Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 11:55

Мәдени саладағы маңызды серпіліс

Ұлттың ұлттық болмысын айшықтап, халықтың сана-сезімін, таным-түсінігін паш ететін, мемлекеттің әлем алдындағы мәртебесін асыратын бірден-бір құбылыс  – елдің мәдениеті. Ақпараттар тасқынының қаттылығынан мәдениеттер тоғысып,  салт-сана мен болмыс-бітім біте қайнасып кеткен бүгінгі заманда  барлық ұлттың өз ұлттық мәдени мұраларын, рухани құндылықтарын сақтап қалуға, оны жаңғыртып, барынша жарқыратып, әлемге паш етуге деген зор ұмтылысы байқалады.

 

Егемендік алғаннан кейін «алдымен  – экономика, содан соң – саясат» деп ұрандатқан еліміз, енді міне, араға ширек ғасыр салып, жаңғырудың үшінші кезеңі – рухани жаңғыру жылдарына да жетті. Саяси-экономикалық реформалардың рухани жаңғырусыз толыққанды болмайтынын айтқан Елбасымыз бұл тарихи кезеңнің бүгін ғана басталып отырмағанын  тілге тиек еткен еді. Расында, елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елдерде Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау мақсатында басталып, кейіннен бүтін бір елдің стратегиялық ұлттық жобасына айналып кеткен «Мәдени мұра» бағдарламасы – еліміздің мәдениет саласына әу бастан-ақ ерекше назар қойғанының бір дәлелі. «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданған 2004 жылдан бері қыруар жұмыстар атқарылды. Бұдан бөлек, 2014 жылы мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру мақсатында Елбасымыздың тапсырмасымен ҚР Мәдени саясатының тұжырымдамасы әзірленді. Саланың даму бағытын айқындауда темірқазық іспетті болған тұжырымдама қабылданғалы да біршама оң өзгерістер болды. Екі кезеңге бөліп жүзеге асыру көзделген тұжырымдаманың 2015-2019 жылдарға арналған бірінші кезеңінде тұжырымдаманы толық жүзеге асырудың алғышарттары жасала бастады. ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы  халық алдында берген есебінде соңғы екі жылда 160 құқықтық-нормативтік акті дайындалып, «Мәдениет туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Лотореялар және лоторея қызметі туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңдарына өзгерістер енгізілгенін айтты. «Осы өзгерістердің арқасында салада қордаланған көптеген мәселелер шешімін табуда»,  – деді министр.

Әрине, бір ғана министр есебі бүтін бір саланың бет-бейнесіне анықтауыш бола алмас. Десе де, соңғы жылдары мәдени саланың едәуір алға жылжып, ел өмірінде елеулі орынға ие бола бастағаны шындық. Халық болып күтіп, тілеуін тілеген «Қазақ Елі», «Алмас қылыш» фильмдері соңында көрермен қауымнан оң баға алды. «Анаға апарар жол», «28 Панфиловшылар» тәрізді патриотизм мен жоғары адами құндылықтарды дәріптейтін салмақты фильмдер отандық кинематографияның  жаңа бір сатыға көтерілгенін айғақтайтындай.  Ұлттық әдебиетті дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – алғаш рет елімізде көркем шығарма авторларына қаламақы төлеу мәселесі заң жүзінде реттелді. Әдебиеттің әлеуметтік маңызы бар түрлерін басып шығару ісінде министрліктен  арнайы  комиссия құрылып, шығармаларды іріктейтін болады. Бұл да Тәуелсіздік алғаннан бері  қалам ұстаған қауымды толғандырған, түйіні шешілмей келе жатқан мәселе болатын. Елдің мәдени өмірінде елең еткізер тағы бір жаңалық мәдени-туристік кластерлерді дамыту бағытында болып отыр. Тұжырымдамада бұл туралы нақты міндеттер көрсетілген. Сакральді туризмді дамыту мақсатында Ұлттық музейдің жанынан Қазақстанның тұтас аумағындағы ескерткіш орындардың бірыңғай желісін зерттеу және қалыптастыру, Сакральдық объектілердің картасын әзірлеу бойынша «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Мәдени саладағы осы тәріздес басты жаңалықтардан бөлек, театр, мұражай, кітапхана ісі, ұлттық музыка, сурет, бейнелеу өнері тәрізді  салаларда да қызу жұмыс, қайнаған тіршілік. Мұражайларды барынша ұлттық мәдени мұралармен толықтырып, заманға сай жабдықтап, үлкен ағарту орындарына айналдыру ісі, кітапхана қорын молайтып, электронды форматқа түгелдей көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Елбасымыз Н.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында көптеген жәйттердің басын ашып көрсетті. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»,  –  деді Елбасымыз. Өркениет көшінен қалмайын, заманымнан ұтылмайын деген саналы қазақтың алдында жаңа заманға сай бәсекеге қабілетті маман болумен бірге, түптамырға оралып, өз рухани әлемін  ұлттық құндылықтарымен толтыру қажеттілігі тұр. Дәстүрлі музыканы қолдаудағы айтулы істердің бірі –  Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ашылуы болды. Қала әкімі Бауыржан Байбектің бастамасымен ашылған театр дәстүрлі өнер өкілдерінің қарашаңырағына айналып, халыққа дәстүрлі ән, жыр-терме мен күй, айтыс өнері тәрізді сап өнерден рухани сусындауға  жағдай жасалды.

Ал ауданымызға келсек, былтырғы жылы аудандық  мәдениет үйінің айналасы абаттандырылып, мәдениет ордасына ақын Тұманбай Молдағалиевтің есімі берілді. Есік қаласындағы жастар саябағына  Жамбыл Жабаевтың есімі беріліп, ескерткіші бой көтерді. Нұра ауылында қоғам қайраткері Сағыныш Есбергеновтың ескерткіші ашылды. Ономастика саласында да айтарлықтай оң өзгерістер жүзеге асырылуда. Биыл бірінші тоқсанның аяғына дейін кеңестік идеологияны насихаттайтын және ескірген 350 көшенің,  Май, Лавар, Космос, Казатком ауылдарының  атауын тарихи-жер су атауларына ауыстыру міндеті қойылыпты.  Қазіргі уақытта облыстық ономастикалық комиссиясына – төрт,  аудан әкіміне – сегіз ұсыныс жолданған.  Аудандық кітапхана мен 15 ауылдық кітапхана оқырмандардың сұранасына сай қызмет көрсетуде. Осы орайда бір айта кетерлігі, ауданымызда, Есік қаласында заман талабына лайықты кітап дүкенінің жоқтығы. Қазіргі уақытта сәнге айналған, еліміз және әлем           бойынша сатылымда алдыңғы қатарда тұрған түрлі мотивациялық, бизнес-психологиялық  кітаптардың аудан тұрғындарын да қызықтыратыны сөзсіз. Ауданда кем дегенде бір кітап дүкені болып, онда ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрлерді насихаттайтын кітаптар  сатылғанда тұрғындарымыздың рухани азық алуына тағы бір қолайлы мүмкіндік болар еді.

Жоғарыда аталған жақсы істердің бәрі, әрине, еліміздің мәдени өмірінде болып жатқан тың серпілістің бір парасы ғана. Соңғы жылдары мемлекетіміз тарапынан мәдениет саласына жасалып жатқан қамқорлық пен қолдау осындай мысалдардан айқын көрінеді. Бұл серпіліс ұзағынан болып, тұжырымдамада көрсетілген міндеттер жүйелі түрде жүзеге асырылған сайын,   ұлттық мұра жауһарларының төрткүл дүниені тамсандырып, әлемдік мұралардың қатарынан орын алуына  мүмкіндіктер ашыла бермек.

Нұрбану КАМАЛ.

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 20:33

Құрметке лайық Азаматтар

Елбасының «Болашаққа бағ-дар: Рухани жаңғыру» бағдарла-малық мақаласындағы «Туған жерге тағзым» атты іс-шара аясында жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Бинәлі Ысқақ ауданы-мыздың дамуына зор үлестерін қосқан азаматтардың кеудесіне «Еңбекшіқазақ ауданының құр-метті азаматы» төсбелгісін тақты.

Жамбыл атындағы жастар саябағында өткен шараға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, округ әкімдері, қала тұрғындары мен жастар жиылды. Құттықтау сөз сөйлеген Бинәлі Әбдіқапасұлы көпшілікті жаңа жылмен құттықтай отырып:

– Өтіп бара жатқан 2017 жыл ауданымызда іргелі істермен айшықталып, әлеуметтік-экономикалық маңызды жобалар жүзеге асырылған үлкен жетістіктер мен серпінді дамудың оң қорытындыларына ие болды. Жүйелі жүргізілген жұмыстардың арқасында ағымдағы жылы ауданда бірқатар жаңа нысандар ашылып, әлеуметтік мәселелер шешімін тауып, экономикамыздың тұрақты өсу қарқыны сақталды – деп, өткен жылы аудан аумағында жүзеге асқан жүйелі жұмыстарға тоқталып өтті. Кейіннен, Бинәлі Әбдіқапасұлы және Бекет Ахметов аудандық мәслихат депутаттары құптаған 10 азаматқа «Ауданның құрметті азаматы» куәлігін табыс-тап, төсбелгісін тақты. Айта кетейік, жақында ғана джиу-джитсудан үшінші рет әлем чемпионы атанып, көк Туымызды әлемдік бәсекеде желбіреткен жерлесіміз Қанат Жақыпбаев та аталған марапатқа қол жеткізді. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаң-ғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер – алтын бесік» атты үздік жоба байқауында жеңіске жеткен және белсенділік танытқан округтерге Алғыс хаттар табысталды. Марапаттау соңы мерекелік концертке ұласты.

 

С.НҰРАДИН.

Әсілінде, қазақ тобықтай сөзге тоқтаған, жауға үшкір қару, дауға ұшқыр қалам тосқан дана халық. Иен далада қыран баптап, тазы жүгірткен, асауды ноқталап, өрнекті өлеңімен өсиет айтып, әуезді әнімен таң атырған дара халық. Иі, қайсарлығы қара тасты үгіт кен, бауырмалдығы қатпар тоңды жібіткен, қаһарынан дұшпан аты үріккен Ұлы Дала Елінің бүгінгі ұландары Сіз бен Біз. Білегінің күші алтын, найзасының ұшы алтын есіл Ерлеріміз елінің ертеңі үшін аттан түспеді. Енді біздің майдалануға хақымыз жоқ. Тіпті, тағдырымызды тасқа қашап қалдырған баһадүрлеріміздің арман-мұратын Елбасымыз орындап, бағытымызды белгілеп, жолымызды анықтап берді. Экономикалық кеңістікте көшіміз көлікті болы. Кеңес тұсында кеткен «көзірлерімізді» қайтарып, қазір асығымыз алшысынан түсіп келеді. Шүкір дейік. Енді тек, санамыз ісімізден озғандығы маңызды. Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген егемен елдің ендігі буыны рухани құндылықтарын жұқартпай, тамырымызды тарихымызбен, салт-дәстүрімізбен суаруымыз керек. Себебі, «Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай» деп өсиет еткен Тоныкөк бабамыз. Демек, «Рухани жаңғыруымыз керек» деген жылтырақ сөз  Көшбасшымыз айтпақшы жаңғырық боп қалмасын. Елбасы мақаласының жарық көргеніне де 7 айдың жүзі болды. Не істелді, нендей жоспар? Ендеше, байыппен бағдарлап көрелік...

Аудандық мәслихат депутаты

Айдар Даутқұлов:

Бәсекелестік – сананың жаңғыруына жол ашады

Елбасымыз бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың алты жолын айғақтап бергенін білеміз. Мен ондағы екінші – бәсекелестік және үшінші прагматизм туралы айтқанды жөн көріп отырмын. Себебі, бәсеке бар жерде үздіксіз ізденіс пен даму бар. Былайша айтқанда, бәсекелестік – белгілі бір жетістікке жету үшін жүріп отыратын үздіксіз жарыс. Ол экономикалық тұрғыдан болсын, рухани тұрғыдан болсын көрініс береді. Бәсекелестікті ғылыми тұрғыдан қарасақ, жаңалықты ендіру, өндірістің өсуі, сол арқылы кемелдену, төртіншісі – ескіру. Міне, бұл экономикалық, рухани тұрғыда да пайдалануға болатын фактор. Яғни, Елбасымыз «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес» деді емес пе мақаласында. Бұл –прагматизм. Яки, бәсекелестік – прагматизмге, сананың жаңғыруына жетелейді. Елбасымыз прагматизмнің тамаша анықтамасын берді: «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу» деді.

Қазіргі заман білім бәсекесінде. Үздіксіз ізденіс пен үнемі еңбек – жеңіске жол ашады. Осыны жас ұрпақ ұғынғаны дұрыс.

 

ҚР Мәдениет қайраткері, жыршы

Балтабай ЫБЫРАЕВ:

Ұлттық өнерлерімізді өркендету керек!

Қазақтың музукалық фольклорлық мұра-сы ұлттық тәлім-тәрбие негізінің бастау бұлағы десек, бүгінгі таңда жыраулық, әншілік, күйшілік өнерімізге құрмет тұтып қарауымыз заңды. Атадан балаға жалға-сып, ғасырлар бойы тұтас өнер есебінде бағасын жоймай, бүгінгі ұрпаққа жеткен жырау-лық өнер, оның мұрагерлері жас жырау, термешілерді тәрбиелеу ауданымыздағы бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мәселесі боп тұр.

Хат сақтамай, ат сақтаған, тарихын, өсиетін тасқа қашап қалдырған ата-бабаларымыздың сан ғасырлық саналы ғұмырында өміршеңдікпен көрегенділікке толы терме-толғаулары, жыр-дастандары мен мысал, айтыстарын ұлттың рухани жаңғыруына, тәлім-тәрбие берудің маңызды бағыты есебінде тұруы тиіс. Музыка мектептерінде, колледжде-рімізде орта мектептердің үйірмелерінде, сыныптан тыс сағаттарда жүйелі түрде ата өнерімізді ұтымды пайдаланар болсақ, бұл жан дүниемізді жаңғырту емес немене? Жырау-лық дәстүрдің атасы Қорқыт заманында қобызбен күй тартып, жыр жырлап, өз кезеңіндегі қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге белсене араласып, данышпандық танытып, кейінгі ұрпақ санасына теңдесі жоқ ұлағатын сіңірген. Орта ғасырдағы Қазанғап, Қазтуған, Үмбетей, Теліқара, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жыраулар егеуле найза қолға алып, елі үшін қылша мойнын талша қиып, азаматтық борышын биік адамгершілік рухта атқарып, өткен тарихымызды бүгінге жеткізді. Осындай арыстарымыздың өрелі ойларынан жас ұрпақ үлгі алса, бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік, елге, жерге деген риясыз құрмет түлемей ме. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиеті-міз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» деді емес пе Елбасымыз өзінің мақаласында.

Әрине, ғасырдан-ғасыр жылжып, ілгері қадам басқан сайын исі түркі тектес халықтың ата өнері жыршылардың да атқарар қызметі, әлеуметтік, қоғамдық үлес салмағы айқын-дала берді. Бүгінгі таңда жырау-термешілердің тек орындаушы-лық деңгейде көрініс беруі де сол заман ағымының кері әсерінен туындаған ұлттық қасіретіміздің бір тарауы. Рухани жаңғыру үшін рухты жырларымыз бен ер рухын көтеретін ұл-қыздарымызды дұрыс тәрбие-лейік, ағайын!

Біз өнерге бір күнде және бір күнге келгеніміз жоқ. Ұлттық өнеріміздің тағы бір тармағы саятшылық, ұсталық, зергерлік. Бұл өнеріміз де жеке бір адамдардың қызығушылығымен ғана жүретін болса, алар асуы асқақ болмайды. Қысқасы, атал-ған өнер түрлері бізде әлеуметтік жағынан қорғалмаған. Оларды дамыту үшін қолдау керек. Өйткені, ата өнерімізді адастырмай, тура жолға салу, оны дамытып, биік тұғырына тұрақтату арқылы қазақ руханиятын биік белеске көтере аламыз.

 

Қазақстан округінің әкімі  Марат СҮГІРБЕКОВ: 

Туған жерге туын тікті

Бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын жүрісі жылдам дәуірде жылтырақ сөз емес, нақты атқарылған жұмыспен өрлейтін кезеңде өмір сүріп келеміз. Осыны әрбір азамат жіті ұғынуы керек. Бұл турасында Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «»Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді» деген еді. Осы ретте Ащыбұлақ ауылында облысымыз бойынша, тіпті республика бойынша алғашқы боп Елбасымыздың «Туған жер» идеясын іске асыруға бар күш-жігерімізді салдық. Талай жылдан бері Ащыбұлақ ауылындағы түгі шығып жатқан паркті «Амал Био» ЖШС басшысым Асқар Сабиров өз күшімен абаттандырып берді. Тамыз айында өткен салтанатты ашылуына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ арнайы қатысып, тұрғындар қуанышына ортақтасты. Жалпы көлемі 1 гектар болатын саябаққа жаны жомарт азамат 30 млн теңге қаржы жұмсады. Онда қазір шағын футбол, стритбол алаңдары, 2 балалар ойын алаңы, 120 адамға арналған орындықтар, дене жаттығуына арналған түрлі спорттық құралдар бар. Тіпті, қоқыс жәшіктері де заман талабына сай қойылды. Осындай игі шарадан кейін еліміздің түпкір-түпкірінен кәсіпкерлер бой көтерді. Қазір мұндай абзал ағаларымыз ауданымыздың аумағында да өз туған жерлеріне туын тігіп жатыр. Бұл үшін қуанамыз әрі өз жерімізге, елімізге не істей аламыз деген іштей ой пайда болғаны да ақиқат. Осы бағытта әлі де жұмыс істейміз.
Қазақтың 

 

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Салтанат БЕСПАЕВА:

Қолдау болса – қозғалыс бар

Мәдениет – рухани бітім-болмысымыз. Сондықтан Елбасымыз бұл саланы тәуелсіздік алған тұстан бері ақсатқан емес. «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғаты мен мәдениетін танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – деген сөзі ойымның айғағы. Ал «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы арқылы мәдениетімізді жаңа қырынан түлетуге жол ашты әрі осы салада еңбек етіп жатқан азаматтарға айрықша жауапкершілік жүктеді. Енді жоғымызды түгендеп, мәдени, әдеби, ата-дәстүр болмысымызды қайта түгендеуге толық мүмкіндік туып отыр. Дұрыс айтасыз, жылтырақ сөзден арылып, жұмыр іске жұмылатын кез келді. Аудан әкімінің ұсынымы-мен болашақ жоспарға Бәйтерек, Балтабай, Қорам, Саймасай, Қаратұрық, Көктөбе сынды ауылдық округтерге мәдениет үйлерін салу  қойылып, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сұраныстар берілді. Есік қаласы және Көлді ауылдарындағы мәдениет үйлерін, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдарындағы клубтарды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға 2018 жылға қаражат сұрадық.

Облыстан қолдау тауып, 2017 жылдың тамыз  айынан Қаракемер ауылдық мәдениет үйіне балалар театрына үш штат бірлігі берілді. 2018 жылға аудандық мәдениет үйіне шаруашылық қызметке екі штат бөлініп отыр. Бағдарлама аясында осындай игілікті істер жалғасын табады деп сенеміз. Шешімін тапса, рухани жаңғыруымыздың алтын қазығына айналар еді. Осы күнге дейін ештеңе істелмеді дегеннен аулақпын. 21 мәдениет үйі, Халықтық атағы бар «Жібек жолы» ұлттық фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Ұлттық халықтық аспаптар» оркестрі, «Улыбка», «Ирада» би ұжымдары және «Сувенир» цирк тобы, «Есік археологиялық-өлкетану», «Шелек өлкетану» және «Ұста Дәркембай» атындағы қолөнер музейлері тәуелсіздігіміздің, осындағы билік тізгінін ұстаған білікті басшыла-рымыздың ерен еңбегі. Ендігі мақсатымыз – ентігіп тұрған рухани мұраларымызды түлету.

Екіншіден, аудан бойынша қазіргі уақытта 1500-ге жуық көше бар. Соның  358-нің атауы кеңестік дәуірге сай, ескі идеологияда. Бұл тұрғыда Елбасымыз: «Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген еді бағдарламалық мақаласында. Мәселен, Есік қаласында – 76, Шелекте – 65, Бәйдібек биде – 38,  Бәйтеректе – 33, Бөлекте – 30, Көктөбеде – 16, Балтабайда –16, Ташкенсазда – 12, Саймасайда – 10 көшенің атауы ескірген, әлі күнге Кеңес дәуіріндегі атаулармен аталып келеді. Мұндай көшелері аз ауылдық округтер – Қаракемер, Малыбай, Бартоғай. Ал идеологиялық тұрғыда ескірген атаулармен аталатын көшелер мүлдем жоқ ауылдық округтер – Қазақстан, Қаражота, Қырбалтабай, Масақ, Сөгеті және Тескенсу.Кеңес дәуіріндегі атаумен аталған және қайталанатын көше аттарын тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен атау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.  ҚР Президенті  әкімшілігінің жетекшісі Ә.Жақсыбековтың 2017 жылғы ақпан айында жолдаған хатын басшылыққа ала отырып,  қала және ауыл-дық округтердегі жергілікті қоғамдастық мүшелері, көнекөз қариялармен, ақсақалдармен кеңесіп, кездесулер өткізілді. Өзгерту жұмыстарын жаппай жүргізу үшін қазір қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Түйіндесем, «Ұлттық мәдениетімізді өркендету – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деді Көшбасшымыз. Және бір сөзінде: «Мәдениет – елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы. Қайсы елдің мәде-ниеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі биік, рухы да жоғары», – деді. Демек, адамзаттың рухани айнасы болған өнерімізге, тілімізге Елбасы мақаласы қайта жан бітірді. Енді күн-түн демей жұмыс істеу – біздің міндет.

Баспаға әзірлеген Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 21:04

Мерекеге тарту – спорт алаңы

ҚР Тұңғыш Президенті күні Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен мектеп жанындағы шағын спорт алаңы  ашылды.

Алаңның ашылу салтанатына  жиналған ауыл тұрғындарын ауыл әкімі Айбол Темешев Президент күні мерекесімен құттықтағаннан кейін  ардагер ұстаз Сәбитов Исағұл  салтанатты түрде алаңның лентасын кесті. Қуаныштары қойнына сыймаған мектеп оқушылары екіге бөлініп шағын футбол жарысын бастап кетті. Ашылу салтанатына қатысқан ауылдың «Достар» командасының ойыншылары мектеп оқушыларын спортқа баулимыз деп уәделерін берді.

Қырбалтабай мәдениет үйінде жиын өткізіліп, мерекелік концерт берілді.

Динара ЕЛІКБАЕВА,

жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.

Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 20:24

Той тойға ұласты

Жылдар жылжып, айлар сырғып өткен сайын Қазақ елі экономикасы дамыған үздік отыздықтың қатарына бір қадам жақындап, халықтың әлеуеті артып келеді. Қол жетпес арман болып көрінген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы жүзеге асып, айналдырған 26 жылда мемлекетіміз адам танымастай өзгерді. Күн сайын пайдалануға беріліп жатқан су жаңа әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, индустриалды-инновациялық жаңалықтар және әр саладағы жарқын жетістіктер қазақстандықтардың болашаққа деген сенімін арттыра түсті. Осындай жайдарман жаңалықтар аудан аумағында да көрініс табуда. Шалғай ауыл тұрғындарының көктен сұрағаны жерден келіп, шелектіктер көгілдір отынға қол жеткізді. Байсейіт ауылының учаскелік полиция қызметкері қоныс тойын тойлап, тұрғын үй мен жаңа ғимаратқа жайғасты. Сонымен қатар, жаңадан ашылған балабақша байсейіттіктердің қуанышын еселеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Шелек өңірінде болған Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, орынбасарлары мен мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жоғарыда аталған маңызды оқиғалардың ортасынан табылды.

Бұрынғыдай көмір кіргізіп, күл шығаратын күндердің ауылы алыс-тай бастады шелектіктер үшін. Қуаттылығы сағатына 50 текше метр болатын газ тарату станция-сы салынды. Бұл бүкіл Шелек ауылын көгілдір отынмен қамтуға қауқары жетеді. Шелек ауылында өткен автоматандырылған газ тарату станциясының ашылу салтанатында жұртшылықты қос мерекемен құттықтаған Айдарбек Естебекұлы:

– Көгілдір отын – тұрмыс-тіршіліктегі барлық қиындық-тарды жеңілдетеді. Оған қоса, ірі кәсіпорындардың ашылуына септігін тигізеді. Осындай қуаныш осыдан екі апта бұрын Есік қаласының тұрғындарына бұйырған болатын. Бүгін, міне, сіздердің ауылдарыңызға келді. Осылайша, Шелекте орналасқан 6 мыңнан астам тұрғын үй, 21 өндіріс орындары мен 43 коммуналдық-тұрмыстық секторды газбен қамтуды жоспарлап отырмыз – деген Айдарбек Байжанов газдандырудың облыстағы пайыздық үлесіне тоқталып өтті. Айтуынша, Жетісу жерінде 11 аудан мен қала газдандырылған. 912 мың адам бүгінде көгілдір отынның қызығын көруде. Қалған елді мекендерде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, ауданымызда және көршілес Панфилов ауданында газ құбырын жүргізіп отырған «КазТрансГаз» ұлттық операторы мен «АПЛ Констракшн» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігінің басшылығына алғысын жеткізді. Ауданымыздың әкімі Бинәлі Ысқақ та мердігер ком-панияларға ризашылығын біл-діре отырып жиылған көпшілікті Тұңғыш Президент күнімен құттықтады:

– Әрбір жұрт тарихтан өзіне тағылым алады. Өткенді ұмытпау, бүгінгіні бағалау, ертеңіміз үшін сенімді болу – Тәуелсіздіктің жеңісі, Қазақстан халқы бірлігінің жемісі. Бұл Ұлы Дала төсін дүбірлеткен ер бабалардың асыл мұратын іске асырып, қазіргі заманғы іргелі мемлекет құрып қана қоймай, мыңжылдықтарда мызғымайтын Мәңгілік ел болудың тарихи бағдарына бет алған халқымыздың мемлекеттігінің ұлы тарихының айғағы.

Егемен Қазақстанның ширек ғасырлық тарихынан тағылым іздеген адам ұлы бастамалардың кезеңіне кездесетіні анық. Дала данышпандарының бірі Жүсіп  Баласағұнның «Күшті кісі – құт қонар тұғыр» – деген сөзін ескерсек, осынау игіліктердің барлығын бүгінгі таңдағы жаңа тұрпаттағы жасампаз Қазақ елінің жаңғыруынан бастап мемлекеттік дамудың дариялы жолындағы табыстарының толайымын өз  отандастарымыз ғана емес, барша әлем жұртшылығы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланыстыратыны сөзсіз. Осындайда, түгел сөздің түп атасын бағалаған Майқы бидің «Хан – халықтың қазығы» – деген көркем ойлы өсиетті сөздің астарында қаншалықты терең мазмұн жатқанын сезінгендей боласың – дей келе биылғы жылы аудан аумағында болған жақсылықтарды айтып өтті. Және де көгілдір отыннан басталған жағымды жаңалықтардың барлығы Ұлт Көшбасшысының салиқалы саясатының жемісі екендігін жеткізді. Ауданымыздың елді мекендеріне газ таратушы «АПЛ Констракшн» компаниясының директоры Марсель Кажи аз уақыттың ішінде біршама істің басы қайырылғандығын айтты. Сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері 23 шақырым болатын төменгі қысымды газ таратушы құбыр жүргізілген. Жыл соңына дейін 500 отбасын көгілдір отынмен қамтуды жоспарлап отыр. «ҚазТрансГаз» ұлттық операторы Алматы өндірістік филиалының директоры Шалқар Омарбеков:

– Алматы облысы әкімдігімен және жеке компаниялармен бірлесе отырып, ауданға газ құбырлары тартылуда. Газ келген жерде тіршілік жанданады. Тұрғындардың әл-ауқаты жақсарып, кәсіпорындардың жұмысы жеңілдейді. Шағын және орта кәсіпкерлік дамып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сіздерді осы қуаныштарыңызбен құттықтаймын – деді.

Шелек өңірі тұрғындарының атынан сөз сөйлеген ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Елеусіз Сұлтанғазиев тағылымы мол тілек айтып, ақ батасын берді. Ата-баба арманын орындаған Елбасына, облыс, аудан басшыларына ризашылығын жеткізді.

Мерекенің негізгі бөлімінде қуаныштары қойындарына сый-маған Шелек ауылының ақсақалдарымен бірге Айдарбек Естебекұлы газ алауын жағып, газ тарататын құбырдың білтесін ағытты. Осылайша, ширек ғасырлық арманына жеткен шелектіктер қос қуаныш-пен бірін-бірі құттықтап, аудан өнерпаздарының әзірлеген концерттік бағдарламасын тамашалады. Құрметті қонақтар көгілдір отынның рахатына бөленген Іле көшесі 21 үйдегі Нұрмахановтар отбасына барып, қуаныштарымен құттықтады.

– Бұрынғыдай от жағып, көмір таситын күндер алыста қалды. Үйімізге газ тартылғалы үй жұмыстары біршама жеңілдей түсті. Газ баллоны бітіп қалады деп те қорықпайсың – дейді отанасы Гузель Нұрмаханова.

Шелектен шыққан облыс, аудан басшылары Бартоғай округіне қарасты Байсейіт ауылындағы «Лашока» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Мемлекет пен жеке серіктестіктің арқасында бой көтерген балабақша 100 бүлдіршінге арналған. Аумағы 330 шаршы метр болатын мекемеде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Соңғы 3 жылда 27 жеке меншік балабақша іске қосылған ауданымызда бүлдіршіндерімізді балабақшамен қамтудың көрсеткіші 95,3 пайызды құрайды.

Аталған балалар бақшасының лентасын қиюға ауыл тұрғындары жиылды. Шараның ашылу салтанатында Айдарбек Байжанов:

– Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2020 жылға дейін 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамтуды тапсырған болатын үкімет пен әкімдерге. Осы міндетті орындау Алматы облысында қарқынды жүзеге асуда. Айталық, өңірімізде 2013 жылы балабақшамен қамту көрсеткіші 37,5 пайызды құраса, бұл көрсеткіш қазір 94,9 пайызға жетіп отыр. Соңғы 3 жылда республикалық және жергілікті бюджет есебінен 33 мемлекеттік балабақша іске қосылып, 245 жеке меншік балабақша ашылды. Жыл соңына дейін тағы 13 жеке меншіктегі балалар бақшасы қолданысқа беріледі – деп, облыстағы көрсеткіштерді тізіп өтті. Сонымен қатар, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемемен қамтуда көш бастап тұрған еңбекшіқазақтықтарды мерекемен құттықтады. Кейіннен сөз сөйлеген ауданымыздың құрметті азаматы Аянбек Дауытқұлов, Байсейіт ауылының жігітбасы Глаждин Усманов облыс әкімінің орынбасары айтқан межеге бірлік пен татулықтың арқасында қол жеткізгенімізді айтып, жастарды патриот болуға шақырды. Ауыл тұрғындары, ақсақалдары құрметті қонақтармен бірге жаңа балалар бақшасының лентасын қиып, апалар шашу шашты. Ғимаратты аралап, қуаныштан жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндердің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Байсейіт ауылындағы тағы бір қуанышқа мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, ішкі істер басқармасының басшысы, полиция полковнигі Бағдат Әшімов, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев қатысып, учаскелік полиция инспекторының жұмысына табыс тіледі. Ауылдағы тірек пунктінің ашылу салтанатында Бекет Төлегенұлы байсейіттіктерді мерекемен құттықтап:

– Бүгін ауданымызда ақ түйенің қарны жарылған күн. Шелекке көгілдір отын жетіп, ауылдарыңызда балабақша мен полиция пункті пайдалануға берілуде. Мұның барлығы – тұрғындарымыздың өзара тату-лығының арқасында. Бақ қайда қонады? Әрине, береке-бірлік пен қадір-қасиет бар жерге қонады. Осындай байлықтарымыз бар біз бақыттымыз – деді. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына жағдай жасап отырған әкімдікке алғысын жеткізген Бағдат Әшімов:

– Бүгінде ауданымызда құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторларына жағдай жасалуда. Қазіргі таңға дейін осындай екі ғимарат пайдалануға берілді. Үшіншісі – сіздердің ауылдарыңызға бұйырыпты. Келер жылы да жиырмаға жуық полиция пункті салынады деп жоспарлануда – дей келе, бұрындары үй мен жұмыс арасында сабылып жүретін инспекторлар енді үйде отырып-ақ, тұрғындармен жұмыс істей беретіндігін айтты. Олай дейтініміз, полиция пункті мен тұрғын үй қосарланып салынған. Тек аулалары ғана бөлек. Жиылған жұртшылыққа осыны жеткізген Бағдат Бақбергенұлы алдағы уақытта учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысы жаңа қарқын алатындығын айтып өтті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ахметжан Ашири полицияның қызметіне сәттілік тілеп, татулық пен тұрақтылықтың сақшысы болуға шақырды. Негізгі бөлімнен кейін барлығы ғимараттың лентасын қиып, учаскелік инспекторды жаңа жұмыс орнына жайғастырды.

 

Клубный көшесінде орналасқан ғимарат құрылысына бюджеттен 19 млн теңге бөлінген. Екі кабинет компьютермен толықтай жабдықталған. Нысанның екінші жағындағы тұрғын үй де кең жасақталған. Ғимаратты түгелдей аралап шыққан үлкендер ақ батасын беріп, шашу шашты.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

1962 жылы қараша айының 2 жұлдызында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер кентінде бөлімше командирлерін және кіші мамандар даярлайтын жеке оқу дивизионы құрылды. Кеңестер Одағы тұсында тұсауын кескен, Тәуелсіз Отанымыздың қорғаныс қуатының артуына өз үлесін өлшеусіз қосқан 6654 шартты белгісіндегі әскери бөлім 55 жылдығын атап өтті.

Байланыс мамандары, кинологтар, бөлімше командирлері, аспаздар және қару-жарақ жөндеушілері, бронды тасымал көлігінің жүргізушілері, бәрі-бәрі алғашқы өз мамандықтарының әліппесін дәл осы әскери бөлімнің іргесінде жүріп игерген. 55 жыл бойы бұл міндетті абыроймен атқарған әскери бөлім жеке құрамының тәртібі мен жауынгерлік дайындығы да жоғары. Кез-келген төтенше және қауіп жағдайында қарсы тұрар қайраты мен жігері де жеткілікті.

Әскери техника мен қару-жарақ, Ұлттық ұлан сарбаздарының  арнайы мақсатта киетін киім үлгілері, қызметтік иттер – қонақтар назарын ерекше бұрды. Бұлар мерекелік күнге арнайы ұсынылды. Әскери бөлімнің ашық есік күні – Ұлттық ұлан офицерлері, сержант және сарбаздарының өмірін ауыл тұрғындары мен арнайы шақырылғын қонақтардың өз көздерімен көруіне мұрсат бергендей. Аналар мен балалар, қариялар мен ақ жаулықты әжелер, өз ұлдарын қызмет үстінде көріп қуанышқа бөленіп жатты. Арнайы тігілген ақ боз киіз үйлер, әскери оркестр мен әртістер қауымына құрылған салтанатты сахна – барлығы да әскери бөлімді ерекше құлпыртты. Бүлдіршіндер үшін арнайы алдырылған батут ойыны да  балғындарға қуаныш сыйлады.

Әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Жомарт Атығаев жеке құрамды түгендеп, командир полковник Бағдәулет Оспанбековқа баянат жасады. Салтанатты шараны бастау жөніндегі пәрмен берілді. Жауынгерлік Ту ортаға шығарылды. Мемлекеттік Туды көтеру мәртебесі жедел мақсатта-ғы батальон командирі майор Рауан Омаровқа берілді. Жеке құрам Мем-лекеттік Гимнді орындады. Құрметті қонақтар мінберге көтеріліп,  әскери бөлім ұжымын мерекелік күнмен бір       ауыздан құттықтады. Атап айтсақ, әскери бөлім командирі Бағдәулет Оспанбеков сарбаздар, офицерлер мен сержанттар құрамын жеке-жеке атап, әрбіріне жүктелген әскери міндетті әрмен қарай абыройлы жалғау жөніндегі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, құрметті қонақтар  қатарында ІІМ генерал-майоры Асыл-Кеней Сағынжан Байболұлы,Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев, Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ басшысы полковник Бағдат Әшімов, 5572 әскери бөлімінің командирі подполковник Камал Жақысылықов,ардагерлер қауымы және әскери қызметін дәл осы әскери бөлімде өтеген офицерлер, жеке құрамға көптеген ізгі тілектерін арнап, өз сыйлықтарын табыс етті.

Жауынгерлік қызметте үздік атанған офицерлер, сарбаздар және сержанттар, келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер бөлім командирі полковник Бағдәулет Оспановтың қолынан «Әскери бөлімге 55 жыл» мерекелік медальдарын және алғыс хаттар мен арнайы сағаттар алды. Салтанатты шара дабыл қаққыштар тобының әсерлі көріністерін тамашалаумен жалғасты. «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубы жасөспірімдірінің орындауында қоян-қолтық ұрыс тәсілдері көрсетілді. «Батыр» президенттік полкының сарбаздары қарумен саптық әдіс-тәсілдерді бірыңғай орындап, қонақтарды таң-тамаша қалдырды.

6654 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы оқу ротасының сарбаздары ұсынған жекпе-жек және АК-74 қаруынан ату тәсілдері, шыны шөлмекті сындыру сынды өзге де көріністері көрерменге көтеріңкі көңіл сыйлады. Атап өтетіні, дәл осы сәтте 6654 әскери бөлімінің көгін Ұлттық ұланның әуе күштерінің екі бірдей тікұшағы тіліп өтті. Бірнеше рет көк жүзінде ерсілі-қарсылы жүзген екі бірдей тікұшақ әскери бөлімнің мерейтойымен құттықтауға арнайы жіберілген. Бұлар бөлімнің спорттық алаңына қонып, көрермендер оларды өз қолдарымен ұстап, тірідей тамашалауға мүмкіндік алды. 6654 әскери бөлімі Кинология қыз-метінің офицерлері, келісім-шарт  бойын-ша қызметшілері ұсынған террористті ит көмегімен ұстау көріністері көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Тәжік-ауған шекарасында Пхешавар шатқалында аяқ асты жау шабуылынан қаза тапқан 17 қазақ жауынгерлеріне арналған аллеяға гүл қою рәсіміне әскери бөлім командирі полковник Бағдәулет Оспанбеков бастап, өзге де қонақтар атсалысты. Бір минут үнсіздік жарияланды.

«Бізге керек тыныштық, Сіздерге де керек. Сіздер де әке, бала, аға, іні боласыздар. Әскерилер де қоғамның бөлшегі, халықтың өзі. Ендеше, ешқашан соғыс болмасын. Барлық дабылдар тек қана оқу-жаттығу түрінде өтсін. Әскери бөлім тек қана қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ, білім берумен де айналысуда. Бұл міндетті абыройлы атқарып та жатыр. Барлығыңыз аман болғайсыздар» – деп, толғана сөйлеген ардагерлер мұнда да сыйлықтар мен медальдар алып, арнайы келген құқық қорғау қызметінің өкілдері әскери бөлімнің бірнеше офицерлеріне мерекелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады. Естелік суретке түсті. Ақ боз киіз үйлерге кірген қонақтар мерекелік астан дәм татты.

 

Әділет САРЫБАЙ,

Қаракемер кенті 6654 әскери бөлімінің кіші сержанты.

Егер жаңғыру елдің рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Сақалыңнан айналдым, қарт бабалар
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар

Мұқағали Мақатаев.


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбымен жарияланған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласымен танысып, талқылап жатқанымызға да жеті-сегіз айдың жүзі өтіп кетіпті. Редакциямызға телефон арқылы немесе ауызекі әңгімеде сұрақтар түсіп жатады. «Елбасымыз неге қазіргі кезеңде кесек-кесек бағдарламалар туындатып отырған өзекті мәселені Жолдау немесе басқа да ресми жолмен жеткізбеген халқына деген мазмұнда негізінен бұл сұрақтар. Біріншіден мақала жанарын биліктің шынар биігінің таңдауы – оз ойын, ұстаным ұсынысын қалың бұқараға қазақ халқына, еліміздің барлық тұрғындарына демократиялық жолмен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізу жолы деп білу керек. Екіншіден, мақаланың өзегі – ұлттық сананы жаңғырту болғандықтан бұл мәселе ешкімді де – мектептегі ұстаз бен баланы, сол балалардың әке-шешесін, ата-әжесін, қарапайым еңбеккерден бастап биіктегі билік өкілдеріне дейін бей-жай қалдырмау керек.
Кеңестік кезеңде «сананы тұрмыс билейді деген бір жақты материалистік тұрғыдағы ұғым болған. Ал неге сана тұрмысты билеп, қоғамға бағыт бағдар бермеуі керек?!
Н.Ә.Назарбаев өз мақаласының ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы тарауын-да бүгінгі күнгі әлемдегі әртүрлі бағыттардағы қатып қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ» дүбірлі дәуіріміздің даму даңғылынан шеткері қалауымыз мүмкін екенін ескертеді. Жиырмасыншы ғысырдағы батыстық даму жолының бүгінгі заман талабына сай келмеуінің сырын зерделеп, сол батыстық үлгілерді еріктен тысқары, ұлттық сана-сезімді ескермей түгелдей бір қалыпқа салуға ұмтылудың салдары екенін де ұғынықты түрде түсіндіреді. Мысалы әлемдік экономикалық көшбасшылар қатарындағы Жапон, Оңтүстік Корея елдерін алайық. Дәстүр-салттарына, ұлттық код деген ұғымдағы ата-бабаларынан келе жатқан рухани жадыларына ерекше мұқият қарайтын халықтар екенін білеміз сол елдердің тұрғындарының. «Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса ол адасуға бастайды» – дейді Н.Назарбаев сана туралы тараудағы ойларымен бөлісе отырып. Сонымен, қарапайым тілмен айтқанда рухани жаңғыруымыздың жолы қандай? Ұлттық сана, ұлттық код деген терминдерді қалай түсінеміз, тағы басқа сұрақтарды талдай отырып, оқырман ой бөлісуге бағытталған мақалалар циклын бастай отырып, жалаң хабардан танымдық-талдау жолына шақырамыз көзі қарақты оқырмандарымызды.
«Саналы азамат екен дейміз мінезіне ақылы сай ізетті, ізгі адамға мінездеме бергенде. «Санасыз, тоғышар, топас, дөрекі, дөкір» – деп те жерден алып, жерге салып сөгеміз жаман әдетке жақын тұрған, әдепсіздікке бой ұрған замандастарымызды. Сана-сезімі терең, таным-білімі таяз ұғымдары тағы бар. Тұрмыстық деңгейдегі сана ұғымы қалыптасқан әдет-ғұрыпты сақтаудан басталады десек қателеспейміз. Менің кеңес кезеңінде биік деңгейдегі қызметте болған жақсы танысым, жерлесім оңтүстік облысқа қызмет бабымен ауысқанда екі нәрсеге таң қалғанын жырдай қылып айтып берген еді. Көшіп келген бетте үй-жайды реттеп алмай қызмет бабы келіспейтіні белгілі. Көмекшілерім жеке «особняк» іздестіргеніне қарамай көп пәтерлі үйден кеңірек жұмыс кабинетін жасай алатын пәтер қарастыруын өтініп, көп ұзамай екінші қабаттан төрт бөлмелі пәтердің кілтіне ие болдым. Көршілеріммен танысып, үй төңірегін көрейін деген оймен бес қабатты ғимаратты айналып келе жатсам төрт кіреберіс (подъезд) бірыңғай қарап тұр да, бесіншісі сыртқа қарап бөлектеніп тұр екен. Осы үйде тұратын ақ сақалды қария кездесіп, содан мына бөлек сыртқа қаратып салынған кіре берістің сыры неде деп сұрадым. Ақсақал көзін шарасынан шығара дөңгелетіп: «Ойбай білмейтін бе едіңіз – бұл үйде дәу бастық тұрады. Қарапайым халықпен қатар подъезден бірге шығып-кіре алмаймын деп кіреберісті теріс қаратып салғызған сол кісі, байқаңыз ол кісі елмен амандас-пай өте шығатын өте тәкаппар жан, –дейді әлгі көршім. «Япырмай осы өңірге бірінші басшы етіп мені жіберіп еді, менен де дәу кім екен бұл деп ертесіне планерка жиынында бәленінші үйдің бесінші подъезінде тұратын кім екен, орныңыздан тұрыңызшы деп өтіндім. «Менмін» – деп тәпелтек бойлы қарны қабақтай, беті табақтай дегендей кеше ғана танысқан бөлім басшысы орнынан тұрды. Олай болса көршілеріңмен ең болмаса сәлемдесуден қашып, теріс қаратып салған кіреберіс подъезіңді оңға бұрып екі күннен кейін маған баянда деп бұйырдым қоластымдағы «дәу» бастыққа, – деп күлді Ерекең ағам.
Екіншіден таң қалдырғаны сол көп қабатты үйдің ересектерімен сәлемдесумен қатар кіп-кішкентай жөргектен жаңа арылған тәмпіш мұрнын тартып қойып «ассалау» деп қолын созған көрші балалармен сәлемдесу дағдыға айналды. Бұрынғы қызмет еткен орыс тұрғындары басым өңірде бұндай әдет жоғалып кеткендей еді, – деп ағынан жарылып еді Ерекең жерлесім.
Ұлттық санамызда, дәстүрімізде, ең бастысы, дінімізде сәлем беруге аса назар аударылады. Ізгі ниетті адамды қазағым «Сәлемі түзу азамат» дейді. Сәлем беріп үйге кіріп келген бейтаныс жолаушыға да қазақ «Сәлемші болсаң төрге шық! деп алдына барын жайып салады. Үлкенді сыйлау, иіліп сәлем беру сау-саламаттығын сұрап, тілегін айту жөнінде де сол Ерекең басшының үлгісінен бір көрініс келтіре кетейін. Шаруашылық басшысы өз кәсіпорнымен бүге-шігесіне дейін таныстырып болып, Ерекеңе, ертіп келген қосшы көмекшілері мен журналист тілшілеріне қоғамдық тамақтану орны жоқ екенін, сондықтан өз үйінде дастарқан жайып қойғанын айтып, түскі асқа шақырды Отбасы мүшелерімен танысып сәлемдесіп болғанан кейін Ерекең жан жағын бажайлап қарап алып үй иесінен: «Отбасында қария бар ау, шамасы, таяғын көріп отырмын. Ол кісі қайда? – деп сұрады. Күмілжіп қалған шаруашылық басшысы:» – Сексенге келген әкем бар, үйге қонақтар келетін болған соң өз бөлмеңнен шықпай күте тұр кісілер кеткенше, деп отырғызып қойып едім, – дегенде Ерекең кейіген кейіппен «Үлкенге сәлем бергеннің не айыбы бар, сәлемдеспеу күнә, – деп орнынан тұрып қарияның бөлмесіне бет қойды. Сәлемдесіп, өмір көрген өнегелі қариямен біршама әңгімелескеннен кейін Ерекең дастарханға бірге отыруын өтінді. Ақсақал асқа бата беріп дәм татқаннан соң «Балаларым, өмірлерің біте қайнасып, бірге жүрсіңдер, әңгіме өзегі де өздеріңше өзгеше, маған рұқсат беріңіздер, – деп рахметін айтып тұрып кетті. Міне сәлем беру жолын ұстай білген адамның жөні осы дейміз.
Санадан бастаған жаңғыру жолын жаңғырта бермей-ақ күнделікті өмірдегі қанымызға сіңген әдет-ғұрыпты да дұрыс сақтай алмай жүргенімізді де қозғай кеткенді жөн көрдім.
Қазақта «қайыр» деген сөз бар. «Қайырлы таң» деп бас-таймыз әр күнімізді, қайырлы күн деп күндіз сәлемдессек, «қайырлы кеш, қайырлы түн болсын» деп тәулік соңында қоштасамыз. Алладан не берсең де қайырымен бер деп тілейміз. Еліміздің орталық, батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік өңірлерінде жаңа баспана, көлік алғандарға, келін түсіріп той-томалақ болғанда. «Қуаныш қайырлы болсын» деп айтып жатады. Өмір бар жерде өлім бар дегендей қаралы үйге көңіл айта келгенде «Қазаның қайырын берсін, арты қайырлы болсын, – деп толықтап, анықтап айтады ғой. Ол жоқ, кейбір асығып-аптығып жүретін азаматтарымыз: қазалы үйге, қаралы адамдарға қарап: «Қайырлы болсын» деп қысқа қайырғанда құттықтап тұр ма, көңіл айтып тұр ма деп аңырып қалып жүрдім алғашында. Сөз білмеген сөздің құнын кетіреді – деген осы да.
Сана – сөзден басталады, үлгі өнегемен жалғасады. Өмірімнің біраз бөлігі Есікті қаламыздың екінші шағын ауданында көппәтерлі үйде өтті. Бес қабатты төрт-бес үйдің ортасындағы ауласы кең: бір бұрышы кір жаюға арналған алаң, тағы бір бөлігі балалардың ойын аланы да, дәл ортасына зейнетке шыққан қарияларға әдейі арналғандай жасыл желектің көлеңкесіне орындықтар мен үстел орнатылған екен. Күнде таңсәріде бұл ауладағы әр жасқа арналған кірін жуып, киімін кептіретін жердегі алаңдар бос тұрады да түс әлетінде, түскі үзілістен кейін, кешке дейін ауланың ортасындағы орындықтарға зейнеткер жасындағы жасамыс жандар алғашында дойбы, домино, шахмат дегендей «бейбіт» ойындар ойнап жүрді. Кейін келе байқасам сол ойыншылар «домино-дойбыдан» гөрі «серъезный» – картаға көшіп алыпты. Әрі-бері өтіп жүргенде көп аңғара бермейді екенмін орталарында сыра шишалары да одан мықты ішімдіктер де тұратын болыпты. Алғашында араласпадым «қариялардың» бұл «қарекетіне». Жаздың бір жаймашуақ кешінде жұмыстан ертерек оралып ауланы кесіп өте бергенде «қариялар бұрышындағы» шаң-шұңның үстінен шықтым. Мәселенің мәнісі сыра-шараптың буына әбден «піскен» қария-сымақтарымыз картаға ұтыс ойнап отырып, келіспей қалған көрінеді. Тыңдап тұрсам «ауыздарынан ақ ит кіріп, қара ит шықты» дегендей қазақша «әкең-атаң» деген боқтық сөздер мен орысша «мат»-былапыттар араласып жаға жыртысуға дейін барып қалыпты. Сақалынан алысар еді қазіргі қарттарда «сақал модасы» жоқ. Бұл ойыншы зейнеткерлерді түгеліндей танушы едім ортаға түсіп, сабырға шақырып, әдеп сақтауды өтініп едім «Сенің бізде не шатағың бар жөніңе кет деген сөздерді және өрескел орысша сөзді естіп» дағдарып тұрғанда абырой болғанда сол ауладағы бес қабатты бес үйдің егде жастағы он шақты әжелері шықты алаңға. Шыдамның де шегі бар дегендей зейнеткер шалдардың өрескел «тірліктеріне» тойып болған әжелерге қарташылардың жанжалы бас көтеріп, қарсылық көтеруге себеп болды.
– Ішімдік ішіп, карта ойнағанша немерелеріңді тәрбиелесеңші, – дейді бір әже. Екіншісі:
– Енді бұл жерде сыра ішіп, темекі тартсаңдар, учаскелік полицияны шақырамыз,– дейді. Ал үшінші әже:
– Анау кір жайып, балаларын ертіп жүрген келіндерден ұялсаңдаршы,–деп көзге шұқығандай шырылдаған шындықты жайып салды сыра-шараптан көздерін шел басқан шалдардың алдында ашулы әжелер.
Сонымен басбұзар-бұзақы шалдардың карта ойындары да, аулада отырып арақ-шарап ішуі де сап тиылды бұл мөлтек ауданның мөлтек ауласында. Бұл жерден қаланың басқа аумағына көшіп кеткелі көп жылдар өтті. Әрине, сондағы «шалдар шатағын» әсерлеңкіреп суреттеген болармын. Бірақ бұл жерде айтпағым, кеңес кезеңінде де кейінгі кезде де, сол қоғамның жуан ортасынан шыққан шал-шауқандарың қазақтың немерелерін тәрбиелеу, оларды еңбекке баулу, ерлікке елсүйгіштікке бағытталған ертегі-аңыздар, әдеби кітаптар оқыту деген ұғымнан ада ұрпақ десем қателеспеген болар едім. Неліктен еліміздің экономикалық дамуынан, халықаралық қатынастар мен әлемдегі бейбітшілік мәселелерінен қолы босамай ат үстінде, самолет ұшақ салонында дамылсыз жолда жүрген Елбасымыз қолына қалам алып рухани жаңғыру мәселесін көтеріп отыр?! Ұлтымыздың ұнамды салт-дәстүрін сақтап, ұнамсыз әдеттен аулақ болсақ дейді Президент. Шетелдердің тілін біліп, ілімін, ғылымын игерсек, – кәсібімізді дамытып «өз нанымызды өзіміз жеп, артылғанын экспорттасақ, – дейді Елбасымыз. Шетел мәдениетінің бәрін де таңсық деп елімізге тасымалдай бермей ұлттық кодымызды, ұлттық бірегейлігімізді сақтасақ дейді «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында Нұрсұлтан Нзарбаев. Міне, сондықтан,сөз басы сәлемнен басталады дегендей ұлтымызға тән сәлемдесу тәртібінен, саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін саналы ата, әже де бола білу мәселесінен бастап отырмыз ашық әңгіме циклын. Әркім өзінен бастаса әдепті, ата-бабадан қалған салт-дәстүрді ұстанса сонда ғана адасудан айығып ел болу жолына түсе аламыз.
Хайролла АХМЕТЖАНОВ.

Жексенбі, 05 Қараша 2017 16:38

Управление против коррупции

Профилактика коррупции занесена в постоянный график коллективных мероприятий  районного управления государственных доходов.   Изучению антикоррупционного законодательства, выступлениям в прессе, проведению круглых столов с участием представителей правоохранительных органов  отводится ведущее место.

Содержательным  был круглый стол сотрудников  управления с  прокурором  районной прокуратуры Чингисом Оспановым. Вел встречу руководитель управления Нуржан Журынбаев. Он  предоставил  слово Ч.Оспанову, который дал  налоговикам разъяснения по антикоррупционным статьям Административного и Уголовного кодексов РК, Закона РК «О противодействии  коррупции».  Ч.Оспанов также рассказал о недавних фактах выявления коррупционных преступлений в Енбекшиказахском районе. К уголовной ответственности за получение взяток в 2017 году были привлечены директор ГККП «Каракемерский профессиональный колледж»  С.Даберов и инспектор пробации УИС Х.Рузбакиев. Енбекшиказахским районным судом они приговорены к многомиллионным штрафам,  конфискации имущества и пожизненному  лишению права занимать должности на госслужбе.  Это наглядный пример государственной антикоррупционной политики, включающей меры жесткого преследования    госслужащих, использующих свои полномочия в корыстных целях.

Н.Журынбаев и Ч.Оспанов напомнили сотрудникам управления о необходимости добросовестно исполнять должностные обязанности, постоянно повышать квалификацию, чтобы избежать возникновения коррупционных поводов и  нарушений.

 

И.ВИКТОРОВ.

Бейсенбі, 02 Қараша 2017 16:52

Отбасы – Отанымыздың ошағы

«Отан – отбасынан басталады». Осылай деген Елбасы қазанның екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген еді. Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық сананың жаңғыруы, отбасы құндылықтары туралы алға қойған мақсат-міндеттерді айқындап берді. Осы орайда, жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Іле Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Отбасы – Отанымыздың ошағы» тақырыбында мерекелік шара өтті.

Мерейлі мерекеге «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, қала мен округ әкімдері, жастар қауымы мен талайға үлгі болып жүрген ауданымыздың мерейлі отбасылары қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қуат Байғожаев жиылған көпшілікті мерекемен құттықтап:

– Елбасының «...Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі бар. Расында да, тәрбиенің бастапқы әліппесі – отбасында, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі бар. Қай халық болсын, ол – өз ұрпағымен биік. Біз – қариясын қадірлеп, әкесін арқа тұтқан, анасын ардақтаған елміз. Жетімді  жұбатып, қиналғанға қолұшын беріп, сүрінгенді демеген халықпыз. Сіздердің өмір жолдарыңыз, қоғамдағы беделдеріңіз – жастардың бойына рухани қазынаны дарытып, оларды тәрбиелейді. Өйткені, сіздер –  ұлттық салт-дәстүрді сақтаған, көпті көрген, елге үлгі болатын тұлғасыздар – деді. Сондай-ақ, өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуда қосқан үлестері үшін 26 отбасына аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Кейіннен, үлгілі жанұялар атынан аудан басшылығына алғысын жеткізген Есік қаласының тұрғыны Серік Спатаев жас ұрпақты тәрбиелеуде аға буын әрқашан белсенділік танытатындығын айтты. Сонымен қатар, Қаракемер мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ерқуат Оңашхан «Рухани жаңғыру» атты өлеңін оқып, жұртшылықтың қошеметіне бөленді.

Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Ернар Мұқанов, Нұртас Қайратұлы, Құралай Сәбетова сынды жас әншілеріміз әуелете ән салып, көпшіліктің көңілін көтерді.

Сардарбек НҰРАДИН.

Указом Президента Республики Казахстан от 28 ноября 2012 года № 438 утверждена Концепция развития местного самоуправления в Республике Казахстан.  В соответствии с Концепцией Правительством РК разработан  План мероприятий на 2013 - 2020 годы по реализации Концепции развития местного самоуправления в Республике Казахстан. В рамках Плана нации «100 конкретных шагов» в ноябре 2015 года принят закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития местного самоуправления», которым введены соответствующие нормы расширения полномочий органов местного самоуправления. Законом предусмотрено создание территориальных советов самоуправления  для оказания помощи исполнительным и представительным органам власти в работе с гражданами.

Поэтапно, на уровне городов районного значения и сельских округов,  идет формирование  местного самоуправления с самостоятельным бюджетом и собственностью, продолжается разработка законопроекта по дальнейшему развитию  местного самоуправления в РК.  С 2018 года будут поэтапно осуществляться вопросы внедрения самостоятельного бюджета и собственности местного самоуправления.

Каракемерский сельский округ – по численности населения  (около 7 тысяч жителей) или входящих в него населенных пунктов (кроме Каракемера малые села Талдыбулак и Сатай) не самый большой в районе. Но по развитости экономики и социальной инфраструктуры округ мало чем уступает более крупным округам. Здесь 360 крестьянских хозяйств, винодельческое  ТОО «Био тау жер», ТОО «Торе жайлау», множество субъектов малого бизнеса. Действуют  две школы, профтехлицей, врачебная амбулатория и ФАП, дом культуры, детсад на 120 мест. Коллектив  самой большой школы имени К.Орымбетова  составляет свыше тысячи учеников и 90 преподавателей, в профтехколледже числится около 400 студентов и 64 преподавателя, в СВА и ФАПе трудится 20 врачей, фельдшеров и медсестер. Соответственно местной власти приходится решать проблемы воспитания молодежи, развития малых сел,  водоснабжения и благоустройства. 

 И, надо сказать, на сегодня Каракемерский округ по развитости социальной инфраструктуры, общественной жизни, реализации молодежной политики  в числе наиболее благополучных. В немалой степени – благодаря эффективному местному самоуправлению при сельском акимате. Слово акиму округа  Алтынбеку ИСАКОВУ:

– Орган местного самоуправления  (МСУ) мы создали   еще в  2012 году, одними из первых   в районе. На  сегодня в него под руководством Бауыржана Дюсупова входит 11 представителей жителей сел – главы крестьянских хозяйств, учителя, предприниматели. Его основная задача – оказание помощи исполнительным органам власти в работе с гражданами, решение вопросов ЖКХ, профилактика правонарушений.

Кроме того, существует еще ряд общественных структур – советы аксакалов, женщин, молодежи, уличные комитеты, с которыми местное самоуправление тесно сотрудничает. На  заседания (МСУ) также приглашаются депутаты районного маслихата, которым самоуправление делает запросы от лица жителей округа.

  Таким образом, все ключевые вопросы  рассматриваются и оперативно, и всесторонне.  Во время саночистки делаются подворные обходы. При участии самоуправления  создано и успешно работает коммунальное хозяйство ИП «Жолдасбаев». Питьевая вода в округе подается 24 часа в сутки.  В текущем году, кроме обслуживания водопровода, комхоз создал бригаду по уборке и вывозу мусора, ведутся работы по капремонту канализации, прокладке лотков арычной сети. Школы и колледж горячим питанием обеспечивает ИП Елены Исаковой.  Работу комхоза, школьного общепита также контролирует местное самоуправление. При его участии в новом микрорайоне с.Сатай  идет проводка электросетей.

В последние годы социальная инфраструктура округа значительно модернизирована. Вступил в строй профтехколледж, капитально отремонтирована школа имени К.Орымбетова, дом культуры, построена новая амбулатория, проведено уличное освещение во всех селах, установлено 675 фонарей. В текущем году по программе «Нұрлы жол» новый асфальт будет проложен на 25 улицах, сейчас идет асфальтирование 15 улиц подрядчиком АО «ДСУ-13».

За каждым членом самоуправления закреплен свой сектор – благоустройство, образование, работа с молодежью. Уличные комитеты также подотчетны самоуправлению. Совместно с советами аксакалов, женщин и молодежи, участковыми инспекторами полиции  проводятся совещания по общественному порядку. Как результат – преступность в округе снизилась на 25 процентов. Акиматом округа большое место уделяется  поддержке  совета молодежи во главе с Маратом Русланом.

Сотрудник  нашего акимата по молодежной политике  Диана  Жакаева  лидирует в районном рейтинге лучших специалистов по делам молодежи. Она совместно с советом молодежи организует ежегодно по 40-45 молодежных  мероприятий по культуре и спорту. При ДК действуют всевозможные кружки и спортивные секции, наш дом культуры первенствует в области. Местное самоуправление привлекает спонсоров, участвует в организации всех общественных мероприятий, государственных праздников, благотворительных акций. Шефство над одинокими пожилыми людьми, инвалидами, ветеранами тыла также курирует местное самоуправление.  Сельхозпродукция из Каракемера занимает достойное место на всех сельскохозяйственных ярмарках в Астане и Талдыкоргане, в которых участвует Енбекшиказахский район.  Деятельность местного самоуправления разгружает аппарат акима округа от повседневной текучки, позволяет  составить оптимальную программу социального развития села.    

Самоуправление необходимо развивать и далее, передавая ему ряд полномочий, таких как   управление коммунальной собственностью, формирование бюджета сельского округа. У нас уже наработан успешный опыт такой деятельности, который  послужит для внедрения самоуправления с самостоятельным бюджетом и собственностью.

К новому году планируем провести перевыборы в МСУ, пополнить его энергичной молодежью. 

 

 

Записал И.ТУРАНИН

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет