Мәслихаттың 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті аудан әкімдігінің мәжіліс залында. Оған аудан басшысы Бинәлі Ысқақ бастаған мемлекеттік қызметшілер, аудандық мәслихат депутаттары мен алғашқы шақырылымдарында депутат болған еңбек ардагерлері қатысты. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов ашып, жүргізіп отырды.

Ашылуында алғаш сөз ал-ған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапас-ұлы мәслихаттың қоғамдағы рөлін айшықтап айтты. – 1994 жылы 7 наурызда Қазақстан Республикасының бірінші шақыры-лым депутат-тарының сайлауы болды. Содан бері халық пен билік арасын жалғап, елдік мүддені мүлт жібермей қорғап жүрген мәслихат депутаттары ширек ғасыр ішінде «халық қалаулысы» деген мәртебелі атаққа ие болды.Мәслихаттар – жергілікті тұрғындар ойын, қалауын білдіруші әрі өз құзіреті шегінде жеке әрекет етуші мемлекеттік орган болып танылды. Қазіргі таңда ауданымызда 23 мәслихат депутатынан келіп түскен сауалдардың бірде-бірі қағаз астында қалған жоқ. Бәрі де шешімін тапты, күрделі мәселелер күн тәртібінде тұр, – дей келе барша халық қалаулыларын мәслихаттың 25 жылдығымен құттықтады. Барша депутаттарға мерейтойлық медальдарды кеуделеріне тағып, әр деңгейлі Құрмет грамоталарын табыс етті.

Алдыңғы шақы-рылымдарда аудандық, облыстық мәслихат депутаты болған Хайролла Ахметжанов мінберге көтеріліп барша әріптестерін ме-рейлі мерекелерімен құттықтады: – Қазір жылдар өткен сайын халықтың тұр-мыс-тіршілігі түзеліп келеді. Осы арқылы еліміздің гүлдену жолына қадам басқанын көре аламыз. Осынау мәртебелі мандатты кеудемізге тағып жүрген кездері сайлаушылар арасында жеке бас мәселесі көп айтылатын. Қазір мүлдем басқа, округ деңгейіндегі келелі мәселелер көтеріледі. Жуырда ғана Есік қаласының маңайындағы ауылдардан телефон арқылы да, хат арқылы да алғыстар келіп түсті. Бәрінің мәтіні бір: көптен күткен ауыз су мәселесі жолға қойылды дейді. Бұл ретте әрине халық қалаулылары мен жергілікті атқарушы биліктің арасындағы тығыз байланыс нәтижесінде шешілген түйін. Сондықтан осындай елдің алғысын арқалауды жазсын сіздерге, – деді.

Салтанатты жиын соңында барша депутаттар мен аудан басшысы  естелік суретке түсті.

Өз тілшіміз

Елмен етене, әлеуметпен әріптесе еңбек еткен мәслихаттың құрылғанына - биыл 25 жыл. Ширек ғасыр шеңберінде ел Тәуелсіздігінің тұғырын берік ету мақсатында табан етін тіліп төккен тердің бүгін жемісі көрінуде. Әйткенмен, аз-кем тарих парақтарын сапырмауға болмас. 1994 жылдың 28 наурызында Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттарының бірінші сессиясы өтті.  Аудандық мәслихат хатшысы болып көп жылдар бойы өкілді және атқарушы органдарда қызмет еткен, тәжірибесі толысқан, халық арасында құрмет-беделге ие азамат – Әділбай Талқамбаев сайланып, бес шақырылымда да аталған қызметте сәтті еңбек етті.

Осылай, 1993 жылдың 10 желтоқсанында республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы» Заң қабылдады, ол жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымына өзгерістер енгізді. Өкілетті органдар мәслихат, ал жергілікті атқарушы органдар – әкімнің басқаруындағы жергілікті әкімшілік деп атала бастады. Мәслихаттар және әкімшіліктер «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» деген жалпы атпен бірікті.

Бұл тұрғыдан, жергілікті атқарушы органдардың атауы ғана емес, олардың мәні түп-тамырымен өзгерді. Бір ерекшелігі, барлық аумақтық басқару деңгейінде құрылған жергілікті кеңестерге қарағанда мәслихаттар – депутаттар жиналыстары тек облыстық және республикалық деңгейдегі облыстарда, аудандар мен қалаларда және Астанада сайланды. Ауылдарда, селоларда, ауылдық (селолық) округтерде олар құрылған жоқ.

Егемендіктің алғашқы он жылдығында экономиканы және әлеуметтік саланы қайта құру кезінде көп қиындықтар туындады, инфляцияның өсуі, өндірістің төмендеуі байқалды. Халық ертеңгі күнге сенімсіздікпен қарады.

Бұл тұста, бір бағытта, бір режимде жұмыс істеуге ыңғайласқан депутаттар өз қызметтерін сәтті жүзеге асырып, салалық өсу көрсеткіштері барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлестерін қосып, аудандық мәслихат қызметінің мықты негізін қалады.

Аудандық сессия жұмысы барысында тұрақты және ревизиялық комиссиялар құрылып, олардың төрағалары сайланды.

І шақырылымда аудандық мәслихаттың 4 тұрақты комиссиясы құрылып, 2003 жылға дейін сол бағытта жұмысын өзгеріссіз атқарды. 2003 жылы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының №1-2 шешімімен тұрақты комиссиялар қайта құрылып, жалпы саны 3 болды.

Ал, 2011 жылға дейін қызметін жалғастырған аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауданның мемлекеттік мекемелерінде арнайы бағыттық тексерулер жүргізіп, тұрақты комиссиялармен бірлесе  жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша бақылау өткізіп, олардың нәтижелері тұрақты комиссиялардың отырыстарында талқыланатын.

2016 жылдың наурыз айында өткен саяси науқанда 6-шақырылымға 23 депутат сайланды. Кезекті шақырылымның құрамы 65,2 пайыз жаңартылды.

Бүгінде аудандық мәслихат жанынан құрылған тұрақты комиссиялар 4 бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде: Олар:  әлеуметтік  бағыттағы  салаларды дамыту  мен  заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі; ауданның  экономика,  бюджет  және  қаржы  мәселелері  жөніндегі; агроөнеркәсіп,  шағын  және орта бизнес  пен  іскерлік  белсенділікті қолдау,  индустриалды-инновациялық даму мәселелері жөніндегі және энергетика  мен  жалпы  инфрақұрылымды  дамыту  және  тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссиялар.

Әртүрлі форматтарда өткізілетін комиссия отырыстарында ауылдық округ әкімдерінің, мекеме басшыларының атқарған жұмыстары туралы есептері, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баяндамалары қарастырылады, сессияда бекітілуге ұсынылған шешім жобалары тыңдалады.

Шыны керек, комиссия отырыстарында қаралатын мәселелер шеңбері үлкен, әр қырынан келуді талап етеді. Сондықтан, қандай да бір мәселені алдын ала, егжей-тегжейлі зерделеу үшін тұрақты комиссиялар өз құзыреті шегінде атқарушы органдардан қажетті ақпаратты сұратады.

Кезекті 6-шақырылымның басты ерекшелігі – көшпелі комиссия отырыстарының өткізілуі. 1 қала, 25 ауылдық округ, 79 елді-мекеннің тыныс-тіршілігімен, туындаған мәселелерімен танысу, сайлаушылардың пікірі мен тілектерін есту, тұрғындар тарапынан маңызды деген талап-ұсыныстарын алу мақсатында құрылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың жанындағы тұрақты ақпараттық жұмыс тобы жыл сайын сайлаушылармен кездесуде. Осы кездесулерден 300-ге жуық өтініш түсіп, 26 – салалы депутаттық сауал жолдап, жартысынан көбінің тиімді шешілуі қамтамасыз етілді. Үлкен ауқымда қарастырылуы тиіс 59 мәселенің 29-ы бүгінгі таңда өз шешімін тапты.

Депутаттар аудан өмірдегі барлық шараларға белсенділікпен қатысады. 2017 жылдың тамыз айында осымен екінші рет өткізілген ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында жергілікті өзін-өзі басқару мен демократиялық құндылықтарды іс жүзінде асырудағы өз қызметтерін үлкен жауапкершілікпен атқарып,  1 қала 15 ауылдық округ әкімдерін сайлады.

Депутаттық корпус жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жас депутаттардың бастамасымен халық қалаулыларының әлеуметтік парақшалардағы белсенділігі қалыптасып, сайлаушылармен депутаттардың арасын біршама жақындата түсті.

Жекелеген депутаттар өз қаржыларына жағдайы төмен тұрғындарға, мүгедектерге, жетім балаларға, қиын жағдайға душар болған отбасыларына көмектесумен бірге әлеуметтік нысандардың ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізуге өз сауалдарымен ықпал жасауда.

Бәрін айт та, бірін айт, бұл айтулы дата - ең бірінші осы орган жұмысын жүйелеу жолында танбай еңбек еткен халық қалаулыларына деген зор құрмет көрінісі. Екіншіден, халық арасынан шығып, басым дауыспен сайлаушылар сенімін арқалаған депутаттар жұмысының жүйеленуі. Өткенге көз тастай отырып, болашақққа бағдар құру. Осынау сәтте елді гүлдендіру мен түрлендіру жолында өкілетті орган мәслихат жұмысын одан әрі жандандыра түсеріне сенім мол. Себебі, «Ат тұяғын тай басар». Кешегі елдік мүдде жолында ерінбей еңбек еткен депутаттар орнын бүгін жаңашыл ой, жаңашыл бағыт жас буын басты. Ендеше, 25 жыл мұғдарында осыншама өсу мен өркендеуге жол ашқан өкілетті құрылымды ендігі ұрпақ жаңа деңгейге көтеретініне сенеміз. Ал бұл – Тәуелсіздік тұғырын мығым ететін басты  алғышарт.

 

Аудандық мәслихат депутаттары

Сәрсенбі, 30 Қазан 2019 11:56

ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫНЫҢ ҚИЛЫ ТАРИХЫ

Еуразия континентін дүр сілкіндіріп, адамзат тарихының өзгеше өрбуіне ерекше әсер еткен көшпенділер даңқы ежелгі дәуірлер қойнауынан жаңғырып жеткендей. Әсіресе сахараны шаңдата жүйткіген тұлпарларының тұяқ дүбірі құлағыңнан кетпейді. Иә, сәйгүліктер сол даңқты бабаларымыздың айырылмас серігі болатын. Жылқы малы мінсе көлігі, жесе тамағы, ішсе сусыны, кисе киімі ретінде халық тіршілігі мен ел экономикасының да негізі еді. Көшпенділерді жылқысыз елестету садақты жебесіз атқанмен бірдей екені түсінікті. Жылқы тек төрт түліктің бірі ретінде ғана емес, көшпенділер тіршілігінің тірегіне айналған соң, оның салт-дәстүрі мен өмірлік философиясынан көрініс таппауы мүмкін емес. Бүгінде ғылым мен техниканың дәуірі жүріп, жылқының маңызы бұрынғыдай болмаса да, жылқы десе ішкен асымызды жерге қойып, елегізе елітіп отыратынымыз соның айғағы болса керек.

Біз, әдетте, өзімізді «жылқы мінездес халықпыз» деп мақтанатынымыз бар. Бала кезімізде де аналарымыз «құлыншағым» деп еркелетсе, құлдыраңдай шауып, мәз болатын кезіміз есіңізде болар. Арғы аталарымыз да ат жалын тартып азамат болғаннан бастап, ана дүниеге аттанғанша аттан түскен жоқ. Сонау Эллададан бастап, қиырдағы Египетке дейін кентаврлар туралы аңыз қалдырды. Достарына құшағын айқара ашып, қастарымен ат құйрығын кесісті. Ал қателессе, ат-шапан айыбын төледі, еліне қауіп төнгенде, «аттандап» жауға шапты. Осылайша, жылқы тек көлік ретінде ғана емес, философиясы мен мәдениетінен, тілі мен қисса-дастандарынан орын теуіп, халқымыздың бөлінбес рухани дүниесіне айналды. Әйтеуір, аталарымыз жылқы малына атүсті қараған жоқ. «Тегіміз түркі, көлігіміз жылқы» деп оны басқа түліктен артық санады. Кешегі Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да жылқы малын қазақтың брендіне айналдыруды сөз еткен болатын. Иә, өте құптарлық іс. Кешегі бабаларымызға төл тарихымызды бірге жасасып, даңқымызды әлемге жайған жылқы түлігінің еңбегі мен атқарған рөлін жоққа шығара алмасымыз айдан анық. Керісінше, оларға қарыздар екенімізді мойындауымыз керек.

 

Жылқы қашан пайда болған?

 

Ғалымдардың сөзіне сенсек, жылқының пайда болу тарихы осыдан 65 миллион жыл бұрын басталған екен. Ол кезде қазіргі кездегідей биік те сымбатты болмаса керек. Яғни, арқасы бүкір, құйрығы ұзын, көлемі қанден ит сияқты бір түрлі жануар болған деседі. Ол жануарды ғылымда «эохипус» немесе «хирокетрия» деп те атайды. Бұл хайуанның алдыңғы қолында төрт сау­сағы, артқы тұяқтарында үш саусағы болып, бұталар мен жас ағаштардың жапырақтарымен қоректеніпті.

 

Ал 25 миллион жыл бұрын климаттың өзгеріп, ағашты ормандар мен бұталы алқаптар, ұзын шөпті шалғындар құрғақшылыққа ұшырап, жер бетінің кебе бастағаны мәлім. Осы құбылыстан кейін таутасты далалардың пайда болуына орай, эволюция заңдылығына сәйкес жылқының арғы тегі де өзгеріпті-мыс. Осылайша, тұрқы пониге, бас сүйегі мен тісі қазіргі жылқыға ұқсас басқа тіршілік иесіне айналыпты. Бұрынғы жұмсақ айыр тұяқтары қатты тұяққа өзгеріп, енді секіріп, жылдам жүруіне жағдай туыпты. Арада 13 миллион жыл өткеннен соң (12 миллион жыл бұрын) дене тұрқы киіктей, үш айыр тұяқты, жылдам шауып жүретін гиппарион деген жаңа жануарға айналса керек. Уақыт өткен сайын жылқы тұрпаты да сатылап өзгеріп, бүгінгі түріне еніпті. Рас-өтірігін кім білсін, қазіргі ғылым осылай деп болжам айтады. Деседе, жылқының жаңа тарихы оны адамдардың қолға үйретілуінен кейін басталды.

 

Жылқыны ботайлықтар қолға үйреткен

 

Бертінге дейін тарихшылар жылқы алғаш рет Еуропа жерінде қолға үйретілген деп санап келген. Тек Ботай мәдениеті ашылғаннан кейін жылқының алғаш рет Солтүстік Қазақстанның аумағында қолға үйретілгені ғылыми түрде дәлелденді. Ботайлықтар тек жылқыны қолға үйретіп қана қоймай, қымыз ашытуды да тұңғыш ойлап тапқан. Олардың қымыз ашыта білгендігінің дәлелі табылған қыш ыдыстың қабырғасындағы май қышқылдарының дағымен байланысты.

Ал ыдыс қабырғасындағы дақтар бие сүтінің ізі екені анықталған. Американ археологы Дэвид Энтони2007 жылы жарық көрген «Жылқы, дөңгелек және тілдер» атты кітабында бұл аймақтағы жылқының қолға үйретілу мезгілі шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жыл деп жазады. Яғни, жылқының қолға үйретілгеніне шамамен кем дегенде 4500 жыл болды деген сөз. Ботай мәдениетін зерттеушілер тұрақтың 6 мың жыл бұрын құрылғанын айтады. Мыңжылдықтармен есептесек, екі болжам бір-біріне өте жақын. Жылқының қолға үйретілуі – адамзаттың өндірістік қуатын арттырып қана қоймай, сонымен қоса әлем тарихындағы мәдени революция болғаны анық. Бұл туралы әлемге танымал ғалым Сандра Олсен: «Менің ойымша, жылқының қолға үйретілуі – адамзат тарихындағы ең шешуші оқиға болған. Александр Македонский мен Шыңғыс ханды қоса алғанда, барлық ұлы империялардың негізін қа­лаушылар жылқысыз ештеңе істей алмас еді», – деп, адам баласы үшін жылқының маңызы қандай болғанын айшықтай түседі. Жылқытанушы қазақ ғалымдары болса, жылқы түлігі ақпарат алмасуды тездетіп, өркениеттің пайда болуына әрі ғаламдық тарихтың бір-бірімен байланыс орнатуына айрықша ықпал еткен деп тұжырымдайды. Қазақ даласындағы жылқының тарихы арий кезеңінде жаңа бір сатыға көтерілді.

 

 

 

Кентаврлар… олар кімдер?

 

Арийлер жылқыны ерекше қастерлеп, шексіз құрмет көрсеткен. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болған деп санайды. Олар: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түркіменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар жоғары бағаланған. Әлемде алғаш болып екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Оның ескерткіштерін қазақ даласындағы жартасқа салынған суреттерден көруге болады.

Келесі сақтар кезеңінде де жылқының рөлі арта түспесе кеміген жоқ. Дала төсінде үйір-үйір жылқы өргізіп, соның арқасында атағынан ат үркіп, қаһарынан дұшпанының тізесі дірілдейтін атты кавалерия құра білді. Бала-шағасынан бастап, тіптен әйелдерге дейін ат құлағында ойнауды игерді. Сонымен бірге, Геродот жазбаларында сақтардың аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізіп, жүгендері мен шылбырларына дейін алтынмен әшекейлегені айтылады. Яғни, жылқыны адамнан кем көрмей, өздерін қаншалық сәндесе, аттарын да соншалық дәрежеде әсемдеп отырғанын байқаймыз. «Алтын адам» – соның бір ғана мысалы. Тіптен, сақтардың патшалары мен қолбасшылары өздерінің бас киімдерімен бірге мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі таққаны туралы деректер бар. Мұндай мүйізге ұқсайтын белгілерді «жыға» деп атаған. Өзіңіз кинодан жиі көретін мүйізді жылқылардың қайдан шыққанын енді түсінген боларсыз. Мүйізді тұлпарлар өзіміздің Елтаңбамызда да бейнеленген.

Ал ғұн кезеңінде осы жылқының арқасында бір шеті Қытайдың Сары өзенінен сонау Балқан тау­ларына дейінгі ұланғайыр аумақты иемденіп, ұлы империя құруларына мүмкіндіктері болды. «Мәңгілік империя» саналған Римнің өзі ғұндардың алдында қауқарлы болмай шықты. Еділ бастаған ғұн жауынгерлерінен тас-талқаны шығып жеңіліп, ақыр соңында тарих саханасынан келмеске кетті. Ең қызығы, тарихшылардың айтуынша, римдіктердің жеңілуіне ғұндардың технологиясының мықтылығы әсер еткен. Мұндағы мықты технология ғұндардың атты жауынгерлерінің ержүректігі мен әскери қару-жарағында емес, ат әбзелдерінде екен. Нақтырақ айтқанда, олардың ерлерінде үзеңгісі болған. Үзеңгісі жоқ Рим атты әскерлері жай соққының өзінен атынан аунап түсіп, сайыс үстінде дәрменсіздік көрсеткен. Ал ғұндар болса үзеңгінің арқасында атта орнықты отырумен қатар, найзамен түйреп, шоқпар үйіргенде де ептілік танытқан.

Осылайша, осы бір елеусіздеу үзеңгінің өзі адамзат тарихының өзгеше өрбуіне мұрындық болыпты. Ата-бабаларымыз тек жылқыны қолға үйретіп қана қоймай, ат әбзелдерін уақыт өткен сайын түрлендіріп, дамытып отырған. Қазіргі сәнге айналған ұзын қоныш, жұмсақ табанды етіктер мен шалбарларды да осы атқа мінуге қолайлы болу үшін бабаларымыздың ойлап тапқаны әмбеге аян. Бұл ұлы бабаларымыздың жылқының арқасында жеткен жетістіктерінің бір парасы ғана. Тарихи мәліметтер бойынша, алғаш атқа мінген бабаларымызды көрген гректер «Адам басты жылқылардан» қатты қорқып, неше түрлі аңыз-миф шығарыпты. «Кентавр» сөзі содан пайда болған. Қазіргі күні батыстың фильмдерінде кентаврлар жайында сюжет көп кездеседі. Батыр бабаларымыздың даңқты тарихы адамзат көкірегінде әлі де сайрап жатыр…

 

Жабы мен қазанат

 

Халқымыз үшін кейінгі түркілер дәуірінен бастап, ұлт болып қалыптасқанымызға дейін де жылқының рөлі еш кеміген емес. Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Қамбардың Қарақасқасы, Ер Тарғынның Тарланы, Қабанбайдың Қубасы, Ақан серінің Құлагері секілді, тұлпарлардың даңқы бізге аңыз болып жетті.

Деседе, қазақ халқында жылқы тұқымының екі түрлі бағыты қалыптасқан. Біріншісі, еті мен сүт үшін және күш көлігі ретінде өсірілетін жылқылар. Мұндай тұқым түрі жабы деп аталған. Қазақтың жабы жылқысы жайылымда жақсы әрі тез семіреді. Еті көп те дәмді, сүті мол да нәрлі болып келеді. Ыстық пен суыққа төзімді, ортаға бейімделгіш, жұмысқа көнбіс әрі тез арымайтын жабылар шаруашылық үшін таптырмайтын жылқы болып саналады. Дегенмен мұны жорық аты ретінде мінбеген. «Қанша жүйрік болса да, жауға мінбе жабыны» деп оны сәйгүліктерден төмен санаған. Ал екіншісі, бетегелі бел мен найза ұстаған ерге ғана бітетін аузымен құс тістеген сәйгүліктер тұқымы. Мұны қазақта қазанат деп атайды. Жоғарыда аталған Байшұбар мен Тайбурыл, Қарақасқа мен Тарлан, Қубасат пен Құлагер – осы қазанаттардың жарқын үлгісі. Мұндай сәйгүліктер соғыста әскердің күші болса, бейбітшілікте бүкіл рудың атын шығарған бәйгелерге шапқан. Мұндай тұлпарлардың құны ердің құнынан кем түспеген.

 

Көкмойнақтың үйірі қайда кетті?

 

Қазақ жерінде өсірілген жылқылар басқа халықтар арасында да өте танымал болды. ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары Австрия подполковнигі А.Дандевиль Орынбор даласына арнайы сапар шегіп, Австрия армиясы үшін 3000 қазақ жылқысын сатып алғаны туралы деректер кездеседі. Тіптен І және ІІ дүниежүзілік соғыс майдандарына да көптеген қазақ жылқылары жіберілген. Бірақ қазақты отарлауды көздегендер оларды қалайда аттан түсіруге барын салды. Ол үшін қазақтардың жылқысын азайтып, қазанаттардың тұқымын жоюға тырысты. Мәселен, 1880 жылдары Австрия-Венгрияда 3,5 миллион, Германияда 3,3 миллион, Францияда 3 миллион жылқы болса, 1879 жылы алынған санақ бойынша Қазақстанның бір ғана Орынбор облысында 1,8 миллион жылқы болғаны көр­сетілген. Ал ХХ ғасырдың басындағы нәубеттерден кейін бүкіл Қазақстанда 8 миллиондай ғана жылқы қалғандығы айтылады. Ұлттық байлығымыз саналған осыншама жылқы Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан да азая түскен. 2018 жылғы санаққа сенсек, еліміздегі жалпы жылқы саны бар-жоғы 2,5 миллионның шамасында екен. Қазақтың басына келген нәубет жылқыларын да айналып өтпепті. Осылайша, кезіндегі басқан жерін ошақтай оятын асылтұқымды тұлпарлардың да қатары сиреп, ыңғай мәстектер мен қойға жетпес қойторылардың күні туыпты. Енді өз қазынамыздан айырылған соң шекара асып, өзге елден тұлпар іздейтін күйге түсіппіз. Тыңдаған болсаңыз, Елдос Еміл орындайтын «Көк мойнақтың үйірі» атты біздің қасіретті тарихымызды жылқы малымен байланыстырған таңғажайып жыр бар. Осы жырда қазақ даласындағы асылтұқымды жылқылардың қалай қырылғаны баяндалады.

Бүгінде әлемдік аренада бәсі жоғары жылқы тұқымы көптеп кездеседі. Олардың қатарында – ақалтеке тұқымы, жәуміт тұқымы, қарабайыр тұқымы, араб тұқымы, «таза қанды» ағылшын тұқымы, дон тұқымы, буденный тұқымы, Украинаның ұлттық тұқымы секілді асылтұқымды жылқылар бар. Дегенмен біздің де жергілікті жылқы тұқымдарын асылдандырудың арқасында жеткен жетістіктеріміз аз емес.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Болатхан Махатов: «Біз Кеңес кезінде ет пен сүт беретін бағыттағы жылқыларды өсірдік те, спорттық бағытқа көңіл аудармадық. Бізге бұл саланы жақындатқан да жоқ. Батыс Қазақстанда ең алғаш рет сүтті бағыттағы күшім жылқысы өсірілген болатын. Одан кейін жабының бірнеше түрін біріктіріп мұғалжар жылқысы шығарылды. Бұдан бөлек өзінің өсіп отырған ортасына жақсы бейімделген адай жылқысы қалыптасып келеді. Мұның ерекшелігі мініске төзімді әрі жүйрік жылқы. Алыс қашықтыққа шапқанда оған тең келетін бірдебір жылқы жоқ. 150 шақырым ол үшін түк емес. Қазақ жылқылары біздің алтынмен бағаланатын ұлттық брендіміз болып отыр. Еуропаның асылтұқымды жылқыларының қаны бұрынғы жабайы тегінен өте алшақ кетіп қалған. Ал жабайы тегіне ең жақын тұрған біздің қазақтың жылқылары» – дегенді айтады. Ғалымның сөзіне сенсек, өзге елдер жылқыларын барынша асылдандырып, басқадан артық етеміз деп тыртық еткенге ұқсайды. Яғни, бұрынғы түп тегінен алыстап, жылқыға тән жақсы қасиеттерінен айырыла бастаған. Ендеше, алдағы уақытта қазақ жылқылары бұрынғы атақ-даңқын қайтарып алуына мүмкіндік мол деген сөз.

Қорыта келгенде, жылқы мен қазақтың тағдыры бір арнадан қатар аққан қос өзен секілді. Мейлі, техника мен компьютерге байланған бүгінгі заманда өмір сүрсек те, жылқыдан тағдырымыз бөлінбек емес. Қиқу көрсе делебесі қозатын тұлпарлардай біздің де жылқы көргенде арқамыз ұстайтыны анық. Елбасы айтқандай, жылқы Ұлы дала елінің бір қыры болып қала бермек.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Сейсенбі, 29 Қазан 2019 16:02

Қыз қуу

Ай нұрлы ару қара көзі мөлдіреп

Ал, жігітім, ұғысар сәт келді деп,

Ақ боз атын ағындата жөнелді,

Ақ үкісі ерке желмен желбіреп.

 

Уа, сәт тағдыр жүректерді жалғасын,

Деді жігіт ұзамады алға тым.

Таяқ жесем өз обалым өзіме,

Дегендей-ақ тоса берді арқасын.

 

Қос жүректі неге жөнсіз қинайды,

Махаббатын үнсіз неге сыйлайды.

Деп қыз енді қамшыменен құлаштап,

Соқса дағы көңіл шіркін қимайды.

 

Сүйген жүрек әлде лүпіл қақты ма,

Әлде қыздың қамшысы шын батты ма,

Қайран жігіт тістенеді жал құшып,

Әлде намыс бетке бояу жақты ма.

 

Жас жігітті ат жалына бұқтырып,

Махаббатты қамшыменен ұқтырып,

Жалт бұрылды ақбоз атпен қара көз,

Жанарына мөлдіреген шық тұнып.

 

Сол қамшыдан тапты жігіт шаттығын,

Қызға ұсынды махаббаттың шоқ гүлін.

Менен жеген қамшы үшін дегендей,

Сүюге қыз тоса берді ақ жүзін.

 

Маман Ементаев

Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 16:34

Ұлттық рух – ұлы құндылық

Адам онтологиясы мен гносеологиясында рухтың орны өте жоғары. Ал сол рухты қалай түсінуге болады? Рух термин ретінде кең мағынасында сана, психикалық іс-әрекеттің жоғарғы формасы ретінде көрінсе, тар мағынасында ойлау ұғымымен пара-пар түсінік. Иә, рух таза сана мен ұшқыр ойдың жемісі. Рухты көзбен көріп, қолмен ұстамасақ та, онсыз өмір сүру мүмкін емес екенін жақсы білеміз. Адам үшін ауа мен тамақ қаншалықты қажет болса, рух та соншалық маңызға ие. Мынау ғаламның дамуы мен гүлденуі, көркеюі мен толысуы, ең бастысы аман сақталып, бүгінге жетуі осы рух күшінің арқасында екеніне ешкім дау айта қоймас. Өйткені, адам баласының зор рухани күші болмағанда бүгінгі жетістіктерінің бірі де болмайтынын сенімді түрде кесіп айтуға болады.

Адамның жаратылысы жан мен тән және рух бірлігінен тұратынын жақсы білеміз. Деседе алғашқы екеуінің хайуанның бойында да болатынын ескеріңіз. Егер адамда рух пен сана болмағанда онда жер бетіндегі көп жануардың бірінен не айырмашылық? Адам рухының арқасында жан-жағын тануды, ойлануды, салыстыруды үйренеді. Соның әсерімен өзі өмір сүріп жатқан ортаны өз қалауынша өзгерте алатын күшке ие болады. Абай атамыз жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген», – деп адам рухының қаншалықты маңызды екенін білдірсе керек.

Ғылымдардың ғылымы, даналықтың дариясы философия ілімін жаратқан ғұламалардың да рухқа ерекше назар аударғанын байқаймыз. Бұл жағынан Шығыс философтары көп еңбектенген әрі зор жетістіктерге жеткен. Батыс философтары нақты ғылымдар арқылы техникалық прогресс аясында табиғатты бағындыруды көздесе, Шығыс философтары табиғатпен үндесе отырып адамның ішкі рухани күшін дамытудың методикасын ұсынады. Сол себепті Шығыс халықтары материалдық мәдениеттен гөрі рухани мәдениетін байытуды құп көреді. Оның бәрі Шығыс халықтарының әдебиеті мен өнерінде кең көлемде көрініс тапқан. Ал біз Шығыс философиясының ықпалында көшпенділер өміріне сәйкестендіре отырып, өз рухани мәдениетімізді жасағанымыз тарихтан мәлім.

Сонау сақ пен ғұн, түркілік кезеңнен бас-тап, бергі ұлт болып ұйысқан дәуірімізге дейін таным-түсінігімізде ең алдымен рухани байлықтың еселене түскенін құп көретін халық болдық. Соның арқасында әлемді жаратқан бір жаратушыға сеніп, азғындық пен масқаралықтың, тексіздік пен пенделіктің шырмауына шатылып, тұзағына түспедік. Адамның қажымас қайраты мен нұрлы ақылы, таза санасы мен мейірімділікке толы сүйіспеншілігі, тастанда қатты беріктігі мен әлемді тануға деген қанағатсыз құмарлығы бәрі-бәрін рухын дамытудың жолдары деп білдік. Жоғары рухымыздың арқасында әлсізге қорған болып, күштіге бас имедік. Гректердің «300 спартандықтарын» он орайтын Орбұлақ шайқасы да осы өр рухымыздың көрінісі болатын. Одан бөлек жеті атаға толмай қыз алыспайтын тектілігіміз, жетімі мен жесірін қаңғытпайтын дарқандығымыз, керек кезінде астындағы атынан түсіп, өзгеге беретін жомарттығымыз, атасының құны болса да аталы сөзге тоқтайтын даналығымыз, ажал сағаты соқса да салтынан аттамайтын адалдығымыз да рухани байлықты ардақ тұтқандығымыздың дәлелі емес пе?!

Біз рухымызды асқақтату үшін ең алдымен Жаратушыға жақын болдық. Ежелден бір құдайға ғана сыйынатын тәңіршілдік дінімізді ислам дінімен синтездей отырып, өзімізге рухани иммунитет қалыптастырдық. Бабамыздан қалған даналыққа толы дәстүрлеріміз бен игі салттарымызды сақтап қалсақ та, ислам шеңберінен шықпадық. Соның арқасында бар әлемнің бас ауыруына айналған адасқан ағымдар мен секталардың жеміне айналмай, ұлттық тұтастығымызды қауіптен сақтадық. Діннің пайда болған Арабия өлкесі мен оқылған Мысыр, түсіндірілген Бұхар аумақтары діни радаикализмге ұрынып, надандықтың қараңғылығына батқанда, қазақ даласы ханафи мазһабы мен матруди ақидасынан басқа жолды білмей, діни алауыздыққа жол бермеді. Қазақ даласын ойрандауға келген талай мысық тілеулі миссионерлердің тауы шағылып, дегеніне жете алмады. Өйткені, рухтың бекемдігі мен қазақ арасындағы дін ғұламаларының қырағылығы бұған жол бере қойған жоқ. Осылайша рухани байлығымыздың арқасында сенім тұрғысынан біртұтас елге айналдық.

Біз рухымызды түлету үшін әділдікті жақтадық. Қазіргі әлемдік саясатта ауыз жаппай мақтайтын демократияны саясат пен қоғамда мінсіз іске асырдық. Дегенмен демократияны желеу ететін азғындық пен өзімбілермендікке жол бермедік. Ханға қасқая қарап, бидің бетіне айтатын ашық қоғам құрдық. Месопотамия мен Египет, Қытай мен Үндістан, Рим мен Ежелгі Грекиядағыдай немесе орта ғасырлардағы өзге мемлекеттер секілді билікті жеке адамның қолына шоғырландырып, жүйені диктатура мен тоталитаризмге айналдырмадық. Соның әсерінде көшпенділерде кездесетін өжеттілік пен туралық басқа елдерде сирек ұшырасатын еді. Олар үшін Жиембеттің Есім ханға, Бұхардың Абылай ханға айтатын сөздері тым түсініксіз болатын. Көшпенділер, яғни қазақ халқы үшін жағымпаздық пен жарамсақтану ең лас әрекет болып саналатын. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген мақалынан-ақ аталарымыздың намысын таптатқаннан гөрі өлімді абзал санайтынын көреміз. Бұл әділетті әрі демократиялы қоғамда ғана көрініс табатын ұлы құндылықтар.

Біз рухымызды байыту арқылы адамды бағалауды үйрендік. Яғни, адамды лауазымы мен байлығына, атағы мен мәртебесіне қарай емес, оның адамдық болмысына қарап бағаладық. Үйге қонақ келсе оның кім екенін білмесек те құрмет көрсетіп, барымызды алдына тостық. «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген ұстаныммен адам баласына тең қарауды дәріптедік. Абай атамыздың «Адамды сүй, Алланың хикіметін сез» деуінен-ақ біраз жайды аңғаруға болатындай. Біз адам баласының ең алдымен адамгершілігін, білімділігін, даналығын құрметтейтін халықпыз. Деседе осы аталғандардың қазіргі қоғамда көрініс таппай жататыны қалай деген сұрақтың туындайтыны заңдылық.

Бұл сұраққа жауап беру үшін тағы да тарихқа жүгінуге тура келеді. Қазақтың рухының әлсіреп, танымының өзгеруіне, жігерінің мұқалып, салт-дәстүрінің күйреуіне ең бірінші отарлық жүйенің әсері мол. Өйткені, кез-келген отарлаушы ел өз боданының рухын төмендетіп, жігерін жасытуға барын салатыны анық. Бұл процестің біздің басымыздан да өткенін тарихымыздың әр тарауынан танып білесіз. Сонау патшалық Ресейден басталған отарлау саясатын кейінгі КСРО-да өте ұқыптылықпен іске асырды. Қазақтың сорпа бетіне шығар жақсыларының көзін жойып, қара қазақты қолдан жасалған ашаршылықпен жоқ етті. Одан кейін де қорқыныш пен үмітсіздіктің шырмауында ұстап, елдің рухын көтерер игі істерге жол бермеді. Бірақ тарихтың доңғалағы өзгеше айналып, қазаққа бостандықтың дәмін татудың сәті түсті. Алайда бодандықтың «сыйы» ретінде қазақ рухында үлкен жара болып қара қуыс қалып қойды. Тәуелсіздік алғаннан кейінде бос тұрған қара қуысқа небір азғындыққа бастайтын парықсыздық пен арсыздықтың дәні себілді.

Ең алдымен, жетпіс жылдық құдайсыз қоғамнан кейін дүр сілкінген Жаратушыға деген сенім мен ізденісіміз әлемді былықтыруды көздеген діни секталар мен ағымдардың лабораториясына айналды. Осылайша біріміз уаххабист, біріміз дағуатшы, біріміз баптист, біріміз иегова куәгерлері, біріміз кришна болып жақ-жаққа бөліндік. Екіншіден батыстың бұқаралық мәдениетінің ықпалымен демократияны сылтауратқан небір айтуға ауыз бармайтын теріс қылықтарға жол бердік. Даңғазалық пен мақтаншақтыққа, жағымпаздық пен жарамсақтануға үйір болдық. Үшіншіден, адамды рухани байлығымен емес, материалдық байлығымен бағаладық. Алдыға адамгершілікті емес, ақшаны оздырдық. Осылайша рухымызға түскен жарақат күннен күнге сыздап, іріңге айналғанын байқамай да қалдық. Осындай жағдайлардан соң бұрынғы өр рухымызды қалпына келтіріп, жаңа заманға сай рухани жаңғыруымыз тиіс болатын. Осы себептен өз жарасын жалап жазатын бөрілердей бізде жарақатымыздан айығудың амалын жасауға кірістік. Жарақатымыздың дәрісі ретінде мемлекеттік идеологиямызды сәулелендіріп, тапталған рухымызды көкке көтеретін әрі мемлекеттің одан арғы саясатын белгілейтін құжат қабылдауға тура келді. Ол құжат Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы еді.

Иә, еліміздің гүлденіп, көркеюі мен дамуында, өзге елдермен терезесі тең болып, тарихқа тыңнан түрен салуында ең бірінші елдің рухы ескерілуі тиіс. Сондықтан бұл бастаманың көтерілуі дер шағында саяси көрегенділікпен қабылданған шешім болатын. Мұнда қамтылған бәсекелестік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен даму, сананың ашықтығы секілді факторлар бүгінгі заман талаптарына сай ұлттық мемлекет құрудың алғышарттары болмақ. Болашақта да тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін ең алдымен ұлттық рухымызды көтеруіміз керек. Сонда ғана іргесі шайқалмайтын мықты мемлекет боларымыз анық.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2019 09:53

Үздіктер жолдама алды

Маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қадағалап, халықтың мұң-мұқтажы мен түйінді мәселелерін шешуде жетекші рөл атқаратын «Nur Otan» партиясы бүгінде тұрғындардың ризашылығына бөленуде. Сондықтан болар 1 млн-нан аса мүшесі бар жетекші партия өзінің партиялық жобалары аясында көпшіліктің жүрегіне жол табуда. Жобаларды тиянақты атқарып, партияның дамуына үлес қосқан үздіктер де назардан тыс қалған емес.

Осы орайда, жыл сайынғы дәстүр бойынша «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды Түрген округіне қарасты Түрген бастауыш партия ұйымының мәжіліс залында.

Жиынды жүргізген партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев келешектегі жаңалықтармен бөлісті:

– Партиямыз да заман ағымына қарай дамып, атқа-ратын жұмысымыз күрделеніп келеді. Осы жылдың қазан айын-да концепсия бекітілгеннен кейін, партияда үлкен өзгерістер болады. Партия қатарына кіру-ге ниеттенген азаматтарды партиялық талаптар бойынша қабылдайтын болады. Сол секілді, партия мүшелерінің атқарған жұмыстары, жеткен жетістіктері мен кемшіліктері жеке кабинетінде жазылып тұрады – дей келе әділ-қазы алқасымен таныстырды.

Байқауға ауданымыздағы 26 бастауыш партия ұйымдарының барлығы қатысып, партиялық жобалар аясында іске асырыл-ған жұмыстарына есеп берді.

Барлығы тыңғылықты дайындықпен келген бастауыш ұйымдардың арасынан үздікті анықтау әділ-қазыларға оңайға соқпады. Нәтижесінде, ІІ санат бойынша (100-500 мүшесі бар БПҰ) Қаракемер БПҰ үздік деп танылып, І орынды иеленді. ІІ орын Ташкенсаз БПҰ-на, ІІІ орын Түрген БПҰ-на бұйырды.

І санатта (500-ден жоғары мүшесі бар БПҰ) 9 айдың нәтижесі бойынша ауқымды жұмыс атқарған Шелек БПҰ І орынға жайғасты. Рахат БПҰ ІІ орынды еншілеп, Қаратұрық БПҰ үздік үштікті қорытындылады. Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды

Екі санат бойынша жүзден жүйрік шығып, тыңғылықты еңбе-гін көрсете білген Шелек және Қаракемер БПҰ-дары облыстық байқауда ауданымыздың намысын қорғайтын болады.

 

Б.Рахимов,

аудандық партия филиалы-ның консультанты.

Бейсенбі, 01 Тамыз 2019 14:14

Ұлтаралық татулық – басты байлық

Көк байрақтың астында жатырқамай, жатсынбай 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату тәтті ғұмыр кешуде. Әркім өз салты мен дәстүрін, әдет-ғұрпын ұстанамын десе де шектеу жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап, көпэтносты еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғауға бар күш-жігерін салып, тұрақтылық пен ынтымақтастық құруға жіті көңіл бөлді. Еліміздегі әрбір этномәдени бірлестіктің емін-еркін жұмыс жасап, ойлаған игі бастамаларын жүзеге асыруға мемлекет  тарапынан қолдау зор. 54 ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын біздің ауданда қазіргі таңда 8 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде. Ешбір мемлекетте ұлыстарды қанатының астына алып, қамқорлық көрсететін Қазақстандай ел жоқ екенін тілге тиек етеді. Осы ретте өңірдегі этномәдени бірлестік басшыларынан бүгінгі хәл-ахуалы мен атқарып жатқан іс-шаралары туралы білген едік.

Надо НАДЫРОВ. Күрд мәдени орталығының төрағасы:

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әр ұлттың алдында үлкен таңдау: Қазақстанда қалу немесе басқа елге кету деген ой тұрды. Бірақ барлық өзге ұлт өкілдері «Отанымыз – Қазақстан» деген ұранмен елде қалуды құп көрді. Бүгінгі күнге дейін достық туын желбіретіп бір шаңырақ астында өмір сүрудеміз. Біздің бірлестік 1999 жылы құрылып, содан бері 58 адам белсене жұмыс істеуде. Мен 2010 жылдан бері орталыққа төрағалық етемін. Мақсатымыз – жас ұрпақтың бойына патриотизмді сіңіру арқылы өз ұлттық әдет-ғұрыптарымызды ұмытпауға тәрбиелеу. Осы жылдың өзінде «Біздің күшіміз – бірлікте», «Күрд халқы – Қазақ халқының ынтымақты шаңырағында» атты ұранмен түрлі шаралар ұйымдастырдық. Жыл басында Түрген, Қарасай, Бәйдібек би, Ақбастау, Әймен, Бөлек ауылдық округтерінде Ұлыстың Ұлы күнінде өз мәдениетімізді танытып, қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлайтынымызды көрсеттік. Сондай-ақ күрд тарихына тоқталып, әдет-ғұрпын, дәстүр-салтын насихаттайтын қысқаметражды фильм түсірдік. Ендігі кезекте спорттық іс-шараларға көңіл бөліп, зиянды әдеттерден аулақ, білімге құштар, саламатты өмір салтын ұстанатын жастарды тәрбиелеу басты мұратымыз.

Ирина Таркова. Славян этномәдени орталығының төрайымы:

Біздің басты байлығымыз – ынтымағымыз бен бірлігіміз. Бір үйдің баласындай тату тәтті өмір сүріп жатқанымыз қазақ бауырларымыздың қонақжайлылығы мен кеңпейілділігінің арқасында. Атадан мұраға қалған ұлттық құндылықтарымызды сақтауға мүмкіндік берді. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бөліп-жармай, бір-бірімізге құрметпен қарайтын зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқанымызға үлкен алғыс білдіремін.  Орталығымыз алғаш 1992 жылы Ломоносов атындағы орта мектеп директоры Галина Сидельникованың бастамасымен ашылды. 2006 жылы ресми тіркеліп «Алматы облыстық орыс әтномәдени  бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалы» аталды. Сол кезңнен 2012 жылға дейін Нина Мантариди басқарды. Содан бүгінге дейін ұлтаралық келісімді ту етіп, бірлікті сақтап, ынтымақтастықты нығайтуды мақсат тұтып мен басшылық етіп келемін. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы орта мектептің базасында жұмыс істеудеміз. Жас ұрпақтың тәрбиесі үшін орталық мүшелері тынбай еңбек етіп, әдет-ғұрпымызды жаңғыртып, бойына салт-санамызды сіңіруді міндет етеміз. Мысалы, «Масленица» мерекесі, «Рождество шыршасы» арқылы бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй ғана сыйлап қоймай, ежелгі мейрамдарымызды жаңғыртып отырамыз. Жуырда ұлттық тағамдарымызды, киімдерімізді дәріптеп, әдет-ғұрпымыздан хабар берер орыс ертегілер желісі бойынша көрініс ұйымдастырдық бүлдіршіндерге. Қойылым барысында өнерлі балалар орыс халық әндерін орындап, ұлттық билерін ортаға салды.

Баспаға әзірлеген Жансая ЫСҚАҚ

Діни түсінік тұрғысынан алғанда дін – дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын іс-әрекеттер мен дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым.

Діннің екі сипаты бар. Сыртқысы – ғибадат ету, ал ішкі сипаты – имандылық. Имандылық – барлық дерлік діндерге ортақ, діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді.

Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату, Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар.

Әлемдік діндердің бірі исламға тоқталсақ, ол өзін бір ұлтқа немесе тек мұсылмандарға ғана жіберілген дін емес, бүкіл әлемге ортақ құндылық ретінде танытады. Сондықтан Құран Кәрімде қаратпа сөздер «ей, арабтар» немесе «ей, бәдәуилер» деп айтылмайды, «ей, адам ұрпақтары», «ей, адамзат баласы» және «ей, мүминдер» деп жалпыға ортақ атаулар ретінде қолданылады.

Құндылықтар жалпыадамзаттық және ұлттық болып бөлінеді.Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық мәдениеттер мен заманалар өкілдері үшін ортақ болып саналатын іргелі, жалпыадамзаттық бағдарлар мен нормалар, моральдық құндылықтар. Олар адам тегінің ұлттық, саяси, діни және басқа да қатыстылығына тәуелсіз жалпы мүддесін білдіруімен ерекшеленеді және сол арқылы адамзат өркениеті дамуының басымдығы болып табылады.

Мысалы:

- барлық елдердегі көптеген негізгі заңдар жалпыадамзаттық құндылықтарға жатады (мысалы, кісі өлтіруге, ұрлық жасауға және т.б. тыйым салу);

- сөз бостандығы, адам құқықтары сияқты бірқатар либералдық принциптер жалпыадамзаттық құндылықтар болып табылады;

- көптеген діндер өз ұстанымдарын жалпыадамзаттық құндылықтар деп санайды. Мысалы, Мұхаммед пайғамбардың: «Адамдардың жақсысы – өзгелерге пайдасын тигізгені» деген хадисі жалпыадамзаттық құндылықты көздейтін қағидат болып табылады.

Құндылықтар рухани мәдениет түрлеріне қарай адамгершілік (қайырымдылық, жауапкершілік, ұят, ар, абырой), эстетикалық (әсемдік, маңыздылық), діни (сенім), ғылыми (ақиқат), саяси (бейбітшілік, әділеттілік, демократия), құқықтық (заң және құқық тәртібі) болып жіктеледі.

Адамзат қоғамын өркениетке жеткіз-ген құндылықтар кешені бір-бірімен тығыз байланысты. Соның ішінде дін қағидаттарымен тікелей байланысты рухани-адамгершілік құндылықтар ерекше орын алады. Адамгершілік құндылықтар адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарастары арқылы сипатталады. Сыйластық, өзара құрмет, ар, абырой, имандылық – бұлардың барлығы әлемдік діндерде маңызды орын алатын, негізгі ұстанымдар болып табылатын адамгершілік құндылықтар.

Қоғам өміріндегі маңызды құндылық-тардың бірі – ұлттық құндылықтар – белгілі бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Мемлекет басшылыққа алатын құндылықтар, идеялар мен басымдықтар жүйесі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде тұжырымды түрде баяндал-ған. Бұлар – ұлтаралық келісім және ұлттар арасындағы бірлік, қазақстандық патриотизм, жоғары тіл мәдениеті, толеранттылық, тұрақтылық және жаңғырту.

Ұлттық құндылықтар көп орайда діни құндылықтармен үйлесім табады. Бұл біріншіден діндердің қоғам өмірін реттеу мақсатында қалыптасқан институт ретіндегі қызметімен үйлесіп жатса, екінші жағынан көптеген ұлттардың дәстүрі өздерінің ата діні саналатын әлемдік немесе ұлттық діндердің аясында дамығандығымен де байланысты болады.

Бір ғана мысалға тоқталсақ, дін құндылықтарының ішінде бейбітшілік пен келісім ерекше орын алады. Өйткені, бейбіт өмір ғана дін адамына Жаратушының алдындағы пенделік міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.Ал зайырлы қоғам тұрғысынан қарасақ, бейбітшіліктің маңызы тіпті өлшеусіз. Яғни, дін ісі де, дүние ісі де бейбітшілік жағдайында ғана көгеріп-көктейді. Осыны түйсіну өз кезегінде ел азаматтарын отансүйгіштік сезімдерге тәрбиелеп, елдік мұраттарға жетелейді. Өйткені тыныштық, тұрақтылық пен татулық тек заңдылыққа, тәртіпке, жүйеге негізделген біртұтас құрылым – мемлекет аясында ғана орнайды. Сондықтан да Исламда «Отанды сүю – иманнан» делінеді, дінге қызмет – елге қызмет деп бағаланады.

Құндылықтар қоғамның даму бағ-дарлары мен өмір сүру мәнерін белгілейді. Құндылықсыз қоғам – бағдарсыз қоғам. Құндылық – қондырма емес, ол қоғамның өзі ішінен қай-нап шығады, мемлекеттік би-лікке тәуелсіз қа-лыптасады. Оның идеологиядан айырмашылығы да осында.

Құндылық – уақыт сынынан өткен және заман озған сайын түлеп отыратын идеялар мен ұстанымдар. Ешбір өркениетті қоғам уақыт сынынан өтіп, өміршеңдігі мен жасампаздығын дәлелдеген дәс-түрлі құндылық-тарсыз алға басып көрген жоқ. Өйткені дәстүрлі құндылықтар – ішкі тұрақтылықтың тұғыры, рухани қауіпсіздіктің тірегі және бастысы – ұрпақтар сабақтастығының негізі.

 

Ақнұр ТҮРЛІҚОЖА,

«Алматы облысы дін істері басқапрмасының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы.

Сейсенбі, 18 Маусым 2019 16:56

Тіл тазалығын сақтайық!

Аталмыш тақырыпта Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің алдында акция өтті жуырда. Жиынға Есік қаласындағы  «Алтын Адам» және «Айдос» кафелерінің иелері, «Сұлтан» сауда орталығының басшысы, ауылдық округтердің әкімі аппаратының тіл саласына жауапты мамандары, Есік қаласы әкімдігінің мамандары, БАҚ өкілдері және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Аудан бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер және көрнекі ақпараттарда, мемлекеттік мекемелердің сыртқы және ішкі хабарландыру тақталары мен ақпараттық тақталарының, жарнамалардың заң талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ете отырып, бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыруды мақсат тұтты.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ақмарал Қанапина:

Бүгін барлық өңірлерде, «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау мақсатында, 2019 жылдың маусым айынан тамыз айының соңына дейін «Тіл тазалығын сақтайық» акциясы өтеді. Жарнама – бұл тек ақпарат қана емес, тілді қалыптастырушы, тілдің дамуына ықпал етуші құрал, ой мәдениеті, сыртқы жазу мәдениеті. Сондықтан тіл тазалығын алдымен өзімізден, кішігірім жарнамалық мәтіннен бастау керек, – деп шараны ашып, сөз кезегін облыстық  «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының меңгерушісі Нұрсұлу Рахымбаеваға берді. Мемлекеттік тілдің мәртебесі және бүгінгі күндегі жағдайы туралы түсінік беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, шараға келген жеке кәсіп иелеріне мемлекеттік тілді үйрену орталығына келіп, тегін курстан өтулеріне болатындығын ескертті. Және де латын әліпбиін үйренуге ниет білдірген немесе бүгінгі күнде белең алған жарнама саласы бойынша сауатты аударма жасауда әдістемелік көмек көрсететінін де айта кетті. Шараға келген өзге ұлт өкілдерінің жеке сұрақтарына да жауап беріп, өз тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді өз сөзінде.

Аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің, «mezet.kz» желілік басылымының  бас редакторы Хайролла Ахметжанов:

–Өзің тұрып жатқан елдің мемлекеттік тілін білмеу тек қонақтарға, ақылы кем адамдарға немесе басқыншыларға ғана тән» деген екен классик. Сондықтан заң бойынша да, өмірдің талабы бойынша да орыс тілінде оқыған қазақ азаматтарына да, басқа диаспоралардың өкілдеріне де мемлекеттік тілді білу – парыз. Сонымен қатар, жарнама, хабарландыру мекемелердің, кәсіпорындардың маңдайшалары сауатты да заң талабына сәйкес болу керек. Яғни, мәтін алдымен мемлекеттік тілде содан кейін ресми тілде жазылуы керек. Бұдан басқа, жарнаманың сауаттылығы және оның көркем болуы, дизайнының көз тартатын болуы мәдениетіміздің бір бөлігі десек артық емес. Сондықтан біздің аудан орталығындағы, елді мекендердегі жарнамалар көңілге қонымды емес, – деп аудандағы ірі сауда орындарындағы, сауатсыз жарнамаларды атап көрсетті.

Сондай-ақ, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Асия  Сулиева қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілі ретінде сөз мәдениеті ғана емес,  жазу мәдениетіне де аса мән берген жөн екендігін баса айтты. Себебі сыртқы жазу мәдениеті көзге таңбадай басылып, тілдің мәртебесіне нұқсан келтіретін құбылыс дей келе, жазу мәдениетінің сауаттылығына мән берсек деген идеясын алға тартты.

Шара соңында Ақмарал Абдоллақызы туған тілімізді шұбарламай, мәдениетті, тұнық, анық сөйлеуге, ауданымыздың айнасы болатын жарнамаларымызды жарыққа шығарарда сауатты және жоғары деңгейде көрсетуге атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, ауылдық округтердің әкімі аппаратынан келген тілге жауапты мамандарға акцияның басталғандығын еске салып, жұмысшы топтың округтерге шығатын ескертті. Жеке кәсіп иелерімен аралау барысында қандай заңдылыққа тоқталу керектігіне де тоқталды.

Жансая ЫСҚАҚ

Друзья, как вам известно, Главой государства принято решение о создании Агентства по противодействию коррупции, что свидетельствует о начале реализации одного из приоритетов Касым-Жомарта Токаева – значительном усилении борьбы с коррупцией.

Новый формат работы, базирующийся на идеологии добропорядочности, остается для нас приоритетным. Однако и хватку мы ослаблять не намерены, хотя прекрасно понимаем, что задержания коррумпированных чиновников настроения особо никому не поднимают.

Сегодня хочу обратить внимание на одно из негативных явлений в госаппарате, порядком набившее оскомину – злоупотребления служащих во время внутристрановых командировок и нескончаемых комплексных проверок низовых структур, традиционно сопровождаемых поборами, застольями и подношениями.

Острота этой проблемы подтверждается многочисленными жалобами, особенно от госслужащих областного, районного и сельского уровней. Да и примеров, ставших достоянием общественности, более чем достаточно.

В странах ОЭСР, на стандарты которой мы равняемся, такой проблемы просто не существует, никто никого не принимает, а проверки осуществляются за счет дистанционного контроля.

Чтобы было понятно, на каждую командировку проверяющим выделяется достаточно средств, покрывающих расходы на логистику, проживание и питание.

Однако зачастую ревизоры, отправляясь в регионы, умудряются не потратить и тиына из выделенных денег. Номер в хорошей гостинице, ежедневные обеды и ужины с солеными огурцами в лучших ресторанах, нередко имеющие последствия в виде пьяных разборок, дорогие подарки, баня и охота – все это за счет средств проверяемых коллег. Заведомо зная аппетиты контролеров, местные руководители нередко обращаются за помощью к бизнесменам, чтобы «на уровне» встретить начальство. Такая помощь никогда не бывает безвозмездной и в дальнейшем трансформируется в пресловутое покровительство со стороны чиновника. Чем все это заканчивается, думаю, напоминать не нужно.

Особенно возмущает то, что региональные госорганы по умолчанию принимают и даже поддерживают на плаву этот «институт», изощряясь в организации более интересного и нетривиального досуга для гостей из столицы или областного центра. Как правило, делается это ради положительного отчета на стол министру или акиму области, а также камуфлирования грубых нарушений в работе.

Удивляет то, что при этом находятся люди, которые пытаются оправдать подобное поведение проявлением уважения к руководству, своего рода национальными традициями и чинопочитанием.

Моя позиция однозначна – для профессионального и инновационного госаппарата это абсолютно неприемлемо. Эта практика дискредитирует и девальвирует основополагающие принципы госслужбы, а также серьезно ускоряет маховик коррупции.

В этой связи обращаюсь ко всем государственным служащим, сотрудникам правоохранительных и судебных органов, руководителям госпредприятий и нацкомпаний, выезжающим в региональные командировки, на различные конференции и семинары: вся вышеизложенная практика является грубым нарушением, за которое предусмотрены жесткие санкции, от увольнения до реальных сроков лишения свободы. То же самое касается и принимающей стороны.

Агентством данный вопрос уже взят на системный контроль. В отдельных регионах есть результаты – виновные лица привлекаются к ответственности. Более того, в целях рационального использования бюджетных средств мы внесем предложения в Правительство по оптимизации выездных проверок с переходом на дистанционный мониторинг.

Немаловажная роль в качественном осуществлении этой работы у институтов гражданского общества. Призываю всех общественников и неравнодушных граждан обратить пристальное внимание на подобные факты, смело информируя нас любым удобным способом: письменным обращением на мою почту Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., сообщением в социальных сетях или позвонив в колл-центр Агентства 1424.

 

Алик Шпекбаев, Председатель Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба)

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет