Қ.Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданына әкім болып тағайындалғанына жүз күн толуына орай осы уақыт ішінде атқарылған жұмыстың жай-жапсарымен таныстырып, журналистермен кездесу ұйымдастырды. Кездесудегі әкімнің баяндамасын назарларыңызға толық ұсынып отырмыз. Аз уақытта жасалған жұмыс аз емес, бірақ алға қойған мақсаттар да биік, жоспар да көп. 

Құрметті журналистер!

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымына тағайындалғанына 100 күн болды. Осы уақыт аралығында барлық ауылдық округтерде болып, елді мекендердің барлығын араладым деуге болады. Жүздеген әлеуметтік нысандарды қарап шықтым.

Осы 100 күн ішінде көргенімді, атқарған жұмысымды Сіздермен бөлісе отырып, ауданның одан әрі дамуы мен өзекті деген проблемаларды шешу жолдары бойынша жоспарларымды Сіздермен бірлесе отырып талқылауды жөн көріп отырмын.

Енбекшиказахский район имеет очень хорошие перспективы в развитии, учитывая его расположенность вблизи крупнейшего мегаполиса Казахстана, большую численность населения и соответственно, рабочей силы и наличие плодородных сельскохозяйственных земель. Это наши козыри, как говорят в народе, которые помогут нам сделать наш регион процветающим и самодостаточным. 

Но в то же время, стремительно растущая численность населения и наличие 79 сел постоянно требуют модернизации социальной и коммунальной инфраструктуры, для чего необходимы огромные бюджетные средства.  

Бірінші кезекте, біздің экономикалық көрсеткіштеріміз туралы айтып өтейін.

2019 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өндірілген ауылшаруашылық өнімнің көлемі 3,2 млрд.теңгеге артты. 2019 жылы – 79,8 млрд. теңге болса, биылғы көрсеткіш – 83 млрд. теңге.

Өткен жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі 3 млрд.теңгеге артты. 2019 жылы – 29,9 млрд. теңге, 2020 жылы – 32,8 млрд. теңге.

Шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 3,5 млрд. теңгеге өсті. 2019 жылы – 20 млрд. теңге, биыл – 23,5 млрд. теңге.

Экономикадағы өсім есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық та артты. Өткен жылғы ұқсас мерзімімен салыстырғанда салық түсімдері 1 млрд. теңгеге өсті. 2019 жылы – 12,7 млрд. теңге, биыл – 13,8 млрд. теңге.

Конечно пандемия коронавируса не могла не сказаться на нашей экономике, в отдельных отраслях к примеру, по розничному товарообороту, грузоперевозкам и привлчениею инвестиций отмечается снижение показателей, из-за того, что были перекрыты границы республики.

Эти направления, а именно  привлечение инвестиций, развитие перерабатывающей промышленности и интенсивное развитие сельского хозяйства с применением самых передовых аграрных технологий я определил наиболее важными для экономики района и уже провожу конкретную работу в этих направлениях.

Так, для привлечения инвестиций мною проводятся переговоры с десятками наших отечественных бизнесменов, проведена ревизия имеющихся земельных угодий, которые отныне будет представляться только тем людям, кто готов вложить многомиллионые средства для развития сельского хозяйства,  строительства новых предприятий и созданию новых рабочих мест для местного населения.

Парралельно проведена работа по устранению административных барьеров и перестроена  работа всех государственных органов, которые должны не тормозить бизненс всякими проверками и бюрократическими препонами, а наоборот оказывать предпринимателям содействие и сопровождать каждый бизнес проект от начала до конца.

Жылдың аяғына дейін 30 млрд. теңгеге инвестиция тартуды, бірнеше өндірісті ашуға және бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мысалы, Қырбалтабай ауылдық округінде орналасқан «Жетысу Соя» ЖШС-нің сояны қайта өңдеу зауытының іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қуаттылығы – 25 мың тонна соя өнімі, инвестициялық сомасы – 1 миллиард 487 миллион теңгені құрайды. 78 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Жылдың аяғына дейін Ақши ауылдық округінде елімізде теңдесі жоқ соңғы үлгідегі технология бойынша «Фроско» ЖШС-ін де іске қосу ойда бар. Сыймдылығы – 4000 тонна қоймасы мен айына 1000 тоннаға дейін жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін желісі іске қосылады. Жоба құны – 2,8 млрд. теңге, 82 жаңа жұмыс орны ашылады.

Масақ ауылдық округінде желтоқсан айында қуаттылығы – 5 МВт құрайтын «Нурлы ВЭС» ЖШС-нің жел электр станциясы пайдалануға беріледі. 1,5 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, 10 жұмыс орындары құрылады. 

Тамыз айында аудан үшін ең ірі жобаны іске асыру басталды. Ол –  вольфрам кенін өндіруге арналған «Жетысу вольфрамы» ЖШС-нің Бұғыты тау-кен байыту комбинаты құрылысы. Жоба қуаттылығы – жылына 3,3 млн. тонна вольфрам кені. Жоба құны – 95 млрд. теңге, 500 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

По сельскому хозяйству

Прошедший сезон оказался маловодным и недостаток поливной воды принес очень много хлопот как нам, так и нашим крестьянам. Для решения этой проблемы мы, в первую очередь, должны привести в порядок наши оросительные сети. При недостатке поливной воды плачевное состояние магистральных каналов и поливных арыков усулугбляют ситуацию из за потерь воды.

Для расширения площади орошаемых земель началась реализация большой программы по воостановлению ирригационных сетей ПУИД-2 и ПУИД-3.

ПУИД-2 бағдарламасына сәйкес Балтабай ауылдық округінде 67 шақырым каналды қайта жаңғырту бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлінді. Өкінішке орай, бізге қатысты емес себептерге байланысты бұл жобаның жүзеге асуы тоқтап қалды. Алайда қайта жандандыру бойынша шаралар қабылдануда. 

ПУИД-3 бағдарламасына сәйкес Қаратұрық ауылдық округінде 150 шақырым каналды қалпына келтіру жоспарланған.

Аталған каналдарды іске қосу біздің шаруашылықтарымызға суды үздіксіз жеткізуге, сондай-ақ егістік жерлерді 5 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

И  такие программы мы готовим по каждому сельскому округу. Буквально на следующей неделе я планирую провести большое совещание с руководителями Большого Алматинского канала, Бартогайского водохранилища, председателями 14 крупных сельскими водохозйственными кооперативами, акимами сельских округов для организации работ по ремонту оросительных систем и недопущению дефицита поливной воды.

Развитие интенсивного садоводства, животноводства мясо-молочного направления, внедрение влагосберегающих технологий и новых сортов в растениеводстве при постоянном научном сопровождении – вот, по моему мнению,  главные направления в дальнейшем развитии сельского хозяйства региона.

Социальная и коммунальная инфраструктура

Как я отметил выше, большое количество социальных объектов и объектов инфрастурктуры требуют постоянных денежных вливаний из бюджета.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бізге осы бағытта үлкен қолдау болды. Аталған бағдарлама аясында 106 нысанның құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 11, 5  млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде:

- білім беру саласында - 47 нысан;

- мәдениет саласында - 2 нысан;

- спорт саласында - 1 нысан;

- тұрғын үй коммуналдық шаруашылықта - 8 нысан;

- медицина саласында - 2 нысан;

- жолдар - 46 нысан.

Қазіргі таңда 80 нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде: білім беру саласында 44, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында 6 нысан және 30 автомобильді жолдар. Қалған нысандар бойынша жұмыстар осы жылдың аяғына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.

Тем не менее, есть еще ряд проблем требующих оперативного решения.

Так, для ликвидаций трехсменного обучения требуется строительство следующих объектов  образования:

- строительство СШ на 1200 мест в Рахатском сельском округе;

- строительство пристройки на 300 мест к существущей СШ им. Кунаева в село Турген;

- строительство пристройки  на 300 мест к существующей школе им. Бертаева в с.Достык;

- строительство пристройки на 300 мест к школе Абдуллина в с. Ташкенсаз СШ;

- строительство пристройки на 300 мест к школе им. Каипова в с. Казахстан.

Многие наши сельские школы расположены в нетиповых и приспособленных зданиях. Для решения этой проблемы требуется строительство 12 новых школ на 150 – 300 мест.

Также 19 школ требуют проведения капитального ремонта.

Только по предварительным подсчетам на все эти цели необходимо порядка 17-19 млрд. тенге. Конечно сразу эти деньги нам не выделят, но тем не менее, аким области А.Г. Баталов поддержал мои предложения и уже выделил средства для начала строительства двух школ в с. Толе би и с. Ташкенсаз и большой школы на 1500 мест в г. Есик. По остальным объектам мною подана заявка на выделение бюджетных средств на разработку проектно-сметной документации.

Осы бағыттағы жұмыстар әлеуметтік саласындағы басқа нысандарында да жүргізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, Шелек ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешен құрылысының және Ащысай ауылында мәжіліс залы бар спорт кешені құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Бижанов ауылында құны 369 млн. теңгеге спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.

Большую озабоченность у меня вызывает состояние питьевого водоснабжения в нашем районе. Я провел ревизию всех имеющихся водопроводных сетей. 

8 населенных пунктов, или 10,1% не обеспечены централизованным водоснабжением (села:  Қайрат, Сазы, Көкпек, Ащысай, Таусугур, Тургайбаза, Сарытау, Сарыбулак).

В 21 населенных пунктах требуется проведение капитального ремонта или реконструкции сетей водоснабжения.

Практически во всех селах и г. Есик водопровод требует проведение хотя бы текущего ремонта.

За короткое время мне удалось решить проблемы с питьевым водоснабжением в Болекском, Каратурукском округах и с. Шелек.

Начато строительство второй очереди Иссыкского группового водовода, стоимость строительства составляет почти 4 млрд. тенге.

В селах Масак и Согеты мы в следующем году проведем капитальный ремонт водопровода, стоимость работ почти по 500 млн. тенге на каждый объект.

Будем готовить ПСД на все объекты и планомерно решать эту острую  проблему. Соответствующие бюджетные заявки нами уже готовятся.

Благоустройство

Для меня очень важно, чтобы жители каждого села жили в комфортных условиях, в чистоте и порядке. Уровень дорожной и уличной инфраструктуры наших сел по моему мнению не не должен сильно отставать от городской.

Поэтому это направление для меня также является приоритетной.

Жұмысты бірінші кезекте санитралық тазалық жұмыстарынан бастадым. Үш айдың ішінде аудан аумағында 97 қоқыс орны жойылды, заңсыз қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын 19 полигон жабылды, 950 тонна күл-қоқыс шығарылды, 190 заңсыз жабайы сауда орны жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс үнемі жүргізілетін болады.

Құрметті журналистер, осы сәтті пайдалана отырып, Сіздерден баспасөз құралдарыңыз арқылы «Тазалық тазалайтын жерде емес, ластамайтын жерде» деген ақиқатты ауданның әр тұрғыны назарына жеткізуді сұраймын. Біз әрдайым күшімізді біріктіріп, түсіністік танытып, бірлесе отырып, тазалықта өмір сүреміз деп үмітенемін.

Большое внимание я уделяю благоустройству города Есик и села Шелек, которые являются визитными карточками нашего района.

Так,  в г. Есик  по ул. Алтын Адам аллея были проведены работы по расширению проезжей части в районе дачных массивов протяженностью 1,8 км (по 3 метра с каждой стороны), обустроены остановочные площадки в количестве 22 единиц, установлены 7 единиц новых остановочных комплексов, вдоль тротуаров для удобства жителей установлены 19 скамеек с урнами. Помими этого, для обеспечения безопасности дорожного движения от первого светофора до въездной арки проложены бетонная лодковая сеть протяженностью 1,2 км.

На этой же улице завершено строительство надземного пешеходного перехода с целью обеспечения безопасности учащихся средней школы Рахат №1 и жителей дачных массивов  В настоящее время работа по благоустройству данной улицы продолжаются.    

Также для разгрузки транспортного потока были построены правосторонние съезды на пересечении улиц Уалиханова и Алтын Адам аллея с обустройством тротуаров. В настоящее время изыскивается средства на прокладку еще двух дополнительных правосторонних съездов в верхней части данного перекрестка.

Проводится средний ремонт ряда улиц города Есик, а также благоустройство дворовых площадок в микрорайонах.

Организован регулярный автобусный маршрут г. Есик- г. Алматы и теперь жители Есика и близлежащих сел на новых комфортабельных автобусах за более чем приемлимую цену могут ездить в г. Алматы и обратно.

Көшелерді жөндеу мен аббатандыру бойынша осындай жұмыстар Шелек ауылында да басталып кетті.  Депутаттармен сайланған жаңа әкімді тағайындадым. Жергілікті және іскер адам. Менің ойымша, шелек ауылының тұрғындары жақын арада оң өзгерістерге куә болады.

 

Жилье и земельные участки под ИЖС

Тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін бөлу мен тұрғын үй мәселелерін шешуді бастадық. Тұрғын үй алу кезегінде 2581 адам тұр, жер телімдерін алу кезегінде 22 мыңға жуық адам бар.

Мәселен, Есік қаласында көп балалы отбасыларға, жетімдерге, әлеуметтік осал топтарға және де бюджеттік мекеме қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі тұрғын үй салынып, қолданысқа берілді.  30 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Келесі жылы Есік қаласында 60 пәтерлік екі үй және Шелек ауылында 1 үйді салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, «7-20-25» және «5-10-20» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлік екі тұрғын үйді салу жоспарлануда. Келешекте тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруды жоспарлап қойдық.

Өздеріңізге белгілі, тұрғындарды жер учаскелерімен қамту үшін ең алдымен жол, су, жарық сияқты инженерлік-коммуналдық жүйелерді тарту қажет. 

Қазіргі таңда Қайыпов ауылында 22 гектар жер телімінде инфрақұрылым жүргізу бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Келесі жылы Шелек ауылында 237 гектар және Ақши ауылында 90 гектар аумақта осындай жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Келесі нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде:

- Қайназар ауылында 22 гектар жерге тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін инфрақұрылымдардың құрылысысы, ауыз су жүйесі;

- Алға ауылында 30 гектар жерге тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін инфрақұрылымдардың құрылысысы, ауыз су жүйесі;

- Өрікті ауылында 15 гектар жерге тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін инфрақұрылымдардың құрылысысы;

Бұл жобалардың жүзеге асырылуы жер кезегінде тұрған 5 мың адамға жер телімдерін беру мүмкіндігін береді.

 

Борьба с коронавирусом

В период обострения пандемии коронавируса наши медицинские работники сумели обуздать опасную инфекцию. Всего у нас заболело коронавирусом 504 человека, из которых, к сожалению, скончалось 9 человек. Сейчас ситуация полностью стабилизировалсь, нза последний месяц прирост больных COVID-19 составил 0%.

Но тем не менее, мы должны быть готовы к самому пессемистическому сценарию развитию событий.

Для этого мы обеспечили наши медицинские учреждения всеми средствами защиты, трехмесячный запас лекарств, в октябре месяце посторим кислородную станцию с современным западным оборудованием, а также провели ряд других организационных мероприятий.

Но, все наши усилия могут не увенчаться успехом, если население не будет соблюдать карантинные ограничения: масочный режим, запрет на проведение тоев и памятных мероприятий. Еще раз призываю, через средства массовой информации, соблюдать все эти требования.

 

Большое внимание мною уделяется обеспечению открытости власти и диалога с населением. Я уже принял 238 человек, рассмотрел 9061 обращений, постоянно читаю и отвечаю на обращения граждан в социальных сетях  Инстраграмм, ВК и Твиттер. И конечно же, важнейшую роль в обеспечении коммуникации с населением играете именно вы, уважаемые представители средств массовой информации. За такое короткое время, конечно невозможно рассказать о всех аспектах моей работы, но я надеюсь, что такие встречи мы будем проводить регулярно и вы будете доносить до меня пожелания своих читателей и представлять нам площадку для открытого диалога.

Жұма, 09 Қазан 2020 16:10

Үштілділік – заман талабы

Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім – деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров ақын айтқандай,  тілімізді құрметтеу- әрбір ұлттың негізгі борышы, парызы.

Қашықтықтан оқыту  барысында, мектебімізде    «Үштілділік – заман талабы»  тақырыптарына  сәйкес  іс-шаралар  өткізілді.

Іс-шара  өткізу  барысында, тіл ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі  екендігіне кең  түсінік  бере отырып, білім алушыларды  елжандылыққа,  туған тілін  құрметтеуге,  тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеу мақсатын алға қоя отырып, тіл айлығын оқушылар, ұстаздар, ата – аналар ZOOM  платформасы арқылы тамашалап, көрерменнің көзайымы болып, ризашылықтарын білдірді.

Тіл айлығының ашылу салтанатында  мектебіміздің директоры Ғазиза Молдабаева тіл құдіретін, үштілділік заман талабы екендігін кеңінен түсіндіріп, құттықтау сөзін тілге тиек етіп онлайн түрінде өз лебізін білдірді.

Қазақ тілі,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі   бірлесіп, тіл  айлығының өткізілу іс-шарасын ұйымшылдықпен, жауапгершілікпен ұйымдастыра білді. Іс-шараның  ашылуында,  тіл туралы  әртүрлі шығармашылықпен қызықты әрі көңілге ой салатындай, жүрекке жол табатындай бейнероликтер дайындалды.

Тіл  айлығы барысында,  мәнерлеп  оқу  байқауы,  суреттер салу  байқауы,  викториналық  сұрақтар, үздік  эсселер  байқауы, жас тілшілер  байқауы, ашық  сабақтар,  дөңгелек  үстел, сынып сағаттары  онлайн  өткізілді.

22  қыркүйек  күні  үш тіл  бірлестігі «Үштілділік – заман талабы»  тақырыбында әдеби-сазды  кеш  өткізді. Әдеби кеште тіл туралы  өлеңдер, мақал-мәтелдер, әр ұлт өкілдері  қазақша ән  айтып, кештің керемет көрінісін  тарту етті.

Мектеп әкімшілігі  тіл айлығына  белсене  қатысқан  білім алушыларды мақтау қағаздармен марапаттады.

 

Айнур  Дунгешова,

Т. Әубәкіров атындағы  орта мектептің қазақ тілі  және  әдебиет пәнінің мұғалімі 

 

Жұма, 09 Қазан 2020 11:04

Тектіліктің тамыры тереңде

Адамды қоғам мен өмірге, уақытқа ақыл парасатымен, білімімен бейімдейтін − ұлттық қасиеттер мен құндылықтар. Атап айтсақ, ұлттық сана, тарихын тануы, ұлттық тәрбие, имандылық, тектілік және т.б. Осыған қатысты «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу» − деп, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында кеңінен тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде «Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді», − деген болатын. Себебі «Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге деген ұмтылыс – мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер» деп атап көрсеткен. Тегімізді тану ғана емес, сақтауға да ұмтылдыратын бұл іргелі бастаманың бүгіні мен келешекке берер маңызы зор. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген қазақ қан тазалығына аса мән береді.  «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп, баланың өз шежіресін санасына сіңіріп өсуіне ден қойған. Бір атадан тараған ұрпақтың неке қиюына жол бермеген.

Бірде Жәнібек хан ғұлама ғалым, шипагерліктен қара үзіп шыққан Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлынан: «Қандай ауруды емдеу қиын?», – деп сұрағанда емші: «Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын», − деп жауап береді. «Оның алдын алуға бола ма?» − деген ханның екінші сұрағына Өтейбойдақ: «Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар өзара қыз алыспау керек. Жеті − қазақ үшін қасиетті сан, − деген екен. Аты аңызға айналған емшінің айтқанына тоқтаған Жәнібек хан жеті атаға дейін үйленуге тиым салып: «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін!» деген жарлық шығарады. Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы Жеті жарғы бойынша да жеті ата ішінде қан араластыру өлімге не ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады.

Бүгінде Ресей ғалымдарының айтып жүрген «Родология» ғылымы бізде әу бастан-ақ болғанын аңғаруға болатын секілді. Тектануға (родология) жүгінсек, тіпті психологиялық-физиологиялық ерекшеліктер, әдет-қылықтар, дүниетаным мен ойлау жүйесі тұқым қуалау арқылы беріледі екен. Бұл туралы Бұқар Жыраудың «жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да, тартпай қоймас негізге» деген бір ауыз сөзін мысалға алсақ та қателеспейміз. Халық арасындағы «Қауын пәлегінен ары жатпас», «шұғаның қиқымы да шұға», «түбіне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы» дейтін бұрыннан келе жатқан тіркестер де жаңағы әңгімемізге арқау болса керек.

Текті ғылыми тұрғыда, тірі ағзалардағы тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын анықтайтын генетика ілімі де зерттейді. Тұқым қуалаушылық дегеніміз организмдердің келесі ұрпақтарында ата-бабаларына ұқсас белгілердің сақталу қабілеті. Былайша айтқанда, тұқымында белгілі бір дарын иелері болса, ол қан арқылы келесі ұрпаққа беріледі. «Осының барлығын қазақ зерттеусіз-ақ қалай білген?» деп  еріксіз таңқаласың. Тегімізге қарар болсақ та, кеудені мақтаныш кернейтіні бар. Қаз дауысты Қазыбек би айтқандай, «Басымыздан сөз асырмаған, атадан ұл туса, құл боламын деп тумайтын, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайтын» ел емеспіз бе?! Тамыры терең тарихымыз туралы таңды таңға ұрып жыр етуге болады. Сақтардан, Ғұндардан, Ұлы Түркі дүниесінен бастасақ та, бергі ұлт көсемдері, Алаштың ұл-қызының іс-әрекетіне үңіліп  қарасақ та Елбасы айтқандай: «Тарихта біз ұялатын ештеңе жоқ» екені даусыз.

Түптеп келгенде, қазақтың әлемдегі ең қаны таза ұлт екенін күні кеше әлем мойындаған жоқ па еді? Кей елдердің өз ағайын-тумасымен құдандалы бола беретін бәрімізге белгілі. Қазақ ұлтының ерекшелігі де осы жерде айқындалады. Қазақ аты-жөнінен кейін «Руың кім?» деп сұрасқан. Жеті атаны былай қойғанда, екі жас рулас бола қалса да некелерін қидырмауға дейін тырысып баққан. Себебі мынада: туыстық некенің салдарынан  мүгедек балалардың дүниеге келуі жиі ұшырасады. Осыны ескеріп, 2016 жылы ғана Тәжікстан туыстық некеге қарсы заң енгізген. «Енді жас жұбайлар некеге отыру алдында міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Немере туыстар – аға мен апаларының ұлдары мен қыздары, сонымен бірге сүт ағалы, әпкелілер бір-бірлерімен некелесе алмайды», − деген ақпарат тараған еді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу.... Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарих тәжірибемен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды», − дейді. Ендеше, мәңгілік ел боламыз десек, бесігімізді түзеп, тарихымызды танып, еңсемізді тік көтеріп жүрейік! Себебі, жоғарыда атап өткендей тарихтың бізді жерге қаратар тұсынан гөрі, абыройымызды одан әрі асыратын тұсы басым. Ұлт ретіндегі болмысымызды сақтау – осы күнгі ұрпаққа артылар міндет болса керек.

Ілия СҰЛТАН

 

Әліпби: әріп әлегі
Ұлт өркениетін өсіретін қозғаушы күш
Тарихи кезеңдер:"Латынға көшу ма, оралу ма?"
Жаңғырудың жарқын жолы
ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУ – КЕЛЕШЕКТЕ КӨРКЕЮ КЕПІЛІ
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
 

 

Қазақстан Республикасының Ата заңында барлық азаматтардың құқығы тең екендігі жазылған. Дей тұрғанмен де, бүгінгі таңда тағдырдың тауқыметін тартқан мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасалмай тұр. Жаһандық үдеріске ілескен мемлекетіміз мүгедек азаматтардың қоғамдық орындарда, қызмет көрсету мекемелерінде қолайлы қозғалуын қамтамасыз ету керек. Заң бар. Бірақ оған мемлекеттік мекемелер ғана бағынатын сыңайлы. Жеке меншік нысандағы көрсетілетін қызметтерге мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың жүгінуі қиынға соғып тұр бұл күнде.  Айтпағымыз, қоларбаға таңылған азаматтардың ғимаратқа кіріп-шығуына қолайлы жол – пандустар мәселесі.

Осы уақытқа дейін мемлекет меншігіндегі нысандардың барлығы дерлік мүгедектердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін пандустарды жаңартқан болатын. Бұл арбамен жүретін азаматтар үшін қуанышты жаңалық болды. Алайда кейбір кәсіпкерлеріміз мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын ескермейтіндей көрінеді. Оған көз жеткізу үшін Есік қаласының орталығынан жүріп өтсеңіз жеткілікті. «Иссык» фотосалоны, «Хоум кредит банкі», ломбардтар, айта берсең, жетіп-артылады. Азық-түлік дүкендері өз алдына.

Мүгедек жандармен тікелей жұмыс жасайтын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, осы уақытқа дейін ауданымызда 256 нысанға паспорттау жүргізілген және барлығы порталға енгізілген. Соның ішінде 89 нысанда мүмкіндігі шектеулі жандарға толыққанды жағдай жасалған. Яғни, ғимаратқа кіріп-шығатын пандус, көзі нашар көретін азаматтарға арналған сары жолақтар, брайль қарпімен жазылған маңдайшалар, көмек шақыру тетігі, мүгедектерге арналған автотұрақ барлығы қарастырылған. Бөлім басшысы Қалдыгүл Айсинаның айтуынша, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде пандус талапқа сай жасалған.

Бұл бағытта еліміздегі жетекші партия Nur Otan да жұмыс атқаруда. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық орында қиындықсыз қозғалуына жағдай жасауда. Бұл туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев айтты:

– Мүгедек жандар қоғамның толыққанды мүшесі және көпшілікпен бірге қоғамдық орында кедергісіз жүріп-тұруы керек. Дегемен, мүгедектердің жүріс-тұрысында қиындықтар туындайтыны жасырын емес. Олар шығып-түсетін пандустар талапқа сай келмейді. Оны аудан орталығындағы түрлі нысандардан көре аламыз. Біз осындай олқылықтарды жойып, мүгедектерге кедергісіз қоғам қалыптастыруымыз керек. Оларға жағдай жасау – біздің, кәсіпкерлеріміздің азаматтық парызы. Осыны ұғынсақ екен.

Партиямыз тағдыр тауқыметін тартқан мүгедек жандарға кедергісіз кеңістік ұйымдастыру мақсатында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асыруда. Осы күнге дейін мемлекеттік және жеке меншіктегі нысандарға мониторинг жүргізіліп, ұлттық стандартқа сай келмейтін пандустар бойынша ұсыныс енгізілді.

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңға жүгінсек, барлық ғимараттарда пандус болуға міндетті. Бұл туралы аталған заңның 25 бабы 3 бөлігінде айқын жазылған: «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайланылатын көлік құралдарына, тұрғын үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергісіз кіріп-шығуына, әуежайларда, темір жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңіз және өзен порттарында еркін бағдар ұстануы мен жүріп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға міндетті. Аталған объектілерді мүгедектердің кіріп-шығуына бейімдеу мүмкін болмаған жағдайларда, тиісті жеке және заңды тұлғалар мүгедектердің қажеттіліктерін барынша ескеретін қажетті шараларды әзірлеп, жүзеге асыруға тиіс». Заңда айтылғандай, ғимаратты бейімдеу мүмкін болмаған күннің өзінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына жағдай жасалуы тиіс. Бірақ, бұл заңдылықтар көп жағдайларда сақтала бермейді. Оны тексеріп, заңсыздықты жойып жатқан құзырлы орган да жоқ.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін құзырлы мекемеге барып шағымдану түгілі, қала көшелерімен жүрудің, дәріхана, банк бөлімшелері мен дүкенге барудың өзі мұң болып тұр. Көшеде тротуарлар талапқа сай келмесе, ғимараттарда – пандус. Айта берсең жетіп жатыр. Бірақ, заңда барлық тұрғынның әлеуметтік статусына қарамай тең дәрежеде өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалуы керектігі айтылған. Заң – баршамызға ортақ. 

Көшеде табалдырық тау боп көрінген мүгедек азаматтарды сөзге тартқан болатынбыз. Бізбен әңгімелесуді қаламаған арбаға таңылған азамат пікір білдіруден бас тартып, «придется терпеть» деген бір ауыз сөзбен қайырды. Осы сәтте, зағип жандардан құрылған «Сәт» триосының «Өмір деген осындай жаным менің. Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде» деген әні ойымызға оралып, қала бердік.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Осы жылдан бастап колледж оқытушылары біліктілік санаттарын көтеріп, біліктілік санаты берілгеннен кейін лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім берудің 80 жылдығына арналған іс-шара барысында мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, бұған дейін біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдерді тек мектеп мұғалімдері алған болатын. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануымен колледж педагогтері дебіліктілік санаты берілгеннен кейін ай сайын қосымша ақы алатын болады.

«Мемлекет басшысының қолдауымен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж педагогтерінің жалақысы артты, алдағы жылдары да арта түспек. Біліктілік санаты үшін педагогтерге қосымша ақы төлеу мәселесі көп жылдар бойы көтерілген болатын. Егер мектептерде мұғалімдер біліктілік санаттары үшін қосымша ақы алса, колледждерде мұндай үрдіс болған жоқ. Енді колледж педагогтері де ай сайын лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады. Өз кезегінде колледж директорлары мен директор орынбасарларыныңатқарған жұмысының тиімділігіне байланысты өз жалақысының 100 пайызына дейін қосымша ақы алу мүмкіндігі бар. Бұл әріптестеріміздің жұмысқа деген ынта-жігерлері мен жұмыстың тиімділігін арттыра түспек»,– деп атап өтті министр.

Колледждерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында «Жас маман»республикалық жобасы іске асырылып жатқаны белгілі. Министрдің айтуынша, аталған бағдарлама шеңберінде қазақстандық колледждерге техникалық құрал-жабдықтар сатып алып қана қоймай, білім беру бағдарламаларын да жаңарту жоспарланған.

«Жас маман» бағдарламасы – Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан теңдессіз бағдарлама екенін айта кеткен жөн. Бағдарлама еліміздің 180 колледжінде жүзеге асырыла бастады. Осы ретте тек техникалық құрал-жабдық сатып алу ғана емес, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын жаңарту да жоспарланған", – деді ведомство басшысы.

Министр өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары тобының бастамасымен ТжКББ жүйесін дамыту үшін нормалар енгізілген Заң жобасы қаралып жатқанына тоқталып өтті. Атап айтсақ, мамандарды даярлау барысында еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұраныстарын ескеру үшін колледждерге академиялық еркіндік беру бойынша.

«Ақша студентпен бірге жүреді» принципі бойынша қабылдау тетігін енгізу колледждің бәсекеге қабілеттілігін және колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Егер қазір өңірлік білім басқармалары конкурс өткізіп, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге қанша орын берілетінін анықтаса, болашақта бұл шешімді студенттердің өздері қабылдайтын болады. Студенттер қай колледждің бәсекеге қабілетті және жақсы білім беретінін өздері таңдайды",– деді Білім және ғылым министрі.

Өз кезегінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Әділет Барменқұлов колледж педагогтеріне жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Осылайша, "Үздік педагог" республикалық конкурсына қатысқан педагогтердің әрқайсысы корпорация тарапынан 200 мың теңге көлемінде сыйақымен марапатталды.

Сондай-ақ Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, меценат Бекзат Алтынбеков өз сөзінде «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауының жеңімпаздарын 100 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтармен және "WorldSkills" әлемдік чемпионатының жеңімпазын бір миллион теңге көлеміндегі сыйақымен марапаттауға дайын екенін жеткізді. Еліміздегі колледждердің үздік педагогтерінеқазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағымен сауықтыруға арналған 17 жолдама берілгенін де айта кеткен жөн.

ҚР БҒМ баспасөзқызметі

Партияішілік додада белсенділік танытқан үміткерлермен Nur Otan партиясы аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев кездесіп, жаңа саяси бәсекелестіктегі алғашқы қадамдарына құтты болсын айтты.

Кездесуде сөз алған аудан басшысы Праймериздің маңыздылығына тоқталып өтті: – Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нағыз патриоттар – елін мақтайтындар емес, оның кемшілігін көріп, түзетуге атсалысатындар» демеп пе еді. Расында, үгіт-насихат кезінде пікір-талас алаңында тамаша ойлар, кезек күттірмейтін мәселелер айтылды. Ақиқаты сол, мұндай дебаттар елімізді жаңа деңгейге көтереді. Бұл Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының көрінісі – дей келе барша үміткерлерге ризашылығын білдірді: – Сіздер тарихи сәттің куәсі ғана емес, оған білек сыбана кіріскен тұлғалар ретінде тарихта таңбаланасыздар. Себебі, доданың алғашқы қатысушылары өздеріңізсіздер! Ендеше, дүбірлі доданың сәтті аяқталуымен баршаңызды тағы да құттықтаймын! Біз біріксек – көппіз. Ал көптің ісі қайырлы болады. Демек, Тәуелсіз Отанымызды гүлдендіру жолында жұмылайық, «Nurоtan»дықтар!

Кейіннен Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың Алғыс хаттарын табыс етті.

Сөз алған праймериз қатысушысы, жас кәсіпкер Әлішер Сейтен жас буынға осынау мүмкіндік берген партияға алғысын жеткізді.

Ресми мәлімет бойынша ауданымызда 9080 «Nurоtan»дықтар бар. Соның ішінен праймеризге 99 үміткер қатысты. Оның 9-ы түрлі себептермен додаға қатыспады. 90 үміткер межеге дейін сүрінбей келді. Нүктесін 8514 партияластардың (94 пайыз) дауыс беру нәтижелері қойды. Айта кетерлігі, дауыс беру 100 пайыз онлайн форматта өтті.

Нәтижелер «Primaries2020» сайтында.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Несмотря на то, что сейчас обучение идет в дистанционном формате, в средней школе №21 с дошкольным образовательным центром поселка Отенай города Талдыкорган, открыли первую STEM-лабораторию, которая будет работать во благо сельских школьников.

В STEM-лаборатории дети будут изучать программирование и 3D-моделирование.

Стоит отметить, что STEM-направление (science, technology, еngineering, math) включает в себя основные академические дисциплины, объединение которых помогает ребёнку преобразовать теоретически полученные знания в опыте на практике.Повышается интерес детей к естественно-научным и техническим сферам знаний. У учеников появляется возможность применять научно-технические познания в реальной жизни, развивать навыки критического мышления.

В текущем году, таких лаборатории в городе будет три. А в следующем году все городские школы будут охвачены оснащением лабораторной техники.

На сегодняшний день, в построенной в 1964 году средней школе №21 с дошкольным образовательным центром поселка Отенай проводится капитальный ремонт.

Общая площадь здания составляет 6392,2 квадратных метров. К ремонту учебного заведения на 900 мест, привлечено 88 человек.  44 из них, трудоустроены через центр занятости.  На ремонт школы выделено 805,9 млн. тенге.  Компания-подрядчик по объекту - ТОО «Кұрылысшы - ТБС».

Образовательное учреждение состоит из 2 этажей и 3 блоков. В здании 36 учебных кабинетов, 2 спортивных и актовые залов, 2 конференц зала, 1 медицинский и стоматологический кабинет, столовая на 60 мест.

В ходе рабочего объезда аким Алматинской области Амандык Баталов ознакомился с работой STEM-лаборатории, дал положительную оценку установке нового оборудования, созданию условий для учащихся. Также, вручил ключи от автобуса, предназначенного для перевозки детей администрации школы.

Напомним, что в «Средней школе №21 поселка Отенай» обучается 1205 учеников. Кроме того, школа двуязычная. На государственном языке учатся 851 школьников, на русском языке - 354.

Предшкольную группу посещают 64 детей по 3 группам. Также 49 воспитанников учатся в классах с казахским языком обучения.  А в дошкольном центре 50 воспитанников разделены на 2 группы.

В 2019-2020 году данное учебное заведение окончили 40 выпускников, 20 из них стали обладателями государственных грантов. 2 ученика стали обладателями знака «Алтын белгі».

 

Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде. Абай-лебі, Абай-үні, Абай - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Ұлы тұлға Абайдың шығармашылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында Ұлы ақынның 175 жылдық тойы елордадан бастау алып, еліміздің барлық жерінде кеңінен қолдау тауып отыр. Тек елімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде аталып өтуде. Осыған орай еліміздің түңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы кеше ғана жарияланды.

Бұл мақала алдымен біздің болашағымыз болумен бірге, Абай өнегесіне адал болуды әрқайсымызға жүктеп отырғаны анық. Бұл істе ең алдымен Абай айтқан, Елбасы мақаласында көрсетілген – Абайды танып қана қоймай, оның Ұлы аманатын мүлтіксіз орындау міндеті тұр. 175 жылдық мерейтойды атап өтуге байлайысты айтар ой, ұсыныстар да орасаң көп болып жатқанын көріп отырмыз. Абай шығармашылығын талдау, оны халыққа таныту, тарату жөнінде бүгінде қыруар іс тындырылып жатқанын білеміз және ары жалғастыра беру әрқашанда күн тәртібінен түспейтін борыш деп ұғуынуымыз керек. Абай ақындығы қазақ әдебиеті белесінен асып, жалпы түркі әдебиеті шыңынан бой көрсете, әлемдік дәрежеге көтерілуін көрсеткендей. Абай жазу-сызуы мен ғылымы орныққан мәдени қоғамдардағы сан алуан әдеби ағымдардың тартысынсыз-ақ, теориялық біліммен қаруланған білімпаздардың сын-пікір, ақыл-кеңесін естімей-ақ, ұлттық мәдениеттің өлмес дәстүрін қалыптастырып, өшпес үлгісін жасады. Адамшылық, кісілік деген ұғымдарға қатысты қазіргі XXI ғасырдың жастары нендей ғибратты істер атқаруы тиіс. Себебі жастардың ерікті түрде жасы келген немесе іс-әрекеті шектеулі көпбалалы отбасы және басқа да әлеуметтік жағынан көмекке зәру жандарға көмек қолын созуы – имандылықтың жарқын көрінісі болып отыр. Өйткені иман бар жерде – мейірім де, қайырым да, қанағат та бар. Ал имандылық, адамшылық, кісілік деген ұғымдар Абай шығармаларында тұнып тұр. Осы мәселелерді Қазақстан Президенті бүкіл халыққа жария етіп, Абай тойы кез келгенімізді ойландыратын жалпыхалықтық іс болса деген ниеттен туындағанын байқатады. Бұл жерде – мақаладағы басты ойлар өте нанымды. Осы орайда, біздің Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы – Абай шығармаларын насихаттау барысында қаңтар айында « Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» Президент мақаласына ЕГЭК ұжымымен білесе отырып дөңгелек үстел қйымдастырылды, «Дала даналары» Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Үздік кітап көрмесі -2020» облыстық видеошолу ақпан айында байқауына қатысыты. «Абайды білмек - парыз ойлы жасқа» онлайн әдеби портрет наурыз айында ұйымдастырылды. Дана Абайға арналған Республикалық челендждер (эстафеталар) ұйымдастырылды. «Әлемге танылған - Абай» онлайн көрме-панорама өткізілді.

Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, тілі басқалар да жалданып, бірлік қылады. Демек, бірлік малға сатылса, ант ұрғандықтың басы осы. Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе, құдайдан тілемейді, шаруа бейнет іздемейді, бір-бірінен пәле іздейді. “Ырыс алды – тірлік” дейді, ол қандай тірлік? Тірлік дегеніміз жан кеудеден шықпағандық па? Жо-жоқ, мұндай тірлік итте де бар. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ол қандай тірлік? Абайдың ынтымақты, бірлікті, бауырластықты ту етіп көтеруі. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деген ұлы ақын сөзінің астарында қаншама тереңдік жатыр. Мемлекет біртұтас болуы үшін қазақ әуелі өзі біртұтас болуы шарт. Бір идеяға ұйып, тұтас халық болып қалыптасуы қажет. Осыдан келіп Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген ойлы сөзіне бірінші Елбасы адамға өз мүддесін адамзаттың мүддесімен бір деңгейде қоя білетіндей үлкен, биік парасат керек деген.

Ебасы мақаласында айтылған ойларды нақтылай түсуге болады. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің алғашкы күндерінен бастап, күні бүгінге дейінгі қызметі қазақ мемлекеттігін нығайтуға бағытталған. Шетелде оны қазіргі заманғы Қазақстанның негізін қалаушы және ұлт атасы ретінде қабылдайды...», - деп Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев тұжырымдағандай, бүгінгі күні мемлекетіміздің дипломатиялық қарым-қатынасының маңызды өзегін, елші келбетін айқындар ұлттық құндылықтар құрайтынын естен шығармауымыз керек. Ұрпақты тәрбиелейтін де, рухымызды асқақтататын да бағзыдан жеткен асыл қазыналарымыз. Абай мұрасына бүгінгі буын зор сергектікпен, керек десеңіз, перзенттік махаббатпен қарауы керек. Ұлы ақынның 150 жылдык мерейтойы кезінде Абай – Шәкәрім кесенесінің мінберінен айтылған: «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы» - деген қанатты сөз әрбір зиялы өскіннің санасында мәңгілікке сақталары хақ.

Гүлия Саурықова,

аудандық кітапхананың әдіскері

Саурықова Гүлия Сағатбекқызы

Сейсенбі, 06 Қазан 2020 16:20

Қарттарым, аман жүрші

Билік пен халық арасы алшақтар болса, қоғамның құрдымға кеткені. Өйткені халықсыз билік болмайды, оның маңызы жойылады. Сол сияқты елдің басын біріктіріп, ұйымдастыратын биліксіз халықтың да алысқа бармасы анық. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген де осыдан қалса керек. Аталы сөзді негізге алған аудан әкімі халықпен кездесер мүмкіндікті мүлт жібермейді.

Өткен аптада «Халықаралық қарттар күніне» орай аудан әкімі Қ.Қашқымбаев соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы барып, ақсақалдарды мерекемен құттықтап қайтты. Ұлы Отан соғысына қатысып, от пен оқтың ортасынан оралған батырларымыз барлық құрметке лайық. Кезінде елі мен жерін жау қолынан қорғап қалған қарттарға қазір ұрпағы – қорған. Оның бір көрінісін атқамінер азаматтардың жылы лебізінен байқадық. Шағын сый-сияпатын жасап, ақсақалдарға шапан жапты. Өз кезегінде қарттар да қолын жайып, ақ батасын берді. «Баталы ел арымас, батасыз ел жарымас» дейді халқымыз.

Аудан әкімінің жұмыс сапары ары қарай Әймен ауылында жалғасты. Мұнда «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Әймен орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде тендерді ұтып алған «Энергохолдинг LTD» ЖШС шартқа сәйкес жөндеу жұмысын қараша айының аяғына дейін аяқтауы керек. Жұмыс қарқыны жоғары. Ауданның атқамінерлері ғимаратты түгел аралап көріп, оң бағасын берді. Бүгінде мұнда 70 адам еңбектенуде. Мектептің алдына жиналған тұрғындар ауылда жасалып жатқан жұмыстардың жайын айтып, халықтың ризашылығын жеткізді.

 

Іссапар жалғасқан Бөлек ауылының тұрғындары да әкіммен кездесуге бір топ болып жиналған екен. Шағын ауылдағы өзекті мәселенің бірі – ауызсу қашан да күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, бұл кездесуде жергілікті халық ауызсудың қысымы әлдеқайда күшейіп, қазіргі уақытта су тапшылығының жоқтығын жеткізді. Бұл мәселе Есік қаласы мен Бөлек ауылы арасындағы ескі су құбырларының жанынан уақытша жаңа құбыр тартумен шешілген екен. Ауызсуымен қатар суармалы судың да мәселесі ауылдық жерлерде маңызды. Осы орайда тұрғындар жазғы маусымда судан таршылық көрмеу үшін қысқы қар суын жинайтын бөген, тоспа жасайтын болса, бау-бақшамен айналысатындар үшін үлкен көмек болар еді деген ұсыныстарын айтты.

Ауыл адамдарының негізгі кәсібі бау-бақша мен мал шаруашылығы болғандықтан, әрине, шаруаға жер керек. Әсіресе, мал бағатындар үшін жайылым жердің маңызы зор. Бұл мәселе де кездесуде көтерілді. Сондай-ақ халық соңғы жылдары ауылда орын алған өзгерістерді мақтанышпен айтып, атқамінерлерге алғысын жеткізді. «Жолдар жасалып, жарық орнатылғалы ауыл адамдарының біразы «скандинавиялық жүрісті» әдетке айналдырды. Жол тегіс, төбеде жарық болған соң қазір қарттар да қолына таяғын алып, таңсәріден жаттығу жасайды», – дейді тұрғындар.

Иә, салауатты өмір салтын ұстанған қарттардың бұл әдеті бәрімізге үлгі боларлық. Ал мәселенің шешу жолдарын табу үшін ел мен жердің жайымен етене танысып жүрген әкімнің ісі билікте отырған көпке үлгі болса игі.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

 

 

С 15 сентября по 15 ноября всем предоставляется возможность прикрепиться по своему выбору к поликлиникам. Сделать это можно несколькими способами, и сегодня мы мы о них расскажем:

✅Через портал Egov.kz:
-Авторизуйтесь на портале и через строку поиска найдите услугу «Прикрепление к медицинской организации, оказывающей первичную медико-санитарную помощь»;
-Запросите услугу онлайн и укажите ваше место жительство;
-Выберите поликлинику и врача, у которого будете в дальнейшем обследоваться;
-Укажите адрес и контактные данные.
? С результатом услуги можете ознакомиться в личном кабинете портала.

✅Через Телеграм бот:
-Зайдите в телеграм-бот EgovKzBot2.0;
-В меню услуг выберите раздел «Здравоохранение» и «Прикрепление к медицинской организации через мессенджер»;
-Укажите на кого будете брать услугу (на себя/на ребенка);
-Подтвердите Ваши адресные сведения и выберите поликлинику;
-Далее, бот попросит указать причину прикрепления и данные врача;
? После ввода всех данных, телеграм-бот сразу же покажет номер вашего заявления и статус оказанной услуги.

✅Через поликлинику:
-Обратитесь в регистратуру поликлиники с удостоверением личности и документами, касающиеся вашего здоровья. Напишите заявление о прикреплении в поликлинику.
Срок оказания услуги – 1 рабочий день.

☝️ВАЖНО: перед оформлением услуги следует знать полное наименование поликлиники и ФИО лечащего врача. При регистрации вы автоматически открепляетесь от предыдущей поликлиники.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Ерлан Барлыбаев: "Үкімет ұсынғандай…

Елімізде 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған байланысты VIII сайланған…
Қаз 03, 2024

Международные стандарты в…

Строительство атомной электростанции – это масштабный и сложный проект, требующий…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында референдумға…

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының…
Қаз 03, 2024

И след простыл: как современные…

Углеродный след человечества — тяжелый груз для планеты, который ей все труднее нести.…
Қаз 03, 2024

АЭС ел экономикасының өркендеуіне…

Ақтөбе облысындағы халықтық штаб мүшелері «Қамқор вагон» ЖШС-нің ұжымымен кездесу…
Қаз 03, 2024

Атомная энергетика не может быть…

Лэйла ТАСТАНОВА В преддверии референдума по вопросу строительства атомной электростанции…
Қаз 03, 2024

Имеем средство от рака в руках, но…

Более 200 тысяч человек в Казахстане состоят на учете как онкобольные. И 12 тысяч…
Қаз 03, 2024

Эксперт разобрал мифы и реальность о…

Директор департамента атомной энергетики и промышленности Министерства энергетики…
Қаз 03, 2024

Атом энергетикасын дамыту экологияға…

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның ғылыми орталығы бастығы, физика-математика ғылымдарының…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет