Сәрсенбі, 08 Шілде 2020 14:10

Ауылымыздың мақтанышы

Тарих деген ұлы жазбаның әр бетінде бедерленер тұлғалар болады. Олардың бірі көмейінен сөз нілін тамызған көсем, бірі кәрі еменнің тамырындай шатысқан дүниені бірауыз лепеспен шешер шешен, енді бірі аттың жалын жастанып, қара жұрттың қамы деп қара адырларда шашақты найзасына сүйеніп қалғыған батыр болуы бек мүмкін. Ал солардың қатарында ерен еңбектің көрігін қыздырған атан жілікті, қара нардай қажырлы тұлғалардың есімі қосарлана айтылып, қапталдаса таңбаланып жататыны бар! Міне, сондай тұлғамыздың  бірі профессор, «Фармация» компаниясының президенті, медицина ғылымдарының докторы, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлының туғанына 80 жыл толды.

К.Үшбайұлы Алматы облысы, бұрынғы Шелек ауданы, Асы-Саға ауылында 1940 жылдың 2 шілдесінде ата жолын қуған шопан отбасында дүниеге келген. 1947 жылы 1 май ауылына /қазіргі Ащысай ауылы/ қоныс аударып, осы Ащысай ауылындағы сегізжылдық қазақ мектебінің бірінші сыныбына барып, 1958 жылы аудан орталығы Шелекте  онжылдықты медальмен бітіріп шығады. 1960 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының фармацевтика факультетіне өз күшімен оқуға түсіп, оны 1965 жылы ойдағыдай бітірген. Атамыз білім жолында да, ғылым жолында да биік белестерге жеткенін бүкіл әлем біледі десек артық айтпаған болар едік. Ауылымыздың мақтанышы, келешек ұрпаққа үлгі тұтар тұлғамыз Кеңесбай Үшбайұлы тек қана еңбектегі табыстарымен ғана емес, ол өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен де елге танымал азамат. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші 2019 жылы өзі оқыған Ащысай ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебімізде мектеп директоры Нүркен Ыдырысұлы және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен болған арнайы кездесу өтті. Кездесуде мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, сұрақта-рын қойып, мәні зор жауаптарын алды. Кездесуге мектебіміздің бұрынғы директорлары Нұрманбетова Баян Қаппасқызы мен Төргеев  Айдос мырза да келіп лебіздерін білдірді, атамыздың сыныптастары Асылбүбі апа мен Қайныш апа да кейіпкеріміздің балалық шағына саяхат жасады. Өмір жолын дәріптеуде «Ауыл мақтанышы» атты ғылыми жобасымен өлкетану бағыты бойынша аудандық білім бөлімі ұйымдастырған КҒА-на 2018-2019 оқу жылында қатысып мектебіміздің мәртебесін көтеріп аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде 1-орындарды иеленген Арай Абдрахман қызымыз атамызға өзінің шығарған өлең жолдарын оқып берді. Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Ұлтуар Ерғали жоба жұмысы барысында Кеңесбай атамызбен арнайы кездесудегі бейнежазбаларымен бөлісті. Атамыз оқушылардың бойына сенімділік ұялатып, алдыларына үлкен мақсат қоя білулеріне үлкен үлесін қосып ақ батасын берді. Осы кездесудің соңына қарай атамыз өз ауылының түлектеріне сәттілік тілеп ҰБТ-да 100 балдан жоғары жинаған оқушыларға 100 мың теңгеден сыйақы беретінін және өте жақсы оқитын оқушыларға ай сайын 1 жыл бойы шәкіртақы тағайындап, ақшалай көмек көрсететінін айтқан болатын. Аталған оқу жылында 4 оқушы Бек Керімбек, Әсем Әліппек, Гаухар Кайымбек, Мирас Асқар 100 балдан жоғары жинап, атамыз өз сыйақысын табыс-тап және үздік 10 оқушыға шәкіртақы тағайындады. 2019-2020 оқу жылында 10 оқушыдан ауыспалы түрде шәкіртақысын ай сайын алып отырды. Бұл қайырымдылық бір ұшы ғана, айтылмағаны қаншама. Атамыздың еңбегі ауылымыз үшін де, мектебіміз үшін де өте зор.

Міне осындай аты дүние-жүзіне белгілі Кеңесбай Үшбайұлының еңбек жолын келер ұрпаққа мақтанышпен жеткізе аламыз. Кеңесбай Үшбайұлы достың, туыстың қадіріне жете білген тұлға, өз замандастарымызға үлгі ретінде мақтанышпен көрсете аламыз. Дара тұлғаның туған ауылымыз Ащысай үшін еңбегі айтып жүрерліктей. Ауылымыздан осындай үлкен, кереметтей жетістіктерге жеткен, өмірдің зор белестерін  бағындыра білген ел мақтанышы деп атауға лайықты тұлғаны сұраса біз осы Кеңесбай Үшбайұлын айтар едік. Әрқашанда жадырап, жарқырай беріңіз! Аман болыңыз Кеңесбай ата!

 

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп ұжымы

 

Дәстүрлі ұйымдастырылатын түрлі іс-шаралар биылғы пандемияға байланысты бір-қатар өзгеріске ұшырағаны белгілі. Алайда, ұлтаралық татулықты насихаттауда шектеу жоқ.

Осы ретте аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!», «Біргеміз, берік іргеміз!» акциялары аясында арнайы видео-ролик түсіріліп, әлеуметтік желілерге кеңінен таратылды. Бұл өз кезегінде ынтымақты – ырысымыз, бірлікті – табан тірер тұғырымыз деп түсінген тұрғындарымыздың ыстық ықыласын тудыруда.

Айталық, enbekshikazak_audan_akimdigi, mezet.kz желілік басылымы, enb_shelek_akimat, enbekshikazakh_zhastar инстаграм аккаунттарына салынып, аз уақыт ішінде аудандағы 54 ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығын насихаттайтын роликті 2000-ға жуық адам көріп үлгерген.

Сол секілді ауданымыздың қасиетті өлкелерін кеңінен насихаттау мақсатында да аталмыш қоғамдық қордың ұйытқы болуымен «Тарихыңды таны, жас өркен!» атты ауданның көрікті, тарихи жерілерін бейнелеген тағылымдамалық видеоролик түсірілді.

Рас, Еңбекшіқазақ – қойнауы кенге, жайлауы малға толған қасиетті мекен. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демей ме көнекөздер. Ауданның киелі, көрікті жерлеріне саяхаттау нәтижесінде түсірілген роликті жоғарыда бейнеленген сайттар, желілік басылым арқылы 3000-ның үстінде адам көрген. 

Ал биылғы Конституцияның 25 жылдығына орай түсірілген «Ата заңым – айбыным!» видеоролигі тарих пен шежіреге толы. Оны көру арқылы Конституцияның шығу тарихы мен осы күнге дейінгі орын алған өзгерістерді айқын барлай аласыз. Әлеуметтік желілер арқылы таратылған роликті қазірдің өзінде 2000-ның үстінде тұрғындар көріп үлгерген.

– Әр мәселенің екі ұшы бар. Шынын  айту керек, биылғы елімізде орын алып жатқан пандемия қалыпты өмірімізге айтарлықтай өзгеріс енгізді. Алайда, осы уақыт аралығында жаңалыққа жақын болу арқылы біз өзімізді дамытуға жол аштық. Мойындауымыз қажет, онлайн іс-шаралардың артықшылығы өте көп. Біріншіден, аудиторияны қамтуда ауқым кең. Айталық, осы уақытқа дейін арнайы тақырыптарда өткен семинарларда ауылдық жерлерде асып кетсе 50-70 адамның басын қосса, қазір 1000-2000 адам көруде. Екіншіден, қазақта сөз бар, «Он рет естігеннен, бір рет көр» деген. Міне, қазір арнайы тақырыптық видеороликтер арқылы тұрғындар эмоциясын ашық көре аласыз. Түрлі көңілге қонымды жазбалар да қалдырып жатыр. «Заманың түлкі болса,тазы боп шал» демей ме көнекөздер. Ендеше, біз де өзгерістерге тез бейімделуіміз тиіс. Бұл заман талабы, қоғам талабы» – дейді «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының төрағасы Қайнар Жұмағожа.

 

С.НҰРАДИН

Дүйсенбі, 06 Шілде 2020 20:30

Еуразияның жүрегі – Нұр-Сұлтан

 

Иә, тәуелсіздік алған жылдардағы ауыр дағдарысқа қарамай ел астанасын көшіруіміз білген адамға нағыз фантастиканың өзі. Олай дейтініміз ол жылдары КСРО-ның қанқұйлы тырнағынан әрең аман шыққан республикалар үшін жаңа астана салу түгілі, тұралап тұрған экономикасын аяқтан тұрғызудың өзі мұң болатын. Әрине, астана ауысқанда қарсы болғандар аз емес. Десе де отыз жылға жуық тарихымыз оның дұрыс шешім болғанын дәлелдеп берді. Қазіргі уақытта шағын ғана қалашықтан пайда болған астанамыз республикадағы үлкен үш мегаполистың біріне айналып үлгерді. Осындай күрделі кезеңде бой түзеп, салтанатымен әлемге танылған елордамыздың мерейлі күнінде оның қысқаша тарихына тоқталып өткенді жөн көрдік.

Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабы-нан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала – ол біздің астанамыз. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею мен тәуелсіздігіміздің көрінісі әрі нышаны іспеттес. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Нұр-Сұлтан  – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан-байтақ жерінде, қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми,           саяси ортаның шоғырлануы, Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білуіміз шарт.

1991 жылы Қазақстан тәуел-сіздігін алғаннан кейін, ел астанасын оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назар-баевтың тапсырмасымен елдің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақса-тында республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқа-ның ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екенін көрсетті.

Бұл туралы Елбасы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «Ақмола Қазақстан-ның географиялық орталығы деуге болатын, Қазақстан экономика-сының өрлеуінде жетекші де өскелең нүктелері болып отырған маңызды шаруашылық өңірлерге жақын орналасқан. Қала ірі көліктік арналардың қиылысында, тоғыз жолдың торабында тұр. Бұдан басқа, қала Қазақстан үшін көптеген шет елге шығудың мейлінше төте жолы – трансеуроазия арналарына таяу қоныстанған», – деп жазған еді.

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екені баршаға аян. Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде Назарбаевтың ұсыны-сымен елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Араға үш жыл салып, 1997 жылы 20 қазанда Елбасы астананы         ауыстыру туралы жарлыққа қол қояды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығын 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап иеленді. Деректерге сүйенсек, елорданы ауыстыру туралы шешім қабылданған кезде, Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) халқының саны 290 мыңдай ғана болған екен.

Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымына белгіленді. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде мерекеленіп келді.

Кейінірек парламент депутаттары заңға тиісті түзетулер енгізіп, мемлекеттік мейрамның датасы 6 шілдеге ауыстырылды.

Айта кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні елорда күнімен тұспа-тұс келіп тұр.

Бүгінгі Астананың аумағында барлық уақытта қоныстар болған. Көне мен замандас зерттеушілер-дің еңбектерін мұқият оқығанда, Ақмоланың даласы әр түрлі этностар мен мәдениеттер бірлесіп өзара әрекет жасаған, жанасқан жер екендігіне сену қиын емес. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында да бұл даланың жазығында көне грек тарихшысы атап өткен Дала жолы созылып жатқан. 1998 жылы Астанадан 5 шақырым қашықта археологтар орта ғасырлық Бозоқ қалашығын ашқан. Дәл осы Астананың аумағы жерінен Сібір – Орта Азия керуен жолы XVI ғасырда жүрген. Бозоқ Қыпшақ хандығының астанасы болған.

Заманауи қала ретіндегі тарихы 1832 жылы Есіл өзенінің жағасындағы Қараөткел шатқа-лында Ақмола бекінісі негізінде пайда болды. 1863 жылы Ақмола ресми түрде округтік қала ретінде жарияланып, 1960 жылы еліміздің солтүстік облыстары кіретін тың өлкесінің орталығы болды. 1961 жылға дейін ол Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, ал 1992 жылдан бастап 1998 жылға дейін Ақмола аталып келді.

1998 жылы 6 мамырда президент жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Сол жылдары елорда атауына қатысты түрлі ұсыныстар айтылған еді.

2019 жылдың көктемінде елорда атауы тағы өзгерді. Қазақстанның екінші президенті 2019 жылы 20 наурызда ұлықтау рәсімінде ел астанасын республиканың тұңғыш прези-дентінің құрметіне Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды.

Тоқаевтың бұл ұсынысын парламент пен қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Осылайша 23 наурызда мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды. Содан бері қала атауы Нұр-Сұлтан болып аталып келеді.

Н.Тілеуқабыл

Қазақтың ықылымнан бері қолынан тастамай келе жатқан музыка аспабы домбыраның көмегімен (Кейде шертермен де) ойналатын – ортеке күйі бар. Ортеке жай ғана домбырада шертілетін күй ғана емес, ағаштан ойып, өрнектеп текенің бейнесін жасап, оны тұғыр ағашта домбыра шерту арқылы билетеді. Бүгінгі күнгі дамыған техникалардың көмегімен жасайтын түрлі қуыршақ кескіндерінің бастамасы деп те айтуға болады.

1935 жылы белгілі зерттеуші, ғалым А.Жұбанов «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, мақаласында ортеке қуыршақ биі туралы деректерді келтірген: «…Ойын кезінде қуыршақ секіріп, бірде орғып, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Кейбір кезде домбырашылар оған жылқының, еркек пен әйелдің бейнелерін қосатын болған. Олар әуеннің ырғағымен билейді. Шебер орындаушы домбырада күй тартып, жоғарыда атап өткен бейнелерді түрлі қимылдарға келтіріп, бірде секіртіп, бірде жүгірткен. Яғни, секірген теке қимылдарын жасай білген» деп жазған. Ортеке қуыршағы әртүрлі көлемде жасала береді. Ол негізінен жасаушының ойлау ерекшелігімен шертушінің шеберлігіне байланысты. Атақты күйші Мұрат Өскенбаев «Сегізлақ» күйін тартқанда, сегіз текені тұғырға орнатпай-ақ жерге қойып ойнатқан деген әңгімелер де жиі айтады.

Ел ішінде осы ортеке қуыршақ күйінің шығуы туралы түрлі аңыздар бар. Солардың ішінде бір-біріне қарама-қайшы келетін екі нұсқасына тоқталуды жөн көрдік. Екі аңыздың да астарында ұлтымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және өзара түсіністігі жатыр.

Ертеде саусағынан саз өрген даңғайыр дала күйшісі болыпты. Бұл адам тек домбыра шанағынан күй төккен өнерінен басқа, ши үстінен шіркей атар мергенде болған екен. Күндердің күнінде күйші аң аулап жүріп, бір салмаудағы кішкене тастың үстінде қызғылт күрең жүні күн нұрымен құндыздай жалтырап, құлпырып тұрған тауешкінің марқасын көреді. Тау ешкі марқасының тас үстінде буындары сыртылдап, сылқылдап, ойнақ қағып, еш нәрсені қаперіне ілмей, қамсыз, қайғысыз билеп тұрғанын көріп, қызыға қарап қалады. Марқаның табиғат құшағына деген еркелігін көргенде аңшы, қорамсаққа салған қолын еріксіз тартып, садағын қайтадан мойнына іліп, келген ізімен кері қайтады. Ауылына келген соң, сазгердің көңілін тербеген марқаның қимылы, домбыра шанағында «Ортекенің ойнауы» деген күй болып шертіледі. Кейін келе күйші ағаштан ойып, өрнектеп, марқа бейнесін жасайды да, көпшілік арасында шертеді. Марқаның тірі бейнесін көргендей болған қалың қауым, күй тіліне ерекше сүйінеді. Осыдан бастап, ауылдың басқа күйшілері де ортеке ойнатуды жалпыластыра бастайды. Ендігі бір аңызда, аңшы Құламерген деген жігіт таутеке тұқымын өте көп аулайды. Аң аулауды кәсіп көзі етіп, терісін сатып, күнделікті тұрмысын қанағаттандырып отырады екен. Құламергеннің анасы ұлы саяттан аулап келген ортекелердің бір жапырақ етін кесіп алып, қыл арқанға тізіп, іліп қояды екен. Күндердің-күнінде керген арқан етке толады. Кінәсіз аңдардың сұраусыз төгілген қанынан шошып жүрген анасына, ұйықтап жатқан кезде аян келеді. Аянда тау текенің киесі қыз бейнесіне еніп «О, ана, сенің балаң жазықсыз бізді неге қырғындай береді? Жаратушы оның ісін жауапсыз қалдырмас, оның шелегі қанға толды, енді бір тамшы қан төксе, тәңірдің қарғысына ұшырайды» дейді. Ұйқысынан шошып оянған Құламергеннің анасы Алла жіберген аянды баласына айтады. Бірақ, таутекенің терісін сатып, пайдаға құныққан Құламерген ана сөзін елең қылмастан, тағы да аңға шығады. Күні бойы ешқандай аң ата алмаған Құламерген әбден шаршап, діңкесі құрып,  шай ішуге отырады. Осы кезде бұрын-соңды көрмеген сүттей аппақ, алтын мүйіз таутеке алдынан көлденеңдеп өте береді. Қорғасын оқты қорамсағынан жебесін суырып алып, садағын шірей тартып, таутекені құлатады. Етін тұздап, сүйек-сүйегін жіліктеп, ыстап қойып, өзі қарнын тойдырып алып ұйықтап кетеді. Бір уақытта әлденендей дыбыстан шошып оянған Құламерген бағанағы өзі атқан таутекенің алдында тұрғанын көреді. Көзінен от шашқан таутеке Құламергенді үш рет айналып шығады да, басынан дік етіп қарғып өтіп, тау басына қарай аяғын еркін басып кете береді. Содан кейін Құламергеннің өзі де арасанға түсіп, күйіп өлген екен. Анасы жалғыз ұлының мәйітін арқалап ауылына оралыпты. Осы хикаяны естіген бір күйші: бұдан былай аңшылар жөн-жосықты бұзбасын, керегінен артық алмасын, – деп осы өнеге күйді шығарған екен деседі. Екі аңыздың да айтар ойы ортеке күйінің және ортеке ойнатудың қалай шыққанын баяндайды. Біреуінде табиғат серілеріне сүйсінгендіктен күй шықты десе, біреуінде табиғаттың заңдылығына қарсы келіп,  ашылған аранның нәубетке ұшырауынан күй шықты делінеді. Қалай болмасын екі аңыз бойынша күй табиғат серісі таутекелердің қимылын бейнелеп, сол арқылы халық арасына кең тарағандығын байқаймыз. Бір айта кетер жайт, ел ішіндегі сандаған күйшілердің ішінде, ортеке ойнататын күйшілердің, барған жері қызыққа толы болған. Ауыл жастары сол күйшіден ортеке ойнатуды арнайы үйренетін де болған.

Ортеке ойнатудың қалай шыққанын айттық. Енді осы ортеке қалай жасалатыны туралы да айтар болсақ, бұны жасаудың түрлі жолдары бар. Әр шебер әртүрлі жасайды. Негізгі жасалу жолына тоқталсақ, ортеке қуыршағы қызылқайың, қызылқандыағаш, үйеңкі, жаңғақ, шаған, емен сияқты ағаштардан жасалынады. Бұл ағаштар оңай кесіліп, оңай ойылады. Домбырамен ойналған кішкене текешіктің әсем қимылы көрген жанның қызығуымен әуесін тудырмай қоймайды. Кейбір жағдайларда күйші ортеке бейнесін өзі жасай алмаса арнаулы ағаш шеберлеріне жасататын болған. Өздері қайсы ауылға барса, сол ауылға домбыраларымен бірге ортекелерінде алып жүретін болған. Осы арқылы барған жерлерін қызыққа бөлеп, жастардың өнерге деген құрметімен қызығушылығын арттырып отырған. Талай ғасырдан бері желісі үзілмеген бұл өнер күні бүгінде сахнада ойналып жүр. 1934 жылы Алматы қаласында өткен бүкілқазақстандық халық таланттарының слетінде «Ортеке» биін Ж.Оразәлиев орындаған. 1984 жылы «Мұрагер» республикалық фольклор сазды ансамблі сахнаға алып шығып, ел арасына кеңінен таралуына үлкен үлес қосқан. Ұлттық музыканың көрігін қыздырып жүрген «Тұран» ансамблі 2010 жылдан бері, ортеке ойнатудың жаңа бір тынысын ашып, республика және шетел сахналарында ортекені орғытты. Венгрия, Қытай, АҚШ, Ресей, Франсия, Испания, Түркия елдерінде ортеке ойнатып, көрерменнің қызу қошеметіне бөленді. Бүгінгі күні бұл өнерге жастар арасында қызығушылық мол. Елбасының жарлығымен киелі аспаптың құрметіне 1 шілде домбыра күні болып бекітілді. Бұл мереке аясында, домбыра ерекше ұлықталып, ірі сахналарда күмбірлі үнін шартарапқа шарықтататыны белгілі. Атадан балаға мұра болып жалғасқан ортеке өнерінің өрісі кеңімесе, тарылмайтыны белгілі.

 

Ердос ДӘРКЕНБАЕВ,

Шелек тарихи-өлкетану мұражайының директоры

 

Жұма, 03 Шілде 2020 11:01

Бірінші орын бізде

Әріптесіміз Сардарбек Нұрадин өзгелерден оза шапты. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты облыстық байқауда І орын иеленді.

Байқау ұйымдастырушылары мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауды, әрі қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуді мақсат еткен. Осы орайда айта кетерлігі, «Еңбекшіқазақ» газетінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мәселесі күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілімізді өз дәрежесіне шығару турасында кең көлемді мақалалар үнемі жарияланып келеді. Сардарбекке де байқауда жүлде алып берген – тілдің ахуалы туралы өзіміздің аудандық газет беттерінде жарық көрген өткір де өзекті, сыни мақалалары. Бұл тұрғыда газет редакциясы, әріптестеріміз мемлекеттік деңгейде де жүлделі орындарға қол жеткізіп жүргенін атап өткен жөн.

 Әріптесіміздің жеңісі – біздің жеңісіміз. Сүйіншілеп айтар жаңалығымыз көп болсын, ағайын!

Бейсенбі, 02 Шілде 2020 10:03

Теледидар – тәрбие құралы

Бүгінгі күні әр отбасының құрметті де сыйлы қонағы секілді төрінен орын алып, сол үйдің айырылмас бір бөлшегіне айналған бір зат бар. Ол зат – бүкіл халықтың рухын оятып, дүр сілкіндіре алатын немесе оның миын улап, санасын азғындатып, түбіне жете де алатын қасиеті бар. Құдды адамның екі иығында отырған періште мен шайтан секілді оны жақсылыққа да, жамандыққа да бейімдей алады. Оның үйімізде тұрғанына көңіл аударып, жиі байқай бермесек те, бірақ соның ішкі жан дүниемізге тигізген әсерін мойындаймыз. Соған қарап әлемде болып жатқан оқиғалардан хабардар боламыз, керектіні үйреніміз, ондағы кейіпкерлерге қарап бой түзейміз, кейде тұңғиық ойларға шомып, алысқа қол созып, армандарға берілеміз. Әйтеуір, оның құрсаулаған торына қалай тұтылып жатқанымызды өзіміз де сезбей қаламыз. Кейде жанымызға шуақ шашып, жер бетіндегі барша қазынадан қымбат тұратын асылға айналатын, кейде атом бомбасынан да қауіпті құралға айналатын бұл құрылғы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бәрімізге белгілі теледидар еді.

Әрине, теледидардың өзі ештеңе емес екені анық. Тек онда болып жатқан бағдарламалар мен фильмдер маңызды. Бүгінде әлемнің қайда бара жатқанын аядай теледидардан үйде отырып-ақ болжай алатын дәрежеге жеттік. Біздің ертеңіміз бен болашағымыз саналған жас ұрпақты да осы қара жәшіктің тәрбиелеп жатқаны тағы рас. Әлемдік саясат пен әлеуметтік мәселелер, мәдениет пен өнер, спорт пен жарыстар барлығы дерлік осы қара жәшіктің ішінде жүріп жатқандай күй кешетініміз шындық.

Теледидардың пайдалы не зиянды екенін одан шығатын зиянды энергиялар мен сәулелерден іздегеніміз дұрыс-ақ. Бірақ оның басты пайдасы мен зияны онда көресетіліп жатқан телеөнімдермен тікелей байланысты. Әсіресе, теледидардың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. «Ана тілі» газетінде жарияланған Анар Дүйсенбайқызының «Мультфильмдердің бала тәрбиесіне әсері қандай?» атты мақаласындағы: «Американдық зерттеушілер теледидар көрермендерінің басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер екенін дәделдеген. Олардың пікіріне назар аударсақ,  әр бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экран алдында өткізеді екен. Осыған орай, зерттеушілер баланың мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенге дейін 19 мың сағат теледидар алдында отыратынын да дәлелдеген. Сонымен қатар, шамамен балаларымыз күніне 17 өлім, 37 мейірімсіздікке толы көріністерді көреді екен. Осыдан-ақ өз балаңыздың дүниетанымы мен жүйке жүйесінің қалыптасуына теледидардың қаншалықты әсер етіп жатқанын аңғаруға болады. Бүлдіршіндердің теледидардан көріп тамашалайтын туындылардың басым бөлігін мультфильмдер құрап отыр…

Қай-қайсымыздың болмасын үйіміздегі балаларымыздың бірі үстілеріне жамылғы жамылып, «Черный плащ» бо­лып зыр жүгіріп, айғайлап жатса, бірі «Ниндзя-Черепаха» болып, қылышын сумаңдатып жатады, енді бірі «Супермен» болып, алқымыңнан алады, тағы бірі «Өрмекші адам» болып тыным таппайды. Мұның себебі де жоқ емес. Өйткені олардың сана-сезімін, бүтін психологиясын не адам бейнесіндегі емес, не құбыжық емес қалыптағы бейнелер жау­лап алған. Ал оған тосқауыл боларлық дең­гейдегі ұлттық өнімдеріміз жоқтың қасы.

Жаһандану үдерісі белең алған шақта Батыстан келіп жатқан анимациялық фильмдер жас ұрпағымыздың санасын улауда. Қайсыбір шетелдік мультфильмді қарасаңыз да балаларды қызықтыру үшін барлық жағдайды ойластырған. Тіпті, балалар түгілі ересектердің өзін еріксіз баурап алады. Осыдан барып сана-сезімі, өзіндік ұстанымы әлі қалыптасып үлгермеген балалардың мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Күндіз-түні жағымсыз әсердегі фильмдер мен ағыл-тегіл төгілген қанды көріп, содан тәрбие алып өскен ұрпақ не болмақ?», – деген сөздерге біздің де алып-қосарымыз жоқ. Тек, келісеміз.

Баланы тек мульфильм ғана қызықтырмайды. Кейде атыс-шабыс кинолар мен балаларға арналмаған бағдарламаларды көргісі келетіні жасырын емес. Ал оның зиянын айтып жатпасақта, нәтижесін барлығымыз сезіп отырмыз.

Бүгінде қазақ телевизиясы негізінен у мен шудың, хайп пен шоудың ордасына айналды. Экран бетін бір өзі бар «мамандықты» меңгеріп, «ғұлама» болғысы келіп жүрген әрі өздерін «жұлдыз» атандырған шоумендер жаулап алғаны өтірік емес. Әрине, нағыз өнерпаздар жоқ емес. Бірақ танымал болып жүргендердің дені өнердің иісі мұрнына бармайтын, тек фонограмманы серік еткен пысықайлар екеніне дау жоқ. Осыларды үлгі тұтқан бүлдіршіндер де ғылым қуып, білім іздегеннен гөрі, айғай аттан салып, елге танылып, «жұлдыз» болуды көксеп жатса таң қалудың реті жоқ. Өйткені, қара жәшіктің тәрбиесі солай. Тіптен ел алдында боқтасу, жұлысу, шешіну танымал болудың төте жолы болып қалғандай.

Бүгінгі қазақ телевизиясы үш түрлі дағдарысқа ұшыраған. Біріншіден, шоу мен хайп қуалау. Рейтинг қуалаймыз деп ұятсыздық пен арсыздыққа жарнама жасап жатқанын, әрине, біледі. Бірақ, осыны тікелей танылу мен рейтингін көтерудің төте жолы санайды. Нәтижесі «ұялмаған өлеңші боладының» кері. Сосын барлық қоғам мүшелері дарынды ұстаз, білікті дәрігер, атақты ғалым, яки қарапайым еңбек адамы болудан гөрі экраннан түспейтін «жұлдыз» болуға талпынады. Қай каналды қойсаң да астарлы ой мен мағыналы әңгіме емес, мәнсіз әуен мен дарақы күлкі басым. Соның нәтижесінде қазақ қоғамының саясаты да, ғылым мен білімі де шоуға айналып кеткенін күнде көріп жүрміз.

Екіншіден, көшірме көп. Яғни авторлық немесе қазақ қоғамының иісі шығып тұратын бағдарламалар өте аз. Есесіне, экранды АҚШ та, Еуропа да, Ресейде қойылып, бүгінде тізесі шыққан бағдарламалар жаулап алған. Әрине, пайдалы, интеллектуалды бағдарламалар болса оның орны бөлек. Көбінесе түкке пайдасы жоқ шоулар. Сосын ешқашан бітпейтін үндінің жылауық сериалдары мен сағызша созылған түріктің «махаббат» хикаялары. Ал отандық телехикаялардың жасандылығы басым екенін онсыз да білеміз. Сондықтан шетел телехикаяларымен бәсекелес бола алмайды.

Үшіншіден, танымдық бағдарлама-лардың өте аздығы. Тіптен, жоқтың қасы десек те болады. Бала түгілі ересектердің де интеллектуалдық өресін көтеретін ғылыми, танымдық бағдарламалардың көп болуы баршамыз үшін керекті нәрсе. Өзіміз атаған АҚШ пен Еуропаны былай қойғанда, көршіміз Ресейдің өзінде тек танымдық бағдарламаларға арналған бірнеше телеарна жұмыс істейді. Біздің көшіргіш телеарналар осыған келгенде неге көшіріп алудан «ұялып» қалатыны тағы да түсініксіз.

Күні кеше Елбасының тікелей тапсырмасымен Ақпарат және байланыс министрлігі құрылған болатын. Аталған министрлік телеарналардағы бейберекет телеөнімдерге қарсы қандай шаралар қолданып жатқанын алда көре жатармыз. Коммерциялық, жекеменшік арналарды былай қойғанда, ең алдымен бюджеттен тікелей қаржы алып, мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған телеарналарды бақылауда ұстау өте маңызды. Әйтпесе, бірер жылда пұтқа табынатын ұрпақтың өсіп шығуы да ғажап емес. Одан кейін: «Ұрпаққа кім үлгі боп жүр?!» деп сұрақ қоюдың өзі кеш боп қалады.

 

Н.Тілеуқабыл

Сәрсенбі, 01 Шілде 2020 16:06

На крыльях золотых коней...

В 2020 году в календаре культурной и общественной жизни района сразу три «круглых» даты: 50-летие открытия некрополя «Алтын Адам», 10-летие музея-заповедника на сакских  курганах «Есік» и 85-летие со дня рождения ныне покойного археолога-популяризатора и исследователя древней истории Казахстана, подвижника казахстанской исторической науки Бекена ага Нурмуханбетова, участника раскопок Есикского могильника  в 1970 году.

Есикский некрополь – убедительное свидетельство тому, что в VI-IV веках до н.э. сакские племена создали свое первое государство, центр которого находился в Семиречье. Захоронение сакского правителя в костюме из чистого золота – шедевр ювелирного искусства древних мастеров Великой Степи. Изучение Есикского могильника подтвердило, что саки  не только создали  прикладное искусство мирового уровня, но также имели свою  письменность. На дне обнаруженной в Есикском кургане серебряной чаши высечена надпись из 26 знаков. В научном мире существует аргументированная точка зрения, согласно которой сакские племена говорили на прототюркских языках и были предками казахских племен. В любом случае, именно в этот период начинается формирование облика и языка современных казахов, их культуры, быта, народных обычаев.

Человек-легенда, который выдвинул идею  создания музея на Есикских курганах и более сорока лет посвятил ее осуществлению - старший научный сотрудник Института археологии им. А.Х. Маргулана, исследователь археологических памятников Кок-Мардана, Отырара, Баянжурека  –  Бекмуханбет Нурмуханбетов.

В 1969-1970 годах он был непосредственным участником раскопок на кургане Есик, в ходе которых был обнаружен «Золотой человек». Именно с тех пор Бекен ага продвигал идею о консервации земель Есикского могильника и открытия на его базе музея под открытым небом.  В 1992 году он  устроил первую экспозицию древностей в помещении аптеки напротив есикского почтамта, привез для демонстрации есикчанам реконструкцию Золотого Человека. Его  поддержала наша скромная районка «Еңбекшіқазақ». Из номера в номер она публиковала хронику небывалой выставки. При содействии главного редактора газеты «Еңбекшіқазақ» Х.Ахметжанова в Есик с визитом прибыл сам Первый Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев. Именно после  встречи Первого Президента РК и аксакала-археолога  крылатые кони – элемент костюма Золотого Человека, украсили  герб молодого суверенного  государства.

газета "Еңбек жалыны" ("Еңбекшіқазақ") 1992 г

Итогом долгой беседы Елбасы с Бекеном ага было еще одно  решение: музею быть! Но прошло еще немало лет, прежде чем состоялось его открытие.  Между тем Бекен ага из года в год  устраивал самостоятельные экспедиции, с помощью добровольцев вел раскопки и добился, чтобы  курганы, уже «обраставшие» дачами, крестьянскими хозяйствами, были спасены от уничтожения и вошли в госпрограмму «Возрождение историко – культурного наследия». Тогда же на основе его рекомендаций был разработан проект «Музей под открытым небом «Есикские курганы (Есикский могильник и городище Рахат)». В 2010 году, в год своего 75-летия и 40-летия  обнаружения некрополя «Алтын Адам», аксакал увидел исполнение своей мечты – на курганах начал работу  музей-заповедник «Есік», в котором он до самых последних дней был  главным консультантом.

В 2010 году по инициативе Первого Президента РК  страны Н.Назарбаева, в рамках общенациональной программы «Культурное наследие» свершилось долгожданное событие –  был создан государственный музей-заповедник «Есік», в охранную зону которого ныне входят Есикские курганы, городища Тальхир (Талгар), Рахат, Орикты.

Раскопки вблизи села Рахат

Визит-центр музея в стиле восточного дворца расположен на северо-западной окраине г.Есика. Значительная  часть представленных  экспонатов  – археологические находки из сакских поселений и могильников в Алматинской, Южно-Казахстанской и Восточно-Казахстанской областях, а также подлинные предметы из захоронения «Алтын Адам».  Самый большой интерес посетителей вызывает  реставрация Золотого Человека. Реставратор В.Садомсков в 1970-73 годах воссоздал одежду, головной убор, обувь и оружие сакского правителя.  В 1995 году художник-реставратор А.Танабаев  изготовил другой вариант одеяния Золотого Человека. А в 1997 г. реставратор Крым Алтынбеков произвел третью, новейшую  реконструкцию, которая  теперь экспонируется в визит-центре музея «Есік». 

Музей-заповедник «Есік» выступает в роли базы научных исследований казахстанских и зарубежных ученых. На могильниках и городищах совместно с казахстанскими археологами приезжают работать коллеги из Китая и Кореи:  ведь  тюркский мир средневековья  охватывал огромную территорию от Японии до Адриатики. Именно  в районе сакских курганов берет начало история всего Центральноазиатского региона.  Здесь истоки современного Казахстана как наследника древних государств саков, тюрков и Золотой Орды. В 2020 году собственными силами музея продолжаются исследования городища Рахат,  где обнаружен средневековый некрополь. В местах поселений, насчитывающих до десяти культурных слоев,  найдены осколки керамики и фрагменты металлических изделий.   Курирует раскопки директор музея, кандидат исторических наук Гульмира Мухтарова, под руководством  которой коллектив молодых сотрудников продолжает дело Бекена ага, восстанавливая историческую память о значении Великой Степи в мировой истории.

И.ТУРАНИН

 

Қазақ елінің мемлекеттігі болған жоқ деп көкіді Алматының мөлдір суынішіп, қып-қызыл апорт алмасын, Қазақ Республикасының миллиард пұттап алған әлемде теңдесі жоқ астығының нанын жеп өскен Жириновский. Қазақстан тұрған жерде мемлекет болмаған деп, тіпті Ресейдің басшысы  да жаңсақ «жаңалық» ашты. Ал тарихи шындық саяси астарлы жалған сөздерді жоққа шығарды.

Сауаттылығы Ресей тұрмақ, Еуропа, Америка құрлықтарының саясаткерлерінен артық болмаса, кем емес алаш ардақтылары текті де терең білімді азаматтарымыз ақпан және қазан революцияларының нәтижесінде құрылған федерацияның құрамына 1918 жылы Қазақ автономиясын кіргізуге қол жеткізгені – тарихи шындық. Бұдан кейін 1936 жылы Қазақ елі сол Ресеймен, Белорусь, Украинамен тағы басқа, жалпы, он бес  республикамен тең құқылы Республика болып кірді Одаққа. Әрине, Ресейді метрополия демесек те, қалғандары колония деп аталмағанымен, соған жақын күй кешкеніміз де ақиқат.

Ал мемлекет қазақта болмаған деп шатаса бергендерге Керей, Жәнібек хандар осыдан 550 жыл бұрын іргесін қалаған Қазақ хандығы мемлекет емей, тайпа, не ру ғана деп кім айта алады?!

Түбіміз бірге түркілерден де әрі тереңдесек, осыдан мыңдаған жыл бұрынғы сақ бабаларымыздың іздері тек қана тасқа қашалған петроглифтерде ғана емес, тағы жылқыны көлік қып мініп, етін азық, сүтін сусын қылып пайдаланғын Ботай қазбалары дәлелдеп берді.

Ал біздің өзімізді де, бабаларымызды да өркениеттен ада, тек көшпелі малшылар ғана болған деген «болжамды» Жетісу өлкесіндегі көне сақ обаларынан табылған құнды өнер туындылары, металл бұйымдар-ақ жоққа шығарды ғой.

Есік қаласының іргесіндегі ежелгі сақ қорғандарының бірінен археологтарымыз КемалАқышев, Бекмұханбет Нұрмұханбетов бастаған ғалымдардың тапқан алтынға, «оранған ханзада» «Алтын адам» деген атпен әлемді дүр сілкіндіріп, нағыз сенсация  жасаған еді ғой. Осыдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен сол бабалардың өткен жолын, құрған мемлекеттері мен салған қалаларын тарихшыларымыз әлі де ашып, зерттеп-зерделеп үлгере алмай жатқаны  да – бүгінгі күннің шындығы.

Мыңдаған жылдар бұрын тағы жылқыны әскери көлік, жауынгер аты қылып үйретіп, үстіне ер, сарбазға ат үстінен шіреніп тұрып садақ атуға болаттан үзеңгі,  қолына акинак қанжар, кеудесіне кіреуке сауыт кигізу үшін сол 25 ғасыр бұрынғы ұстахана шеберлері металлургияны қай деңгейде меңгергенін көрсетіп тұрған жоқ па?!  Аң стиліндегі өнер туындыларын, сол Алтын ханзаданың алтын бешпеті мен бас киіміндегі төрт мыңнан аса алтын детальдарын айтпағанда.

Бүгін мен неге жоғары пафоспен қазақтың, бабаларымыздың ұлан-ғасыр даланы қорғап, меңгеріп қана қоймай, айшықты іздерін бай тарихи деректерін қалдырғанын. Біріншіден, сол Есіктің Алматы қаласы жағынан кіре берісіндегі обадан табылған  Алтын Ханзадамыздың әлемге айғақталғанына елу жыл толып отыр. Сол сенсация авторының бірі Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы тірі болғанда сексен беске толып отырған кезінде өткен ғасырдың тоқсан екінші жылы «Еңбекшіқазақ» газетінің ақпараттық та, тікелей де қолдауымен ұйымдастырған Алтын адам көрмесіне Нью-Йорктен келген іскер қонағына бірінші Президентіміз Н.Назарбаевтың өз  айтуынша экзотикалық бір жәдігерін көрсеткен эпизодты еске алып отырар ма еді?!

Сондағы Бекен ағамыз көрме қонақтарының, Елбасының Алтын адамның алтын бас киіміндегі мифтік қанатты аттар қандай мағына береді деген сұрағына: «Сақ бабаларымыздың алға, болашаққа ұмтылуының символы деп жауап берген еді. Сонымен қоса Бекен аға музей туралы да сұрағын қойған-ды. Алғашқы музей сол кездесуден кейін құрылды. Ал екіншісі –  Есік қорық мұражайының эксклюзивті жобамен салынып,  қызмет атқарып жатқанына да он жыл болыпты. Бұлнысан да Елбасының тікелей тапсыруымен тікелей бақылауымен салынған.

Өтпелі тоқсаныншы жылдар ұлы бастамалар, ұлы істер жылдары десек, Ұлы бабаларымыздың басқан іздерін жаңғырту жылдары деп те айтуға тұрады.

Бір классик өз кейіпкерінің аузына: «Ашкөзіңді, принц, алғақара – сізді ұлы істер күтіп тұр» деген мағынадағы сөздерді салған екен. Бұл сөздерді бүгінгі ұрпаққа қарата айтсақ: тарихымызды таразылап ұлыларымыздың ұлы істерін алға бастырайық.

 

Хайролла Ахметжанов,

Қазақстанның құрметті журналисі

Тәуелсіздігіміздің символына айналған Алтын адам бейнесі еңсесі биік елдігіміз бен дұшпанына дес бермес ерлігіміздің ескірмес естелігі, һәм ескерткіші іспеттес. Ал алтынмен апталған сауытқа көз жүгірткен кез келген жан мәдениетіміз бен өркениетіміздің өзегі тереңнен тарайтынын түсінері хақ. Ханзада киіміндегі алтынның әр бөлшегіндегі бедер философиялық мазмұнға ие. Дүниетанымымыздан сыр шертіп, тарихымызды таңбалап тұр. Обадан табылған төрт мыңнан астам алтын бұйым, күмістен жасалған ыдыстар, болаттан соғылған қанжар, әшекейлерге қондырылған қымбат тастар қазақ жерінің қашаннан бай, ал темірден түйін түйген бабаларымыздың он саусағы шебер, өрісі кең, таным-түйсігі биік болғанын байқатады.

Қазақты малдың соңында көшіп-қонып қана жүрген надан етіп көрсетуге күш салған кеңестік идеология 1970 жылы жарқ еткен жаңалыққа таңдай қағып, таңырқай қарады. Ол – Есік қаласынан табылған алтын киімді адам еді. «Алтын адам» аталып кеткен осынау «олжаны» әлем жұртшылығы бір көру үшін қазақ жеріне ағылды. Дүниежүзінің маңдайалды ғалымдары келіп, қазақтың жерінде бастау алып, жалғасып жатқан мәдениетті мойындады. Аңдық стильдің айшықты белгілеріне бас шайқай қарап, ұсталардың шеберлігіне таңырқасты. Ханзада киімі мен бұйымдарының 2500 жыл жер қойнауында жатып, еш бүлінбей сақталуы да – сақ дәуіріндегі өнердің дамуының дәйегі дейді көзі қарақты жұрт.

Археология ғана емес, адамзат тарихында үлкен сенсация болған осынау Алтын адамның табылғанына биыл 50 жыл толды. Ал оны алғаш тапқан, әрі өмірінің соңына дейін сақ ханзадасының танылуына тынбай еңбек еткен Бекен ата аман болса, осы жылы 85 жас меретойын атап өтер еді. Аңқылдаған ақ жүрек Бек­мұ­ханбет Нұрмұханбетовті көпшілік «Бекен ата» атап кеткен. Осында оқырманға түсіндіре кетер бір жайт, мектеп оқулықтарында Алтын адам 1969 жылы табылды деп оқыдық. Ал өткенге  зер салсақ, Алтын адамның табылу тарихы 1963 жылы Есік қаласында болған селге тікелей қатысты екенін де түсінеміз. Сел автобазаны шайып кеткендіктен оған жаңа жер бөлінеді. Ғимаратты салудан бұрын ол ежелгі оба бар орынға «Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану туралы» заңға сәйкес археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілу керек. Сондықтан  ҚазақКСР  ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтынан Кемел Ақышевтің басшылығымен экспедиция тобы құрылады. Оның Есік археологиялық отрядына институттың кіші ғылыми қызметкері Бекмұханбет Нұрмұханбетов жетекші болып тағайындалды.

Бекен ата

Осылай зерттеу жұмыстары да күз айында басталып, тоналған қабір ашылғаннан кейін археологтар ол маусымды тоқтатады. Келесі жылы, яғни 1970 жылы қазба жұмыстарының екінші маусымы сәуір айында басталады. Ол кезде отрядта екі адам: отряд жетекшісі – Б.Нұрмұханбетов пен аға лаборант – А.Амандықов жұмыс істеген. Сонымен көпке созылмай, сол сәуір айында-ақ Алтын адамның мүрдесі табылған.

Реставратор В.Садомсков алтын киімнің детальдарының көшірмесін құйып, Алтын адамның алғашқы тұлғасын ұсынды. Алтын адамның сол тұлғасы Алматыда көрсетілді. Одан кейін шекара асып, үлкен көрмелерде көрсетілді. 1973 жылы Мәскеуде, 1974 жылы Лейпцигте, 1975 жылы Каирде, 1976 жылы Дамаск қаласында өткен халықаралық көрмелерге қойылды. Бірақ бір өкініштісі, сол заманда бүкіл әлем жарыса жазып жатқан Алтын адам «өз отандастары» – Есік тұрғындарына 22 жылдан соң ғана жетіпті. Мұнда да мұрындық болған – Бекен ата. Сонымен қатар ол кезде «Еңбек жалыны» аталған қазіргі «Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің ұйымшыл ұжымының еңбегін атап өткеніміз жөн.

"Еңбек жалыны" (қазіргі "Еңбекшіқазақ") газеті, 1991 жыл

Есік қаласындағы сақ обасынан Алтын адамның табылғанына 50 жыл, мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ашылғанына 10 жыл, ал осы екі істің де басы-қасында жүріп, тікелей еңбегі сіңген белгілі археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетұлының – Бекен атаның туғанына 85 жыл толып отыр. Осыған орай төмендегі сұқбаттарды назарларыңызға ұсынамыз.

 

 Бекбол Нұрмұханбетов: Әке жолымен жүріп келемін

 

«Атадан ұл туса – игі, ата жолын қуса – игі» дейді қазақ. Бекен атаның кенже ұлы Бекбол Нұрмұханбетов – осынау аталы сөздің тереңін түсінген ұрпақ. Бүгінде қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырған ол әке жолын жалғап келеді.

– Бекбол, өзіңді көп жылдан бері танимын, бірақ археологияға, әсіресе, ғылымға қызығушылығыңды ешқашан байқамап едік.

– Иә, бұл қызығушылықтың бұрын болмағаны рас. Кішкентай кезімде балаларға арналған археологиялық лагерьге баратынмын. Бірақ онда да осы салаға қызыққаннан емес, тек уақыт өткізу үшін ғана. Ал әкем өмірінің соңына дейін экспедицияға барумен өтті. Тарихты, қазба жұмыстарын жан-тәнімен жақсы көретін. Оларсыз бір орында тыным таппайтын. «Таңертең кезекті экспедицияға шығамын» деп қамданып отырған, бірақ түнде аяқасты көз жұмды. Сонда айтқаны: «Бұл менің соңғы экспедициям болғаны ма?» Әкем үшін экспедиция қаншалықты маңызды болды, жалпы, экспедицияның не екені мені тек сол сәтте ойландырды. Осылай, әкемнің археологиялық қызметі, Есік сақ қорғандарының, Есік музейінің ашылуында сіңірген үлкен еңбегі, жалпы, ғылымда басқан әр қадамын, кешкен күйін – бәрін-бәрін тереңнен тануға, бойымнан өткізуге тырыстым. Қуанышыма орай, музей директоры Гүлмира Райылқызы дипломыма қарай мені суретші-экспозиционер ретінде жұмысқа шақырды. Бұл музейдің әкем үшін қаншалық ыстық екенін елдің бәрі жақсы білетін шығар. Оның ашылуы әкемнің қажырлы еңбегінің арқасында деп білемін. Күндердің бір күні үлкен музейдің болатына сеніп, жыл сайын Есік қорғандарында көктем шыға киіз үйін тігіп, қар түскенше туристерді қабылдап, тарихтан сыр шертіп, қорғандарды «күзетіп» сонда отыратын. Музейге орналасуым да әкемнің әр ісін терең тануға мол мүмкіндік болды. Әкем араласқан көптеген ғалым, археологтармен мен де танысып-білісе бастадым. Осылайша археологияға деген қызығушылығым өздігінен арта берді.

Есік мемлекеттік мәдени-тарихи қорық-музейіндегі Бекен атаның кабинеті

– Алғашқы экспедицияң туралы айтсаң, саған оның қандай әсері болды?

– Әкеміздіңжылын өткізгеннен кейіноның құрметінешәкірттері, қызметтестері мен жақындары бірігіп, «Нұрмұханбетов ЭКСКАВЭЙШНС» атты халықтық археологиялық экспедиция ұйымдастырдық. «Экскавэйшнс» – әкемнің сүйікті сөзі, ұраны болатын. Кезекті «жорығына» шығарда гүрілдеген зор дауысымен осы сөзді дауыстап тұрып айтатын. Біздің қазба жұмыстарымыз Рахат пен Өрікті ауылдарының арасындағы қорғандардың біріне жүргізіліп, алтыннан, темірден жасалған бұйымдар табылды. Әкем әр қазба жұмысында музей экспонаттарымен көрме ұйымдастырып, ондағы көрермендерге лекция өткізетін. Біз де осыны негізге алып, тек қазба жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, әкем сияқты мейлінше жан-жақты болуға тырыстық. Лекциялармен қатар, ата-бабамыздың байырғы өмірінің көрінісі – садақ атудан, тазымен аң аулаудан, тоқыма тоқудан өз мамандарын шақырып, мастер класс өткіздік. Біз құрған лагерьге келушілер де көп болды. Жалпы айтсам, бұл экспедиция менің жаңа өмірімнің алғашқы іргетасын қалап бергендей. Қызығушылықтарым, көзқарасым өзгерді. Әкемнің ісіне бір табан жақындай түстім. Көптеген адамдармен танысып, жаңа достар таптым. 2018 жылы Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ғылыми қызметкерлерінің жетекшілігімен Есік көлінен оңтүстік-батыста 6 шақырым жерде орналасқан «Қыземшек» тауына волонтерлерді экспедицияға апардық. Теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте жатқан бұл орынның жұмбағымен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Әрі өзім танысып қана қоймай, бұл туралы 2019 жылы Әзірбайжанның астанасы Бакуде петроглифтерге қатысты өткен халықаралық ғылыми семинарда баяндама жасадым. Қазіргі уақытта бірқатар елдің ғалымдарымен байланыстамын, түрлі конференцияларға шақырып тұрады.

– Қандай жоспарларың бар?

– Жоспар, әрине, көп. Бірақ биылғы көктем көпшілікке нақты жасалған жоспардың да жүзеге асу-аспауы екіталай екенін көрсеткен сияқты. Дегенмен, нақты жоспардың жайын айтпасақ та, әкеміздің үлкен аманаты бар.

– Ол қандай аманат еді?

– Ол – Алтын адамның сүйегін жер қойнына тапсыру. Жай ғана жер қазып, көме салу емес, ханзадаға сай сый-құрметпен жерлеу рәсімін өткізу. Қарапайым, әрі айтарлықтай маңызға ие үлкен жұмыс. Қазақстанның елтаңбасында қанатты тұлпар бейнеленген. Ол – Алтын адам тәжіндегі (бас киіміндегі) элемент. Біз көшпенді халық мәдениетінің мұрагері ретінде осынау кодтан бастау аламыз. Өткенге, ата-баба аруағына құрмет осыдан басталады. «Аруақ қолдасын», «Тәңір жарылқасын» дегенді бекер айтпаймыз. Аруақ, Тәңір, Жер мен ғарыш – мұның бәрі бір-бірімен өзара байланысып жатыр. Бұл байланысты үзуге болмайды. Қашаннан бабалар аруағын қастерлеген халықпыз. Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. «Алтын адамның сүйегін топыраққа табыстағанда елімізде тек жақсылық болады» деп отыратын әкем. Ендігі жоспарымыз да, мақсатымыз да – әкемнің осынау аманатын орындау.

*****

Гүлмира Мұхтарова: Аманатқа қиянат болмайды

 

Есік мемлекеттік мәдени-тарихи қорық-музейінің қабырғасы қаланғаннан бері басқарып отырған белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлмира Мұхтарова музейдің жұмысымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.

– Есік мемлекеттік мәдени-тарихи қорық-музейінің ашылғанына биыл 10 жыл болды. Қандай жұмыстар атқарылды?

– Жаңа ашылған мәдени мекеме, соның ішінде қорық-музей үшін 10 жыл айтарлықтай көп уақыт емес. Дегенмен, біраз жұмыстардың атқарылғанын айту керек. Музейдің қабырғасы алғаш қаланғаннан бастап осында қызмет атқарып келемін. Музей директоры ретіндегі қызметім экспозиция құрудан басталды. Біздің негізгі зерттеу нысананымыз – сақ қорғандары болғандықтан, бастапқыда экспозиция құру жоспарланбаған еді. Бірақ көрерменді тарту, оларға сақ мәдениетін,тарихын қызықты, тартымды етіп жеткізу үшін әкімшілік ғимараттың екі залына экспозиция құруды ұйғардық. Бастапқыда Астанадағы Алтын және құнды металдар музейінен алынған Алтын адаммен бірге табылған 19 заттардан тұратын экспозициямыз қазір 435 жәдігерден тұратын 4 залға толықты. Экспозициямыздан сақтар мәдениетін, тарихын, Алтын адамның табылу, зерттелу тарихын, сонымен қатар жалпы Қазақстан археологиясы тарихы туралы мәлімет алуға болады.

Қорық-музейге бастапқыда 5 қорған ғана қамтылған 6 га жер бөлінген болатын. Ал Есік қорымындағы сақталып қалған 80-нен астам қорған қорық-музейдің қарамағына берілмеді. Қорық-музейдің негізгі қызметі осы қорғандарды тарихи ескерткіш ретінде сақтау, содан кейін барып зерттеу, дәріптеу. Сондықтан да біз ендігі кезекте – қорық-музейдің қорғау аймағын анықтау және бекіту жұмысына кірістік. Бұл өте күрделі және қиын мәселелердің бірі болды. Нәтижесінде 2014 жылы қорғау аймағы бекітілді. Қорғау аймағына Есік қорымы мен бірге Рахат қалашығы және Өрікті қала жұрты кіргізілді. Кейіннен қорық-музей балансына ЮНЕСКО тізіміне кірген ортағасырлық Талхар (Талхиз) қалашығы берілді. Қазір қорғау аймағы 447 га жерді құрайды.

Халықаралық қатынастар да бір жолға қойылды. «Бір жол, бір белдеу» халықаралық жобасы аясында ҚХР-сы, Сиән қаласындағы Шәнши археологиялық институтымен, Оңтүстік Кореядағы 5 ғылыми институтпен, Ресейлік археологиялық институттармен келісім шарт негізінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеміз.

 

Есік обалары

– Қорғандар 80-нен астам дедіңіз, оның нақты саны белгісіз бе?

– Қорық-музей ашылмай тұрғандағы құжаттарда Есік қорымында сақталған қорғандардың саны 40-тан астам деп көрсетіліп келген. Қорғандардың төлқұжатын жасау және басқа зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында тек қазіргі қорық-музейдің қорғау аймағының өзінде 80-нен астам қорған қалғаны анықталып отыр. Әлі де қорғандардың санын нақты айта алмауымыздың себебі – бұл жерде сақ дәуіріне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі жерлеу орындары бар. Есік қаласының аумағы кезінде түгел қорғандардан құрылған үлкен қорым болған. Шамамен алғанда, бұл өңірде 600-ден астам қорған болған деп есептейміз. Сақ бабаларымыз, негізінен, таулы аймақтарда өмір сүріп, жазық далаға қорған салған. Олар қорғандарға үлкен мән берген. Бұл туралы тарих атасы Геродот өзінің «Тарих» атты еңбегінде нақты көрсетіп кетеді. Қорған тұрғызуда сақтардың белгілі бір жүйесі де болуы мүмкін. Өкінішке қарай, біз әзірге қорғандардың орналасу тәртібін, жүйесін білмейміз. Егер ондай мүмкіндік болса, біраз жұмбақтың сыры ашылар ма еді? Демек, Біздің басты мақсатымыз – осы күнге дейін жеткен қорғандар ландшафын ары қарай сақтап, оны болашақ ұрпаққа аманат ету. Бір сөзбен айтқанда, қорғандардың нақты санын анықтау, олардың құжаттамасын жасау әлі де зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жоба ретінде ұсыныс беріп те отырмыз.

– Тек сақтап қалу ма? Оларды біртіндеп зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізуді мақсат етпейсіздер ме?

– Қазіргі инфрақұрылым қарқында дамып келе жатқан уақытта негізгі мақсатымыздың қорғандарды ең алдымен сақтап қалу мәселесінің бірінші кезекте тұрғаны түсінікті деп ойлаймын. Қорғандар – біз үшін ең алдымен, сақ бабаларымыз туралы мәлімет беретін дереккөзі. Яғни тарихымыздың діңгегі. Сақталып қалған қорғанды белгілі бір жүйемен, тәртіппен зерттеу уақыттың үлесінде. Ал қазір ең алдымен жойылып кету алдында тұрған қорғандарға зерттеу жұмыстарын жүргізуді қолға алғанбыз. Дегенмен, ғылыми зерттеулер, халықаралық байланыстар аясында да қазба жұмыстары жүргізілуде. Оңтүстік Корея Республикасының Кенжу тарихи қаласында ұлттық музейге қарайтын біздің қорғандарға ұқсас қорғандардың шоғырланған паркі бар. Сол парктегі қорғандарға түгел зерттеулер жүргізілген. Зерттеу жүргізілгеннен кейін қорғандар қалпына келтіріліп қойған, кейбіреулері музейлендірілген. Біз де сол тәжірибені пайдалануымыз керек.

– Жойылу алдында тұрған қорғандар көп пе?

– Біздің қорғау аймағымызға кірмейтін Есік қала ішінде, қала сыртында сақталып қалған қорғандар көп. Оларды қадағалау жергілікті атқару органдарының құзырында. Олардың барлығы дерлік есепке алынып, құжаттамасы жасалынуы керек. Дегенмен, құрылыс жұмысын немесе басқа шаруашылық жұмысын жасау барысында қорғандардың орны табылып жатады. Кейде тіпті есепке алынған қорғандардың өзі жартылай немесе түгел қазылып кететін жағдайлар да болады. 2019 жылы желтоқсанда ескерткіштерді қорғау және пайдалану заңы қайта бекітілді, заңға көп өзгерістер енгізілді. Жеке азаматтардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілді. Бұл заң қорғандардың жойылуына тосқауыл болады деген үміттеміз.

– Тек музейге жауапты емес, сонымен қатар қазба жұмыстарын да жүргізіп, ғылыми-зерттеу орталығы ретінде де қызмет етесіздер ғой?

– Біздің атауымыз айтып тұрғандай біз біріншіден қорық, содан кейін музейміз. Қорық-музей 2011 жылдан бастап аккредиттелген, лицензиясы бар ғылыми мекеме ретінде Мәдениет және спорт министрлігінің қаржыландыруымен Жетісу сақтарының мәдениеті, тарихы, мифологиясы, идеологиясы бойынша бірнеше ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. 2019 жылдан бастап Рахат қалашығы бойынша ғылыми-қолданбалы жобаны қаржыландыру басталды.

Рахат ауылы маңындағы қазба жұмыстары

– Ғылыми-қызметкерлеріңіз жеткілікті ме?

– Иә, бүгінде 30 қызметкеріміз бар, соның жартысына жуығы ғылыми қызметкер. Себебі, қорық-музейдің барлық жұмысы ғылыммен байланысты. Жалпы, менің талабым – экскурсоводтың да ғалым болуы. Әрине, жаттап алған мәтінді судыратып айтып бергеннен ғөрі, өзі қазба жұмысына қатысып, қорғандарды жан-жақты зерттеп, артефактілерді қолымен ұстап, оларға сараптама, салыстарма жұмысын жасаған, сақтардың тарихы бойынша мақалалар жазып жүрген қызметкер экскурсияны әлдеқайда жақсы жүргізеді ғой.

– Шетелдік ғалымдармен жұмыс істеу сіздерге не береді?

– Жасыратыны жоқ, біріншіден, шетелдік ғалымдарға инвестор ретінде қараймыз. Солардың көмегімен қазба жұмысын жүргіземіз. Екіншіден, адамның пайда болуы, дамуы – баршаға ортақ. Бірлесе жұмыс істей отырып, бір-біріміздегі материалдарды салыстыра талдап, ақиқатқа жете аламыз. Оған қоса, шетелдік әріптестеріміздің қолында әзірге біздің қолымыз жете қоймаған соңғы технологиялар бар және олармен жұмыс істеуді жақсы меңгерген. Біз үшін оның да пайдасы да, үйренер тұсымыз да өте көп. Тағы бір айта кетерлігі, корей халқы арғы ата-тегін бізбен, ғұн, үйсіндермен байланыстырады. Шығу тегіміз, түбіміз бір дейді. Сондай-ақ қытайлармен де тарихи көрші мемлекет ретінде ортақ зерттейтін дүниеміз көп.

– Жоғарыда Талғар қалашығы жайында айттыңыз. Онда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Ортағасырлық Талғар (Талхиз) қалашығы (VIII-XIV ғғ) – Ұлы Жібек жолындағы ірі мәдени, сауда, діни орталықтардың бірі. Алматы қаласының шығыс жағында 25 шақырым қашықтықта, қазіргі Талғар қаласының оңтүстік жағында орналасқан. Қазіргі уақытта көлемі – 298х302 м (9 га) қалашықтың орталық бөлігі ғана сақталып қалған. Ортағасырлық Талғар қалашығы тарихи ескерткіш ретінде 1921 жылдан бастап зерттеле бастаған. 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. 2018 жылдан бастап Ортағасырлық Талғар (Талхиз) қалашығы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне тұрақты пайдалануға берілді.

Оның территориясы мен бас қақпасы астынан өтетін су құбырын қала аумағынан шығару бойынша 2020 жылға облыстық бюджет есебінен, жобалық-сметалық құжаттар дайындауда. Ортағасырлық Талғар қалашығының буферлық аймағына жақын орналасқан үйлерді көшіру мәселесі өзекті болып тұр. Әртүрлі себептерге байланысты (адамдардың, малдың) қалашық қоршауының кей тұстары дәнекерленген жерінен ажырап жатыр. Оларды қайта қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіліп тұрады. «Есік» қорық-музейінің қызметкерлері Талғар қалашығын алғаш зерттеуші, археолог И.И. Копыловтың жеке архивін цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Талғар қалашығы бойынша шағын флаерлер, видеороликтер, арнайы слайдтар жасалды. Карантин уақыты аяқталған соң Талғар аудандық білім беру орындарында осы тақырыпта арнайы 1 айлық дәрістер өткізіледі.

Былтырдан бастап Талғар жаққа арнайы штат бөлініп, қызметкерлерді қабылдадық. Ендігі біздің басты мәселеміз – жергілікті тұрғындардың Талғар қалашығына деген көзқарасын өзгерту. Себебі, ол жер бұрын демалатын, кейін мал бағатын орын болған. Соны әлі күнге дейін тоқтата алмай отырмыз. Күзет қойып жатсақ та, қоршау темірлерін ұрлау, қирату жағдайлары әлі күнге тіркеледі. Яғни ескі қалашықты халық әлі ескерткіш ретінде қабылдамайды. Сондықтан үйді-үйді аралап, ескертпелер таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай мәселелер кезінде Есік қорық-музейі ашылғанда да болып тұратын. Қазір жағдай біраз өзгерді.

– Қазірде Рахат ауылының маңында қазба жұмыстарын жүргізіп жатсыздар. Мұнда қандай жаңалық бар?

– Рахат қалашығы Есік қорымынан оңтүстікке қарай 3 км қашықтықтағы тау бөктерінде орналасқан, жалпы территориясының көлемі 50.2 га. 2013 жылы Рахат қалашығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қорғау аймағына берілді. 1999 жылғы «Алтын адам» ассоциясының мүшесі Бекен Нұрмұханбетов үш қамал, цитадель және басқа құрлымнан тұратын қалашықты сақ резиденциясы болуы және «Алтын адамның» сүйегі осы жерден шығарғарулы мүмкін деген болжам жасаған.

2004 жылы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты мамандары қалашыққа стратиграфиялық бақылау (шурф) салу арқылы Есік қорымының уақытына сәйкес, яғни сақ дәуіріне келетін мәдени қабатты анықтады. 2015 жылдың қазан айынан бастап «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі (Қазақстан) мен Шәнси облыстық археологиялық мәдениет басқармасы (Қытай) арасында мәдени мұраларды қорғау мақсатында ынтымақтастық туралы алғашқы уағдаластыққа қол жеткізді. Халықаралық «Бір жол – бір белдеу» бағдарламасы аясында 2016 жылдың маусым айынан бастап «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Шәнси облыстық археологиялық институтымен келісім шартқа қол қойды. Осы келісім шарт негізінде 2017-2019 жылдар аралығында Рахат қалашығында халықаралық бірлескен барлау және қазба жұмыстары жүргізілді. 2019 жылдың 29 мамырынан бастап «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Сақ дәуірінен XIII ғасырға дейінгі Рахат археологиялық кешенінің материалдары негізіндегі Жетісу материалдық мәдениетінің семиозисі» атты ғылыми қолданбалы жоба аясында Рахат қалашығына және қалашық маңындағы 2 қорғанға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, Рахатты толық қазып, нақты қорытынды жасау үшін 50-70 жыл қажет. Дегенмен, қазіргі қазба жұмыстарының нәтижесінде 9 мәдени қабат табылды. Осылайша қалашық жасына қатысты ерте темір дәуірінен орта ғасырға дейінгі аралық деген уақытша болжам жасалды. Әзірге қол жеткен мәліметтер бойынша бұл жер палеолит дәуірінен бастап ерте темір ғасырын қамти келе орта ғасырға дейінгі мерзімде адамдардың түрлі тіршілік әрекеттерін (рухани, ғұрыптық және т.б.) атқарған орны болған деген болжам жасауға болатын сияқты.

Есік мемлекеттік мәдени-тарихи қорық-музейі

– Бекен ата Алтын адамның сүйегін жер қойнына тапсыруды аманаттап кеткен екен. Сол туралы айтсаңыз...

– Осы қорық-музей ашылып, алғашқы қонақтарымыз келе бастаған күннен бастап бізге ең көп қойылатын сұрақтардың бірі – «Алтын адамның сүйегі қайда?». 2013 жылы Алтын адамның қаңқа сүйегін тауып, зерттеулер жүргізіп, шынымен сол екенін дәлелдеп те шықтық. 2015 жылы Алтын адамның қаңқа сүйегінің үлгісін алып, DNAгеномасын зерттеуге екі рет әрекет жасадық. Бірақ сүйектің сонау 70 жылдардан бастап бүгінге дейін белгілі бір талаптарға сай сақталмауына, сүйектегі мәліметтер жойылып кетуіне байланысты зерттеулер нәтижесіз болды. Дегенмен, ғылым, технология күннен-күнге дамып жатыр. Әлі де болса, ақпарат аламыз деген үміттеміз. Бүгінде бұл мәселе бойынша отандық ғалымдарымыз да зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ғалымдардың өтініші бойынша қорытынды шықпай ешқандай мәлімет бере алмаймыз.

Ал енді Бекен ағаның аманатына келер болсақ, әлі де болса, Алтын адамның қаңқа сүйегін зерттеу мүмкіншілігі бар деген үмітпен сүйекті жерлеп тастауға асықпағанымыз дұрыс деп отырмыз. Себебі ғалымдардың айтуынша, сүйекті жерлеген күнде жер беті температурасының  жер асты температурасымен алмасуы сүйектің зақымдануын тездетіп, сүйек тіпті зерттеуге келмей қалады. Бұл – бір жағынан, ғылымға жасалған қиянат. Ал екінші мәселеге келсек, Бекен ағамыз Алтын адамның сүйегін сақ кезеңіндегі жерлеу рәсімін сақтап,  көсемді жерлегендей құрметпен, жоғары деңгейде, өкімет басшыларының қатысуымен жүзеге асқанын армандаған. Геродот жазбаларына сүйенсек, сақтардың кезінде патша өмірден өтсе, арбаға салып (колесница) қырық күн елді аралатып, қоштасады екен. Бұл – бір ғана көрінісі. Сақтардың бар әдет-ғұрпын сақтай отырып жерлеу – қиын шаруа.

Ендігі кезекте Алтын адамның сүйегін жерлеп тастау емес, арнайы камераға салып, музейлендіру мәселесін көтеріп отырмыз. Алдағы уақытта жоспарымызда сапар орталығын ашу бар. Оның бір залы Алтын адамның «қорғаны», яғни сүйегі  музейлендірілген зал болуы мүмкін.

– Бұл істі қашан қолға алмақсыздар? Министрлікті бұл ойларыңыздан хабардар еттіңіздер ме?

– Әрине, бұл мәселені Мәдениет және спорт министрлігі әрдайым назарда ұстап отыр. Тіпті сапар орталығын салудың өзі – министрлік тарапынан түскен ұсыныс. Бұл 2021 жылға жоспарланып отыр. Жоспар іске асқан күнде экспозиция құру жұмыстары 2022 жылы ұйымдастырылады деп ойлаймын. Алтын адамның сүйегін музейлендіру, жерлеу мәселесін жергілікті мәслихат деңгейінде де көтергенбіз. Әкімшілік қолдап, күн тәртібіне қойылған болатын. Өкінішке қарай, белгілі бір жағдайларға байланысты бұл іс аяқсыз қалды. Енді оған қайта кірістік. Әрине, бұл шаруа қорық-музей, әкімшілік, халық болып іске асырылуы керек. Себебі Алтын адам – ең алдымен табылған жерінің мұрасы, мақтанышы, яғни аманаты.

 

Сұхбаттарды жүргізген Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

 

Сәтті сәрсенбіде кезектен тыс 64 сессия өтті. Күн тәртібінде бір ғана мәселе:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 23-1 бабына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданы әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы. Аудандық мәслихат депутаттарының алдына кандидатты Алматы облысы әкімінің бірінші

орынбасары Ләззат Тұрлашев әкеліп, таныстырды. Сессия жұмысын аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізіп отырды.

Әңгімесінің әліппесінде Ләззат Махатұлы 8 жылдан аса іргелі ауданды біліктілікпен басқарып, бүгінде құрметті зейнет демалысына шыққан Бинәлі Әбдіқапасұлы Ысқақтың еңбегін жоғары бағалады: – Бүгін біз Бинәлі Әбдіқапасұлын халық қалаулыларының алдында аса құрметпен шығарып саламыз деген ниетпен келдік. Алайда, елімізде орын алған пандемия кесірінен Бинәлі Әбдіқапасұлы денсаулығына байланысты жиынға қатыса алмай отыр. Бинәлі Ысқақ 20 жылға жуық мемлекеттік қызметтерде абыройлы еңбек етті. Оның ішінде институт бітіргеннен бері осы ауданда қарапайым жұмысшыдан бастап түрлі басшылық қызметтерді де адал атқарған. Оның басшылығымен ауданда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтерді, ауданның экономикалық даму қарқыны өсті. Еңбектегі жетіс-тіктері еленіп, «Құрмет» орденімен де марапатталған. Осындай табанды қызметі үшін Амандық Баталовтың атынан алғыс білдіремін, – деп облыс әкімінің Құрмет грамотасы әзірленгенін жеткізді.

Кейіннен әудан әкімі лауазымына кандидат Қашқымбаев Қуанышбек Қалиұлының өмірбаянымен таныстырды.

Қуанышбек Қашқымбаев 1962 жылы 11 маусымда дүниеге келген. 1988 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Кентау электр инженері», 2011 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң мамандығы бойынша қатардағы жұмысшыдан бастап, басшылық қызметтерге дейін өскен. 1994-2014 жылдар аралығында жер қатынастары, жерге орналастыру жер ресурстарын басқару саласындағы ұйымдарда әртүрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі болған. 2016-2018 жылдары Алматы қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасын, 2018 жылдан осы уақытқа дейін Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған. Бұл ретте Ләззат Махатұлы – Қуанышбек Қалиұлы тәжірибесі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбек тәжірибесін өндірісте тиімді қолдана білетін басшы. Жаңа қызметте осы уақытқа дейін жинақтаған тәжірибесін, күш-жігерін ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына жұмсайды деген сенімдеміз, – деді.

Заң шеңберінде аудандық мәслихат депутаттары бір-ауыздан келісім беріп, осы жылдың 1 шілдесінен іргелі өңіріміздің басшылық тізгінін Қуанышбек Қашқымбаев ұстады.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА, аудандық мәслихат

депутаты

Соңғы жаңалықтар

Қаз 03, 2024

Перспективы радиационных технологий:…

Радиационные технологии прочно вошли в нашу жизнь несколько десятилетий назад, однако и…
Қаз 03, 2024

Глобальные тренды требуют внедрения…

Одной из задач, поставленных Главой государства перед страной- это устойчивое развитие…
Қаз 03, 2024

Почему атомная станция, а не…

В преддверии Общенационального референдума по вопросу строительства атомной…
Қаз 03, 2024

"Құпиясы көп мекен": Атом…

Елімізде атом электр стансасын салу туралы бастама көтерілгеннен бері қазақстандықтар осы…
Қаз 03, 2024

Референдум дауыс беру ғана емес,…

Бүгін Жезқазған қаласында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Қазақстан…
Қаз 03, 2024

Халық саны мен экономиканың өсімі…

Еліміздегі 30 ірі жобаға қазірден инвестиция тартса, оларға шамамен 8 ГВт электр…
Қаз 03, 2024

Несколько слов по поводу АЭС

Вокруг АЭС сегодня много разных мнений и споров. И основной "негативный" фактор, который…
Қаз 03, 2024

АЭС әлемнің 32 елінде бар

Атом электр станциясы әлемнің 32 елінде бар. Жалпы алғанда оларда 400-ден астам ядролық…
Қаз 03, 2024

Алматы облысында сел қаупі сейілді

Өңірде биыл сел қаупі ерекше жоғары болды. Таулы аймақтарда мұздықтардың қарқынды еруі…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет