Жұма, 09 Қазан 2020 09:58

«Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде...»

«Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде...» mezet.kz

Қазақстан Республикасының Ата заңында барлық азаматтардың құқығы тең екендігі жазылған. Дей тұрғанмен де, бүгінгі таңда тағдырдың тауқыметін тартқан мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасалмай тұр. Жаһандық үдеріске ілескен мемлекетіміз мүгедек азаматтардың қоғамдық орындарда, қызмет көрсету мекемелерінде қолайлы қозғалуын қамтамасыз ету керек. Заң бар. Бірақ оған мемлекеттік мекемелер ғана бағынатын сыңайлы. Жеке меншік нысандағы көрсетілетін қызметтерге мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың жүгінуі қиынға соғып тұр бұл күнде.  Айтпағымыз, қоларбаға таңылған азаматтардың ғимаратқа кіріп-шығуына қолайлы жол – пандустар мәселесі.

Осы уақытқа дейін мемлекет меншігіндегі нысандардың барлығы дерлік мүгедектердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін пандустарды жаңартқан болатын. Бұл арбамен жүретін азаматтар үшін қуанышты жаңалық болды. Алайда кейбір кәсіпкерлеріміз мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын ескермейтіндей көрінеді. Оған көз жеткізу үшін Есік қаласының орталығынан жүріп өтсеңіз жеткілікті. «Иссык» фотосалоны, «Хоум кредит банкі», ломбардтар, айта берсең, жетіп-артылады. Азық-түлік дүкендері өз алдына.

Мүгедек жандармен тікелей жұмыс жасайтын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, осы уақытқа дейін ауданымызда 256 нысанға паспорттау жүргізілген және барлығы порталға енгізілген. Соның ішінде 89 нысанда мүмкіндігі шектеулі жандарға толыққанды жағдай жасалған. Яғни, ғимаратқа кіріп-шығатын пандус, көзі нашар көретін азаматтарға арналған сары жолақтар, брайль қарпімен жазылған маңдайшалар, көмек шақыру тетігі, мүгедектерге арналған автотұрақ барлығы қарастырылған. Бөлім басшысы Қалдыгүл Айсинаның айтуынша, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде пандус талапқа сай жасалған.

Бұл бағытта еліміздегі жетекші партия Nur Otan да жұмыс атқаруда. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық орында қиындықсыз қозғалуына жағдай жасауда. Бұл туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев айтты:

– Мүгедек жандар қоғамның толыққанды мүшесі және көпшілікпен бірге қоғамдық орында кедергісіз жүріп-тұруы керек. Дегемен, мүгедектердің жүріс-тұрысында қиындықтар туындайтыны жасырын емес. Олар шығып-түсетін пандустар талапқа сай келмейді. Оны аудан орталығындағы түрлі нысандардан көре аламыз. Біз осындай олқылықтарды жойып, мүгедектерге кедергісіз қоғам қалыптастыруымыз керек. Оларға жағдай жасау – біздің, кәсіпкерлеріміздің азаматтық парызы. Осыны ұғынсақ екен.

Партиямыз тағдыр тауқыметін тартқан мүгедек жандарға кедергісіз кеңістік ұйымдастыру мақсатында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асыруда. Осы күнге дейін мемлекеттік және жеке меншіктегі нысандарға мониторинг жүргізіліп, ұлттық стандартқа сай келмейтін пандустар бойынша ұсыныс енгізілді.

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңға жүгінсек, барлық ғимараттарда пандус болуға міндетті. Бұл туралы аталған заңның 25 бабы 3 бөлігінде айқын жазылған: «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайланылатын көлік құралдарына, тұрғын үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергісіз кіріп-шығуына, әуежайларда, темір жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңіз және өзен порттарында еркін бағдар ұстануы мен жүріп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға міндетті. Аталған объектілерді мүгедектердің кіріп-шығуына бейімдеу мүмкін болмаған жағдайларда, тиісті жеке және заңды тұлғалар мүгедектердің қажеттіліктерін барынша ескеретін қажетті шараларды әзірлеп, жүзеге асыруға тиіс». Заңда айтылғандай, ғимаратты бейімдеу мүмкін болмаған күннің өзінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына жағдай жасалуы тиіс. Бірақ, бұл заңдылықтар көп жағдайларда сақтала бермейді. Оны тексеріп, заңсыздықты жойып жатқан құзырлы орган да жоқ.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін құзырлы мекемеге барып шағымдану түгілі, қала көшелерімен жүрудің, дәріхана, банк бөлімшелері мен дүкенге барудың өзі мұң болып тұр. Көшеде тротуарлар талапқа сай келмесе, ғимараттарда – пандус. Айта берсең жетіп жатыр. Бірақ, заңда барлық тұрғынның әлеуметтік статусына қарамай тең дәрежеде өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалуы керектігі айтылған. Заң – баршамызға ортақ. 

Көшеде табалдырық тау боп көрінген мүгедек азаматтарды сөзге тартқан болатынбыз. Бізбен әңгімелесуді қаламаған арбаға таңылған азамат пікір білдіруден бас тартып, «придется терпеть» деген бір ауыз сөзбен қайырды. Осы сәтте, зағип жандардан құрылған «Сәт» триосының «Өмір деген осындай жаным менің. Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде» деген әні ойымызға оралып, қала бердік.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 4455 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 11, 2025

Алматы облысында ұлттық жоба аясында…

Алматы облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 38…
Қаң 09, 2025

Этих лет не забыть никогда…

В завершение 2024 года была отмечена еще одна памятная дата: 25 декабря исполнилось 45…
Қаң 09, 2025

Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы

Осындай тақырыпта жуырда аудан әкімі Талғат Байеділовтің төрағалығымен Қазақстан Халқы…
Қаң 09, 2025

Жоспарлар сараланып, жобалар…

Жуырда өткен жылдың есебін түгендеп, осы жылға нақты мақсаттар қою бағытында аудандық…
Қаң 03, 2025

Қазақстан Республикасының Президенті…

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатыңызда…
Желт 25, 2024

2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға…

2024 жылғы су тасқыны елімізде соңғы 80 жылда орын алған ең ірі су тасқыны болды.…
Желт 25, 2024

Қазақстандық оқушылар халықаралық…

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1816 оқушы 35 халықаралық олимпиада мен конкурстарға…
Желт 24, 2024

Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам…

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан…
Желт 23, 2024

Жемқорлықпен күресте қоғамның рөлі…

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет