Қазақ елінің тәуелсіздік тарихын қайта парақтар болсаңыз, байрақты бәсекелерде топ жарған спорт саңлақтарының ерен еңбек-теріне қаныға түсесіз. Олар сонау 90 жылдардағы тоқырау заманындағы қиындықтарға қарамастан ел намысын ту етіп көтерді. Әлем төрінде ел беделін асқақтатты. Міне, сондай саңлақтардың қатарында  кикбоксингтен Еуразия және Азияның екі дүркін чемпионы, әлем кубогының иегері Елмұрат Қайыпжанов та бар. Спортшының жеткен жетістіктері, шыққан биігі жастар үшін қашанда үлгі-өнеге. Бүгінгі таңда Елмұрат бапкерлікпен қатар, ауыл спортының гүлденуіне атсалысып жүрген айтулы азамат. Біз еліне елеулі саңлақтың кәсіби спорттағы жүріп өткен жолы, бағындырған белестері, қазіргі ел спортындағы өзін толғандырған түйіндер жайында сұхбаттасып қайтқан едік.

– Ер жігіттің бойына қасиет пен қажыр-қайрат туған топырағынан дарыйды деседі. Сіз өз  өлкеңізде  қандай спорт саңлақтарынан  өнеге  алып   өстіңіз?

– Мен өскен Нұра бүркітішілер ауылы болатын. Сол себепті мен дала табиғатының не  бір ғажап сырына қанығып өстім. Бала кезімде аспанда ұшқан қырандарға тамсана қарайтынмын. Кейін спортты  өзіме серік еткенде сол қырандар сияқты көкке самғауды армандадым. Бала кезімде  мектепте көптеген спорт үйірмелері болды.Ол кезде ауыл  спортының  дамуына  жақсы жағдай жасалған  еді. Әсіресе, еркін күрестен Асан Тоққожаев ағамыз аудан спортының дамуына ересен еңбек етті. Ол кісінің Асанбай Мұрат сынды шәкірттері республика және Азия чемпионы болды. Міне, Шелек өңіріндегі осындай спорт жетістіктері біздің бала жүрегімізге «чемпион болу керек», деген асқақ арман сыйлады. Оның үстіне Шелек өңірінде бокс мектебі бұрыннан қалыптасқан. Қуаныш Абдрахманов, Марат Аухадиев, Нұрахмет Рузиев, Бекет Ахметов тағы басқа спорт саңлақтары талай шәкірттерді түлеткен еді. 4 сыныптан бастап бокспен және күреспен  қатар айналыстым.Мектеп қабырғасында  жүріп, аудан  және облыс чемпионы атандым. Сөйтіп, спорттағы жеңісті жолым бастала бергенде, тоқырау заманына  тап болдық.Көп өтпей спорт залдарының бәрі жабылып, чемпион боламын деген талай арманның талқаны шықты. Алайда, мен сол қиындықтарға қарамастан кәсіби спортты жалғастыруға бел будым.

– Тоқырау кезіндегі қиындықтарға қарамастан кик-бокста толағай табастарға  қол жеткізуіңізге не себеп болды ?

 – 1993 жылы Қазақтың спорт және туризм академиясына оқуға түстім. Аталған оқу орнында білікті бапкер Эдуард Габуловтың қол астында жаттықтым. Көп өтпей былғары қолғап шеберлері арасындағы қалалық және республикалық турнирлерде топ жара бастадым. Мына оқиға әлі есімнен кетпейді. 1993 жылы Алматыда халықаралық турнир өтті. Мен доданы тамашалау үшін спорт сарайына арнайы бардым. Ел күткендей  жекпе-жектердің көбінде  біздің жігіттердің жолы болып жатты.Тек 51 келі салмақтағы айқаста  Қырғызстанның туы астында өнер көрсеткен жігітке қарсылас шақ келмеді. Ол кикбокс пен ушу-саньданы қоса алғанда, үш дүркін әлем чемпионы, Азия мен Еуропа чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы Шабан Шадманов болатын. Алматыда  өткен турнирлерде  ол сан мәрте жеңіске жеткенін ұмытпаса керек. Сол кезде қалың елдің алдында Шабанның: «Мені жеңетін қазақ әлі туған жоқ» деп айтқанын естігенде, қаным басыма шапты. Намыстан жарыла жаздадым. Бірақ ол кезде қолдан келер дәрмен жоқ еді. Өйткені, қарсыласым тым мықты. Ал мен болсам, баржоғы ІІ разрядты спортшымын. Алайда ерте ме, кеш пе, біздің де уақыт келеді. Шадмановтың  сол бір ауыз сөзі үшін мен кикбокске түбегейлі бет бұрдым. Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстан кикбоксының даңқы аспандады. Осы өнердің Қазақстанда іргетасын қалаған Сабыржан Махметов өз шәкірттеріне қолайлы жағдай жасады. Сөйтіп, еліміздің  әр өңірінде үйірмелер ашылып, оқу-жаттығу жиыны өткізіліп, халықаралық жарыстарға шығуға жол ашылды. Әсіресе, білікті бапкерлер бұл іске араласып, аз ғана уақытта Қазақ кикбоксының көсегесі көгере түсті. Сол жылдары отандастарымыз  халықаралық ареналарда жақсы өнер көрсетті. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы әлемдегі озық командалар қатарына қосылды. Бұл жылдар менің спорттық ғұмырымда жетістікке жетуіме негіз қалады.Сонымен  1993 жылдан бастап «Абылай хан» спорт клубында жаттықтым. Жеке бапкерім Азат Нәдірбековтің арқасында өзім аңсаған  биік белестердің біразын бағындырдым.

– Енді сол бағындырған белестеріңізді де айта  отырсаңыз...

– 1996 жылы Сербияның астанасы – Белградта өткен халықаралық турнирге қатыстым. Сол жолғы жалауын желбіреткен Еуропа чемпионатында барлық қарсыластарымды ұтып, финалға жеттім. Ал шешуші айқаста «Мені жеңетін қазақ әлі туған жоқ», деп дандайсыған Шабан Шадмановпен  жолым түйісті. Ол кезде Шабан 25 жаста, ал мен 21 жаста едім. Ол сол кезде атағы дүркіреген Еуропа және әлем чемпионы болатын. Сондықтан да Шабан  мен шаршы алаңға көтерілгенімде тек көз қиығымен қарады. Бұл, сірә, менсінбегені болар. Ал мен салқынқандылықпен, барынша байыппен қимылдадым. Айқастың ортасына таман оны соққының астына алдым. Тіпті, бір мәрте нокдаунға да жібердім. Міне, солай Шабан Шадмановты тізе бүктіріп Еуропа чемпионы атандым. Белградтағы бәсеке менің бағымды ашты. Сонан кейін, 1996-2000 жылдары аралығында екі дүркін Еуропа чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубогының иегері атандым. Сонымен қатар төрт жыл бойы кикбокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны болдым.

– Спорттағы елеулі еңбе-гіңізді еліңіз қалай бағалады?

– 90 жылдардың екінші жартысында «Олимпиада бағдар-ламасына енбейді» деген желеу-мен кикбокске деген қамқорлық азайды. Мемлекет тарапынан қолдау  болмағандықтан, көп қиындық көрдік. Осы спорт түрін серік еткен азаматтарға жарысқа шығу үшін өздеріне демеуші табуға тура келді. Қалталы мырзалардың алдына барған кикбоксшылардың көп жағдайда еңселері түсіп қайтып жүрді. Бірақ жарыстарға бара қалған жағдайда намыс туын биік ұстауға тырыстық. Үнемі жеңіске жетіп жүрдік. Ең өкініштісі, елге олжалы оралған кезде де еңбегімізді елеп,ескерген ешкім болмады.Шыны керек, сый-сияпат былай тұрсын, жылы сөздің өзіне зәру болдық. Қазақстанның көк байрағын аса ірі халықаралық жарыстарда желбіретсек те, өзімізді қоғамға қажетсіз адамдай сезіндік. Әйтпегенде кім білер, алар биігіміз бүгінгіден де биік болар ма еді деген ойға қаламын. Десе де, мүлдем елім елеусіз қалдырған жоқ. Спорттағы жетістігім үшін 1998 жылы Еңбекшіқазақ ауданының «жыл адамы» атандым. Ал 2019 жылы «Ең­бек­шіқазақ ауданының құрметті азаматы» атанып, «Жомарт жүрек» төсбелгісімен марапатталдым. Елдің марапатына мың алғыс, енді қал-қадірімізше елге қызмет ету керек деп ойлаймын.

– Ел деп елжіреп отырсыз.Туған жеріңізге жиі барасыз ба?

– 26 жасымда үлкен спорттан қол үздім. Бірақ спорттан түбегейлі атбасын бұрғам жоқ. Әуелде Алматыдағы Спорт және туризм, сондай-ақ Ішкі істер академияларында қызмет еттім. Болашақ спортшылар мен қауіпсіздік қызметкерлеріне жекпе-жек өнерінің қыр-сырын үйреттім. Қазірде, Арман Әшімов, Батыр Жүкенбаев сынды шәкірттерім әлемдік додаларда атой салып жүр. Кейіннен кәсіпкерлікпен айналысып, бизнестен түскен қаражатымның  біраз бөлігін ауыл спортын өркендетуге жұмсадым. Шелекте Райымбек батыр атындағы спорт кешенін салуға және Нұрада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған монументті  салуға атсалыстым. Аталған елді мекендерде республикалық турнирлердің өтуіне де үлес қосып келемін. 2012 жылы Нұра ауылында «Елмұрат» бокс мектебі ашылды. Ол мектепте  тәрбиеленген шәкірттердің алды Азия чемпионы атанды. 2018 жылдан бері Еңбекшіқазақ ауданында облыс әкімдігінің және спортқа жанашыр болған кәсіпкерлердің қолдауымен өз атымда бокстан  жасөспірімдерге арналған республикалық турнир өтіп келеді. Мұның бәрі туған жерімнің спорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Әр жылы 9 мамырдағы жеңіс күніне арналған салтанатты шарада ауыл түлектерімен кездесуді дәстүрге айналдырдық. Онда әлем және олимпиада чемпиондары жас түлектерге өздерінің спорттағы басып өткен жолдары жайлы сыр шертеді. Шелек өңіріндегі үмітін үкілеген жас түлектер марқұм Жақсылық Үшкемпіров, ел ағалары Ермахан Ыбрайымов, Нұрбақыт Теңізбай сынды саңлақтардың ақ батасын алды. Ауыл қазақ спортының алтын бесігі. Әрине, ауыл спортына зор қолдау қажет. Спорт тек  байрақты бәсекеде жүлде алу үшін емес, саламатты өмір салтын сақтау үшін де маңызды. Оның үстіне спорт,  адамды чемпиондыққа емес, парасатты болуға баулиды.

– Сізді қазіргі ауыл спортының аяқ алысы  қуанта ма? Мемелекет қиырдағы елді-мекендердің спорттық әлеуетін арттыруға қанша-лықты мән беріп отыр деп қарайсыз?

– Әрине, мені ауыл спорты  қатты қынжылтады. Шыны керек, спорт кешендері былай тұрсын, көптеген жерде қарапайым үйірмелер жоқтың қасы. Ауылда  бапкерлер мүлдем  тапшы. Себебі оларға төленетін қаражат тым аз. Салдарынан білікті бапкерлерді айтпағанда, кеше ғана қолына диплом алған жас мамандардың өздері ауылға баруға құлықсыз. Ал ауылдағы жалынды жас түлектердің  жарысқа шығуы қиямет-қайым. Міне, соның салдарынан қазіргі кезде ауыл спорты ақсап тұр. Өздеріңіз байқасаңыздар, қазір жақсы нәтиже көр­сетіп жүргендердің дені спорт мектептері мен интернаттарында білім алып, шеберліктерін шыңдағандар. Ал ауылдағы үйірмелерде тәрбиеленген балалар арасында топ жарып жатқандары тым сирек. Дәл қазіргі кезде отандық спорттың тізгінін ұстап отырған азаматтар осы мәселеге айрықша назар аударуы қажет. Тағы да айтамын, ауыл – біздің алтын бесігіміз. Алыптар дәл сол ауылдан  шығады. Соны қаперге алмасақ, көп нәрседен ұтылатынымыз шындық.

– Спорт тізгінін ұстағандарға салмақ сала сөйлеп отырсыз. Сізше осы маңызды саланы  кімдер басқаруы  керек деп ойлайсыз?

– Спортқа бюрократтық үкім жүрмейді. Оған нағыз маңдай терін төккен жандар ғана өзіндік шешім айта алады. Бізде кейде спортты мүлдем түсінбейтін адамдар басқарды. Спортқа терін төкпегендер, тетігін қалай игереді. Сондықтан да, спорт саласын дамыту олардың өңі түгіл, түсіне де кірмейтін шығар. Мұнан өзге де тамыр-таныстық, жең ұшынан жалғасу сынды жағдайлар да спорттың дамуына кері әсерін тигізіп келеді.

– Алда қандай жоспарларыңыз бар?

– Әрине, ойға алған мақсат көп. Қазақ спортына шамамызша қызмет етсем деймін. Әсіресе ауыл спортын, Еңбекшіқазақ  ауданының спортын бір белеске көтеру үшін тер төккім келеді. Ізімізден ілескен шәкірттерді әлемдік тұғырға көтерсек, бізде не арман бар.

– Сұхбатыңызға  рахмет!

Әңгімелескен

Ерзат  АСЫЛ

Жұма, 18 Қыркүйек 2020 12:16

Түйткілді тарқату тетігі

Әлемдегі озық мемлекеттер дамуының негізгі себебі – халық пен билік арасында орнатылған алтын көпір. Бұл елдерде мемлекеттің және белгілі бір аймақтың ішкі мәселесі жергілікті тұрғындармен ақылдаса отырып шешіледі. Яғни жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі өз жемісін беруде.

Демократияның алғышарты саналатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі уақыт өткен сайын жұртшылықтың белсенділігін арттырып, өз өлкесінің түйінді мәселелеріне бейжай қарамайтындығын көрсетуде.

Өзін-өзі басқару жүйесі аясында құрылған Есік қаласының жергілікті қауымдастық мүшелері осы күнге дейін аудан орталығындағы жұмыстарды бірлесе атқарып, қала әкімінің аппаратымен етене жұмыс жасауда.

Осы жылдың көктемінде өткен қауымдастық отырысына қала әкімінің міндетін атқарушы Д.Сейдахметов, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Искаков, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Д.Мәлібеков, «Есік су» ММК директоры М.Бердалиев, мемлекеттік көлік инспекторы Б.Бекенов қатысып, жергілікті қауымдастық мүшелерімен бірқатар мәселелер көтерілді.

Жиын төрағасы Р.Бурнашев соңғы кездері әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында жаңадан төселген асфальттарды қазу кезіндегі жұмыстарға байланысты халық арасында наразылық туындап жатқандығын жеткізді. Тұрғын үйге су немесе кәріз құбырын жүргізу үшін тұрғындар осындай қадамдарға барады. Ал арыз-шағымдардың барлығы әкімдікке түседі. Осы орайда, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімін міндетті түрде асфальтты қалпына келтіру үшін мердігер мекемемен келісім-шарт болуы қажет деген талап койылды. Мүмкіндігінше асфальтты қазбау, яғни жолдың астын тесіп өтуді тәжірибиеге мейлінше енгізу керектігін айтты бөлім басшысы. Сонымен қатар «Есік су» өздерінің жұмыстары барысында туындаған қиындықтарды жергілікті қауымдастық арқылы аудандық мәслихатқа ұсынатын болды.

Негізінен, жолдың келесі бетіне құбыр жүргізу барысында өз бетімен асфальтты бүлдіріп, қазуға болмайды. Алдымен жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен рұқсат алу керек.

Қазіргі таңдағы қаладағы негізгі мәселелердің бірі – кәріз жүйесі қақпақтарының болмауы. Бұл жөнінде «Есік су» мекемесінің басшысы М.Бердалиев туындап жатқан қиындықтар жайында сөз қозғады. Айтуынша, стандартқа сай келетін кәріз қақпақтарының бағасы қымбат, оған қоса, темір қақпақтарды ұрлау өршіп тұр. Тіпті 1 түнде 40 қақпақ қолды болған. Ал мемлекеттік көлік инспекторы Б.Бекенов облыс аумағында 150 бейнебақылау камералары орнатылып, аталған ұрлық оқиғаларының азаятындығын жеткізді.

Жалпы, жиын барысында Есік қаласында күнделікті тіршілікте болып жүрген проблемалар көтерілді. Оны жергілікті қауымдастық пен құзырлы мекемелер талқылап, оң шешімін тапты.

Мұндай маңызды жиындар жиі өткізіліп, аудан орталығының дамуына тұрғындар ұсынған азаматтарды араластыру оң нәтиже беріп келеді. Тамыз айында өткен отырыста елді мекеннің санитарлық тазалығы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар мен туындаған мәселелер талқыланды.

Қаланың тазалығымен айналысатын «Бахыт и К» ЖШС директоры Б.Жусупов күл-қоқыс шығару жұмыстарына тоқталып өтті:

– Қазіргі уақытта бізде 14 адам жұмыс істейді. Есік қаласы бойынша уақытылы қоқыс шығарылады. 414 үй және 12 дүкен-мен  келісім шарт бар. Әрбір үйге ай сайын қызмет көрсету  – 800 теңге.

Қоқыс шығарудағы жалғыз мәселе – қоқыс полигонының толуына байланысты қоқыс төгетін жердің жоқтығы. Қазір бұл проблеманың шешімін қарастыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Жер, су, көше атауларына тарихи тұлғалардың есімін қою және идеологиялық тұрғыда ескірген көше атауларын ауыстыру мәселесі бүгінгі күні өзекті болып отыр. Осы тақырып бойынша қала әкімінің орынбасары Д.Сейдахметов есеп берді. Бүгінгі таңда Есік қаласының 75 көшесінің атауы «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізіміне сәйкес өзгертіліп, тұрғындар арасында келісім парағы толтырылуда. Есік қаласының тұрғындарына көше атауы өзгерсе де, үйдің құжаттары ауыспайтындығы түсіндірілуде.

Жиын барысында учаскелік полиция инспекторы А.Уразымбетовтың жарты жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша қауымдастық алдындағы есебі тыңдалды. Тәртіп сақшысының сөзінше, 6 ай ішінде қала жұртшылығынан 93 арыз-шағым түскен.

Жалпы алғанда, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі қаламызда оң нәтижесін беруде. Жоғарыда аталған жиналыстар барысында қауымдастық өкілдері арқылы түскен тұрғындардың талап-тілектері қаралып, атқарылар жұмыстардың жоспары жасалады. Қысқасы, қалалықтар ортақ мәселені шешуге тікелей атсалысады. Түйткілді тарқату тетігіне айналған бұл жүйе – жарқын болашаққа қадам басқан демократиялық Қазақстанның айқын көрінісі.

 

А.БОШКУЛОВ,

Есік қаласының әкімінің м.а

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады.

1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

Дереккөз


«Еңбекшіқазақ» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 28.08.2020 жылғы 35-санында жарық көрген «Таутүрген төбесіндегі петроглифтер» атты мақалаға қатысты «Есік» қорық-музейінің директор орынбасары Досым Зікірияның пікірін ұсынып отырмыз.

 

«Жетісу жері ежелгі мұраларға, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай болып келеді. Солардың ішінде бүгіндері жойылып бара жатқан жартас суреттерінің де аса мол қоры бар. Ол жағынан Еуразия құрлығы бойынша жетекші орындардың бірін алады деп сенімді түрде айтуға болады. Біз Қазақстан территориясындағы петроглифтерді зерттеу арқылы оның көптеген қыры мен сырын, соның ішінде: мәдени мұра мәселесін, оның қайнар көзі мен жаңғыру жолдарын айқындау, ондағы кейбір сюжеттер арқылы ата-баба мәдениетінің жоғалып бара жатқан компоненттерін,  шаруашылық-мәдени типтерінің ерекшеліктерін, қоршаған ортамен және көрші елдермен қарым-қатынастарын, рухани жан-дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын және т.б. қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыра аламыз. Дегенмен, Қазақстан жеріндегі мұндай тарихи-мәдени мұраларымызды толық зерттеу, оны есепке алу, насихаттау жұмыстары әлі де болса толық жүзеге асқан жоқ. Әзірге Жетісу жеріндегі аталмыш ескерткіштердің ішінде көпшілікке белгілі болғандары Таңбалы, Құлжа-басы, Ешкіөлмес, Баянжүрек, Тамға-лы тас пен «Алтынемел» ұлттық паркіндегі бірнеше жартас суреттері ғана.

Жетісу петроглифтерін зерттеу ХІХ ғасырдың басында Ш.Уәлиханов-тың жазбаларынан басталды деп есептеледі. Одан кейін Г.Максимова, А.Г.Медоев, К.М.Байпақов, А.Н.Марья-шев, З.Самашев, Б.Нұрмұханбетов, С.А.Потапов, Ж.Жетібаев сынды көптеген ғалымдар осы сала бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді. Алайда, мұнымен толық зерттеле қойған жоқ.

«Есік» қорық-музейі де ҚР Мәде-ниет және спорт министрлігінің қол-дауымен 2017-2018 жж. «Жетісу сақтарының идеологиясы мен мифологиясы» атты ғылыми жоба аясында  Алматы облысының Қыземшек, Асысаға (Еңбекшіқазақ ауданы), Қурайлы (Кеген ауданы), Аққора, Науакескен, Болыссай, Ұзынкүңгей 1, Ұзынкүңгей 2 (Ұйғыр ауданы) жартас суреттеріне археологиялық барлау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты. Мұндай жартас суреттеріне, әсіресе, Еңбекшіқазақ ауданы да бай. Жоғарыда айтып өткен Таңбалы, Құлжабасы, Ешкі өлмес петроглиф-тері көбіне жатаған таулы өңірлерде кездессе, Еңбекшіқазақ ауданы петроглифтері, керісінше, биік тау-лы аймақта орналасқан. Сонда ескерткіштердің бірі, әлі де ғалымдар тарапынан жеткілікті көңіл бөліне қоймаған, шағын да болса, ғылыми орта үшін берері мол – Таутүрген ауылының жоғарғы жағында орналасқан «Таутүрген петроглифтері». Бұл ескерткіштер туралы ең алғаш белгілі ғалым, өлкетанушы П.И.Мариковский еңбек-терінде айтылады. Одан кейін көбіне жергілікті өлке тарихына қызығушылар мен жас өлкетанушылар тарапынан біраз зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ол туралы тіпті белгілі ғалым Б.Нұрмұханбетов те айтып жүретін. Алайда, қайталап айтамыз, әлі де болса, ескерткіш толық зерттелген жоқ. Күні кеше ғана аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Қ.Ахметжанов пен қызметкері Қ.Мұрат, Таутүрген орталау мектебінің директоры Қ.Карбузовтың бастауымен арнайы барып, суретке түсіріп қайтқан екен. Суреттердің жасалынған техникасы мен әдістері бойынша айтар болсақ, бұл жартас суреттері ерте темір дәуіріне жатады. Суреттер бәрі күңгей бетте орналасқан тақта тастарға салынған екен. Салу технологиясына келсек, ұсақ нүктелеп салу әдісі қолданылған. Аталмыш жартас суреттерінде көбіне ерте темір дәуіріне тән аяғын тірей тоқтаған тауешкі, арқар бейнелері көптеп кездседі. Біздің назарымызды ерекше аударған ортасынан бірнеше айқыш сызықтары бар шеңбер суреті болды. Өкінішке қарай, сурет шаңқай түстің кезінде түсірілгендіктен нақты қандай бейне екенін тап басып айта алмаймыз. Дегенмен, бұл арба дөңгелегі, болмаса күн бейнесі, тіпті әлдебір таңба болуы да мүмкін деп болжауға толық негіз бар.

Таутүрген петроглифтері – құнды-лығы жағынан зерттеуге тұрарлық ескерткіш. Ең өкініштісі, түрлі табиғи әсерлердің салдарынан жойылып бара жатыр екен. Ендігі міндет тым болмаса бұларды суретке түсіріп, эстампаждарын алып, координаттарын белгілеу керек. «Есік» қорық-музейінің мамандары өз тарапынан ондай жұмыстар жүргізуге әзір, әрі арнайы мамандар да бар. Дегенмен, бұл жұмыстарды атқаруға белгілі бір көлемде қаражат керек екені анық. Осы тұрғыда ауданымыздың атымтай жомарт жандары туған өлке тарихын зерттеуге көмек көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді» – дейді Д.Зікірия.

Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2020 16:47

Тұмауға қарсы екпе басталды

 

15 қыркүйектен бастап Есік қаласындағы ауданаралық көпсалалы ауруханада тұмауға қарсы екпе егу басталды.

Бірінші күннен-ақ екпе салдыру үшін кезек күткендердің қарасы қалың. Алғашқылардың бірі болып аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев,

 әкім аппаратының басшысы Бекен Керімбеков бастаған мемлекеттік қызметшілер де тұмаудың алдын алуға арналған вакцина салғызды. «Қазіргі уақытта ауруханаға 16 мың доза вакцина жекізілді. Негізінен, мектеп жасындағы балалар, жүкті әйелдер, диспансерлік есепте тұрған азаматтар мен әлеуметтік қызметкерлер тегін қамтылуда. Вакцина салдыруға келген адамды дәрігер алдымен тексеріп, қызуын өлшейді. Егу жұмыстары 15 қазанға дейін жалғасады», – дейді аурухана директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Гүлмира Отынбекова.

 

С.НҰРАДИН

Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2020 16:35

Кезекші сыныптар: талапқа сай сайланды

Елімізде орын алған төтенше жағдайларға байланысты биылғы оқу жылы онлайн форматта басталды. Дегенмен, ауыл мектептерінде 1-4 сыныптардың дәстүрлі түрде оқуына рұқсат берілген-ді. Әрі бастауыш сынып оқушыларының ата-аналардан көп өтініш түскендіктен I тоқсаннан бастап О.Жандосов атындағы мектепте кезекші сыныптар белгіленген тәртіппен ұйымдастырылды.

Оқу орнында санитарлық талаптар түгел қатаң сақталған. Мектептің кіреберісінде дезинфекциялық кілемше төселген. Әр оқушының қолын антисептик құралдармен тазалауы, бетперде тағуы біздің қадағалауымызда. Сабақ кестелері жасалып, әр сыныптың сабақ арасындағы үзіліс уақыты да бөлек-бөлек белгіленген. Кезекші сыныптарда оқушылардың дене қызулары тұрақты өлшеніп, балалардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Ата-аналарға мектеп ғимаратына кіруге тиым салынған.

Бүгінде 427 оқушы дәстүрлі форматта білім алып жатыр. Әр сынып бөлмелерінде 10-15 баладан артық отырмауы қадағаланып, 20-22  оқушысы бар сыныптар 2 топқа бөлініп оқытылуда. Атап айтсақ, мектепке дейінгі даярлық сыныптардан – 5, 1 сыныптардан – 8, 2 сыныптардан – 6, 3 сыныптардан 6, 4 сыныптардан – 8 сынып.

Әрине, дәстүрлі форматта білім алуға ештеңе де жетпейді. Мектеп – тек білім ғана емес, сондай-ақ тәрбие ордасы екенін ескерсек, оқушы мен мұғалімнің бірін-бірі көзбе-көз көріп, бірлесе жұмыс атқаруы өте маңызды.

 

Н.А.Джилгельдиева, 

О.Жандосов атындағы орта мектеп

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

                              

 

 

Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2020 11:45

Қаланың сәулеті арта түспек

Әлемді әуреге салған коронавирус індеті экономикаға да өзінің кері ықпалын тигізіп, жұмыссыздық мәселесін тудырды. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында өңірлерді дамыта отырып, азаматтарды жұмысқа орналастыруды тапсырды. Бүгінде аталған бағдарлама ауданымыздың гүлденуіне жол ашып, көптеген бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Президент «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының дағдарыс кезінде өзін жақсы көрсеткенін айтып, оны қаржыландыруды кемінде 300 млрд. теңге деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінгі таңда осы бағытта  ауданда 106 нысан бағдарламаға қосылып, жол жөндеу, әлеуметтік маңызды объектілердің құрылысы, ағымдағы және күрделі жөндеу, су құбырларын, электр желілерін жаңғырту мен жарықтандыру сияқты бағыттарға 11,5 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде, 2000-нан астам жұмыс орны ашылып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арнайы бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталығы арқылы 1000-нан астам азаматты жұмысқа жіберу жоспарланған.

Қазіргі уақытта Есік қаласының өзінде бағдарлама шеңберінде екі ірі жоба жүзеге асуда. Бірі 1500 балаға арналған жаңа мектеп құрылысы болса, екіншісі, Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары. Осы аптада мәдениет қайта жаңғырып жатқан ордасына арнайы ат басын бұрып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан едік.

Нысанды жөндеуге бюджеттен 549 млн 680 мың теңге бөлінген. Мердігер «ПСК Градцентр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көктемде құрылысты бастап кеткен болатын.

– Нысандағы нагізгі жұмыстардың барлығы дерлік аяқталды. Бүгінде ғимараттың сыртына кафель плиткаларын жабыстырып жатырмыз. Бірер күнде шатырды да аяқтаймыз. Кәріз және су жүйелері дайын. Сырттағы жұмыстарды бітірсек, жақын арада жұмысшылардың негізгі бөлгі ішкі жұмыстарына көшеді. Сонымен қатар мәдениет үйінің маңындағы саябақты да жөндеп жатырмыз – дейді құрылыс нысанының прорабы Нұрлан Асанбаев. Айтуынша, жобалық-сметалық құжатта саябақты да көгалдандыру, абаттандыру мен спорт, балалар алаңдарын орналастыру қарастырылған. Және де жаңғырған мәдениет үйінің сәнін алаңдағы субұрқақ кіргізетін болады. Бұл да жобаға енгізілген.

Нұрлан Жақсылықұлының сөзіне сүйенсек, құрылыста тек сапалы материалдар пайдалануда. Сондай-ақ Кеңес үкіметі кезінде салынған ғимараттың қауіпсіздігін күшейту үшін қосымша арматуралар өріліп, бетон құйылған. Бұл жұмысшыларға аздап қолбайлау болса да, мердігер мекеме нысанды уақытында өткізуді жоспарлап отыр. Яғни, желтоқсан айында аудан тұрғындарына есігін айқара ашпақ.

Мұндағы жалғыз мәселе – жоғарыда аталған бағдарламаның жүзеге асуы қиындық тудырып тұр құрылыс алаңында. Нұрлан Асанбаевтың сөзінше, жұмыспен қамту орталығы арқылы азаматтар келген. Бірақ бірнеше күннен кейін құрылысқа бас сұқпаған.

– Орталық бізге азаматтарды жібереді, осында бірер күн жұмыс істегеннен кейін, келмей қояды. Еңбегінің ақысын күнделікті алып үйренсе керек, айлыққа дейін шыдамайды. Қазір бағдарлама арқылы екі-үш адам ғана жұмыс істеп жатыр, – дейді прораб.

Барлап қарасақ, ғимараттағы негізгі жұмыстар аяқталуға жақын. Ішкі жұмыстар, саябақты абаттандырудан кейін мәдениет ошағы адам танымастай өзгермек. Ол үшін күнделікті 70 құрылысшы тер төгуде. Аудан тұрғындары үшін жасалып жатқан игіліктің нәтижесін желтоқсан айында көреміз.

Нысанды аралай жүріп, осында мәдениет үйінің директоры Бауыржан Шаяхметовты де жолықтырдық. Айтуынша, құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуын бақылап жүр.

– Адамдар аурухана барып тәнін емдесе, мәдениет үйінде рухани азықтанып, жанын емдейді. Аудан әкімінің бастамасымен сол үшін тұрғындарға барлық жағдай жасалуда. Өзіңіз көріп тұрғандай, ғимаратымыз жаңа кейіпке еніп, қаланың сәнін арттыра түспек. Мұндағы ең басты мәселе – жылу жүйесі өзгертіліп, заманауи қондырғы орнатылды. Енді қыстыңгүні залды жылыту қиындық тудырмайды, бір түйменің көмегімен электрлі ауа жылытқыш іске қосылады. Оның үстіне шатырға да жылу өткізбейтін материалдар қойылды, – дейді Бауыржан Шаяхметов.

Сардарбек НҰРАДИН

Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2020 16:11

Район выходит на всемирную уборку

Министерство экологии, геологии и природных ресурсов РК объявило об участии Казахстана во «Всемирном дне чистоты» («WorldcleanupDay»), который состоится 19 сентября 2020 года. В этот день волонтеры во всех странах планеты будут убирать парки, улицы, берега водоемов от бытового мусора, вести экологическое просвещение населения.
Акимом Енбекшиказахского района К.Кашкимбаевым утвержден общерайонный план мероприятий. Ответственными за ее проведение назначены районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, аппарат акима района, руководители районных служб и ведомств, акимыгорсельокругов. В ходе акции с 9.00 до 17.00 предприятия, организации, учреждения независимо от форм собственности, жители райцентра и сельских округов на закрепленных территориях будут вести саночистку улиц, скверов, придомовых территорий, арычной сети. Транспортные и строительные организации обязаны обеспечить техникой и транспортом уборку и вывоз мусора на полигоны ТБО. На местные исполнительные органы власти также возложена разъяснительная работа о значении «WorldcleanupDay».



И.ВИКТОРОВ

Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2020 09:44

Его рука всегда на пульсе жизни

Есть люди,  которые в прямом значении создавали  историю нашего района,  чей вклад в его достижения и успехи неоспорим. Таких наших земляков, как Осман Мамедович АБИБОВ, можно смело зачислить в «золотой» гражданский фонд. Из 40 лет трудового стажа свыше 26 лет, до выхода на заслуженный отдых в 2013 году, Осман Мамедович трудился на посту руководителя крупнейшего в районе Байтерекского округа, начиная с должности председателя в советское время Новоалексеевского  сельсовета в 1989-м году. В районе за этот период сменилось восемь руководителей, но каждый из них ценил Османа Мамедовича как образованного, грамотного, волевого государственного управленца, способного проявлять и реализовать собственную инициативу.  И сейчас эти личные качества и опыт госслужбы О.Абибов направляет  на пользу людям на посту председателя местного самоуправления округа.

В чем секрет такой высокой и долголетней работоспособности? Наверное, в той непростой жизненной школе, которую с детских лет пришлось пройти Осману Мамедовичу. В 1957 году супруги Абибовы с детьми переехали  из Южно-Казахстанской области в с.Алга Енбекшиказахского района. Переживший сталинские репрессии глава семьи с подорваным здоровьем  рано ушел из жизни. В родительском доме на попечении старшего сына, Османа, осталось восемь братьев и сестер, которых он поднимал на ноги. Суровая школа ежедневного труда и семейных забот не прошла даром, закалила волю, выработала целеустремленность, научила доводить любое дело до успешного завершения.  Надежной опорой Османа Мамедовича была и остается  его супруга Ханумгуль, тоже из многодетной семьи, с которой они душа в душу прожили десятки лет и которая стала «второй мамой» его младшим братьям и сестрам.  В с.Байтерек супруги построили  уже свой  дом, вырастили   сына и двух дочерей, помогают воспитывать девятерых внуков и правнука.

Идя по стопам отца, О.Абибов начинал свой трудовой путь на полях совхоза «Талгарский». После окончания  на «отлично» Талгарского сельхозтехникума он трудился помощником бригадира, агрономом, управляющим отделения, был удостоен ордена Трудовой Славы третьей степени. Крепкий хозяйственник, командир производства, О.Абибов был на особом счету у широко известного тогда директора совхоза-миллионера Петра Лысенко. Строительство инфраструктуры сел – отделений совхоза, социальной сферы  было также заслугой Османа Мамедовича. Незаурядный лидер, он  налаживал досуг, соцкультбыт работников. В 1985 году его единогласно избрали председателем профкома совхоза «Талгарский», а в 1989 году – председателем исполкома Новоалексеевского сельского совета. С этого момента Осман Мамедович бессменно до августа 2013 года   руководил тогда еще Новоалексеевским, затем Байтерекским сельским округом. О.Абибов  с душевным теплом вспоминает своих лучших  наставников –  ныне покойную секретаря райкома, затем директора педколледжа г.Есика Нурхан Бектасову и директора ДЮСШ Станислава Тынысбекова. Они для него и теперь  дорогие и близкие люди, давшие ему путевку в жизнь.

Байтерекский округ в наши дни  считается одним их наиболее благополучных среди сельских округов района. Самое крупное село Байтерек расположено на оживленном участке Кульжинского шоссе, благодаря чему «поднялись» торговля, бизнес, выросли доходы населения. Кроме фермерских хозяйств, в округе действуют десятки магазинов, рынки, кафе, зоны отдыха.  На территории округа расположены около 300 крестьянских хозяйств,  мощные предприятия горнодобывающей и дорожно-строительной отраслей: АДСК, АО «Асфальтобетон», ТОО «Кентас», в каждом из которых  работает от 90 до 120 человек. Уровень безработицы один из самых низких в районе. Почти в каждом  подворье есть крупный рогатый скот, сельхозтехника, легковые и грузовые автомашины. Близость мегаполиса Алматы стимулировала рост тепличных хозяйств: в округе их более ста. Построены новые школы в с. Алга и Байтерек, почтовое отделение. Для занятий  спортом  имеются три стадиона,  спортзалы в школах. Действуют быткомбинат, ТОО «Родник-Байтерек», хорошо оснащенная больница в с. Байтерек,  комхоз, проведено уличное освещение, асфальтируются улицы. В с.Алга вступила в строй новая врачебная амбулатория.  По программе развития регионов продолжается реконструкция водопроводных сетей. Есть где жить и работать.

Но так было не всегда. В тяжелые 90-е О. Абибову пришлось сдать суровый экзамен руководителя местной исполнительной власти. Понадобились все его организационные способности, чтобы  после приватизации совхоза сохранить экономический и социальный потенциал округа. Требовали сиюминутного решения социальные проблемы: острая нужда в выплате пенсий,  помощь малоимущим, создание  рабочих мест, водоснабжение и саночистка…

С начала 2000-х население округа увеличилось в два раза, растет миграция и рождаемость. Кроме активной застройки земель, отведенных под ИЖС, постоянными поселками стали  дачные массивы. Остро стоял вопрос  здравоохранения, образования.    

Увидеть, что требуется округу, население которого за 10-15 лет выросло с 7,5  до 14 тысяч человек, преодолевать безработицу, способствовать мирному сосуществованию  интересов всех его жителей – задача  была не из легких. Миграция, приток соотечественников-оралманов сильно изменили состав населения округа: на 90% в с. Койшыбек, на 50% в с. Байтерек,   на 10 % в с. Алга,  жилыми поселками стали расположенные на его территории 18 садоводческих обществ.  Но среди его жителей всегда царит добрососедская атмосфера, растет материальное благополучие и  коммунальный комфорт. Такой результат, считает Осман Мамедович, достигнут тем, что ему удалось сплотить земляков, сформировать команду надежных и энергичных единомышленников. Осман Мамедович умеет  буквально найти общий язык с каждым, в совершенстве  владея казахским, родным турецким и русским языками. Сообща на сельских сходах   со старейшинами сел, руководителями предприятий и фермерских хозяйств, предпринимателями, участковыми инспекторами полиции, решались все злободневные вопросы по благоустройству и общественному порядку, улаживались бытовые и житейские конфликты.

 Выйдя на пенсию, О. Абибов  возглавил местное самоуправление и руководит им по сей день.

Осман Мамедович является одним из наиболее опытных руководителей местных общественных структур. Он говорит:

– Местное самоуправление согласно Плану нации «100 конкретных шагов» Елбасы Нурсултана Назарбаева, его Концепции развития местного самоуправления также призвано  выполнять функции  государственной власти с учетом интересов местного сообщества. Бюджетные инвестиции по госпрограммам  значительно повысили качество жизни, разрешили проблемы образования, обеспечения медицинскими услугами, питьевой водой. Местное самоуправление должно брать на себя выполнение текущей работы по благоустройству инфраструктуры, содержанию объектов социального назначения, переданных в коммунальную собственность.

Местное самоуправление – посредник между государством и обществом. Важно вести информационно-пропагандистскую деятельность по разъяснению населению роли  самоуправления. На сходах, собраниях должен участвовать каждый член местного сообщества. В каждом доме с. Байтерек установлен водопроводный счетчик, налажен рациональный расход воды из артезианских скважин. Жители сами построили хатымхану при мечети в с. Байтерек, на сходах решили сделать ремонт системы водоснабжения с. Алга, ремонт кровли детского сада  «Жулдыз», продолжить освещение улиц, за счет спонсорских средств построили хатымхану при мечети с. Алга.

На совещаниях с акимом округа члены  местного самоуправления, совет старейшин, уличные и квартальные комитеты  определяют первостепенные направления социально-экономического развития округа. На общих собраниях с представителями населения  устанавливаются тарифы по услугам водоснабжения,  поливной воды, саночистки.  Я считаю  своим долгом содействовать  государству, местным исполнительным органам, формировать у каждого жителя сознание ответственности за состояние своего села. Эффективность местного самоуправления во многом зависит от понимания населением своих прав и обязанностей,   способности и желания граждан участвовать в его работе. Каждый из нас  должен делать свой вклад в общую копилку социально-экономического развития страны, ликвидировать иждивенчество. Тогда будет реализован главный замысел самоуправления, заложенный в Концепции и государственных законах.

Четвертого сентября 2020 года ветерану госслужбы и сельскохозяйственного производства, Почетному гражданину района, удостоенному медалей в честь  независимости РК Осману  Мамедовичу Абибову исполнилось 70 лет.   Он по-прежнему активен, энергичен,  участвует в социальном  развитии  Байтерекского округа. Желаем ему крепкого здоровья, долголетия в работе на благо нашей Родины,  новых встреч с читателями на страницах нашей газеты.

 

И.ТУРАНИН

Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2020 09:26

Аружан – жеңімпаз

Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «Voice» жас әншілер байқауы биыл да жалғасын тапты. Алайда форматы өзгеше. Жалпыкөпшілік іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым болғандықтан онлайн форматта өтті.

Байқауға аудан бойынша 19 үміткер қатысты. Комиссия шешімімен төрт үміткер ақтық кезеңге шықты. Олардың өнері enbekshikazakh_zhastar инстаграм парақшасына салынып, көпшілік таразысына түсті. Нәтижесінде «ЖАС ӘНШІ» номинациясына Қаракемер ауылдық округінің қатысушысы Жансая Ерқуатқызы қол жеткізсе, жүлделі 3-орынға Ават ауылдық округінің қатысушысы Меруерт Байдахет ие болды. Ал 2-орын иегері Түрген ауылдық округінен қатысқан үміткері Бағлан Шерниязұлына бұйырса, жүлделі 1-орын иегері Бәйтерек ауылдық округінің қатысушысы Аружан Насыролланова атанды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, шараның өтуіне ұйытқы болған – «Мәңгілік Ел тұғыры» ҚҚ және аудандық жастар ресурстық орталығы. Қолдаған – аудандық ішкі саясат бөлімі. 

Арайлым БАҚБЕРГЕНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Глобальные тренды требуют внедрения…

Одной из задач, поставленных Главой государства перед страной- это устойчивое развитие…
Қаз 03, 2024

Почему атомная станция, а не…

В преддверии Общенационального референдума по вопросу строительства атомной…
Қаз 03, 2024

"Құпиясы көп мекен": Атом…

Елімізде атом электр стансасын салу туралы бастама көтерілгеннен бері қазақстандықтар осы…
Қаз 03, 2024

Референдум дауыс беру ғана емес,…

Бүгін Жезқазған қаласында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Қазақстан…
Қаз 03, 2024

Халық саны мен экономиканың өсімі…

Еліміздегі 30 ірі жобаға қазірден инвестиция тартса, оларға шамамен 8 ГВт электр…
Қаз 03, 2024

Несколько слов по поводу АЭС

Вокруг АЭС сегодня много разных мнений и споров. И основной "негативный" фактор, который…
Қаз 03, 2024

АЭС әлемнің 32 елінде бар

Атом электр станциясы әлемнің 32 елінде бар. Жалпы алғанда оларда 400-ден астам ядролық…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында сел қаупі сейілді

Өңірде биыл сел қаупі ерекше жоғары болды. Таулы аймақтарда мұздықтардың қарқынды еруі…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет