардың істері Еңбекшіқазақ аудандық №1 және №2 сотына жолданған. Сот шешімімен 121 ластаушы 10 тәулікке дейін қамауға алынған. 41 адамға 5 АЕК көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салынып, 4 іс медиация тәртібімен қысқартылған.

Қазіргі таңда ауланы ластап, өзінің есік алдын таза ұстамаған тұрғындар да жазасыз қалмайды. Осындай ластануға жол берген 268 үй ауласына ҚР ӘҚБТК-нің 505 бабы бойынша (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырылған жерлерді ластау) ескерту жасалып, хаттама толтырылған. Айталық, Әймен ауылы Школьная көшесіндегі Исмаил Ахмедовтың ауласы күл-қоқысқа толған. «Ауыл ғой» деп жауапсыздыққа жол берген Исмаил ағаның үйіне барған полиция қызметкерлері сәуір айының 12-сі күні хаттама толтырған. Сондай-ақ, аз уақыттың ішінде олқылықтың орнын толтыруды тапсырған.

Біздің қоғамның түсінігі миға қонымсыз. Біреу сөмкемен немесе қаппен жол бойына қоқыс тастап кетсе, оны тазалаудың орнына үстіне тағы апарып төгеміз. Осылайша өзімізді қоршаған ортаны қоқыс полигонына айналдырамыз. Кейіннен, қаңғыбас ит-мысықтар мен егеуқұйрықтар қап-тап, мазамызды алды деп шағымданамыз. Ит-терінің артын тазалап жүретін шетелдіктердің жақсы әдеттерін үйреніп, жақсылыққа қарай ұмты-луымыз керек. Сонда ғана Мәңгілік елдің тәуелсіздігі ғұмырлы болмақ.

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 1691 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тазалық – қоғам айнасы Тазалық – қоғам айнасы »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет